1 оқушы:
Қазақ осы ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Қара да тұр саған да ол кетерде
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
2 оқушы:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Бар дәстүр мен салтымыз.
1 жүргізуші:
2 жүргізуші:
( «Қазағымның дәстүрлері» бейнефильм)
«Алтын сандық» ойыны
Ойын шарты: оқушылар бейнетаспадан көрген көрініске байланысты өткізілетін салт-дәстүр туралы толық білімдерін көрсету үшін шағын әңгімелеп беру керек.
Көріністердің атаулары: «Шілдехана», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу», «Тілашар», «Сырға салу», «Бесікке салу».
Оқушылардың жауаптары:
«Шілдехана»
Сәби дүниеге келгенде шілдехана тойы жасалады. Оған көп адам жиналады. Дастарқан жайылып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби қызықты өмір сүреді.
«Қырқынан шығару»
Нәрестенің туғанына қырық күн болғанда өткізіледі. Ыдысқа қырық бір қасық су құйып баланы шомылдырады. Сәбидің шашын, тырнағын алады. Мерекелік дастарқан жайылады.
«Тұсау кесу»
Жас сәби жүре бастайды. Тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап тұсауын кеседі. Тұсауды сүрінбей жүретін адам кеседі.
«Тілашар»
Бала жеті жасқа толады. Ата-анасы баланы мектепке береді. Бұл – үлкен қуаныш. Ата-анасы той жасайды, аталар бата береді.
«Сырға салу»
Қыз бен жігіттің ата-анасы танысады. Жігіттің жеңгесі қызға сырға тағады. Қыз ата-анасының ризалығын алып, құдалар тойдың барысы жайлы келіседі.
«Бесікке салу»
Бесік – қасиетті мүлік. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Жасы үлкен, құрметті адам сәбиді бесікке бөлеп, кәдесін алады.
( «Қазағымның дәстүрлері» әні )
Көрініс көрсету
1 жүргізуші:
2 жүргізуші:
І салт-дәстүр – «Қырқынан шығару»