Инфоурок Русский язык КонспектыСалтым менің - алтын қазынам!

Салтым менің - алтын қазынам!

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Салтым менің – алтын қазынам»

 Мақсаты:

   Ұлттық дәстүрімізден мағлұмат беру. Салт дәстүрдің ерекшеліктеріне тоқталу. Ұлтымыздың ұмыт бола бастаған салт- дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жас жеткіншектерге түсіндіріп, адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруіне жағдай жасау.

Көрнекіліктер:

 суреттер, әр түрлі қанатты сөздер, музыка

Салтым менің-алтын қазынам! Атты оқушылар сайысының бағдарламасы.

   1.Эмблема.

   2.Сәлемдесу-өзін-өзі таныстыру .

   3.Мақал-мәтелдер сайысы .

   4.Салт-дәстүрлер-«Ұмыт болған ұлттық ұғымдар»                                                                                                    

   5. «Қазақ ырымдары»

   6. «Өнер сайысы»

   7.Қорытындылау

Музыка әуені: Қазақтың дәстүрлері-ай.

 1-жүргізуші:

 Дәстүр, әдет-ғұрып пен салт ғана

қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көтерумен қатар тәрбие талаптарының негізін құрайды, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының маңызды формаларын көрсетеді.

2-жүргізуші:

Жер жүзінде 2000 астам ұлттар мен ұлыстар тіршілік етедідесек, солардың әрқайсысының өзіне тән әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері бар.

1-жүргізуші:

Дәстүр жақындастырады да, араластырады да, біріктіреді де. Дәстүр ақпараттық қызмет те атқарады. Дәстүр жинақталған ақпар арқылы ата-бабадан қалған материалдық және рухани мәдениетті бойына сіңіреді.

2-жүргізуші:

 Мысалы, қазақтардың «Ата-салған жол бар, ене пішкен тон бар, Ата көрген-оқ жонар, ана көрген тон пішер»деуінің мәні бұрынғыдан қалған жол-жосын, әдет салтын басшылыққа алудың міндеттілігін білдіреді. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі»деген ұлы арман соған меңзейді.

1-жүргізуші: Әрине, қауым ілгері барар,

                        Жақсы дәстүрді сақтаған жарар.

                        Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап,

                        Тыңдаңдар кеңес қызың, ұлың бар,

                        Көнерген ескі сүрлеуден шығыңдар.

                        Бірақ дәстүрді, әдет-ғұрыпты,

                        Салт-саны қастерлейік, бауырлар.

Жасасын осынау өлмес  ұғымдар,- дей отырып қазақ халқының әдет-ғұрпына , салт-санасына бағытталған «Салтым менің-алтын қазынам» атты оқушылар сайысына қатысушы сайыскерлерді – ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Ел бастау қиын емес-

                        Қонатын жерден көл табылады,

                        Қол бастау қиын емес-

                        Шабатын жерден ел табылады.

                        Шаршы топта сөз бастаудан

                        Қиыны жоқ,-деген ғой Бұқар жырау

1-жүргізуші:Адам көзінің нұры-

                      Жүзінің шырай-түрі

                      Тіл дегенің-ақыл гүлі

                      Тілде жатыр сөздің сыры,- деген ғой Жүсіп Баласағұни.Ендеше , сайысымыздың 1-і туры сәлемдесу, өзін-өзі таныстыру. (Жай музыка әуені)

2-жүргізуші: Құрметті зиялы қауым біздің зиялы да қымбатты Отанымыз, егменді- еліміз Қазақстанымыздың 22 жылдық мерейтойын тойлап өттік.

1-жүргізуші: Елімізде бірлік, тірлік болсын! Аспанымыз ашық болғай, шаңырағымыз биік болғай!Өйткені Отан-адамның түп тұқиясы, ата-бабалардан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері.

2-жүргізуші: Отан- халықтың өткені,бүгінгі келешегі.

1-жүргізуші:Өздерініз байқағандай сайысымыздың 2-і туры мақал-мәтелдер сайысы.

2-жүргізуші: Құрметті әділқазылар алқасы , сайыскерлерге баға берулеріңізді сұраймын.

1-жүргізуші:Білікті бірді жығар,

Білімді, мыңды жығар,-дегендей келесі сайысымыз сұрақ-жауап сайысы. «Ұмыт болған ұлттық ұғымдар» (Ұлттық киім киген 2 қыз бала сұрақтарды таратады) Музыка әуені.

1.«Қой басты» дәстүрі туралы не білесіз?

Жауабы: «Қой басты »дәстүрі Қазақ мәдениетімен шаруашылығында киіз басу өнері кең дамыған Бұған салт бойынша барлық ауыл адамдары араласып, қол ұшын беріп отыруы шарт мұндай күндері киіз басушылар киіз тебу, пісіру кезінде оны үй арасында домалата жүріп үй тұсына келгенде : «Қой басты»деп айқай салып күліскен. Бұл үйді қой басып бара жатыр деген ұғым. Үй иесі жүгіріп шығып, киіз басушыларға құрт, май, шай, әртүрлі тағамдар немесе қой сойып дастарханға шақырады. Әзіл-күлкі, ойын-сауық болады.

2.Жеті қазына ? (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы(ит))

1. «Тулақ шашу» деген дәстүр туралы не білесіз?

Жауабы: Тулақ шашу- жүн сабарда, сабап болған соң берілетін шашу тамағы. Бұл салтты көбінесе әйелдер жасайды.

2.Жеті жұт? (Құрғақшылық, топан су, жер сілкіну- зілзала, өрт, оба, жұт, соғыс)

1. «Шүлен тарату»туралы не білесіз?

Жауабы: Бұл садақа, зекет, құдайы да емес. Мағынасы –кедей- кепшіктерге берілетін жәрдем мен қамқорлықтың бір түрі. Шүленді- күзді күні  мал басы көбейіп, жайлаудан түсер кезде таратады.

2.Жеті ғалам? (жер, жер асты, аспан, шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік)

1. Кіндік шеше туралы не білесіз?

Жауабы: Кіндік шеше- Қазақтың салтындағы үлкен бір сыйлы ана, мол каделі әйел «кіндік шеше» болып табылады. Туыт үстінде баланың кіндігін кескен әйелді «кіндік шеше» деп атайды. Қазақтар екінің бірі, егіздің сыңарына баланың кіндігін кестіре бермейді, қол-аяғы жеңіл, ауылда, ел ішінде беделі бар, мінезі жайраң қаққан, ақ еділ аналарға ғана кестіреді. Өйткені бала кіндік кескен адамға тартады, кіндік апасы қандай болса, балада дәл сондай болады деп ырымдайды. Кіндік жолын алған әйел балаға ит көйлек әкеп кигізеді. Бала қырқынан шыққанша қарап, тамақ жасап беріп көмектеседі. Әуелі үлкен азамат болғанда, азамат боп толғанда да кіндік апасын құрметтеп, кадесін өтеп жүреді. Кіндік апасына мал береді, киіт кигізеді.

2.Жеті ата? (әке, бала, немере, шөбере,шөпшек, немене, туажат)

1. Ерулік беру деген салт туралы не білесіздер?

Жауабы: Басқа жерден, яғни жаңадан көшіп келген отбасыны көршілері қонаққа шақыру.

2.Жеті күн? (бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн,ауыр күн, соңғы күн, азына)

1.Шілдехана туралы не білесіз?

Жауабы:Шілдехана бұл- дүниеге адам келгеніне арналған той. Нәрестенің жаңа басталған өмірінің тұңғыш салтанаты.

2.Жеті жоқ? (жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ, аққуда сүт жоқ)

1.Тұсау кесер салты туралы не білесіз?

Жауабы: Тұсау- аяқты еркін бастырмайтын кедергі байлау.Жұрт алдында соны ысырып тастау керек.Бұл ырым баланы тосқауылдан құтқарудың нышаны. Бала қаз тұрып, апыл-тапыл басқанда, тез жүріп кетсін деген ниетпен аяғына ала жіп байлап(адалдықтың белгісі, суық қол мен сұқ көзден сақтаушы), тұсауын кеседі.

 

2.Жеті қат жер? (тұңғиық, жылан, су, қара тас, кес балық, көкөгіз, жер)

1. Құда түсу салты туралы не білесіз?

Жауабы: Құда түсу -Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам саналады. Қыз әкесі келісім берген соң, құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды.

2. Жеті ғашық? (Ләйлі-Мәжнүн, Жүзіп-Злиха, Фархат-Шырын, Тахир-Зухра, Арзу-Қамбар, Уәллик-Ғарра, Уәки-Күлшах)Әдіқазылар бағалайды.

2-жүргізуші. Қой асығы демеңдер,

                         Қолыңа жақсы сақа қой.

                         Жасы кіші демеңдер,

                         Ақылы асса-аға ғой,- деп бұрынғылардың айтуынша, ақыл- ой сайысы –              «Қазақ ырымдары»

Жүргізуші оқып тұрады!

№1 Бала бас ұстамайды тыйым ырымын түсіндір.

№2 Балаға ми жегізбейді тыйым ырымын түсіндір.

№3 Қыздың басына ақ, қара ормал тартпайды тыйымы.

(Ақ-жаулық, қара-қайғының белгісі)

№4Тізені құшақтама тыйымын қалай түсінесің? (Жалғыз, қу бас қаласың)

№5 Балаға неге шеміршек жегізбейді? (Нағашысы өледі дейді)

№6 Қыз балаға шашы өсу үшін не жегізеді?

№7 Аққуды атпайды? (Киесі соғады)

1-жүргізуші.Құрметті әділқазылар алқасы, сайыскерлерге баға берулеріңізді сұраймыз.

2-жүргізуші.Домбырасыз сән қайда?

                      Домбырасыз ән қайда?

                      Ән мен күй бар өмірде

                      От та лаулап жанбай ма?

Келесі сайыс: «Өнер сайысы», сахнаға сайыскерлерді шақырамыз.

1-жүргізуші. Әділқазылар «Өнер сайысына» баға берулеріңіз сұралады.

Сайыс жеңімпазын анықтау үшін сөз әділқазылар алқасының төрайымына беріледі.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Салтым менің - алтын қазынам!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Ұлттық дәстүрімізден мағлұмат беру. Салт дәстүрдің ерекшеліктеріне тоқталу. Ұлтымыздың ұмыт бола бастаған салт- дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жас жеткіншектерге түсіндіріп, адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруіне жағдай жасау. Көрнекіліктер: суреттер, әр түрлі қанатты сөздер, музыка Салтым менің-алтын қазынам! Атты оқушылар сайысының бағдарламасы. 1.Эмблема. 2.Сәлемдесу-өзін-өзі таныстыру . 3.Мақал-мәтелдер сайысы . 4.Салт-дәстүрлер-«Ұмыт болған ұлттық ұғымдар» 5. «Қазақ ырымдары» 6. «Өнер сайысы» 7.Қорытындылау Музыка әуені: Қазақтың дәстүрлері-ай.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 974 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2015 2052
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хален Саулеш Жолдыгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хален Саулеш Жолдыгалиевна
    Хален Саулеш Жолдыгалиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28638
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы преподавания родного (русского) языка и родной литературы в образовательной организации

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 237 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель русского языка и культуры речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Курс профессиональной переподготовки

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель родного языка (русского языка) и родной литературы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 173 человека из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 24 человека