Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Самопазнание на тему"Адамгершілік асыл қасиет"

Самопазнание на тему"Адамгершілік асыл қасиет"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Үстірт орта мектебі.



Тәрбие сағаты

Адамгершілік –асыл қасиет




hello_html_m3b91f97f.jpg




Дайындаған: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Н.Уразниязова







Бейнеу, 2016 жыл



Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет. 
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату. Мейірімді, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. 
Көрнекілік: слайд, АКТ, А-4 форматтағы ақ қағаздар, маркерлер, плакатқа жазылған Абай атамыздың нақыл сөздері
Нақыл сөздер: 
1. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

2. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар- надандық,

еріншектік, залымдық.

3. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. 
Абай. 

Сабақ барысы: 
Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту, түстер арқылы топқа бөлу.

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, өйткені бізге қонақтар қатысып отыр. Қонақ келсе төрден орын ұсынып, жылы шыраймен қарсы алған қонақжай халықпыз. Қонақжайлылығымызды танытып бар өнерімізді ортаға сала отырайық.

Бүгінгі сабақты «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бірінші ханымы «Алтын жүректі ана» медалының иегері атанған С.А. Назарбаеваның ««Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін дамытуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан да адам қалпын сақтауға көмектеседі» - деген сөздерімен бастағым келіп отыр.

Сонымен сабағымыздың тақырыбы: «Адамгершілік - асыл қасиет» деп аталады. Сабағымыздың негізгі тақырыбы – адам бойындағы асыл қасиеттер жайында болмақ.Біз бұл сабақта бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялата отырып, мейірімділік, ақылдылық, шыншылдық, қайырымдылық, кішіпейілділік, сыпайылық, мәдениеттілік т.б. адамдық асыл қасиеттерді игереміз.

Мұғалім сөзі:
- Адамгершілік деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітіп алайық.


Мұғалім сөзі: Ал олай болса, рух дегеніміз не?
Оқушы сөзі: Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі.
 
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады.
 
Адамның ішінде болмайды аласы,
 
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.
 
Шәкәрім.
 
Екінші оқушы: Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр. 
Күн адамның рухы болса, күн сәулесі – ақыл дейік. Себебі ақыл – рухтың құрамдас бөлігі.
 

Мұғалім сөзі: Рухани бай адам қандай болады?
Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапарлар кездеседі.
 

«Бейне жазба адамгершілікке байланысты»

Мұғалім сөзі: Мына бейне жазбадан қандай ой түйдіңіздер?

Осындай жағымды ойларың сіздердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкеледі. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін. 
92 жаста анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ, оған мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанар сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, апарып тастауға келісіп, ағашты тиеп алып, қоймадан шыға бергенде, бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, көлікті жұмысқа қоя береді. Көзінің жасы көл болған жігіт, тақтайдың қасында егіліп тұр. Жолдан өтіп бара жатқан ат-арбалы адам жанжалды құлағы шалып қалады да, бұрылып келіп қайырымдылық жасап, көмек қылады. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.

Мұғалім сөзі: Өте жақсы. Жаңа айтып өткеніміздей бүгінгі сабақта адам бойындағы асыл қасиеттер туралы ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін көбірек пікірлескенді дұрыс деп санадым. Сондықтан да тақтадағы бұлт шалған Күн көзіне қараңдаршы. 
Жарық-күн – көлегейленіп тұр, күнді бір мейірбан, жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін күннің бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық.
 Бұл бұлттарды ашу үшін сіздер біраз еңбектенетін боласыздар. Өйткені бұлттар артында түрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды орындаған жағдайда ғана күніміз бұлттан арылып жан-жағына шуақ шаша алады.

Ал, қараңдаршы бірінші бұлттың тапсырмасы мынадай: Қазақтың ұлы ақындары Абай және Шәкәрім аталарымыздың адамгершілікке байланысты қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?

Екінші бұлтты сейілтер болсақ мына тапсырмаға назар аударайықшы: Мәдениетті сөздерді қай жерлерде қолданамыз.Осыған байланысты қысқа сахналық көрініс дайындау.

Үшінші бұлтымыздың тапсырмасы мынадай:

Рухани - адамгершілік қасиеттердің бірі – сүйіспеншілік. Осы қасиетке байланысты: Отанға, ата-анаға, достарға деген сүйіспеншілігімізді, өз сезімдерімізді төрт жолды өлең жолдарын құрастыра отырып жеткізейікші.


Төртінші бұлт: Аталы сөздің жалғасын табу 
1.
 Кішіпейілділік- (адамгершілік көрінісі)
2. Адамдықтан үлкен ат жоқ

( Наннан үлкен ас жоқ) 
3. Елгезек (екі айтқызбайды). 
4. Сыпайылық (даналықтың белгісі). 
5. Әдепсіз өскен адамнан, (Тәртіппен өскен тал артық)
6.  Адамгершілікке арналған үш сауап бар:

Шөл құдық қазған бір сауап,

Өзенге көпір салған бір сауап,

Жолға ағаш еккен бір сауап.
Адамгершілік – деген ұлы сөз. Адамның игі іс-әрекеті сондай-ақ еңбек, достық, татулық-осының бәрі адамның адамгершілік қасиеті.
 
Күніміздің көзі ашылды.
Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі сағатымызда аз болса да, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар.

 Осындай әсем сезімде отырып бәріміз біргелікте Құрмаш Махановтың «Мейірімді болайықшы бауырлар!» әнін шырқауға шақырамын

      Мейірімді болайықшы бауырлар

                          Сөзі: Серік Қалиев

                         Әні:Құрмаш Маханов

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көлдетсе де жауындар,

Көк пен жерді селдетсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.

 

Қорытындылау.

Тыныштық сәті 
Қымбатты, балалар барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіздер. Тыныштық сақтайық.Дыбыссыз босаңсып отырыңыздар. Бойларыңа бүгіннен, бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол – адамгершілік шуағы. Жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап өрледі. Қызудан шуақты да, ыстық жылулықты сездіңдер, ол жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болдыңыздар.

Енді балалар, жылы жүрегіміз бен жақсы тілектерімізді бір-бірімізге арнайық.


Ықыластарыңа рахмет. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.



















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 28.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров7
Номер материала ДБ-397647
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх