Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Дошкольное образование СтатьиСамопазнание «Өзін-өзі тану пәні» – баланың әлемін адамгершілік –рухани қасиеттерінің дамуына ықпал ететін байыту көзі

Самопазнание «Өзін-өзі тану пәні» – баланың әлемін адамгершілік –рухани қасиеттерінің дамуына ықпал ететін байыту көзі

Скачать материал
библиотека
материалов

«Өзін-өзі тану пәні» – баланың әлемін адамгершілік –рухани қасиеттерінің дамуына ықпал ететін байыту көзі




51 гимназия өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Жангельдина Айымгул


Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын “Бөбек” қорының Президенті С.Назарбаеваның “Өзін - өзі тану” авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. 
“Өзін - өзі” тану пәнінің негізгі мақсаты - адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін - өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік “Менін” қалыптастыру. 
Бала - кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. 
Мектеп - білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани - адамгершілік тәрбие берудің ошағы “Өзін - өзі тану” пәні десек өте орынды. Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез - құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды өмір бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рақымшылдықтың, адамгершілік пен әділдіктің, шынайылылықтың дәнін себуге болады. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді. 
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. 
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. 
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. 
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: «шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз», – дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдарының ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген. 
«Бір бала бар – жақсы туады, бір бала бар – әкесінен асып туады» деп, халық «жасық туған» баланы да жұрт қатарлы азамат болуға, «асып туған» баланың іс-әрекетін қуаттап, оны үлгі ретінде уағыздайды. Қазақ дәстүрінде ата-анаға қызмет ету – борыш, ата салтын орындау – парыз, анасының ақ сүтін, әке еңбегін ақтау – қарыз.Жеке адамның адамгершілігі де, кісілік имандылығы да осы борыш, парыз, қарыз өтемімен айқындалады. 
«Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – ұрпақтың рухани-адамгершілік азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ. 
Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі – білім, екіншісі – сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты- әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу. 
Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарында, азаматтылығыңды дәлелдеуге итермелейді. 
Өзін-өзі тануды жеке пән ретінде 1-11 сыныптардың әрқайсысында аптасына 1 сағаттан оқыту белгіленген. Оқуматериалдарыжүйеленіпбарлықсыныптарда 4 тараубойыншаберіледі. Олар:

1 тарау: Адамныңөзін-өзітануынаарналған. 
2 тарау: Адам жәнеқоғамқарым-қатынасынаарналған. 
3 тарау: Адам жәнеқоршаған орта қарым-қатынасынаарналған. 
4 тарау: Адамзаттыңруханитәжірибесінеарналған. 
Аталғантарауларөзін-өзітануүдерісініңтүйіндібағытыболыптабылады, өйткеніоларадамөмірініңлогикасына, жалпыадамзаттықжүйегетолықсәйкескеледіжәнежекетұлғаныңрухани-адамгершілікқасиеттеріндамытуға, өзін-өзітанып, өзін-өзіісжүзіндемейліншекөрсетебілугеайтарлықтаймүмкіндікбереді. 
«Өзін-өзі тану-өмірді тану», - дейді көне грек философы Сократ. Басты мақсат – әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. 
Өзін-өзі тану пәні әлемнің ең басты құндылығы – адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр. 
Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. 
Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету. 








  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Курс повышения квалификации
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Организация воспитательной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Познавательное и речевое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Современные методы организации детской игры в ДОУ»
Курс повышения квалификации «Эмоциональные нарушения у детей дошкольного возраста. Технологии индивидуальной коррекционно-развивающей работы»
Курс повышения квалификации «Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе ДОО»
Курс повышения квалификации «Педагогическая деятельность мини-музея как культурно-просветительского центра дошкольной организации»
Курс повышения квалификации «Индивидуализация образования. Сопровождение индивидуального развития ребенка-дошкольника в вариативной образовательной среде»
Курс профессиональной переподготовки «Сурдопедагогика в дошкольном образовании»
Курс повышения квалификации «Управление качеством дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Система сопровождения ребенка с ОВЗ в общеразвивающем детском саду»
Курс повышения квалификации «Выстраивание системы психологических взаимодействий дошкольника с компьютером и интернетом»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.