Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сан есім
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сан есім

библиотека
материалов

«Шалқар аграрлық - техникалық колледжі» МКҚК













«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

және

«Таза сессия» апталығынан.







9f30c8414928de31f71fc22c909caf1a.jpg





Шалқар – 2014ж



2014 жылдың қараша айының 17 – 22 жұлдызы аралығындағы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» апталығының жоспары.

Апталықтың мақсаты: Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін сыбайлас жемқорлық туралы болғызбау және алдын –алу туралы насихаттау жұмыстары.

Міндеті: Жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнамалар туралы, қылмыстық кодекс, құқықтық актілер, ар-намыс кодексі талаптарын пайдалана отырып, әр түрлі қоғамдық орталармен кездесіп, апталыққа қатысушыларды саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, құқықтық сауаттандыру және құқықтық тәрбие беру.



Апталықтың жоспары:

Уақыты

Іс – шара мазмұны

Жауапты

17.11.2014

Колледж әкімшілігі мен аудандық прокуроры және ішкі істер бөлімінің қызметкері мен аудан әкімінің орынбасарымен кездесу.

М.С.Қосназарова


18.11.2014

Ата-аналармен кездесу. (Баяндама оқу, әңгімелесу.)

М.С.Қосназарова

Б.М.Тулегенова

19.11.2014

Колледждің жастар - ісі жөніндегі комитеттері мүшесіндегі студенттер мен НұрОтан партиясы жанындағы ЖасОтан «Жастар қанатының» хатшысы А.Б.Абдыковпен кездесу. (Дөңгелек үстел)

М.С.Қосназарова

А.Ж.Утекова

20.11.2014

Ашық тәрбие сағаты. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

11 топ жетекшісі Ж.Қ.Жетесова

21.11.2014

Оқушылар шығармашылығы. (Студенттердің шығармаларын талдау)

М.С.Қосназарова

Б.М.Тулегенова

Ж.С.Алдерзина

22.11.2014

Қорытындылау. (Семинар –Тренинг)

М.С.Қосназарова

Д.С.Амантурлеева





Хаттама №1

2014 жылдың 17 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» тақырыбындағы алғашқы кездесу.

Күн тәртібінде: Колледж директоры бастаған – колледж әкімшілігі, студенттері мен аудандық прокуроры мен аудан әкімінің орынбасары және ішкі істер органдарымен кездесуді хаттамалау.

Тыңдалды: М.С.Қосназарова: (директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары)

Колледждегі апталықтың мақсат – міндеттерімен таныстыра отырып, құқық органдары қызметкерлері мен әңгімелесу, сұрақ – жауаптар алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдары туралы толығырақ мағлұмат алу туралы тыңдалды.

Ж.Д.Елемес: (колледж директоры) Колледждегі өзінің 4 жыл еңбек өтіліміндегі мұндай келеңсіз жағдайлар ешқашанда орын алмағандығы жөнінде және ондай жағдайларды туғызбау туралы, колледждегі сессиялардың таза өтілетіні туралы мағлұматтар айтылды.

Шалқар ауданының бас прокуроры – Айбек Айтбаев пен ішкі істер бөлімінің қызметкері: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі № 267 Заңын пайдалана отырып, ондағы жалпы ережелер мен баптары бойынша сыбайлас жемқорлықтардың түрлеріне және жасалған іс-әрекеттеріне қатысты заңдарды ажыратып, түсіндірді.

Шалқар ауданының әкімінің орынбасары – Е.Е.Шотанов: Елбасының жүргізіп отырған саясаты мен жергілікті әкімшіліктерімізге осындай, қоғамға пайдасы бар «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акцияларын өткізіп жатқан колледж әкімшілігіне алғыс білдіре отырып, аудандық әкімшілік жанындағы сенім жәшіктерінің және тікелей аудан әкімінің Shalkar.aktobe.qov.kz сайттарының жұмыс жасайтындығы туралы айтылды.

Қаулы:1. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» атты апталықтың бүгінгі бастамасы, яғни 17 қарашадағы күн тәртібіндегі барлық айтылған мәселелердің өзектілігі мен ауқымы өте жоғары деңгейде өтті.

2. Колледж қонақтарына алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін алғыс айту және одан әрі қарай апталықты жалғастыру барысында, жоғарыда айтылған заңдылықтардың барлығын бағыт-бағдар есебінде пайдалану керектігі қаулы ретінде қабылдансын.

Жиналыс төрағасы:Ж.Д.Елемес

Хатшы:Б.М.Тулегенова




GEDC0389.JPG

Солдан-оңға қарай: ауданымыздың бас прокуроры -А.Айтбаев және ішкі істер бөлімінің қызметкері - А.Елеубаев және аудан әкімінің орынбасары – Е.Е.Шотанов, колледж директоры – Ж.Д.Елемес.


GEDC0392.JPG

Колледж ұжымы мен студенттері.



Хаттама №2

2014 жылдың 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» тақырыбында ата-аналармен жүргізілген іс-шара.

Күн тәртібінде: Колледж директорының тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары М.С.Қосназарованың ата – аналармен кездесуін хаттамалау.

Тыңдалды: Б.М.Тулегенова: (құқық негіздері пәнінің оқытушысы)мен өз баяндамамды ата – аналар мен колледждегі апталықты байланыстыру,бағыт – бағдар беру және тақырыпты ашу мақсатында – ондағы негізгі білім беру орталықтарындағы сату және сатып алу, жалған құжат жасау, т.б сол сияқты заңнамаларды негізге ала отырып баяндама оқылды.

М.С.Қосназарова: (директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары)

Колледждегі апталықтың мақсат – міндеттерімен таныстыра отырып, ата –аналарға қоғамға кері әсер ететін сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы және оның алдына алу шаралары туралы, алдағы сессия қарсаңындағы колледжіміздегі сессиямыздың жылдағыдай таза өтетіндігі студенттердің құқығы қорғалатындығы туралы айтылды. Сонымен қатар ата – аналар тарапынан сұрақ жауаптар және әңгімелесу жүргізілді. Колледждің сенім жәшігі мен сенім телефоны бар екендігі және әрі қарайда жұмыстың жүргізіліп жатқандығы туралы ескертіп кетті.

І курс, №14 топтың ата – анасы Ж.Әлжанова: Өзінің баласының 2014 жылы І курсқа келіп сессия алдындағы құқығының қорғалып жатқандығына, жалпы қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізіп отқан колледж әкімшілігіне алғысын жеткізіп, рахмет айтты.

ІІ курс, №13 топтың ата – анасы С.Есқалиева: Колледж әкімшілігіне колледжде болып жатқан, осындай іс – шаралардан тыс қалмай, ата – аналарды да атсалыстырып қатыстырғаны үшін алғыс айтып және баласының өткен жылғы сессиясының таза болғанын және алдағы уақыттада оқытушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Қаулы: 1. Колледждегі апталыққа атсалысып келіп отқан І,ІІ,ІІІ курс студенттерінің ата-аналарына алғыс білдіру және т.б қоғамдық іс – шараларға ата-аналарды тыс қалдырмау, хабардар ету.

2. Сенім жәшігі мен сенім телефоны жұмысы жандандырылсын.

Жиналыс төрағасы: М.С.Қосназарова

Хатшы: Б.М.Тулегенова





Баяндама.

Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

(ата-аналармен кездесудің баяндамасы)


Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

  Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

  «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік беріп, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.

Қызмет құзыреті бойынша Тәртіптік кеңесі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

  Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма үш жыл уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» апталығындағы ата – аналармен кездесу.



C:\Users\Администратор\Downloads\IMAG3943.jpg

C:\Users\Администратор\Downloads\IMAG3947.jpg

C:\Users\Администратор\Downloads\IMAG3949.jpg

Хаттама №3

2014 жылдың 19 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» тақырыбындағы дөңгелек үстелі.

Күн тәртібінде: Колледжміздің жастар – ісі жөніндегі комитет төрайымы мен колледжіміздің әр топтағы белсенді студенттеріміздің Шалқар аудандық НұрОтан ХДП-ң филиалы жанындағы ЖасОтан жастар қанатының атқарушы хатшысы Абдыков Абзал Базарбайұлымен кездесуін хаттамалау.

Тыңдалды: А.Ж.Утекова:(колледждің жастар– ісі жөніндегі комитетінің төрайымы және физика пәнінің оқытушысы)

Колледждегі апталықтың мақсат – міндеттерімен таныстыра отырып, өз баяндамасын негізге ала отырып, НұрОтан ХДП-ң қызметкерімен мен әңгімелесу, сұрақ – жауаптар алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудандық әкімшілік және елбасы жолдауларынан толығырақ мағлұмат алу туралы тыңдалды.

М.С.Қосназарова: (колледж директорының тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары) Колледждегі оқушылардың шығармашылығынан туындаған өлең жолдарын оқып,

Студенттердің ойын дамытуға жағдай жасады.

НұрОтан ХДП-ң Шалқар аудандық филиалы жанындағы «ЖасОтан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Абдыков Абзал Базарбайұлы:

Сыбайлас жемқорлықтын шығу тарихы, оның түрлері әсіресе, құжат жасау,сату, сатып алу туралы көптеген мағлұматтар айтылды. Оқушылар тарапыннан қойылған барлық сұрақтарға жауап алынды.Колледжімізде өтіп жатқан апталыққа және студенттерге қоғамға, мемлекетімізге, елбасына көмек беріп жатқандары үшін үлкен алғысын білдірді.

Д.С.Амантурльеева: (колледж психологы) «Кім бастық болғысы келеді?», «Мен қандай адаммын?»- деген сұрақтарға жауап – ала отырып студенттердің психологиялық тұрғыда көптеген қызықты да, көңілді, тартымды психологиялық тренингтерін өткізді.

Қаулы:1. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» атты апталықтың бүгінгі бастамасы, яғни 19 қарашадағы күн тәртібіндегі барлық айтылған мәселелердің өзектілігі мен ауқымы өте жоғары деңгейде өтті.

2. Колледж қонағы А.Б.Абдыковқа бізге қонаққа келгені үшін алғыс айту және белсенді студенттеріміздің ерекше қабілеттерін көтере отырып қоғамдық ортаға бейімдеуге даярлау.

Жиналыс төрағасы: А.Ж.Утекова

Хатшы: Б.М.Тулегенова





Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия»

(дөңгелек үстелден қысқаша түсінік)

Бастағалы отырған әңгiмемiз білім саласындағы сыбайлас-жемқорлық жайлы болғанымен, бұл – тек білім саласындағыларды ғана емес, жалпы барлығымызды ойландыруы тиіс мәселе.

Дөңгелек үстел мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі аудандық және қоғамдық ортадағы жағдайларды саралап, айқындап, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратынына көз жеткізу.

Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:

Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлемдік тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын халықаралық-құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;

- сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілерін анықтау, сондай-ақ пайда болу себептерін айқындау;

- сыбайлас жемқорлық қылмыстарды себептік-кешендік факторларына қарай топтастырып, оларға сипаттама беріп, жіктеу;

- әлем мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мәселесіндегі тәжірибесін зерттеу;

- дүниежүзілік қауымдастықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы

қолданылатын халықаралық-құқықтық актілеріне шолу жасап, олардың әр мемлекеттің даму ерекшеліктеріне қарай қолданылуын талдау.


Сонымен қатар оқушылар тарапынан төмендегідей сауалнамалар жүргізілді.

1. Ауданымыз бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы іс-шаралар жылына қанша рет өтіледі?

2. Ауданымыз бойынша білім беру саласында, сату, сатып алу, құжат жасау болды ма?

3. Ауданымызда сыбайлас жемқорлықтың қандай түрлері орын алуғам бейім?

4. Сыбайлас жемқорлық болмау үшін,өзіңіздің тарапыңыздар қандай алдына – алу шараларының әдіс-тәсілдерін ұсынасыз.

5. Қ.Р Конституциясынан басқа, аудандық әкімшілік тарапынан қабылданған қандай ереже, қаулылар бар?



«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия»

апталығындағы дөңгелек үстел.

C:\Users\Администратор\Desktop\жемкор\20141223_114013.jpg

C:\Users\Администратор\Desktop\жемкор\20141223_125522.jpg


C:\Users\Администратор\Desktop\жемкор\20141223_114038.jpg

Хаттама №4

2014 жылдың 20 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы №11 топ жетекшісі Ж.Қ.Жетесованың ашық тәрбие сағаты.

Күн тәртібінде: №11 топтағы ашық тәрбие сағатын талдау және хаттамалау.

Тыңдалды: Ж.Қ.Жетесова: (№11 топ жетекшісі) – өзінің ашық тәрбие сағатының мақсат – міндеттерімен, жүру барысымен, тақырыпқа тоқтала келе «Сыбайлас жемқорлық» - дегеніміз не?, сыбайлас жемқорлықтың алдына – алу шаралары,алдын - алудың әдіс – тәсілдерін және сыбайлас жемқорлықтың түріне қарай,олардың түрлі задарын көрсетіп, өз мақсат – міндеттерінің орындалғаннын айтты.

Ж.С.Алдерзина: (колледж әдіскері) – Алдымен оқушының жүріс-тұрысы,өзін еркін ұстауы,студенттермен қарым – қатынасы, білімі, сауаттылығы және топтың атмосферасы барлығы өте жоғары деңгейде болды. Студенттер тарапынанада көптеген ойлар, пікірлер, баяндама және Қ.Р Конституциясымен жұмыс жасауы, заңдарды талдауы тиімді және сәтті болды.

М.С.Қосназарова: (колледж директорының тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары) Оқытушының білімділігі,жан-жақтылығы сөйлеу этикасы,студенттердің тез тақырыпты түсініп дамыта отырып алып кетуі барлығы өте жақсы. Сонымен қатар бейнебаян, тақырыптық слайдтар керемет болды.

М.А.Ахметова: (жалпы пәндер ә.б.жетекшісі) Сабақ өте жоғарғы деңгейде өтті.

Сыбайлас жемқорлықтын әр елдегі өзіндік көзқарастарын жалпы тілмен жеткізіп тақырыпты аша білді.Студенттердің кез – келген жағдайдағы құқығының қорғалатыны барлығы заңнамалы өте ұтымды болды.

Д.С.Амантурльеева: (колледж психологы) Оқушылардың сабаққа белсене араласуы және оның психологиялық тұрғыдағы өзін – өзі басқару және ортаны басқару бейімділігіндегі ерекшеліктер пайда болғанын ерекше айтып, тыңдалды.

І.Б.Даменова: (қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі) Оқытушының және студенттерінің арасындағы қарым қатынасы және бүгінгі сабақ тақырыбы мен мамандық байланысы болды.

Б.М.Тулегенова: (құқық негіздері пәнінің оқытушысы) басты тақырыптың өзектілігі, әсіресе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдардың» ретімен айтылуы және жеке тоқтала кетіп талдауы, қарапайым өмірден мысал келтіру, оқытушының ой ұшқырлығы тіл шеберлігі өте жақсы болды.

Қаулы: 1.Бүгінгі №11 топ және оның жетекшісі Ж.Қ.Жетесованың «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» атты апталығындағы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» ашық тәрбие сағаты өте жақсы бағаланды.

Жиналыс төрағасы: М.С.Қосназарова

Хатшы: Б.М.Тулегенова



Ашық тәрбие сағат жоспары


Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

Тәрбие сағаттың мақсат – міндеттері: «Жемқорлық» - дегеніміз не?

Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру.

Саяси өмірден хабардар, жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, студенттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерін мен санасуға жағдай жасау.

Қ.Р адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке, құқықтық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгеру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Әдісі: Ауызша баяндау,түсіндіру,ой- көкпар.

Көрнекілігі: Тақырыптық слайд,бейнебаян.



Тәрбие сағатының жүру барысы

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, сынып тазалығын қадағалау, студенттер қатысымын тексеру.

ІІ Жаңа сабақ:

Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» (Сабақ тақырыбын жариялау).

Жоспар:

  1. «Сыбайлас жемқорлық» -деген не?

  2. Жемқорлықтың пайда болуымен күресу.

  3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамалары

  4. Қазақстандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» шаралары мен әдістері

«Сыбайлас жемқорлық» - деген түсінік мағнасына этимологиялық тұрғысында қарау, мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға, пара сатып алу» -деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.

Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездесетінін көрсетіп отыр.

Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Бар беталысқа қарамастан және басқа салада – үкімет билігі және жеке кәсіпкерлердің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы таратуда – мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заң аса егжей – тегжейлі әзірленген. Шынында да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды дискрециялық өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделерінде және мемлекеттік мүддесінен қарамастан лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін иелене алады.

ҚР «Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы» заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай – ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:

  • Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.

  • Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.

  • Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту.

Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.

  • ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228 - бап),

  • Коммерциялық сатып алу (231 – бап),

  • Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (307 - бап),

  • Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану (308 - бап),

  • Пара алу (311 -бап),

  • Қылмыстық жалғандық жасау (314 - бап)

Жыл сайын Департаментте сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру мәселелері және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңының, ар-намыс кодексінің нормалар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет және ҚР басқа да заңдарын білуді насихаттау жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Департаменттіне 2013 жылдың 5 айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының талаптарын бұзғандар болмаған.

Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кездесулер, әңгімелесулер, «дөңгелек үстелдерді» өткізумен «НұрОтан» ХДП Астаналық филиалы, Астана қаласының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүрес департаменті, мемлекеттік қызмет істері агентінің Астана қаласы бойынша басқармасының және жергілікті атқарушы органдары өкілдерімен жұмыстар жүргізілуде.

Астана қаласы бойынша экология департаменті бағдарламада көрсетілген іс – шараларды орындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет этикасы, мүдделер қақтығысының жолын кесу, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша құқықтық оқытуды тұрақты жүргізіп отырады, бөлім басшылары бөлім мамандарымен жеке – түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді,департаменттің әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертілген.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау және Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі талаптарын сақтау және Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы тұрақты бақылануда.


Дамыту: Слайдтар мен бейнебаяндармен жұмыс жасау және психологиялық тренин өткізу сеогіту мақсатында.

Қорытындылау:«Сыбайлас жемқорлық бізге не береді?» атты – салыстырмалы кесте.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нормативтік – құқықтық базаның болуы.

2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қалыптасқан тәжірибесі.

1. Халықтың құқық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі.

2. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметі ашықтығының жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктері

1.Халық тұрмысының жоғары деңгейі.

2,Қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру

3.Инвестициялық ахуалды жақсарту

4.Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалаудың халықаралық рейтингтерінде Қазақстан көрсеткіштерін көтеру

5.Мемлекеттік институттардың азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын нығайту.

Қауіптері

1.«Көлеңкелі экономика» деңгейінің ұлғаюы

2. Инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі

3.Мемлекеттік жобалар құнының «сыбайлас жемқорлық» құрамы есебініғң өсуі.

4. Экономикалық тиімділіктің төмендеуі

5. Халық тұрмысы деңгейінің төмендеуі және әлеуметтік шиеленісінің артуы.

6.Азаматтық қоғам тарапынан қолдау көрсетілмеуі














«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» апталығындағы ашық тәрбие сағаты.

docs.mai11111.jpg

docs.mail.ru.jpg


Хаттама №5

2014 жылдың 21 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» апталығындағы оқушылар шығармашылығын талдау.

Күн тәртібінде: Әр топтың, оқушылардың шығармашылығын талдау және хаттамалау.

Тыңдалды: М.С.Қосназарова: (колледж директорының тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары) Әр топтың стенд газетінен ең үздік стенд газеті, сурет салу байқауынан ең үздік картина номинацияларын беру.

Ж.С.Алдерзина: (колледж әдіскері) – «Жемқорлыққа қарсы күрес» атты № 6 «Фермер шаруашылығы» мамандығы тобының стенд газеті ерекше ұнады.

Ж.Хасенов: (А.Ә.Д.пәнінің оқытушысы) - «Жемқорлықсыз салауатты қоғам»

атты №16 топ «Аспаз» мамандығы тобының стенд газеті ерекше әсер қалдырғанын айтты.

М.А.Ахметова:(жалпы пәндер ә.б.жетекшісі және шет тілі пәнінің оқытушысы) - «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты №14 «Темір жол құрылыс,жол мен жол шаруашылығы» мамандығы тобының салған картинасы өте тартымды болды.

У.К.Елеусизов: (№14 топтың өндіріс шебері) - №10 «Дәнекерлеу ісі» мамандығы тобының картинасы мен №14 топ студенттерінің картитнасынан ерекше әсер алды.

Г.З.Спаганбетова: (орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі) - №16 «Аспаз » мамандығының суреті ерекше ұнағанын айта кетті.

Қаулы: 1. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» атты апталығындағы оқушылардың үздік шығармашылығының жетістіктеріне орындар мен номинациялар беру.

2. № 16 топ – І орын грамота

14 топ –ІІ орын грамота

6 топ – ІІІ орын грамота және

15,№7,№10,№11,№12 топтарға – апталыққа атсалысқаны үшін алғыс хатпен марапаттау дайындалсын.


Жиналыс төрағасы: М.С.Қосназарова

Хатшы: Б.М.Тулегенова






Хаттама №6

2014 жылдың 22 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» апталығын қорытындылау.

Күн тәртібінде: Жалпы апталықта өткен барлық, іс-шараларды талдау және хаттамалау.

Тыңдалды: М.С.Қосназарова: Апта өз мәнінде, өз мақсат – міндеттеріне жетті, студенттер тарапынан қызығушылық байқалып,апталыққа атсалыса білді.

Топтардың арасындағы тәрбие сағаттарында кемшіліктер болып, ескертулер берілді.Слайдтар мен бейнебаяндарды көбірек пайдалану жөнінде ұсыныс берілді.

Ж.С.Алдерзина:(колледж әдіскері) апталық өте тартымды, әсерлі өтті. Апталықтағы түрлі қоғамдық орталармен кездесуі ондағы әр түрлі тақырыпта өткен мәселелерді, түрлі заңнамаларды талдау өте жоғарғы деңгейде өтті. Осы апталықтағы жауапты оқытушыларға колледж атынан алғыс білдіреміз.

Қ.Қосбармақов: (директордың орынбасары) – апталыққа жоғарғы деңгейде өткендігі туралы баға бере отырып, апталық өз мақсат – міндеттеріне жетті.

Қаулы: 1. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» және «Таза сессия» атты апталығында атсалысқан колледж әкаімшілігіне, оқытушыларға, оқушыларға алғыс білдіре келе, одан әрі қарай «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» және «Таза сессия» акциясын нахихаттауды жалғастыру.

2. Д.С.Амантурльеева «Сенім жәшігіне» және М.С.Қосназарова «Сенім телефонына» жауапты болсын.

3. Осы атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет «Шалқар» газетіне берілсін.


Жиналыс төрағасы: М.С.Қосназарова

Хатшы: Б.М.Тулегенова
























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

а) Эстетика ұғымына анықтама бере отырып, тақырыпты ашу,түсіндіру.

ә) Әр студенттің еркін сөйлеуіне, өз ойларын ашық айтуға жағдай жасау.

б) Қоғамдық құндылықтарды құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: тірек сызба, проблемалық сұрақтар, тізбектеу, түсіндіру,баяндау, дәріс.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайдтар, деректі фильмдер.

Пәнаралық байланыс: Биология, Психология.

Автор
Дата добавления 18.06.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3051
Номер материала 308193
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх