Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Сан есім" Қазақ тілі

"Сан есім" Қазақ тілі

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем ішінен сан есімдерді табуарқылы сұрақ қоюға, олардың түрлерін ажырата білуге үйрету.

Сөйлем мәнән терең ұғынып, мағынасын аша білу білімін дамыту.

Оқушылардың логикалық ойлау сезімін оятып, кішіпейілділікке, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: Оқу. сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:

Психологиялық дайындық:

Қазақ тілім өз тілім ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.

Болашағым, бақытым, дара тілім

Оқушыларды үш топқа бөлу. 1 - Алғырлар

2 - Тапқырлар

3 - Білімділер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сын есім, олардың түрлері және 8-жаттығу. Сын есімге байланысты сөз тіркестерін құрау. "Ауа-райы" туралы шағын әңгіме жазу.

Ережелерді сұрау үшін "Балапандарды құтқар" ойынын ойнау.

Балалар ""Өзін-өзі тану" пәнінен жүректен-жүрекке жылы сезім сыйлай отырып, бір-бірімізге жылы айтып, өз баырмашылығымызды білдіретін едік. Тек қана бір-бірімізге ғана емес, жануарларға, құстарға да өз мейірімімізді төге білейік. Алаңқайда балапандар жайылып жүр. Кенеттен мысық пайда бола кетті. енді балапандардың өміріне қауіп төнді. Біздің көмегіміз қажет. Кімде кім мына сұрақтарға жауап берсе балапандарды құтқарады.

1. Сын есім және олардың түрлерін ата.

2. Қазақ тілінде неше септік бар?

3. Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?

4. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

5. Сөз тіркесі дегеніміз не?

6. Кітап сөзін септе.

7. Жай сөйлем, құрмалас сөйлем дегеніміз не?

8. Қос сөз дегеніміз не?

9. Жалқы есім дегеніміз не?

Қай топ оқушулары көп жауап берсе ұпай беріп отыру

ІІІ. Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабаққа кіру.

- Балалар, қазір біз сөзжұмбақ шешеміз. Сол кезде жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

1. Заттың түсін, көлемін,пішінін білдіретін сөз табы. (Сан есім)

2. Қазақ халқының ұлы ақыны. ( Абай )

3. "Қымбат" сөзіне мағынасы қарсы сөз. (Арзан )

4. Заттың іс-әрекетін білдіретін сөз табы. (Етістік )

5. Заттың түсі. (Сары )

6. "Ұсақ" сөзіне мағынасына қарсы сөз. (Ірі )

7. Заттың атын, атауын білдіретін сөз табы.

Олай болатын болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы "Сан есім"

Бірақ, біз сан есіммен өткен сыныптарда таныспыз

Үш топқа тапсырма беру

І- топқа Ережесін, сұрағын айту

ІІ- топқа Түрлерін айту

ІІІ-топқа Мысал келтіру

САН ЕСІМ заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп айтылады. (Өзім қосымша түсінік беріп өтемін)

Енді кезекте оқулықпен жұмыс істейік. Жаттығу жұмыстарын орындайық.

1-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп тербеледі адам саоқса.

Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда, үндемейді адам жоқта.

(Домбыра)

Сан есімдерді тауып, қандай сан есім екенін айту.

Үш, екі, тоғыз - сан есімдер . (дара сан есім, есептік сан есім)

Бұл жердесан есім зат есім сөзімен байланысып тұр.

2-жаттығу. Мақалды жатқа жаз.

Бір кісі қазған құдықтан,

Мың кісі су ішеді

Сан есім бастауышпен байланысып тұр, зат есіммен тіркесіп айтылып тұр Мақалдың мәнін түсіндіру.

3-жаттығу. Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Құраған сөйлемдеріде олардың қандай мүше болып тұрғанын айт.

Біреу, бес, жетінші.

YІ. сергіту сәті: "Солдат боламын" әнін айттыру.

5-жаттығу. Өзгертпе сөзді (анаграмманы) шеш. ОРАҚ

Бір- түбір, інші- жұрнақ

Екі-ақ (шырай) екеу ек+еу туынды сөз

6-жаттығу. Ребусты шешу

БІРЛІК

Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.

Y. Қорытынды бөлім:

- Балалар, бүгін сонымен сан есімді тереңірек меңгердік.

Соған байланысты математикалық сұраулар қоямын.

Соның ішінен сан есім сөздерін табасыңдар.

Ой шақыру стратегиясы:

Кім жылдам" ойыны арқылы жауап беру.

І- топ -- 12түйе, 10жылқы, 9сиыр, бес тоқты---- ?

ІІ- топ--- 5қаз 16 тауық, 6 үйрек , 7 балапан -----?

ІІІ-топ --- 10 алма, 7 өрік, 9 алмұрт, 8 банан------ ?



Қазақта сандарға байланысты қандай ұғымдар бар?

Әрине " Киелі сандар әлемі"

Олар қандай сандар?

Жеті, бес, үш т.б.

Осы сандарға байланыстьы не білеміз?

Қане кім айтады?

І-топ Жеті ата

ІІ-топ Үш санына байланысты

Үш арсыз

ІІІ-топ Бес қару деген не бар?

1) Найза

2) Қылыш

3) Мылтық

4) Садақ

5) Айбалта

- Балалар сонымен сан есім дегеніміз не?

- Сан есім түрлерін ата.



Бағалау: Топтардың ұпайын есептеу, қорыту.

Оқушылардың еңбегін бағалау

Үйге тапсырма: 3-жаттығу (ережелерді жаттау)



Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров116
Номер материала ДВ-343059
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх