Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Сан есімдерді қайталау" (7-класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Сан есімдерді қайталау" (7-класс)

библиотека
материалов

hello_html_m14b24156.gifhello_html_74c7bd5c.gifhello_html_m38b71a1d.gifАқтөбе облысы

Мәртөк ауданы

Хлебодаровка орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оразаева Айнұр Өмірзаққызы

ҚАЗАҚ ТІЛІ, 7-класс

Сабақ тақырыбы:Сан есімдерді қайталау.

Сабақ мақсаты: Сан есім туралы түсінік беру

Білімділік:сан есімдерді қайталау арқылы , оларды еске түсіретін көптеген тапсырмалар орындатып, білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік:туған жерін,Отанын сүюге,патриоттыққа,адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.

Дамытушылық:оқушылардың өткен сыныптардағы сан есімдер туралы білімдерін жан-жақты дамыта түсу.

Сабақ түрі:қайталау сабағы

Сабақ әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік әдістер,СТО ,

Көрнекіліктер:кітаптар,кеспе қағаздар,суреттер,бағалау парақтары

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесемін.

Кезекшімен диалог

Үй тапсырмасын сұрау. «Тәуелсіз Қазақстан» деген тақырыпта шағын шығарма жазу.Ішінде бірнеше сан есімі болуы керек.

Бағалау.

Үй тапсырмасын тексеріп болған соң,әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз.

ІІ Ашық сабақ «Сан есімдерді қайталау»

Оқушыларды екі топқа бөлемін.

  1. «Қыран тобы» капитаны – Плугина Вероника.

  2. «Тұлпар тобы» капитаны -Станчевская Наталья.

Әр топта бес-бестен оқушы бар.Сабағымыз мынадай турлардан тұрады.Бағалауды былай жүргіземін.

«5» - «4» - «3» -

1.Полиглот .

Бірнеше тілді білетін адамды айтамыз.

2.Қазақ халқы аузын ашса мақалдатып жөнеледі.Келесі турымыз «Мың бір мақал» деп аталады.

3.Сөз салаты.Сөздерден сөйлем құрастыру.

4.Киелі сандар туралы деректер.

5.Қорытынды. «Қожанасырдың сәлем хаты »деп аталады.

1.Полиглот .

Бір-один-уан

Екі –два –ty

Үш –три- sry

42,43,49,100,50,60 осылай айта беремін.

ІІ «Мың бір мақал»

1 - санына байланысты:
Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік.
Бір жылы сөз бір күнге азық.
Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.
2 - санына байланысты:
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
Ерке бала - екі жылар.
Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады.
3 - санына байланысты:
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
Ат баспаймын деген жерін үш басады.
4 - санына байланысты:
Төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда.
Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.
Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды.
5 - санына байланысты:
Біреуге бес күн алда келсе, біреуге бес күн кейін келеді.
Бес саусақ бірдей емес.
Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
6 - санына байланысты:
Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
Ағайынды алты болсаң, адам тимес.
Алты аға бірігіп әке болмас.
7 - санына байланысты:
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.
8 - санына байланысты:
Дос сегіз болса, дұшпан сегіз.
Жаманның аяғы сегіз, бірі шалмаса бірі шалады.
Санақ санамай сегіз деме, сынап - сынамай дос деме.
9 - санына байланысты:
Тойған жерге тоғыз кел.
Тоғыз әйелдің толғағи бір келеді.
Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.
10 - санына байланысты:
Он санының саны бірдей болғанымен тұрқы бірдей емес.
Он рет айтқанынан бір рет көрсеткені артық.
Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.
12 - санына байланысты:
Су кезегінен қалған, он екі ай аш қалады.
Он екіде бір гүлі ашылмаған.
Шындық он екі қабат шынжырды үзеді.
15 - санына байланысты:
Болар бала бесігінде боспын дейді,
Болмас бала жиырма бесте жаспын дейді.
Ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың,
Он бес жастан асқан соң, тіл алмаса доңызың,
Он бесте отау иесі
30 - санына байланысты
Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
Отыз күн оразаның бір күн айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.
Отыз ұлың болғанша, бір жаман шалың болсың.
40 - санына байланысты:
Жақсы кісі қырық жасында толады,
Жаман кісі қырық жасында солады.
Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.

ІІІ «Сөз салаты» ойыны.

Көтерді,1991 жылдың,25 қазанынан,туын,еліміз,тәуелсіздік,бастап.

1992,жаңа,жылы,қабылданды,рәміздері,Қазақстан,4 маусымда

4.Киелі сандар туралы айталық.Оқушылар киелі сандар туралы еске түсіреді.Сөзді оқушыларға береміз.

Қазақ халқында «3», «7», «9», «40», «4» сандары киелі саналады.

. "Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.
Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.
Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", " Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек.
Он екі саны да - халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты "он екі мүшең сау болсын", "он екіде бір нұсқасы жоқ", "он екі баулы өзбек" деген сөздер де айтылады.
Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны - қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда "Қырықынан шығару" деген ырымы бар. Өлген адамның "Қырқын беру" дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты "Қырықтың  бірі - қыдыр" деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар "қырық" сөзімен байланысты.

Сауалнама:
1. Қасиетті сандар туралы білесің бе?

а) иә ә) жоқ
2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а) ата-анадан ә) мұғалімнен б) аға-әпкелерден
3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандай қасиетті сандар білесің?
5.Сабағымызды қорытындылай келе «Қожанасырдан келген сәлем хатты» мен оқушыларға оқып беремін.

Хатта Қожанасыр аталарың көне ағаш үйін құрып беруді сұраған. Ол ағаш үйді құру үшінр тапсырмаға жауап беру керек.Сонда мозайка түріндегі құрамаларды магниттің көмегімен тақтаға құраймыз.

Сұрақтар.

1.Топтау сан есімі туралы айтып бер.

2.Сан есімі бар фразеологизм айтыңыз.

3.Сөз тіркестерді аудар. 1998 год,ХХ век,12 месяцев,4 сезона,54 недели.

4.Реттік сан есімнің жасалу жолдары.

5.Берілген сурет бойынша сан есімдерге сөйлем құра.

6.Топтау,болжалдық,жинақтық сан есімдері қалай жасалады?

7.Есептік сан есімдер құрамына қарай қалай бөлінеді?

8.Бөлшектік сан есім туралы айт.

Сабақты қорытындылайық. Сабаққа белсене қатысқандарыңа рахмет.

Алға Қыран тобы шықты.25 ұпай. Тұлпар -23 ұпай.

Үйге тапсырма: ішінде сан есімі бар 6 сөйлем жазып келу.Сан есімдерді қайталау.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров240
Номер материала ДВ-228589
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх