Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыСан есімді қайталау (6 сынып)

Сан есімді қайталау (6 сынып)

Скачать материал

Лозовое орта мектебі.

 

 

 

Ашық сабақ:

 

«Сан есімді қайталау»

6 «А» сынып

 

 

 

 

                                                Мұғалім:     Молдрахметова Қ.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 о.ж

Сабақтың тақырыбы :   Сан есімді қайталау

Сабақтың мақсаты:   Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін біліктілік деңгейлерін байқау. Оқушылардың сан есімнен алған білімін жаттығуларда қалай қолданылатынын тексеру, сан есімдерді түрлеріне қарай талдау арқылы  зерттеу.

Міндеттері :

А) Сөйлемде сан есімдердің түрлерін ажырата алады.
В) Сан есімдерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрып талдайды.
С)  Тапсырмалар арқылы сан есімді қорытындылайды.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, бағалау критериясы, бағдаршам , флипчарт, фломастерлер, топтық бағалау

Әдіс тәсілдер: жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар, топтық жұмыс: сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, бағалау стратегиялары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)
Психологиялық сәт.

Барлығы бір бірлеріне бүгінгі сабаққа не тілейміз?  Сәттілік.

 

Үй  тапсырмасын тексеру:

1. Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау.

 «Серпілген доп» ойыны арқылы үй жұмысы тексеріледі. Оқушылар өткен материалдар бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

                               1.Морфология нені зерттейді?

                                2.Зат есім мен сын есім туралы есіңде не қалды?

                                3.Тұлғасы,құрамы, мағынасы дегенді қалай түсінесің?

                                4.Сан есімді оқу бізге не себепті қажет екен?

                               5.Сан есім құрамы мен мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

 

 

Сабақтың барысы:

Қайталау оқу анасы,

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең,

Ешкімнің жоқ таласы

- Ендеше, балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Сан есімді қайталау».
ә) Топқа бөлу.

Бүгінгі сабағымыз 7 мәреден тұрады.Қай топ  өздерінің білімдерімен мәреге жететінін алдағы сабақ барысында көреміз. Сіздерге іске сәт дей отырып  сабағымызды бастаймыз.
1. Бірінші мәре: “Сәйкестендір”
2. Екінші мәре: “Мақал құра”
3. Үшінші мәре:“Ойлан,қолдан. ”
4. Төртінші мәре: “Кім жүйрік?”
5. Бесінші мәре:“Құпия сөздің құлпын аш” полиглот ойыны
6. Алтыншы мәре: « Оқулықпен жұмыс»
7. Жетінші мәре: “Ұлттық дәстүрімізге тән киелі ұғымдар”

1 мәре: «Сәйкестендір». Оқушылар сан есім түрлерін жалғаулықтарымен сәйкестендіреді.

2 мәре: «Мақал құра» ойыны. Қазақ халқының мақал - мәтелдерін жатқа біле отырып, оқушылар тез ребус шеше отырып  құрастырып шығады.  Тағы да қандай сан есімі бар мақал мәтел білетіндерін топпен ақылдаса отырып дәптерлеріне жазады. Елбасының «Үш тұғырлы тілдер» жобасын іске асыру мақсатында, берілген мақал – мәтелдердің  сан есімдерді тауып, үш тілде айту тапсырылады. 

1.... атасын білмеген жетесіз. (жеті - семь - seven)
2. Қызды... үйден тию.(қырық – сорок - forty )
3.... ала болса, ауыздағы кетеді.
... түгел болса, төбедегі келеді. ( алтау, төртеу - шесть, четыри - six, four)
4. Білекті... жығар,
Білімді... жығар. (бірді, мыңды – один, тысича – one, one thousand)
5. Білгенің..., білмегенің.... ( тоғыз, тоқсан тоғыз – девять, девяносто девять – nine, ninety - nine )
6.... өлшеп,... рет кес. (жеті, бір – семь, один – seven, one)

3 мәре: Ойлан, қолдан . Оқулықпен жұмыс.

         182- жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, топтау, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.

Үлгі: Есептік сан есім: бес, ... жеті ,жиырма, мың , жетпіс бір,жүз жиырма

              Реттік сан есім: бесінші, .жетінші,жиырмасыншы,мыңыншы ,жетпіс бірінші,жүз жиырмасыншы.

                    Жинақтық сан есім: бесеу, ..жетеу.

                      Топтау сан есім: бес-бестен, ...жетіден,жиырма – жиырмадан,мыңнан,жетпіс бірден, жүз жиырмадан

                Болжалдық сан есім:беске жуық,жетілерден,жиырма шақты, мыңға жуық

         5,7,20,1000,71,120.

Сергіту  сәті:  “Қара жорға” биінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бидің тарихы 7 ғасырдан да әрі асады. Тіпті бүкіл әлемдік Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген, өйткені бір мезетте бұл биді 2009 жылы Қытайда 13 мың адам билеген екен. Алғаш болып бұл биді 1999 жылы қазақ жерінде жандандырған Қытай өлкесінен ата жұртына қоныс аударған Арыстан қажы Шәдетұлы алып келді. Қандастарымыз бұл биді «Қара жорға», «Бақсы» және «Буын» биі деп атайды екен. Кәсіби бишілердің пікірінше, «Қара жорға» биінің денсаулыққа тигізер әсері де мол көрінеді. Яғни, ол бидің әрбір қимылы - дене шынықтыру жаттығуы іспетті. Оны билеген адам өзін сергек сезініп, ынтасы да артады. Бұл биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайды, яғни денені шынықтыру үшін таптырмайтын тәсіл. Жанға жағымды, тәнге пайдалы. Би адамның буындарына қан жүгіртіп, денені шынықтырады. «Қара жорға» тек би ғана емес, нағыз спорт түрі. Бұл биді билегенде адамның он екі мүшесіндегі бүкіл сүйек қимылдайды екен.
«Қара жорға» Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің қайтадан жаңғырған және халықтың көкейінен шыққан би. Жастардың патриоттық сезімін оятатын ұлттық би.
Қара жорға биі оқушылардың көңіл – күйін көтерумен қатар, денелері серігіп қалады. Халық биін аса құрметпен билеп шығамыз.
Төртінші мәре:  “Кім жүйрік?” ойыны арқылы орындалады. Оқушылар қойылған сұрақтардың дұрыс бұрыстығын  берілген түстермен көрсетіп отырады.

1.Қосарлану арқылы жасалған күрделі сан есімдер үнемі дефис арқылы жазылады.

2.Сан есімдер құрамына қарай алты түрге бөлінеді.

3.Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.

4.Күрделі сан есімдер тек тіркесу арқылы жасалады.

5.Цифрмен таңбаланатын сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.

6.Топтау сан есімі нешеу деген сұраққа жауап береді.

7.Сан есім заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы.

8.Топтау сан есімдері бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

9.Бір түбірден тұратын негізгі және туынды сан есімдерді дара сан есімдер дейміз.

Бесінші мәре: “Құпия сөздің құлпын аш” ойыны .Семантикалық карта таратылады.Сол карталарда сөздер берілген,сол сөздерден сан есімдерді табамыз топпен құрамын айтамыз.

Сөздерден сан есімдер шығарып,құрамын анықтау

Кекілік               2

Түшкіру               3

Алтын жүзік         600

Жетілді                7

Жүзім біркелкі пісіпті              101

Күшті                               3

Тоғызқұмалақ           9

Қырық жеті мал               47

Тон сегіз еді                                 18

Мыңбай күшті жігіт                       1003

Кейбір                           1

Оның бесігі                      15

« Саны бар атаулар» 

Бірқазан,темекі,күшік,төрттік,дербес,алтыбақан,жетім,сегізкөз,тоғызқұмалақ.

Алтыншы мәре: “Оқулықпен жұмыс”
136-жаттығу
Сандарды теріп жазып  құрамын  және түрлерін жазып шығамыз.

Жетінші мәре:   “Ұлттық дәстүрге тән киелі ұғымдар”

7,3,4,5 сандары жайында не білетіндерін сұраймын

Қорытынды :   Кері байланыс.    Бүгінгі сабақта

Не ұнады?

 Сұрақ

  Пікірлерін жазады.
Бағалау.
Өзін – өзі тану пәнімен байланыстыра отырып, оқушылар ортаға жиналып бір - бірлерімен қол ұстасып, «Жүректен - жүрекке» әдісі арқылы бір - бірін  бағдаршам арқылы бағалайды. Мәселен Данияр өз тілегін Камилаға былай білдірді:
- Камила сен бүгін сабаққа өте жақсы дайындықпен келдің. Мен саған қазақ тілін жақсы меңгеріп, қазақ ұлттық телеарнасының атақты жүргізушісі болуыңа тілектеспін.

- Сымбат  сен бүгін үй тапсырмасын орындауда қате жіберіп қойдың, сол себепті мен сені жақсы деп бағалаймын деп бағдаршам түстерін сыйлайсыңдар әр топ

«Бағдаршам» арқылы .

«Өте жақсы жауапқа» - жасыл

«Жақсы» жауапқа -  сары

«Орташа» жауапқа – қызыл

 

Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Сан есімнен алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

1. 134 - жаттығу. Сан есімдерді сөзбен жазу.
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен, Қазақ тілім! – деген өлең жолдармен, балаларға рухани
патриоттық тәрбие бере отырып сабағымды аяқтаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сан есімді қайталау (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 322 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2016 1626
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдрахметова Карлыгаш Касымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8563
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 831 человек

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек