Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыСан есімнің мағыналық түрлері сабақ жоспары 6-сынып

Сан есімнің мағыналық түрлері сабақ жоспары 6-сынып

Скачать материал

Күні: 27.11.15

Тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан және реттік сан есімдер.

Мақсаты:а)Білімділік: Есептік және реттік сан есімдер туралы түсінік беру, оларды ажырата білуге үйрету;  сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу;

ә) Дамытушылығы: Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын  дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау; Сауатты жазуға төселдіру;

б) Ел тарихын, ұлттық  құндылықтарымызды ұмытпауға, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу,Отанды шексіз сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, баяндау, талдау,ойын, сергіту жаттығулары т.б.

Көрнекілігі: 6- сыныпқа арналған электронды оқулық, интерактивті тақта , суреттер ,  үлестірме қағаздар т.б.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет, география,сурет,т.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру :   1.Сыныптың сабаққа қатысы.

2. Үй тапсырмасын тексеру 161-жаттығу «Біздің сынып»  деген тақырыпта шағын шығарма құрастыру.  «Қайталау – оқу анасы» өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар:

Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Оларды ата.

Зат есім және сын есім қандай сөз таптары? Мысал келтір.

Деректі және дерексіз зат есімге мысал келтір.

Қатыстық сын есім дегеніміз қандай сын есім?

ІІ.  Жаңа сабақ :    Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан және реттік сан есімдер.

«Қызығушылықты арттыру»

-Оқушылар, алдымыздағы берілген бірнеше мысалдарды оқып қарайықшы. Осы сан есімдердің жазылуында немесе айтылуында өзгеріс бар ма? Қандай өзгеріс бар? Сан есімдерге сұрақ қойып қараймыз.

-Дұрыс айтасыңдар! Яғни, қойылатын сұрағына қарай, жазылуына қарай осы сан есімдерді екі бағанға бөлеміз.

Заттың нақтылы санын білдіріп, қанша?, неше? Деген сұрақтарға жауап берсе,  есептік сан есім болады.  

        Мысалы: Он алты, жиырма екі т.б

Заттың саналу ретін, қатарын білдіріп, нешінші? Деген сұраққа жауап берсе, реттік сан есім болады.

Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге, егер ол дауысты дыбыспен аяқталса,  -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы, ал егер дауыссызға бітсе,  -ыншы, -інші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мысалы:  бес – інші, он – ыншы, алты – ншы, жеті – нші т.б

Реттік сан есімдер кейде цифрмен беріледі. Ондай кезде сан есімдердің жазылуы төмендегідей болады:

Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады.

Мысалы: Ол 5-қабатта тұрамыз. Мен 6-сыныпта оқимын.

Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды.

Мысалы:  «Абай жолы» романының І томы,  шығарманың ІІ томы т.б

Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды.

Мысалы:  1 қыркүйек,  1995 жыл т.б

І бөлім:  Қазақстан-кеше...

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

-Балалар, берілген мысалдардағы сандарды сөйлетсек.... Яғни,  1932, 1937, 1945, 1986 жылдар.

(Слайдттар көрсетіледі)

-Иә, бұл - біздің жадымызда мәңгі қалар тарихымыз.

ІІІ   Оқулықпен жұмыс:

162-жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы есептік сан есімдерді теріп жазып, олардың құрамын анықтау. Сұрақ қою.

Жаттығу үлгіге қарай отырып ауызша орындатылады.

Үлгі:  екі жүз тоғыз – есептік сан есім, құрамына қарай күрделі, сұрағы – қанша?

164-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, оларды сөзбен жазу.

Мысалы:  жеті-жетінші, он-оныншы

ІІ бөлім: Қазақстан-бүгін...

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі боп соғып тұр!..

(Слайдттар көрсетіледі)

ІV   Тақтамен жұмыс

   1.  Электронды оқулықтан бейнежазба көрсетіледі. Сан есімдерді теріп    жазу.

15 млн, 2 млн 724, 9, 1991, 16, 100  т.б

 "Білім мен дәстүр" сыны ойыны

Есептік және реттік сан есімдерді тауып,төмендегі сызбаға орналастырыңдар.

         Есептік: 40, 7, 4, 9, 319

         Реттік:  5-інші, 13-інші, 3-інші

40 жылқы  7 дос  5-сынып  4 үй    3- орын    9 адам    319 оқушы       13-қатар

сандарға байланысты халқымыз қазақ ұғымында 1,3,5,7,9,40 секілді сандардың бәрін киелі деп есептеген. Сондықтан сідерге төмендегідей сұрақтар қоямын:

1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7,9)

3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)

4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)

5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)

6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)

7. Қонақтың  төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)

8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)

9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)  

ІІІ бөлім: Қазақстан-ертең...

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

   

V   Шығармашылық жұмыс

Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолын жалғаған ұлы дастан.

Болашағыңа қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан-дей отыра ендігі сіздерге берілетін тапсырма  «Болашақ біздің көзімізбен...» тақырыбында ойтолғау, шағын шығарма, әңгіме, өлең құрастыру.  Ішінде есептік және реттік сан есімдердің болуын ескеру.

VІ   Жеке оқушылармен жұмыс

Семантикалық карта

Мысалдар

Есептік

Реттік

Бесінші

 

 

Он алты

 

 

Екі мың бірінші

 

 

Сегіз

 

 

Қырық жеті

 

 

 

Сәйкестендіру тесті

Арманда

алтыншы сыныпта оқимын

Мен

бес кітап бар

Биыл

сабақты беске оқиды

Ол

Тәуелсіздікке 22 жыл

Қазақстанда

екі мың он үшінші жыл

VІ  Бекіту

Қорытынды сұрақтары:

Сан есім дегеніміз не? Сұрағы қандай?

Құрамына қарай сан есім нешеге бөлінеді?

Есептік сан есім дегеніміз қандай сан есім? Мысал келтір.

Реттік сан есім ше? Мысал келтір.

VІІ  Үйге тапсырма:

166-жаттығу.  Ережені жаттау.

VІІ Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сан есімнің мағыналық түрлері сабақ жоспары 6-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 467 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.03.2016 3798
    • DOCX 21.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танатарова Жупар Тилеповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танатарова Жупар Тилеповна
    Танатарова Жупар Тилеповна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 114579
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Концептуальное и методическое обновление дисциплины «Иностранный язык» в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 507 человек

Курс профессиональной переподготовки

Французский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель французского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек