Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Сан есім" тақырыбы бойынша ашық сабақ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Сан есім" тақырыбы бойынша ашық сабақ

библиотека
материалов

«Кеңес Одағының Батыры

И.М.Бережной атындағы

Келлер орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Боранбаева Ажар Кенесовнаның

бастауыш сынып онкүндігі аясында

өткізілген ашық сабақ жоспары

Сабақтың  тақырыбы

Сан есім

Жалпы  мақсаты:

 Сан  есімнің заттың санын, ретін  білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.

Міндеті

Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту,  қиялын  ұштау.Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін  нәтиже

Оқушылар  жаттығулар, әр түрлі тапсырмалар орындау барысында сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қойып үйренеді. Топта бірігіп жұмыс жасайды, өзін және бір-бірін бағалайды.

Сілтемелер

Қазақ  тілі  оқулығы, әдістемелік құрал, ғаламтор материалдары, ресурстар, суреттер, кестелер.

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану, әдебиет, өзін-өзі тану.

Сабақтың    барысы

Сабақ кезеңдері

                         Мұғалімнің  іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

 I.Ұйымдастыру  кезеңі.

3 минут


















ІІ.Өткенді қайталау

3 минут















ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

7 минут






ІҮ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі

3 минут





Ү.Мағынаны тану

3 минут





5 минут




5 минут





2 минут










5 минут











ҮІ.Ой толғау

5 минут



ҮІІ.Қорытынды кезеңі

3 минут



3 минут


1/Сәлемдесу.

2/Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:

Қатар-қатар түзеліп,

Оқушыға лайық.

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтану сәніміз.

Отыруға нақпа-нақ,

Дайындалдық бәріміз.

3/Сұрақ-жауап:

- Бүгін қай күн?
- Аптаның нешінші күні?
- Қай ай?
- Сәуір нешінші ай?
- Қай мезгіл?
- Ауа – райы қандай?
- Ал сендердің көңіл – күйлерің қандай?
Ендеше бүгінгі сабағымызды да осындай көтеріңкі көңіл күйде өткізейік.Сендерге сәттілік тілеймін!


1/Топқа бөліну.

Оқушыларды кима сандар арқылы екі топқа бөлу


2/Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.
Ойынның мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа баулу.
Ойынның шарты: Өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә», қате болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек.

-Сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай?

-«Ұқыпты» сөзі етістікке жатады ма?

-«Он  жеті» сан есім бе?

- «Оқып отыр» етістік пе?

-Етістіктің сұрақтары Кім? Не?

-Зат есімнің сұрақтары Кім?Кімдер?Не?Нелер?

-Сан есімнің сұрақтары Қанша?Неше? Нешінші?

-Сан есім заттың саны мен ретін білдіре ме?


Жазбаша орындауға берілген жаттығуды тексеру

4-жаттығу:Апта күндерінің тұсына нешінші күн екенін сөзбен жаз.Заттың санын білдіретін сөздерге сұрақ қой.

Дүйсенбі -..... Жұма - ......

Сейсенбі -..... Сенбі - ......

Сәрсенбі - ..... Жексенбі - .....

Бейсенбі - .....


 

«Артығын тап» ойыны

Ойынның мақсаты: Ұшқыр ойлауға, тапқырлыққа баулу.

Ойынның шарты:Хатқалтада жазылған сөздердің ішінен артық сөзді табу.Неге артық екенін дәлелдеу.

Алма, парта, Айша, он бес, пенал, немере.

Жатты, келді, ойнап жүр, секіреді, жиырма,айтты.



1.Дәптермен  жұмыс

1/Бүгінгі күнді дәптерлеріне жазу

2/Көркем жазу сәтін өткізу: Сс сегіз сексенінші


2.Оқулықпен  жұмыс

1-жаттығу

Мәтінді түсініп оқып, көшіріп жазу.Сан есімдердің астын сызу.Есептік және реттік сан есімдерді анықтау.

  

2-жаттығу

Тапсырма:Берілген зат есімдердің алдына сан есімдерді қойып, көшіріп жаз.Сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.

... ата, ... мезгіл, ...көз, ... саусақ, ... қазына, ... ғаламшар.


Сергіту сәті: Оңға, оңға, түзу тұр!

Солға, солға, түзу тұр!

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызға отырайық.


 

3.Топтық  жұмыс

3-жаттығу:

1-топ:Берілген сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жаз.

Бір, екі, үш, төрт, бес, он екі,жиырма тоғыз, отыз үш, сексен бес, жүз.


2-топ:Берілген сан есімдерді есептік сан есімдерге айналдырып жаз.

 Бірінші, екінші, жетінші, он төртінші, жиырма екінші, тоғызыншы, алпыс алтыншы, сексен жетінші, тоқсаныншы, жүзінші.

 1/«Мәліметтер кестесін» толтыру

1-топ:Есептік сан есім жайлы мәліметтерді толтырады;

2-топ:Реттік сан есім жайлы мәліметтерді толтырады;


Рефлексия:

Кері байланыс:«Бір минуттық эссе»

Бүгінгі сабақта не білдім?Не үйрендім? Сабақ ұнады ма? Сұрақтарына жауап беріп, шағын ессе жазады.


Формативті бағалау

Үйге тапсырма:4-жаттығу /Сурет бойынша әңгіме құрастыру/

Оқушылар сәлемдеседі

 

 Оқушылар түзу тұрып, өлең жолдарын хормен айтады. Бір-біріне сәттілік тілейді.

  

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.Өз көңіл-күйлерін бас бармақпен көрсетеді.

 

 

 

   




Оқушылар сандарды таңдап, екі топқа бөлініп отырады.

 


Оқушылар ойынға қатысып,

 сұрақ дұрыс болса «иә» деп шапалақтайды, қате болса «жоқ» қолдарымен көрсетеді.


 

 

Оқушылар жазған сөздерін оқиды.Сұрақ қойып, сан есімдерді анықтап атайды. Жұптар бір-бірін тексеріп, бағалайды.


 


Топтар сөздерді оқып, артық сөзді анықтайды, өз ойларын дәлелдейді.

 

 

 

 

 

 



 


 Сан есімдердің есептік, реттік екенін дәлелдейді.

 

 Зат есімдердің алдына керекті сан есімдерін қойып, сөйлем құрастырады.

 


 Әр топ оқушылары  түзу тұрып, мұғаліммен бірге жаттығуларды орындайды..

 

 

 

 

  




Интербелсенді тақтада берілген сөздерді есептік, не реттік сан есімдерге айналдырып жазады, дәлелдейді.

 

  Әр топ А3 парағындағы кестені толтырып, ортаға шығып түсіндіреді.

 

 Оқушылар шағын эссе жазады.

 

 Топтар бір-бірін 2 жұлдызша 1 тілек арқылы бағалайды.


































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Бұл  сабақ  2-сыныпта  сан  есім  тақырыбын  қайталап  бекітуге  арнайы  жоспарланған. Сабақта  көптеген  жұмыс  түрлері  мен  әдіс-тәсілдер  қолданылған. Оқушылар  жұптық  жұмыста  және  топтық  жұмыста  өздерінің  білімдерін  көрсетіп,  бір-бірін  бағалады,  постерлер  жасап,  қорғай  білді. Сабақ  құрылымы  барлық  талаптарға  сай. Сабақта  қолданылған  барлық  әдіс-тәсілдер  оқушылардың  физиологиялық  және  жас  ерекшеліктеріне  сай  таңдалған.Сан  есім  жайлы  білімдерін  көрсете  отырып,  оның  түрлерін  де  есептік  және  реттік  сан  есімдерді  бір-бірінен  ажырата  білген. сабақта  мектеп  әкімшілігі  және  бастауыш  сынып  мұғалімдері  болды. Бұл  сабақ  бастауыш  сынып  шәкірті  онкүндігі  аясында  өткізілген. 

Общая информация

Номер материала: 556923

Похожие материалы