Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу.Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау.

Сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу.Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:



Тәрбиеші: Қуатова Е.Ж.

Күні: 02.02.2016

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: Сандар қатары туралы білімін бекіту. Заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу.Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш туралы өткенді пысықтау.

Мақсаты: реттік сануды жалғастыру (5 санын көлемінде) сандық және реттік санауды ажырата алу, «қанша», «нешінші» сұрақтарына дұрыс жауап беру; Цифрды сандық карточкамен және заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш сияқты геометриялы фигуралар туралы өткенді пысықтау.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық ойын.

Қажетті көрнекі құралдар: цифрлар карточкасы, торсық, домбыра, камзол суреті.



Іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Сандар қатарымен жұмыс істейміз. Педагог балалардан 1-ден 5-ке дейінгі сандарды рет-ретімен қатарға қойып шығуды сұрайды.


Балалар педагогтің тапсырмасын орындайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

1-тапсырма.

Педагог балаларға өлең оқып береді:

Шар – Маратқа,

Ал торсық – Қайратқа,

Домбыра – Азаматқа,

Камзол – Қымбатқа.

Содан соң педагог былай деп сұрақ қояды:

-Балаларға неше сыйлық жасалды?

Балаларға тапсырма береді:

Төртінші сыйлықты жасыл түспен, біріншісін қызылмен, екіншісін көкпен, төртіншісін сарымен бояу керек.

Нақтылайды:

-Суретте домбыра нешінші тұр?

-Торсық нешінші?

-Шар нешінші?

-Камзол нешінші?

«Жұмбақтар мен олардың шешуі» ойыны

Бұл ойынды ойнау үшін 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар қажет.

Педагог балаларға математикалық жұмбақтар жасырады.

Балалар жұмбақты шешкен кезде, оның жауабын тиісті цифрмен көрсетуі тиіс.

Карындаштың бірі Мақсатта, екіншісі –Ғабитте, балардың қолында барлығы неше қарындаш бар?

Мысықтың аяғы су болмас үшін оған неше жұп етік қажет?

Қабырғаның жанында күбі тұр, олардың әрқайсысының ішінде бір-бір бақа бар.

Егер 5 күбі болса, бақаның саны нешеу болды?

2-тапсырма.

Педагог балаларға «Етікші» деген өлеңді оқып береді.

-Етіктер жыртылып қалды, енді олардың әрқайсысына сәйкес келетін жамауды табуымыз керек. Етіктің жыртығына сай келетін жамаумен етіктің арасын сызықпен қосу керек:

-Етіктің жамаулары қандай пішінде?

«Санамақ» сергіту минуты.

«Дұрыстап қос» ойыны.




3-тапсырма.

Балаларға цифр жазылған шаршы мен карточкаларды ондағы заттар мен дөңгелектер саны, сол цифрға келетіндей етіп сызықпен қосу туралы тапсырма береді.



Балалар өлеңді тыңдайды.






Төрт сыйлық.






Үшінші.

Екінші.

Бірінші.

Төртінші.








Балалар жұмбақтарды шешеді және жауабын цифрмен көрсетеді.
















Біріншісінің жамауы – дөңгелек, екіншісі-шаршы, үшіншісі-үшбұрыш, төртінші- тіктөртбұрыш, бесіншісі-сопақша.


Балалар тапсырманы орындайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог балаларды мақтайды. Педагог балалардан сұрайды:

-Сендер етіктерге қандай пішінде қиылған жамауды таңдадыңдар?

-1, 2, 3, 4, 5 цифрлары неше затты білдіреді?


Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.



Күтілетін нәтиже:

біледі: сандық және реттік санауды, реттік сандарды;

игереді: «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына жауап беруді;заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табуды;

меңгереді: дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, сопақшаны тануды.









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров172
Номер материала ДВ-456460
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх