Инфоурок Математика Другие методич. материалыСандар галереясында (5 сынып)

Сандар галереясында (5 сынып)

Скачать материал

Өтес орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Сандар галереясында

(5 сыныптар арасында математикалық сайыс)

 

 

 

Пән мұғалімі: Досмагамбетова А.А.

 

 

 

 

 

2012 жыл

Арифметика  математиканың,  ал математика  ғылымдардың  патшасы.

                                                                                           ( К.Гаусс)

Мақсаты:

1. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын , жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.

2. Математикалық сұраққа мәдени түрде жауап беру, қарым- қатынасты дамыту.

Көрнекілігі: компьютер, экран, таратпа, слайд, сөзжұмбақ.

Барысы:

Армысыздар бүгінгі кешке жиылған математиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «математик» атты интелектуалды ойынға қош келдіңіздер!

Уа халайық! Халайық!

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі ойын төрінде,

Математика елінде,

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып

Көңілді ойын жасайық.

Мұнда қызық табылар

Басқалары тағы бар,- дей келе «математик» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Достық пен бірлікті етіп тұлға

Жеңіске жеткен едің талай сында

Қара қылды қақ жарып әділ қазым

Еңбегін тапқырлардың әділ сына

әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем әділдігіне бас иеді күллі әлем

жүйрік озар сайыста неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеш біл-, деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

І. Сұрақтар әлемі

ІІ. Жұмбақтар әлемі

ІІІ. Қасиетті сандар

IV. Сөзжұмбақ шешу

V. Ғажайып алаң

VI. Сандарда құпия көп жасырылған. Ребус

VII. “Жаңылмаймын” ойыны

Жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талантқа

Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім де?

І кезең. Ойынымыздың І кезеңі  «Сұрақтар әлемі» бөлімін бастайық:

Математикадан әр топқа жеке-жеке жалпы сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Екі топ капитандары келіп жұлдыз не күн бейнеленген сұрақты таңдап алсын.

Жұлдыз:

1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?                              Әріпті өрнек

2. Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы?                                  тіктөртбұрыш

3. 2-ге бөлінетін натурал сандарды қалай атаймыз?                            жұп сандар

4. Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар қандай санға бөлінеді?                                    5 санына

5. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар қандай сан деп аталады?жай сан

6. Дұрыс бөлшек дегенмізі не?                  Алымы бөлімінен кіші бөлшек

7. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қандай сан деп аталады?  Аралас сан

8.5х+2 өрнегінің коэффициентін ата                   5

9. 2-ге бөлінбейтін натурал сандарды қалай атаймыз?                        тақ сан

10. Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар қандай санға бөлінеді?10 санына

11. Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар қандай сандар деп аталады?Құрама сан

12. Үлестер дегеніміз не?                                       Тең бөліктер

13. Алымы бөлімінен үлкен немесе оған тең бөлшек?                            Бұрыс бөлшек

 

 

ІІ кезең. Сайысымыздың келесі бөлімі «Жұмбақтар әлемі». Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады..

1. Бір бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан, екі қой мен бір  түлкі қатысты. Бәрі нешеу кім білді?         Сегіз

2.Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Бие бір құлын емізген

Қос ешкі туған егізден

Үш қозы мен екі қой

Бәрі қанша ойлап қой.                    15

3. Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді.                                               Апта

4. Дүниеде бүтін сан бола бермейді.

Көңілге армандаған қона бермейді

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

Қандай сан бар достарым айтындаршы            Бөлшек сан

5.Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.                          Сызғыш

6. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болады, қолда бары?                      6

ІІІ кезең.  «Қасиетті сандар» бөлімі.  Бұл сайыстың ерекшелігі мұнда әр топ өздері ұпай қояды. Дұрыс болса ұпайын қосамыз. Дұрыс болмаса ұпай қарсылас топқа беріледі

1. Жеті санына  байланысты 5 ұғымдарды ата.

2. Үш санына  байланысты 5 ұғымдарды ата.

3. Үш алысты ата.

4. Төрт санына  байланысты 5 ұғымдарды ата.

Жеті саны:

ü    Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.

ü    Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қарашаның батуы, күннің тоқырауы

ü    Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы

ü    Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

ü    Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала

ü    Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

ü    Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты

ü    Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.

Үш санына:

ü    Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ

ü    Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық

ü    Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет

ü    Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат

ü    Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз

ü    Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті

ü    Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:

ü    Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл

ü    Үш із: бала, байлық, бақыт – білім

ü    Үш ғайып: қонақ несібе, ажал

ü    Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ

ü    Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

ü    Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,

ü    Ел қазынасы – көне сөз,

ü    Тіл қазынасы – ескі сөз

ü    Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту

ü    Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті

ü    Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

ü    Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар

ü    Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы

Үш алыс:

ü  Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жамнның арасы

Төрт саны:

ü Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ

ü Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли

ü Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа

ü Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил

ü Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран

ü Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата,

ü Ұрының пірі – жалтақ ата

ü Шебердің пірі – тепшен ата

ü Кәрінің пірі – кекшіл ата

ü Төрт тұлға: от, су, жел, жер

ü Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік

ü Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс

ü Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан

ü Төрт бұрыш: Шын-машын,  Мысыр, Рим, Еуропа елдері

ü Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара

ü Жылқы пірі – Қамбар ата

ü Сиыр пірі – Зеңгі баба

ü Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата

ІV кезең. Сөз жұмбақ сұрақтары

1. Құрамында тек қана сандардан тұратын өрнек (санды)

2. Шеңберді тең екі бөлікке бөлетін кесінді (диаметр)

3. Сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөлінді қандай орта деп аталады арифметикалық

4. Дөңгелек тең 4 бөлікке бөлінген. Мұндай бөліктер қалай аталады? үлес

5. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сан жай

6. Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті теңдік теңдеу

7. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан аралас

8. P=a+b+c ненің формуласы? периметр

9. Бірліктен де кіші разрядтары бар бөлшек ондық

10. Шеңбердің дәл ортасы центр

11. Берілген сандар қатарындағы жиілігі ең көп сан мода

12. Шеңбердің центрі мен кез келген нүктесін қосатын кесінді радиус

13. Кем емес немесе көптің бір түрі артық

14. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек бұрыс

15. Центрі жоқ шеңбер дөңгелек

16. Бөлімі алымынан кіші емес бөлшек дұрыс

17. 0, 2, 4, 6, 8 цифрларын қандай цифрлар деп атайды? жұп

18. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сан құрама

19. Бөлшектің үсті алымы

20. 1, 3, 5, 7, 9 цифрларын қандай цифрлар деп атайды? тақ

V кезең. Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.

Келесі «Ғажайып алаң» бөліміне кезек келді. Ғажайып алаңда 12  шаршы берілген, әр шаршының астына сұрақтар жасырылған. Әр топтан 3 оқушы шығып, қайталамай бір-бір шаршыдан таңдайды. Жасырылған сұрақтардың астында ұпай сандары берілген. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, ол өзінің тобына қосымша ұпайлар әкеледі. Жауап бермесе, командасынан кез-келген  оқушы жауап беруге болады, бірақ берілген ұпайы  5-ке кемиді.

1-Қазақ тілі-30 ұпай. «Мектеп», «кітап», «дәптер», «адам», «сәлем» деген сөздер қай тілден енген?Араб, парсы

2-Қазақ әдебиеті-40 ұпай. Ы. Алтынсариннің өлендерін ата: «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім, бар жұрттар», «Жаз», «Залым төреге» «Өзен» және т.б.

3-Орыс тілі-20 ұпай. Определить значение слова:

«Дождь идёт – ученик идет»: Переносное значение/ прямое значение

 

4-Орыс тілі-50 ұпай. Что такое имя существительное? Часть речи, обозначает предмет, отвечает на вапрос: кто? Что?

5-Қазақстан тарихы-20ұпай. Тарихи деректер нешеге бөлінеді? 2-ге: заттай, жазбаша

6- Қазақстан тарихы-40 ұпай. Қола дәуірі қоныстарын немесе Мәдениетін ата: Андронов, Беғазы-Дәнді бай мәдениеті.

7-Жаратылыстану-30 ұпай. Әл-Фараби кім? Ойшыл, философ

8-Жаратылыстану-20 ұпай. «Жаратылыстану» сөзі неше ұғымнан тұрады?

Жаратылыс және тану

9-Ағылшын-20 ұпай. When is your birthday? My birthday on …

10-Ағылшын -40 ұпай. What is your favourite subject? My favourite subject is English

 

VI –кезең. Айыра біл жақсы менен жаманды

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағын да  өмірдің,

Айыра  біл тапсырмаңды  алдағы – деп  кезекті  «Сандарда құпия көп жасырылған. Ребус шешу»  сайысына  береміз. 2 топқа таратпа таратылады. Жасырылған сөзді табу қажет. дұрыс табылған сөз 20 ұпаймен бағаланады.

 

 

VII-кезең.

Ойнайық, ойнайық та ойнайық!

Қатардан  атта қалып  қоймайық,

Белсенді  болайық  ортада

Уақытты  тектен –текке жоймайық, -деп сайысымыздың соңғы кезеңі «Жаңылмаймын» бөлімі. Әр топтан 3 оқушыдан. 30-ға дейін санау керек, 3-ке еселік және 3-пен аяқталатын сан орнына «жаңылмаймын» деп айту керек. Қателескен оқушылар шығып қалады.

YIII. Жеңімпазды анықтау.

Әділқазылар алқасы әр топтың жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаз топ сыйлықпен марапатталады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сандар галереясында (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2017 654
    • DOCX 249 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досмагамбетова Арайлым Абусагитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 50582
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 183 человека из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 061 человек

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе