Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер шығару.

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер шығару.


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер шығару.

Білімділік мақсаты: Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды, берілген қатардың өзгеріс ауқымын, модасын табуды үйрете отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету.

Дамытушылық мақсаты: Статистикалық сипаттамалардың түрлеріне байланысты есептерді қаржылық сауаттылық пәнімен байланыстырып кәсіби бейімін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Кәсіпкерлікке, іскерлікке баулу, болашақта өмірдегі өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға пайымдауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Экономика негіздері. Қаржылық сауаттылық, информатика, тарих..

Сабақтың түрі: Іскерлік ойын сабағы.

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, сабақтың өту жоспары презентация түрінде дайындалған,ауызша есептер жазылған парақтар, ағаш балға, әртүрлі купюрадағы «теңгелер», аукционға түсетін заттар.

Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. «Биржа» ойыны / Деңгейлік тапсырмалар/

3. Бизнес – жоспар./ Мазмұнды есептер./

4.«Жас қаржыгерлер» ойыны.

5. Жәрмеңке.

6. Аукцион.

7. Үйге тапсырма.

8. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.

І. Ұйымдастыру: Еліміздегі әлеуметтік- экономикалық өзгерістерге байланысты экономикалық білімге бет бұрыс байқалып отырған кезде сіздер экономикалық білім алу үшін, экономикалық ой-өрістерің даму үшін сабақты іскерлік ойын сабағы турінде өткізгелі тұрмын. Ойын барысында «капитал», «аукцион», «биржа» ұғымдарымен танысасыздар. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді, әр топтың аудиторлары белгіленеді. Ойын 5 кезеңнен тұрады.

Ойынның жүрісімен таныстырып өтейін. Ойын бес кезеңнен тұрады. Оқушылар сіздер болашақ кәсіпкерлерсіздер. Сіздер өз бизнестеріңді ашу үшін сіздерге бастапқы капитал керек.

І кезең тапсырмаларын орындау арқылы алғашқы капиталдарыңды жинап аласыңдар./Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар./

ІІ кезеңде Бизнес – жоспар құру./Мазмұнды есептер шығару арқылы қор жинау./

ІІІ кезеңде. Жас қаржыгерлер сайысы. /Математикалық лото, Сәйкестік тест, Қас қағым сәт ойыны./

ІУ кезеңде. Біздің қорымызға көп ақша жиналды. Ақшаны жинағаннан жұмсау қиын, ақшаны дұрыс жұмсай аламызба? Жәрменкеге барып бағымызды сынайық. «Жәрменке» тапсырмасын орындау керек./6 есеп берілген оқушы өзі шығара алатынын таңдап алып шығарады.

Тауарлар сатылады. Әр топ таңдаған тауарын сатып алу үшін сұрақтарға жауап, есептер шығаруы керек. Бұйымның сатылу шарты: Әр бұйым үш бөліктен тұрады. Әр бөліктің келесі бетінде сұрақтар, есептер бар, осы есепті немесе сұраққа жауап берсе, бұйымды сатып алған болып есептеледі.

У кезеңде Аукционға қатысып сыйлықтар сатып алайық.

Аукционға картинка, жүк таситын машина түседі.

Құрметті кәсіпкерлер!  Бүгінгі аукционда сіздердің назарларыңызға мына тамаша туындыны ұсынамын.

----Аукцион дегеніміз не? /Аукцион латын сөзі. Жария сауда-саттық жасау, мұнда тауарлар мен мүліктерді ең жоғары баға берген адам сатып алады./

-----Аукционист – аукционды ұйымдастырушы.

-----Аукционер – сатып алушы.

----- Лот – бұл аукционға түсетін тауар.

-----Гонг аукционда берілетін белгі./балғаның дыбысы/

Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі. Аукционда жан-жақты сұрақтар мен есептер қарастырылған. Сұрақтардың бастапқы бағасы – 200 теңге. Топ бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200,500,1000,2000,5000,10000 теңге. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа берілдеді, ал қате жауап айтылса, онда топ капитаны сол ақшаны қайтарады. ЕСКЕРТУ: Егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда ол топ банкрот, өкінішке қарай ол топ аукционға қатыса алмайды.

Іске сәт! Ойынымызды бастаймыз!

І. «Биржа» ойыны I деңгей тапсырмалары. Бұл кезеңнің тапсырмалары үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар мен ауызша есептер.

1 сұрақ. Статистикалық сипаттаманың неше түрі бар? /Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы./ Құны 200 тенге.

2 сұрақ. Бірнеше санның арифметикалық ортасы қалай табылады? /Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады./ Құны 200 тенге.

3 сұрақ. Берілген сандардың өзгеріс ауқымы деген не? /Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы./ Құны 200 тенге.

4 сұрақ. Сандардың модасы қалай табылады? / Берілген сандардың қатарындығы жиілігі ең көп сан, сол сандардың модасы деп аталады./ Құны 200 тенге.

Ауызша есеп / Сандардың арифметикалық ортасын тап./ карточка.

1) 30 бен 50 3) 15 пен 17 5) 1,2 мен 1,8

2) 100 бен 90 4) 7 мен 9 6) 0,6 мен 0,4

Құны 300 тенге.

1276 есеп. / 1-4 карточкілер ауызша / Құны 500тг.


1 карточка

Көп нүктенің орнына тиісті сипаттаманың атын жазыңдар.

15+21++17+18+19=90

90:5=18 Сандардың ----------------18

2 карточка

3,5; 4,8; 4,7; 4,8 сандардың ....................---4,8



3 карточка

Көп нүктенің орнына тиісті сипаттаманың атын жазыңдар.

41;43;40; 39 Сандардың ---------------- --4



4 карточка

Көп нүктенің орнына тиісті сипаттаманың атын жазыңдар.

2,5; 3; 2,5;1,8; 1,8 сандарының ................2,5---1,8


ІІ кезең «Бизнес - жоспар» Мазмұнды есептер шығару.

1281

hello_html_41f48973.gif(1,2+3,24+1,9+2,16+2) :5 = 2,12


1282 есептер

hello_html_45843dea.gif

(2+6+4+3+0):5=3

ІІІ. «Жас қаржыгерлер» ойынымызбен жалғастырамыз.

«Қас қағым сәт» - үтірін тап.

hello_html_3c56fc9e.gif

«Бағытпен жалғастыр» Сәйкестік тест.

hello_html_m5fe7f318.gif«Математикалық лото» ойыны.


hello_html_m35a7b7de.gif


ІУ кезең «Жәрмеңке» - ойыны.

hello_html_583f103a.gif


hello_html_39f2a58b.gif

hello_html_77beaf36.gif


hello_html_m1b964d3.gif

У. «Аукцион»

Енді біз ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар.Аукционға домбыра,сирек кездесетін картинка, зергерлік бұйымдар, автокөлік түседі.

Лот №1

hello_html_m3975a5fd.gif

Құрметті кәсіпкерлер!

Бүгінгі аукционда сіздердің назарларыңызға мына «Гүлдер» картинкасы ұсынылады.

Сатып алу шарты: Аукционисттің ұсынған бастапқы бағасы 1000 тенге.

1 топ өз бағаларын айтады, 2 топ, 3 топ өз бағаларын айта отырып, нөмірін көтеріп отыруы қажет.Аукционист жоғарғы бағаға сатылғандығын жариялап балғамен ұру арқылы белгі береді. Ең жоғары баға берген топқа сатылады.Топтың жетекшісі берілген есепті шығарады. Дұрыс орындаса сыйлықты алады. Егер дұрыс емес болса сондай көлемде ақша тапсырады.

Лот №2

Келесі сатылатын тауарымыз «Автокөлік»

.


hello_html_4b008811.gif

Ел сенімін ақтау үшін дәл бүгінгідей сабақтарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше ендігі кезек эксперттерде.Эксперттерден сайыстың жалпы қорытындысын білу.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан, «Ешқашанда бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма» деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Іскерлік ойын » сабағымызды аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!


6. Үйге тапсырма. №1287




7. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.


Есбол орта мектебі.







hello_html_m42296d9c.gif



Сабақтың тақырыбы: «Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер шығару.»

5 –сынып.



Дайындаған: Аманғалиева Гүлмира

Бертайқықы.



2012-2013 оқу жылы.



Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер шығару.
Білімділік мақсаты: Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды, берілген қатардың өзгеріс ауқымын, модасын табуды үйрете отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету.
Дамытушылық мақсаты: Статистикалық сипаттамалардың түрлеріне байланысты есептерді қаржылық сауаттылық пәнімен байланыстырып кәсіби бейімін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Кәсіпкерлікке, іскерлікке баулу, болашақта өмірдегі өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға пайымдауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Экономика негіздері. Қаржылық сауаттылық, информатика, тарих..
Сабақтың түрі: Іскерлік ойын сабағы.
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, сабақтың өту жоспары презентация түрінде дайындалған,ауызша есептер жазылған парақтар, ағаш балға, әртүрлі купюрадағы «теңгелер», аукционға түсетін заттар.
Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров440
Номер материала 275957
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх