Инфоурок Технология КонспектыСандықша жасау технологиясы (Технология)

Сандықша жасау технологиясы (Технология)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Сандықша жасау технологиясы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы, жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру.

ә) дамытушылығы: оқушыны еңбекке машықтандыру арқылы іске икем-ділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелілігі: ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру.

 Сабақтың типі: аралас сабақ

 Сабақтың түрі:дәстүрлі

 Сабақты оқыту әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,сарамандық және өз бетімен жұмыс

 Сабақты ұйымдастыру формасы: топқа бөліп оқыту

 Қолданылған көрнекіліктер: дайын жасалған сандықша, сандық жасаудың нұсқау картасы, “Ағашты қолмен өңдеу және металмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі” плакаты,чеканка,буклет,тірек сызба.

 Керекті құрал-саймандар: ағаш,қол арасы,сүргі,егеу түрлері,жұқа қаңылтыр, шекімелеу құралдары, балға,қарындаш,сызғыш т.б.

 Пәнаралық байланыс: сызу,тарих,биология,экономика,бейнелеу өнері.

 Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

 Оқушылармен амандасу,сабаққа қатысуын және даярлығын тексеру.

 ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

 Өткен сабаққа шолу жасау.

 1)Ағашты қол арамен кесудің қандай жолдары мен тәсілдері бар?

 2)Ағашты сүргілейтін аспаптардың қандай түрлері бар?

 3)Сүргіні кері қозғалтқанда,қалыптың артқы жағын неге көтереді?

 ІІІ.Жаңа сабақ /түсіндіру/

 Теория бөлімі:

 1)Ағаштың тарихы жайлы түсінік беру.

 2)Ағаштан жасалатын үй жиһаздары туралы.

 3)Қолөнер бұйымдарының өрнек мотивтері.

 4)Сандықтың тарихы,түрлері /қолсандық,жағлан,әбдіре/

 5)Сандықшаның жасалу ерекшелігі,композициялық көркемдеу стилі.

         Оқушылар! Бүгін біздер сабақта үй жиһазы-сандықты /сандықша/ жасап үйренеміз.Ежелден қазақ халқы үй жиһазын ағаштан жасаған. Қазақстанның мына аймақтарында ағаштың түрлері бар: Солтүстік Шығыста, Алтай төңірегінде қайың, шырша, қарағай; Оңтүстікте терек, жеміс ағаштары; Батыста қарағай, қайың, жөке. Ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген. Ағаштың адамзатқа, тұрмыс-тіршілігіндегі қолданылатын орнымен қатар ата-бабаларымыз үшін қасиетті де, киелі ағаштың орны бір бөлек екенін байқаймыз.

 “Ел іші-өнер кеніші” дегендей біздің өлкемізде де ағаштан түйін түйетін небір атақты шеберлеріміз болған.Мысалға, соның бірі белгілі қолөнер шебері-Айдос Мұратұлы атамыз. Халық шеберлерінің ағаштан жасаған, кең тараған бұйымдарының бірі-сандық. Оған киім-кешек т.б. заттарды салуға арналған. Қыз ұзатқанда қыз жасауы сандық болған. Ағаштан жасалған үй жиһаздарының безендіру тәсілдерінің де ерекшеліктері бар. Мысалы: Оңтүстікте бояумен сәндеу, ою жүргізу басымырақ болса, Солтүстік, Орталық, Шығыста түсті металдар мен әсемдеу жиі кездеседі. Ал, Батыста бедерлеп ою ойылып, қосымша түрлі-түсті бояулар жағылып үйлесімді көркемделеді.

         Үй жиһаздарына салынатын ою-өрнек мотиві де әр түрлі. Оңтүстікте геометриялық фигурада пайдаланса, Солтүстік,Орталық, Шығыс аймақтарда жануар стилі (зооморфты) және өсімдіктер стилін жиі пайдаланады. Ертеде қазақ халқы үй жиһазының әдемілігіне ерекше көңіл бөлген. Әсіресе өрнегі-не. Ежелгі шеберлер үй жиһаздарының бетіне нақыштап сүйектен, күмістен, алтыннан оюлармен әшекейлеген. Мысалы:сандықтың, ағаш төсектің беттеріне. Қолөнерге бай қазақ халқының үй жиһаздарының ішінде сандықтың ежелден үш түрде жасалып келген киім-кешек, әр түрлі ұсақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қолсандық, жағлан және әбдіре пайдаланған. Үлкен әбдіре-сандықтың ұзындығы 90-100 см, биіктігі мен ені 45-50 см шамасында жұқа қарағай тақтайлардан жасалады. Жағландар әбдіре-сандық сияқты үлкен емес. Оның ұзындығы 60-70 см,ені мен биіктігі 30-35 см шамасында. Қол сандықтарды бойжеткен қыздарға арнап жасатады. Оның көлемі де шағын,ұзындығы 45-50 см,ені 25-30 см,биіктігі 15-20 см шамасында болады.

         Жасалу ерекшеліктеріне байланысты да әрқилы. Мысалы: ағаштан ойған сандықтар,терімен қапталған жағландар, сүйек сандықтар, жұмсақ қаңылтырмен әсемделген сандықтар. Олардың аяғы болмаған. Қазіргі жағ-дайда сандық жасағанда, жерге қойғанда түбі дымқыл тартпау үшін оның астыңғы төрт бұрышына үйлестіре тақтайдан бұрыштап аяқтар орнатамыз (1-сурет). Екі қапталына екі тұтқа орнатылады және төмендегідей үлгіде жасалынады (3-сурет).Тұтқаларды қалың сым темірден немесе қалың қаңылтырдан дайындауға болады. Сандықшаның алдыңғы қабырғасының дәл ортасынан қақпағына кекіл орнатылады. Кекіл сандықшаны құлыптап қою үшін қажет (2-сурет). Жасалынатын сандықшаның қарама-қарсы қабырғалары бірдей болғандықтан,олар бірге дайындалады. Бұл екі беті бірдей сүргіленген қарағай тақтайларды бір-біріне қапсырып қағуымыз керек немесе желім жағып желімдеуге болады (4-сурет). Қақпағын екі жерден топсамен (5-сурет) бекітіп, тұтқасы мен кекілін орнатамыз.Сандықшаның даярлама бөлшектері дайын болғаннан кейін 6-суреттегідей етіп,ретімен мұқиаттап қағамыз.Енді сандық-шамыз әзір болғасын, оның бет жағын әсемдеуді жасаушы оқушылардың өзіндік логикалық ойлау ерекшеліктері мен (фантазиясы) шеберліктеріне байланысты. Сонымен, оқушылар, біздер сандықтыңшығу тарихын, түрлерін, оның беті қандай және қалай өрнектелетіні туралы біраз ой қозғадық, ерек-шеліктері мен жасалу технологиясына тоқталдық. Қазіргі сабақта қол сандықты жасап үйренеміз. Қол сандықты жасауды нұсқау картасына сүйене отырып дайындаймыз. Әрі қарай ендігі жұмысты техника қауіпсіздігі ережелерін есте сақтай отырып, сарамандық жұмысты жүргіземіз.

 Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері:

 1. Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп,мұқият тексеру керек(верстактың қысқыш қораптары т.б.)

 2. Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі жасама.

 3. Кесу, сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс және сол қолды араға жақын ұстамаңдар.

 4. Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды, материалынды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

 Металмен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздігі ережелері:

 1. Қаңылтырдың бетін,жиегін саусағыңмен сипама.

 2. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап кию қажет.

 3. Сым темірмен жұмыс жасағанда, оның екінші ұшына сақ болған жөн.

 Сарамандық жұмыста сынып оқушыларын 5 топқа бөліп, әр топтың тапсырмаларын түсіндіру.Сандықшаны жүйелі түрде жасап шығару үшін,жасалу технологиясын 5 кезеңге бөлеміз.Әр кезеңнің жұмысын әр топ жасайды.

 Сандықшаның жасалу технологиясы:

 1 кезең /І топ/.Өлшемі бойынша бет жағын және артқы жағын, екі жанын жасайды.

 2 кезең /ІІ топ/.Өлшем арқылы қақпақтың екі жанын бірдей жасайды.

 3 кезең /ІІІ топ/. Сандықшаның бет жағына түсетін оюды қағаздан ойып, қаңылтырға түсіреді. Қаңылтырды өлшемі арқылы қию.

 4 кезең /ІV топ/. Шеку шегесі (чекан) және балғамен алдын ала қаңыл-тырға түсірілген өрнекті бедерлеп шеку,түзету.

 5 кезең /V топ/.1,2,3,4 топтар жасаған бөлшектерді құрыстырады. Алдымен қорабы мен қақпағын жинап, шегелеп, содан кейін қораптың бет жағына чеканка орнатады. Екі бүйіріне тұтқа қағып, топсаларымен кекілін бекітеді.

 Сарамандық жұмыс.

 Оқушылардың жұмыс жасауы үшін құрал-жабдықтарды, халаттарды үлестіреді. Әр топтың жетекшілеріне тапсырылады.

 Қорытынды бөлім.

 5 кезеңнің жұмыстары 5 топтың мүшелерінің көмегімен аяқталған соң, әр топ өздерінің жасаған жұмыстарын қорғап,қорытынды жасайды. Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қателерін талдап, білім-дерін бағалау.

 Үйге тапсырма: Сандықтың түрлері туралы мәнжазба жазып келу.

Топтың жетекшісі еңбек құралдарын жинап мұғалімге тапсырып,кезекші шеберхананы жинастырады.

 

        

 

 

        

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сандықша жасау технологиясы (Технология)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Сандықша жасау технологиясы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: қазақ халқының қолөнер туындыларының шығу тарихы, жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру.

ә) дамытушылығы: оқушыны еңбекке машықтандыру арқылы іске икем-ділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелілігі: ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру.

 Сабақтың типі:аралас сабақ

 Сабақтың түрі:дәстүрлі

 Сабақты оқыту әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,сарамандық және өз бетімен жұмыс

 Сабақты ұйымдастыру формасы: топқа бөліп оқыту

 Қолданылған көрнекіліктер: дайын жасалған сандықша, сандық жасаудың нұсқау картасы, “Ағашты қолмен өңдеу және металмен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесі” плакаты,чеканка,буклет,тірек сызба.

 Керекті құрал-саймандар: ағаш,қол арасы,сүргі,егеу түрлері,жұқа қаңылтыр, шекімелеу құралдары, балға,қарындаш,сызғыш т.б.

 

 Пәнаралық байланыс: сызу,тарих,биология,экономика,бейнелеу өнері. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2015 1773
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досжанов Мейржан Аубакирович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Досжанов Мейржан Аубакирович
    Досжанов Мейржан Аубакирович
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6576
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 68 регионов

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе