Инфоурок Другое Конспекты7 саны мен цифры

7 саны мен цифры

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты: 7 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды пысықтау. 7 санының құрамымен ,таңбасымен таныстыру және оның құрамына есептер құрастыру. Дидактикалық ойындарды қолдана отырып,оқушылардың ақыл ойын дамыту. Ұқыптылыққа,шапшаңдыққа үйрету.

Дамытушылығы: 7саны көрнекіліктер арқылы балалардың естеріне сақтау , 7санын меңгерту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Сауатты,таза жазуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойындар, түсіндіру,слайд бойынша әңгімелеу.

Көрнекілігі: Слайд , санағыш таяқшалары.

Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру бөлімі.

Қане балалар бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрып тұра қалайық. Балалар шеңбер неге ұқсайды,дұрыс айтасыңдар шеңбер допқа, күнге дөңгелек нәрсенің бәріне ұқсайды екен. Күн бізге жылу береді, бізде шеңберде дөңгелене тұрып , бір-біріміздің бет-жүзімізді анық көріп, жылы тілектерімізді , сөздерімізді арнаймыз. Бәріміз қосылып өлең жолдарын қайталаймыз.

Біздер зерек баламыз

Оқып-білім аламыз

Математика пәнінде

Тапқыр, алғыр боламыз.

Ендеше сондай қуанышты жүзбен бір-бірлеріңе күлімсіреп қарап бас иіп амандасайық . Қазір біз балалар бүгінгі күнімізге ,өзімізге , оқу іс-әрекетіне қатысып отырған апайларымызға жақсылық ,жарасымды көңіл-күй тілей отырып ,ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық .

-Аспанымыз ашық болсын

-Өміріміз күлкіге толсын

- Отбасымыз аман болсын

- Көк туымыз биікте желбіресін

- Жұмыстарыңыз жемісті болсын т.б

Жақсы балалар. Бақыт себетін жақсы тілек айтып гүл шоқтарымен толтырдық енді жақсы көңіл күймен сабағымызды жалғастырамыз.

2.Үй тапсырмасы.Өткен сабақты пысықтау.

Слайдпен жұмыс.

Т:Қане балалар тізбектегі моншақтарды санайық ?Қанша

О:6

Біз өткен сабақта 6 санымен цифрын өттік. Кім тура және кері санап береді.Енді осы сандардың көршілерімен танысайық. «Көршісін тап»ойыны көршілерін тапқызу.Енді 6 санының құрамын анықтайық. 6 саны неге ұқсайды? (құлыпқа) 6 санының таңбасын кім салып береді?

3.Жаңа сабақ

Балалар неше мезгіл бар? ( 4) Қазір қай мезгіл ? қыс

Қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады? Қыс мезгілінің айларын атап берейікші , кім біледі? 1 аптада неше күн бар? ( 7) Дұрыс балалар бүгінгі біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы 7 саны мен цифры. 7 саны қасиетті сандардың бірі. 7 санына байланысты 7 күн, 7 ата , 7 қазына жатады.1 аптада 7 күн бар 7 күнді атап жіберейікші балалар

7 атаға әке.бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат жатады.

7 қазынаның қатарына жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,құмай тазы, ер жігіт ,сұлу әйел,ілім-білім.бұлар ер жігіттің ажырамас серігі болған.Ердің қанаты ат,ит үйдің құлағы,тамағы мен киімін асыраушы бүркіт,қорғанар қаруы мылтық болған.Келесі бір түрі кімге де болмасын қажет ілім-білім. Қане балалар 7 атасын кім біледі?

Оқулықпен жұмыс.Дұрыс енді 7 санының құрамын анықтап жіберейік. Ауада жазамыз 7 санын солдан оңға қарай кішкене сызамыз да төмен түсіреміз.Енді кітабымыздағы 7 санын бастырамыз.

Балалар логикалық есептер шығарып жіберейік « Кім тез есептейді» Сегіту сәті «Көз жаттығуы» Балалар енді көзіміз шаршаған болар көзімізге жаттығу жасап жіберейік.Көзімізді шеңбердің бойымен жүргіземіз.

«Сандарды өсу ретімен орналастыр» сандарды ретімен орналастырамыз

«Сәйкестендір»

«Өз орнын табуға көмектес»есептерді дұрыс шешсек әрқайсы өз орнын табады.

4.Қорытындылау. Ойлан тап

Құстар күн суытқасын жылы жаққа ұшып кетеді ал мына құстар қыстап қалған құстар.Олай болса аспанда қалықтап ұшып жүрген құстарды санайықшы? 5 оған тағы да екеуі келіп қосылды,сонда барлығы қанша болды?

Ал шарларды санайық қызыл шар нешеу,көк шар нешеу?

Тауық қанша балапан шығарды санайық 7

Біз бүгін қандай санмен таныстық?

7 саны мен цифры

Ол қандай сан?Кім 7 дейін тура және кері санап береді ?

5.Бағалау. Сабаққа жақсы араласып отырған балаларды бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "7 саны мен цифры"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 819 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 659
    • DOCX 31 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдраманова Бақытгүл Жадырасыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3865
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой