Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / "4 саны мен цифры" ( 1-сынып)

"4 саны мен цифры" ( 1-сынып)



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!» (жаңа жылдық мереке)

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, Құрметті қонақтар!
2- жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.

1-жүргізуші
О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Қызықтаңдар, сайрандаңдар,
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып

2-ші жүргізуші:
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр!
Ойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.


2) Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.

1-жүргізуші
Бәрекелді, Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
1-оқушы
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
2-оқушы
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
3-оқушы
Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,

2- жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!


3) Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Хор: Қош елдің, Жаңа жылым қазағыма
(Жаңа жыл туралы ән айтылып балалар орындарына отырады.Музыка ырғағымен ойланып залға Хан кіреді. Шыршаның алдындағы көрпешеге жайғасып алып) Хан:
- Уәзір, Уәзір, Бүлдірген! Қайдасың?!
Жеті қат жер астына түсіп кетті ме?!
Уәзір: Мен мұндамын, тақсыр, келдім!
Хан: (балаларды енді көргендей соларға қарап) Мынау кімдер? Бұлар неге менің патша сарайымда отыр? Мен неге білмеймін? Тез айтыңдар кімсіңдер?
Уәзір: Сендер кімсіңдер? Кім шақырды сендерді?

1-Жүргізуші:
Біз 1 сыныптың оқушыларымыз. Жаңа жылды патша сарайында қарсы алуға келдік.
Хан: Қандай жаңа жыл! Мен неге білмеймін? Ол не? Не істейді онда? (1 бала шығады)
4-оқушы Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз.
Билейміз де ойнаймыз,
Балғын ұл-қыздармыз
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздар
Хан: О,о,Кәне менде сендермен
Тұрайыншы шеңберге
Уәзір: Көңілді әнді бастайық
Биді билеп тастайық
2-Жүргізуші: Балалар әлдебір дыбыс естіледі сырттан, жүгіріп келе жатқан аяқ дыбыстары естіле ме қалай өзі?


4) (Ақшақар жүгіріп кіріп келеді.) Балалар мен алыстан жүгіріп келемін, қатты шаршадым, мені атақты Жалмауыз кемпір қуып келе жатыр, сендер маған көмектесіңдерші, мені тығып қоя аласыңдар ма?
Балалар: Ия,біз сізді тығып қоямыз
(Жалмауыз кемпір жүгіріп кірді): Қайда әлгі Қарша қыз, маған тез тауып беріңдер, маған оның сұлулығы керек, тез тап, сендер оны тығып қойдыңдар ғой я?!
О,о,о мынау не, бұл жерде не болып жатыр а, мен неге білмеймін?!
1. Әдемілеп тізілген,
Қауын-қарбыз ба ілінген?
Балалар: Жоқ, ойыншықтар
2. Әсем екен шыршамыз
Шауып оны аламыз.(шаппақшы болып жақындаса) балалар жоқ!дейді.

1-Жүргізуші: Қане Жалмауыз кемпір біз сізбен келісіп ойын ойнайық,, біз саған жұмбақ жасырамыз, сен жауабын табасың, егер тапсаң бізбен бірге жаңа жылды қарсы аласың. Ал, егер де жауабын таба алмасаң бұл жерден өз үйіңе қайтасың.
Жалмауыз кемпір: Жарайды, қане кез келген жұмбақтарыңды жасырыңдар, мен бәрін шеше аламын, мен ақылдымын.
5 - оқушы
Қабат – қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Пырағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін. (кітап)
Жалмауыз кемпір: Қабат – қабат ол не екен?Сөйлейді ме? Ол радио!
2-Жүргізуші: балалар ол не ? Дұрыс кітап.
6- оқушы
Қысы –жазы суға тола. Ол не?
(Жалмауыз кемпір алдына шығып)
- Мен білемін. Ол горшок !
Бәрі күледі. Уәзір ішін басып күледі.

2-Жүргізуші: Таппадың, ол құдық.Жалмауыз кемпір біз жаңа келіскендей, сен жұмбақты шеше алмадың, енді өз үйіңе қайту керек саған.


5) Жалмауыз кемпір: Өтінемін балалар, мен сендермен қалып Жаңа жылды тойлағым келеді, өтінемін, мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге күшті ойын ойнатам. Сендерге күшті би билеп берем, мен қалайыншы сендермен.

1-Жүргізуші: Ал, қанеки достар келісеміз бе?
Балалар: Ия, келісеміз!

1-Жүргізуші: Жас достар! Мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп қуанышқа бөлендіңдер ! Жаңаша қуаныш әкелетін Жаңа жыл да жақын. Әне, көңілді уақыт та келіп жетті.
Уақыт.(әндетіп).Уақыт деген жүйрікпін:
Тоқтамастан құйғыттым.
Жаңа жылға жақынмын,
Жарандар той, сый күтсін!
Уа,адамдар,аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Пайдаланып қалыңдар:
Мен қымбатпын әманда!
Тірліктіге - бақытпын,
Бірлікшілге - шаттықпын!
Еселенген өмірді
Есептеген уақытпын!
(Уақыт жүріп бара жатып микрофон арқылы Жаңа жылмен хабарласады.)
Алло,Алло!Жаңа жыл!
Саған дайын жаңа жыр!
Уақытың - көңілді:
Жалғастырам өмірді!
Ау, Жаңа жыл, жарқыным!
Мен өзіңе жақынмын.
Бар адамға қуаныш
Алып келе жатырмын!


6) Дауыс. Уа, құдіретті де, құрметті Уақыт амансың ба? Мен - Жаңа жылмын. Мен барғанша жер анада шырша жайнап тұрсын. Барлық адамға бақыт болып келемін. Қымбатты уақыт, Желтоқсанның соңғы күнін салтанатпен өткіз. Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды. Құрметте оны! Абай бол! Жылдардың арқауы үзілмесін!
Уақыт: Рас айтасың, жақсылығы мол, Жаңа жылым! Ер жүрек елім аман болса, әрбір минутымды бақытты өткіземін. Көк - жасыл көңілді көктем, жадыраған жаз, жемісті Алтын күз бақытты болып өтті. Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.
(Уақыт әуені. Көктем, жаз, күз көріністері музыка фонында уақыттың әуенінің ырғағымен сахнадан жылжып, көрініп өтеді.)

2-Жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

2-Жүргізуші: Айтыспай – ақ ән орындап, әнмен шақырайық.
(Аяз ата туралы ән орындалады. Ән біткен кезде Аяз ата кіреді, шыршаны айналып алдына келіп тұрады.) Аяз ата:
Сәлем саған өрендерім сүйікті!
(Басын иіп) Амансыңдар ма, балалар
Сәлеметсіздер ме? Қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
Ал, балаларым, мен қанша күн жол жүріп келемін, қасымда ерген Қарша қызымды жолда жоғалтып алдым. Жалмауыз кемпірдің қолына түсіп қалды ма деме, ол мында жүр, енді қайда жүр екен, сендер көрген жоқсыңдар ма балалар?


7) (Ақшақар орнынан шығып келеді): Мен мұндамын ата, мені балалар Жалмауыз кемпірден құтқарып қалды, рахмет сендерге балалар!
Аяз ата: Ой, қандай жақсы балалар, рахмет сендерге балапандарым!

1-Жүргізуші: Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз, мына орындыққа отырыңыз!
2-Жүргізуші:
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Дастарханды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық
Келген сайын көңілді өсіресің
Ұлы болсын бастаған осы көшің
Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен
Қазақ деген халықтық несібесін!

1-Жүргізуші: Қане достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз! Олай болса, Жаңа жылды қарсы алып өз туындысынан шығарған ақын жігіттерімізді шақырсақ
7-оқушы:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
8-оқушы:
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
9-оқушы:
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
10-оқушы:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз.


8) 11-оқушы:
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын !

2-Жүргізуші:Жас достар, қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың бауы берік болсын. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс –құтымыз азаймасын!
Ортаға биші қыздарыңыздың биін тамашалаңыздар!

2-Жүргізуші: Айтпақшы, балалар бізге Жалмауыз кемпір уәде берген, сендерге тамаша ойын ойнатам деген еді, қане сол ойынды ойнайықшы.
Жалмауыз кемпір: Бұл ойын «Алдау ойыны» деп аталады.Мен сендерді алдаймын, сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.
Мен мұрынымды ұстадым! 1,2,3! ( өзі құлағын ұстайды)
- Мен басымды ұстадым 1,2,3! (иығын ұстайды)
Мен құлақты ұстадым 1,2,3! ( бетін ұстайды)
Мен қолымды жасырдым 1,2,3! ( өзі қол соғады)
Жалмауыз кемпір: Балалар, ішімізде алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, қане өздері шығып айбын өтесін.
12-оқушы:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл
13-оқушы:
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Қарсы аламыз біз сені
Ақ көңілмен, ақ пейілмен
Баршамыздың төрінде .


9) 15-оқушы
Достар, достар!
Тағы да бір жыл жаңа
Қадам басты, ұрлана да нұрлана
Жүректерде лүпілдейді жас үміт.
Ашылады – шашылады бүр жаңа
Кәне. Достар, көтерейік иықты
Аңсайықшы қыран самғар биікті

1-Жүргізуші:Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

2-Жүргізуші:
Жүзімізде күлкі ойнап
Естіледі әніміз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейміз бәріміз

1-Жүргізуші: Жаңа жылдағы «Ұлу жылы» бізге не жақсылық әкеледі? Ендеше, ортаға «Ұлу жылын» шақырайық.
Ұлу жылы: – Сәлеметсіздер ме! Биыл менің де жылым келіп жетті сіздерге. Мен сіздерге бар жақсылықты әкелдім! Сіздерге қысқаша айтып өтейін. Биыл, ұлу жылы, бұл жылы еліміз тыныш болады, ақ мол болады, ауа райы бір қалыпты жылы қалпында болады.

1-Жүргізуші: Рахмет ұлу!
Уақыт: Қош келдің, Жаңа жылым,
Көп болар жаңалығың
Саған жыл бақ сый еттім.
Жаңа нұр күттім, досым,
Жаңа жыл құтты болсын !

Жаңа Жыл: Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады


10) Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
1- Жүргізуші:
- Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық, сені еселі еңбекпенен
Жарқырап, әне алдымнан шықты күнім
Мен саған әнім менен гүл өрейін
Осы сәт кімге бақыт тілеймін.
Халқымның амандығы саулығы үшін
Көңілді бір көтеріп жіберейін.
Ән:
Аяз ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық, бізді тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр, оларды да қуантайық. Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар. Енді сыйлығымызды алайық.
1-жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік
Жалмауыз кемпір: ООО, Мен де кеттім балалар, басқа жақтың Жаңа жылын тамашалап қайтамын.
Балалар: Сау болыңыз!!!

2-жүргізуші Қымбатты достар, қонақтар!
Міне, Жаңа 2012жыл да келді. Ал 2011 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.

1-жүргізуші:
Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !



жанна
janka.9818@mail.ru
27-12-13 14:23


жана жыл кутты болсын! барлыктарына тек бакыт тилеймин арман тилектерин орындалсын☆☆☆☆☆☆



еркош
erko_huligan@mailmru
19-12-13 21:46


Кыста ойнайтын кандай ойын бар айтыншы иш пысты



Маншук
Angelo4ek_makosya
25-12-12 16:12


Сценка керек 5 жане 11 сынып аралыгында кiмде бар????



Ғазиз
Gazizenbek_89@mail.ru
24-12-12 20:42


кимде жана жылга ойнатуга ойындар бар жогаргы сыныптарга киде болса жиберсин мен мына номерде болам 87022332313 акысын жемим



СВЕТЛАНА СӘБИТҚЫЗЫ
svetlana.sabitkyzy.87@mail.ru
22-12-12 21:33


Сәлеметсіздер ме? маган жана жыл мерекесіне арналган ойындар керек? комектесіңіздерші? Өтініш!



Чина
janim_ka_baik
19-12-12 11:28


Жерлестер,бауырлар,ага-апкелер..барлыктарынызДы келе Жана Жыл мерекесимен шЫН.жуРЕКТЕН КУТтыктаим! Жана.жылды тойлаганда турган ештене жок.. ЖуРтпен бирге тойлап кызыктаныздар. Омир бир-ак рет келет ойнап кулип алганга не жетсин



Гука
guka_1985@mail.ru
05-12-12 21:24


Жана жылдын сценарийи керек



айнур
boy_king_97
03-12-12 10:05


маган сценарий керек жана жылга арналган



Гулзат
gulzat_8585@bk.ru
17-11-12 12:13


Жана жылды калай карсы алсан жыл солай отеди деген создердин шындыгына козим жетти,достар жага жылды жаксы карсы алуларына тилектеспин,ТОЙШЫБЕКОВА ГУЛЗАТ ЖАНБАРБАЙКЫЗЫ



балжан
08-11-12 07:06



Балалар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Тәрбиешіге 6әpi қосылып:


Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.

(Мерекелік музыка ойналады.)

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:


Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.


Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!


Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.


Түлкі
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!


Тулкі


Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!


Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді


Kipni:

Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi:
Сәлем,тиін!
Жақсы-ақ биі!


Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.


Қасқыр
Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!


«Полька» биі биленеді


Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.


Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.


Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді. /
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!


Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.


Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды шақырайық!

«Шырша жыры» жырланады.

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.


Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы,біз тойға келдік!
Кәне,балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/

Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?
Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/


Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ.


Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақпақарды қасына шакырып, шыршаны жаққызады.


«Аяз ата » жырланады.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады.
Балалар
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

3. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

«Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады.
Аяз- Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.
Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?
Аяз- Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
copyright -
http://sc-pr.ru
Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)

Балаларға жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)

Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)

Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)

Мыстан: Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2010-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!



Света
a_s_s_g@mail.ru
23-03-12 17:55


Салем достар!Маган Жыл басына таласкан андар туралы анызды жибере аласызба,срочно.Таба алмай отырмын.Рахмет!



eset
eset.daribai
19-03-12 16:39


gagar degen ne



Адай
adai_05-75@mai.rul
20-02-12 15:12


маған қазақ билер музыкасы. орыс билер музыкасы керек еді



Жадыра
Jadra_85
12-01-12 06:56


Достар жыл 12 ай туралы қазақша ертегі сценариясын кайдан табуга болады!



ах бауырларым ай
muftyattan.surak@inbox.ru
31-12-11 14:08


Ойлан қазақ ойлан, ойлан. Наурыз мұсылманның мерекесі дегендерге: наурыз мұсылманның мерекесі емес тек Құрбан мен Рамазанды мереке етіп берген.



AlmUshka!!
almushka_1996@mail.ru
26-12-11 20:52


Kurmetti DoStAr Sizderdi Kele ZhAtKaN ZhAnA ZhIldarinizben shin zhurekten kuttiktaom gOoOo))))



Элмира
Elmira_._girl@mail.ru
26-12-11 16:41


МаFан жана жылFа сценарий тауып бересiздер ме отiнiш?!



жаңа жыл
www.jadok_94
25-12-11 17:31


Келе жатқан ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН!!!



nazerke
nazerke_01@bk.ru
24-12-11 10:02


Жаңа жылға арналған мерекеік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді

Балалар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Тәрбиешіге 6әpi қосылып:
Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Тәрбиеші.
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.

(Мерекелік музыка ойналады.)


Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан
аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Тулкі
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!
Тулкі
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді Kipni:
Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi:
Сәлем,тиін!
Жақсы-ақ биі!
Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр
Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!
«Полька» биі биленеді
Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді. /
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды шақырайық!

«Шырша жыры» жырланады.

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы,біз тойға келдік!
Кәне,балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/

Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?
Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/
Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді актайьқ.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақпақарды қасына шакырып, шыршамын жаққызады.
«Аяз ата » жырланады.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады.
Балалар
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

3. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.


7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

«Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады.
Аяз- Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.
Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?
Аяз- Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз-Ата: Ах, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.

Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)

Балаларға жұмбақ жасырады.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)

Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)

Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)

Мыстан:Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2011-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!



кадирали
kadir_ali_98@bk.ru
24-12-11 09:24


өтініш жаңа жыл туралы сценари тауып беріңіздерш отініп сураимын



ernur
ernur_akzhal
21-12-11 23:52


жаңа жыл қалай өтпек?



deleted
deleted
21-12-11 20:33


жаңа жылды тойлауға неге сонша қарсы боласыздар? бұны тойлаған адамдар динге қарсы шығып, яки мұсылмандықтан безініп жатқан жоқ қой?!



ара
20-12-11 11:38


Айналайын досым! Мүмкін сіз менің әкеммен үзеңкілес, немесе өзіммен қатар болмаса қара көз қарындасым, өкшемді басар інім шығарсыз. Тарихтың қай бетін парақтасаңызда арғысы сонау Абылайхан, Бөгенбайлар, Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билер мен бергісі Ыбырай мен Абайлар християндардың рождествосында үйіне шырша тігіп, балаларымен немерелерін: «Санта-клаус келеді, бізге сыйлық береді. Бір қолында шикалад, бір қолында мармелад», - деп алдамаған. Аллаһқа ғана шын тәуекел етіп, Одан ғана береке тілеуді үйреткен. Сондай ұлы иманды аталарымыздан имандылық пен ибалылықты, арлылық пен намысқойлықты үйренсек болмас па еді?

http://dinislam.kz/news/2010-12-25-598



Гулназ
gulnaz_r_1998@mail.ru
20-12-11 06:35


еуропа елдерінде жаңа жылды қалай қарсы алады?



Айзада
ai97zat
19-12-11 12:18


Салем !!Маган сценарии тауып бересиздерме жаңа-жылға



Аділ
gumi.03.84
19-12-11 08:07


жаңа жылға сценарии керек,тауып беріңіздерші,,алдын ала рахмет.



асыл
asil- kazimova
18-12-11 16:46


маган жана жылга сценарий керек айтындаршы кимде бар



Самат
sama_operator
17-12-11 14:48


Жана жыл жаксыгой. Аяз ата келеды , сыйлыктар береды иа жана жыл жаксыгой. Болса жаксыгой болмаса несы жаксы.



MadlenNilda
madlen_J_nilda@mail.ru
03-12-11 10:31


Жаңа жыл өте жақсы мереке. Қазақтың жаңа жылы негізі 22 наурыз, бірақ мен оны 31 желтоқсан тойлаймын. Енді қыста шыршаны алып әдемілейміз, далаға шығып қар лақтырысып ойнаймыз қуанамыз, бетімізге күлкі үйіріледі. Дәл 12 болғанда салют атамыз, президенттің тілегін тыңдап өзіміз тойлаймыз. Ал 22 наурызда әрине бір - бірімізді құттықтаймыз. Бірақ ол кезде қар болмайды, шыршаны әдемілемейміз онда не қызығы бар? Мен түсінбеймін не сонда 31 желтоқсан қазақтың жаңа жылы емес деп теледидар қарап, шыра шығармай өзіміз бен өзіміз отыра бермекпізбе? Өздерің біліңдер не істесеңдер де.



Алтынгүл
altingul.84.85
23-02-11 06:50


Келе жатқан мерекелеріңізбен!!!



Нурик
nurik_kumkeshu@mail.ru
24-12-10 14:16


Озімшілдікті кояйык бауырлар!!!! Мейрам біздікі емес дейсіндер, оны букіл алем тойлайды, озімшіл болмайык. Жай мереке, тойлаганда не тур?! Жана жыл кутты болып, береке, бакыт, бірлік болсын!!!



еркебулан
erkebulan.99
18-12-10 19:11


ЖАЅА ЖЫЛ БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?
немесе ґзгеніѕ сойылын соєу
Ќўрлысшымын десеѕ ќўрлыстан, инжинермін десеѕ техникадан, зергермін десеѕ зергерліктен ќысќаша айтќанда ќандай кјсіппен айналыссаѕыз да сол мамандыќты жете меѕгеру шарт болєандай, ґзімізді мўсылманмын десек сол атќа лайыќты јрекетті жасау біздіѕ басты міндетіміз. Мўсылман болып Аллаћќа мойынсўнєан соѕ Аллаћ сїймейтін нјрселерден бойымызды аулаќ ўстауымыз тиіс. Осы тўста ќандай јрекеттерді Аллаћ сїймейді? деп сўрарыѕыз заѕды.
Мјселен, алда келе жатќан жаѕа жыл ќандай мейрам? Ол жайлы Ислам не дейді? Оны тойлаудыѕ мўсылманшылыєымызєа кері јсері бар ма? Жаѕа жылды алаѕсыз тойлап жїрсіз бе, аќырым не болады деп ойлап жїрсіз бе? Міне осы мјселеде аќ пен ќараныѕ арасын дўрыс ажырата алмасаќ, тура жолдан жыраќтап, басыѕ ќайда дегенге ќўлаќ кґрсетуіміз єажап емес. Сізге ўсынылєан заттыѕ іші жылтыр, адам ќызыєарлыќ болып кґрінгенімен, іші сасыќ, ќўбыжыќ болмасына кім кепіл. Ал енді осы мјселені ќолдан келгенше тарќатып айтып кґрелік:
Жаѕа жыл - Христиандардыѕ хазіреті Исаныѕ туєан кїні деп тойлайтын мейрамы (Рождество). Христиандардыѕ сенімі бойынша хазіреті Исаныѕ туєан кїні 25 желтоќсанєа сјйкес келеді.
Ал Батыс јлемінде Жаѕа жыл 354 жылдан бері тойланып келеді. Хазіреті Исаныѕ туєан кїнін 6 ќаѕтар деп тойлап жїрген Шыєыстаєы христиандар болса, Ионес Христомос пен Григори деген ќасиетті јкейлердіѕ бастамасымен жаѕа жылды тойлайтын кїнді батыстаєылармен бірдей етіп 25 желтоќсанєа ауыстырды. Міне Жаѕа жылдыѕ тарихы ќайда барып тірелігі тўрєанын ќараѕыз. Негізі христиандардан шыєып отыр. Сіз, біз жаѕа жыл болєаны їшін єана тойлаймыз, мўнда ниет дўрыс болса болды єой деуіѕіз де мїмкін. Егер солай дейтін болсаѕыз, мен араќты жаќсы ниетпен ішіп отырмын єой дегенге саяды. Мўнда еѕ маѕызды мјселе осы мейрамды христиандардыѕ белгілеп беріп отырєанында. Пайєамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім бір ќауымныѕ јрекетін істейтін болса, ол сол ќауымнан болып есептеледі», - деген.
ШЫРША ЌАЙДАН ШЫЌТЫ?
Христиандарда шырша безендіру їрдісі болмаєан. Христиандардыѕ жаѕа жылда безендіріп жїрген арша аєашы алєаш рет 1605 жылы Германияда ќолданыла бастады. Кейіннен XIX єасырдыѕ орта шенінде Францияєа да ґтті. Армяндардыѕ сенімі бойынша жаѕа жылдыѕ тјѕірі Аманор деп аталды. Пагандыќтыѕ дјуірінде ауланєан аѕдар Аманордыѕ ќўрметі їшін арша аєашына ілінетін болєан. Жаѕа жылда јртїрлі јсем бўйымдармен безендірілу арќылы ґтетін бўл їрдіс пагандыќтардан христиандыќќа осылай ґткен. Шырша - ґзін Ќўдаймын деп жариаєа жар салып, дїниеден озєан Нјмрут патшаныѕ белгісі. Нјмрутќа табынушылар біздіѕ Тјѕіріміз мјѕгі тірі деп жыл он екі ай бойы жап жасыл кейпін ґзгертпейтін шыршаєа теѕеген. Сондыќтан шыршаны, айналєанда ґзгелердіѕ Тјѕірлерін айналшыќтап жїретініѕізді ўмытпаѕыз. Римдегі пўтќа табынушылар: «Егер кімде-кім ґз їйінде ќысты кїні лавр аєашын јсемдеп ќойса, ол їйден еш уаќытта баќыт кетпейді» деген сенімде болєан. Міне сіз де дјл осы сенімде болсаѕыз иманыѕыздан айырылып Аллаћтыѕ азабына лайыќтылардыѕ біреуі болып шыєасыз.
АЯЗ АТА
Аяз ата - Люклю ґѕірініѕ бас епископы болєан Сантоклаустыѕ еѕбегін баєалауынан бастау алады. Христиандардыѕ сенімі бойынша јрдайым кїлімсіреп, адамдарєа ќолєабыс таныту жаєымен танымал болєан Аяз ата, ќазіргі христиандардыѕ мјдениетіне сіѕісіп кеткен. Сантоклаус адамдарды ќорєайтын ќайырымды жан болып табылады. Жаѕа жылда балалардыѕ кґѕілін кґтеретін аќсаќал.
Мўныѕ астарында да їлкен саясат жатыр. Жас бїлдіршіндердіѕ аќ параќтай таза санасы мен кіршіксіз – жїрегінен орын алып, жастай уландыру. Бейкїнј бала Мўсылманшылыќтан ўзаќ ќалып, ґзге дінніѕ дјстїрін жаѕєыртып жїргенінен хабарсыз кїйде ќала береді.
Жаѕа жылды тойлаудыѕ адамєа тигізер зияны шаш етектен.
Бірінші, сізді сеніміѕізден айырып, ґзге дінніѕ дјстїрін уаєыздауєа їгіттейді. Яєни Исламєа ќайшы јрекет істейсіз. Еѕ сораќысы осы болса керек. Ґйткені шындыќтыѕ тамырына балта шауып, ґтіріктіѕ сойылын соєасыз. Яєни Аллаћќа серік ќосып, кешірілмес кїнјєа бой алдырасыз.
Екінші, ќанша шыєын, ысырапќа жол ашады. Ал Ќўранда Аллаћ Таєала ысырап етушілерді сїймейтіндігі баяндалєан. Бўл таєы да Аллаћќа ќарсы істелген шараѕыз болып ќала береді. Болмашы жылтыраќтармен ґз-ґзіѕізді алдап, от шашатын (салют) ќўралдарєа ќыруар ќаржы жўмсайсыз. Осылайша ґзгеніѕ тїкке тўрєысыз дїниесін аласыз. Олар сізді аќымаќ ќылып ќалтасын томпайтып кете барады. Сондай-аќ осы ойыншыќтар ќанша жасґспірімдерді он екі мїшесінен айырып, жарымжанєа айналдырады.
Їшінші, ішімдік атаулыныѕ ќып-ќызыл саудасы жїреді. Бўл кїні кґѕіл кґтерудіѕ тґте жолы осы тентек суєа барып тіреліп тўрады. Осылайша таєы да Аллаћтыѕ тыйым салєан ішімдігін ішіп, ќарсылыєыѕызды кґрсетіп шыєа келесіз.
Тґртінші, їнділер айтпаќшы, «Араќ ішкенде адам јуелі туыс боп сыланып, сўлуланып, байпаѕдайды. Одан кейін маймыл болып ойнаќыланып, ќылжаќтайды. Содан соѕ кјрлі арыстан болып ќоќияды. Еѕ аќыры шошќа болып тынады». Міне мўндай халге тїскен адам жанўясыныѕ шырќын бўзып, ґзгелерді ренжітеді де аќыретте жауап беретін таєы бір істі мойнына арќалап алады.
Бесінші, ќыз-ќырќындар дјл осы кїні абыройынан айырылып орны толмас ґкінішке душар болса, ќаншама адамдар пышаќќа ілініп аурухананыѕ терінен шыєады. Сенбесеѕіз бірінші ќаѕтар кїнгі теледидарєа жаѕалыќтар легіне кґз салыѕыз.
Алтыншы, сіздіѕ бар назарыѕызды осы бір жалєан мейрамєа аудартып, ґмірлік негізгі маќсатыѕызды ўмыттырады. Ґз-ґзіѕізді «мўндай мейрам кїніне келіп жатќан жоќ», «жаѕа жыл кїні ќандай болсаѕ жыл бойы сондай болып жїресіѕ» деп Исламєа сай келмейтін неше тїрлі негізсіз ырымдармен, ґзіѕізді де ґзгелерді де алдап соєасыз. Міне, наєыз ґтірік. Бўл їшін жауап бересіз.
Жетінші, ќаншама оќу орындары мен мекемелер безендірілуі таєы бар. Бўл да ќыруар аќшаны талап етеді. Дјл соєан кеткен ќаржыєа жетімніѕ халін сўрап, кґѕілін ауласаѕыз болмас па еді?
Сегізінші, мейрамнан кейінгі жаєдайды бір кґріѕізші. Жаѕаєы сјнделген жылтыраќтардыѕ барлыєы шашылып ќала береді. Алаѕдарда атылєан от шашарлардыѕ ќалдыќтары саѕырау ќўлаќша самсып жатады. Бўл да біреуге жўмыс. Оны жинайтын адам неше тїрлі ќарєыс айтып, жеті атаѕа жеткізіп асырады. Міне ґтіріктіѕ барлыќ жері былєаныш болады. Басынан соѕына дейін. Мўныѕ жамандыєын, тізе берсеѕ соѕына жете алмайсыѕ. Сондыќтан Аллаћтыѕ мына бір бўйрыєына ќўлаќ салып, одан берік ўстанєанымыз жґн: «Олар (мїмин-мўсылмандар) ґтірікке айєаќ болмайды да бос (пайдасыз) сґздерге кездессе кґѕіл аудармай ґте шыєады» (Фўрќан 25/72).
Файзулла ТАЙТЕЛИЕВ



еркебулан
erkebulan.99
18-12-10 19:09


казакстан теле арнас бойынша орыс халќы мерекес Ґздерінѕіз бен болєан апта.kz



aliyamaizhan
aliyamaizhan@mail.ru
17-12-10 08:34


Иншаллах,Жана Жылга Казах салт .дастур коргап сценарий дайындап жатырмын



торгын
torgyn.dzhanyazova
15-12-10 11:03


ия біздіке тек қана біздікі



торгын
torgyn.dzhanyazova
15-12-10 11:01


жаңа жылдын сценарийн жіберінізші. студентерге арналған қазақша және орысша



Алтынбек
15-12-10 07:51


Қазіргі мұсылман жамағатының жағдайына көз салыңызшы, қалайша олар тез адасушылыққа бой алдырып қойады, жаңа жыл, әулие Валентин, туған күн, 8-наурыз сияқты және басқа да ислами емес кәпірлердің ойлап шығарған мейрамдарын тойлауда яһудей, христиандарға еліктеп кетеді. Мұсылмандар қазір сондай әлсіз және кәпірлер мұсылмандарға ықпалын оңай тигізе алады. Бұл пайғамбарымыз (салиаллаһу алейһи уассалям) айтқандай келіп тұр: «Сендер бұрынғы өткендердің жолымен жүріп, соларға еріп кетесіңдер…» Қазір көріп тұрғанымыздай мұсылмандар яһудей мен христиандарға барлық істерде еліктейді, тіпті мейрамдарда да. Ал сіздер олардың мұсылман мейрамдарын тойлағанын көрдіңіз бе өміріңізде? Қай яһудей, қай христиан құрбан айт кезінде құрбан шалады? Қайсысы ораза ұстап, қайсысы ифтар қылады?
Неге мұсылмандар кәпірлерге сонша еліктеп, бұны тастағысы келмейді?

Бұл олардың мейрамдары, өздері мәз-мейрам болып тойлай берсін, мұсылмандарда өздерінің мейрамы бар. Бұдан қашу не онда қатыспау қаталдықтың, ызалылықтың және өшпенділіктің белгісі емес. Бұл тек біздер мұсылмандар үшін мейрам болып саналмайды және шаттыққа негіз емес.



Гаухар
gauharjetimekova@mail.ru
08-12-10 07:05


Мен жогары оку орнында окытушымын.Жылда оку гимараттарын сандеп жатады. Мен оз басым да осы Жана жылдык мереке катты карсымын.Онын устине бул мусылмандык мереке емес.Жогарыдагы агайындар, ойланатын уакыт али жеткен жок па????



Жұбатхан
zhubatkhan@mail.ru
07-12-10 20:39


Жаңа жыл-біздікі емес, себебі бұл Иса алйһис сәләмнің туылуына сәйкес календар бойынша. Ал түркінің жаңа-жылы наурыз. Көбісі мұны мұсылманның жаңа жылы дейді. Мұсылманның жаңа жылы араб календары бойынша. Араб календары бойынша рамазан айы бар емес пе? Сол календар бойынша жаңа жыл Мухаррам айында. Ал наурыздағы жаңа жыл-ол түркі халықтарының жаңа жылы, бірақ мұсылмандардыкі емес. Себебі мұсылман қаумы пайғамбарымыз орнатып кеткен календар бойынша жүреді.
Демек, наурыз-салтымыз бойынша жаңа жыл. Мухаррам-дініміз бойынша жаңа жыл. Жаңа жыл-христиандардың жаңа жылы.
Жаңа жылды тойлатуға қарсымын, себебі Аллаһ тағала Құранда мұсылмандардың кәпірлерге ұқсауына тыйым салған. Егер оларға ұқсағысы келсе, онда сол адам солардың қатарына қосылып, Аллаһ алдында кәпір болады деген мағынада аят келген. Не дейсіздер?






«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің
7 – 11 сыныптарға арналған әзірлемесі
1-жүргізуші:Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
2-жүргізуші : Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
1-жүргізуші : Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан ұлу жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш акелсін. Кешімізді әнмен сүймелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.
Ән « Жаңа жыл».
2-жүргізуші : Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке. Бұл мерекеге мектебіміздің жоғарғы буын оқушылары қатысып отыр. Мен қазір атаған үстелдер орындарыңыздан тұрып, жаңа жылдық қошеметке ие болсаңыздар. 1- үстелде 10-11 сынып оқушылары, 2-үстелде 9 сыныптар, 3-үстелде ортамызға биыл қосылып отырған 8 сыныптар және 4-үстелде 7 сыныптар. Ду қол шапалақ, қошыметтеріңізді аямаңыздар достар.
1-жүргізуші: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, себебі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұспа –тұс келіп отыр және
біз сынып бойынша емес, үстел бойынша өнерімізді көрсетеміз. Кешіміздің соңында белсенді отырған үстелге ерекше сыйлығымыз бар.

2-жүргізуші : Кешімізді бастамастан бұрын 4 үстелден 1-1 оқушыдан ортаға шықсын, ол - өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі жаңа жылымыздың сәнін келтіретін аяз ата мен ақшақарды іздеп , тауып алып келу керек. Аяз ата мен ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, аяз ата мен ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі.Сіздер сағат 17 00-де осында ертіп әкелулеріңіз керек, таба алмаған жағдайда қайта оралып үстелге отыра бересіздер.(4 оқушыны шығарып жібереміз)Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар.

1-жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық.
КОНКУРС-1.Ортаға әр үстелден 1 жұптан яғни 1 ұл 1 қыздан шақырамыз.(ортаға 8 оқушы шығару керек) Ал ендеше ойын шартымен таныс болыңыздар. Әр жұпқа 1 шардан береміз. Жұптар араларына шарды қыстырып, би билейсіздер. Ән тоқтаған кезде әр жұп, бірін- бірі құшақтап шарды жаруларыңыз керек. Кімнің шары бірінші жарылады сол жеңімпаз болып, саналады.(шарды қолмен жаруға болмайды, ішпен қысып жару керек).
2-жүргізуші: Қатысқан жұптарға мың алғыс, орындарыңызға отыра беріңіздер.
Қандай тату өздері
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ортаға ................................... әнімен шақырамыз. Ал қалғандарымыз ортаға шығып билейік.
1-жүргізуші: Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің банағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?( Іздеп кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап айтады)
2-жүргізуші: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше?
( Тапқан баланың сөзі: Мен таптым! Мен таптым! Біздің кешіміздің құртетті қонақтарын алып келе жатырмын.)
1-жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып , қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
2-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4пен, 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық.Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
11 сынып оқушысы:Біздің үстелімізге келіп жайғасыңыздар...
Қош келдіңіз Аяз - Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге ,
Би билеңіз бізге еріп.
1-жүргізуші: Ортамыз нұрға толып,
Төрт құбыламыз түгел болды.

2-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді биыл алғаш қатысып отырған 4 үстелден бастайық.
( ортаға 7 сынып оқушылары шығады. Одан кейін 8-9-10-11)
Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік.( Орындарына отырады)
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар!
2-жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. КОНКУРС-2. Сізге салфеткадан снежинка қию керек, кім бірінші сол жеңімпаз. Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз, 1 минут уақыт беріледі. Тез және әдемі снежинка жасаған ойыншыға сыйлық беріледі.
1-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән .............................................................................................
2-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. КОНКУРС – 3. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шарлардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарлардың біреуін таңдап, қолдың көмегінсіз шарды жаруыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыз. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық.
Ойын шарттары: 1. Лимонның жартысын қантсыз жеу керек.
2. Осы отырған оқушылардың арасынан қыз/жігіттің біреуін таңдап, жылы сөздер айту керек.
3. 7,8, 9 санының көбейту кестесін айтыңыз.
4. Қоянның қимылын келтіріңіз.
(Ойын біткен соң)
Ортаға ...........................................................................................
1-жүргізуші: КОНКУРС-4 Мына сандықта әр түрлі сөздер бар.Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Қар

Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі 4. Ча-ЧА-ЧА
2-жүргізуші: Конкурс-5 Мерекеден кейін өте көп қоқыс қалады, ендеше сіздердің алдарыңызда тұрған даптерді боклашкаға кім бірінші салады, сол жеңімпаз атанады. Уақыт 3 минут. Ортаға әр үстелден бір ойыншы шықсын.
Ән / би.............................................................................................
1-жүргізуші: Ендігі кезекте Жаңа – 2012-ші жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарына бір-бір жапсырмадан беріп шығамыз. Бұл жапсырмаларды қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына жапсырады. Ең көп жапсырмаларды жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. Ал қазір жапсырмаларды тарата берейік.(Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)
2-жүргізуші: Сонымен Бұл кештің Ханшайымы......... және Ханзадасы......... атанды. Қане қошемет білдірейік.
2-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,
1- жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
2-жүргізуші : Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп
1-жүргізуші: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
2-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
1-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!

ТЕЛЕГРАММА

http://surak.szh.kz/?qa=image&qa_blobid=3461950873787056341&qa_size=70AINARA)))) 24.12.2012 жауап берді
Admin 9.12.2013 жж таңдады

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Конец формы


Начало формы

0 дауыс

Конец формы

Начало формы

Мазмұны жақсы, жүйелі жасалған! Сізге рахмет,Табыстарға жетіңіз!

http://surak.szh.kz/?qa=image&qa_blobid=3461950873787056341&qa_size=70Туркпенбаев Е.Ж. 6.12.2015 жауап берді

Конец формы


Начало формы

Конец формы

Начало формы

Конец формы


Начало формы

0 дауыс

Конец формы

Начало формы

Сәлеметсіздерме! сіздерге осы сценарийдің көмегі тиеді деген үміттемін

Жаңа жылдық кештің бағдарламасы.

Күні: 28.12.2011ж

Тақырыбы: «Жаңа жылдық  ертегі»

Қатысатын сыныптар:  8-11

Кейіпкерлер: Режиссер, Ханзада, Күлше қыз, Күлше қыздың анасы, Хабаршы.

{Барлық көрермендер жиналғаннан  кейін   жарық сөнеді де ортаға  бишілер шығып билерімен Жаңа жылдық кешті бастайды.} _11 сынып__Вальс_________________________________

Ортаға  Режиссер (Жүргізуші) шығады.

Армысыздар, құрметті, қонақтар!

Аман-есен бармысыздар!

Жаңа жыл, достар, үзілмес мәңгі жақсы үміт,

Тілектер игі, болашақ атты жақсылық

Сол үшін оған айқара құшақ ашайық!

Құрметке оны бөлейік, жырға қосайық! – дей отырып

Құттықтау сөзі мектеп директоры  Жайлибаев Темірхан Бекбергенұлына береміз.

Режисер:    Уа, халайық, ескі жылды аттандырып

                   Енді, міне, жаңа жылды қарсы аламыз

                   Жаңа жылдың қарсаңында бәріміз бір кісідей

                   "Аяз ата, Ақшақар, қайдасың?" деп жар саламыз

    (Барлығы  дауыстап, Аяз ата мен Ақшақарды шақырады)

Режиссер: Келіңіздер, шығыңыздар ортаға,

                      Айтыңыздар жақсы жырды Атаға.

                      Келіңіздер ән шырқайық  тағы да,

                      Риза болсын жадырап Ақшақар да.

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар

               Амансыңдар ма ұстаздар!

              Жаңа жыл құтты болсын!

              Бақыт пен шаттық әкелсін!

Ақша қар: Мерекелеріңіз берекелі болсын!

Режиссер: Қане, Ата мен Ақша қар төрге шығыңыздар, төрлетіңіздер! Біздің өнерпаздарымыздың өнерлерін тамашалаңыздар!(Аяз ата мен Ақша қар көрермендер арасына отырады)

Режиссер: Аяз ата мен Ақша қар сізге арнап 11 сыныптан Жұмабекова Гүлсая қыздарыңыз сонау Үндстаннан келіп үнді биін билейді.

 (жүргізуші жан-жағына қарап аң таң болады, ешкім жоқ тым-тырыс)

Режиссер: Түсінбедім, барлығы қайда кеткен? Менің кейіпкерлерім қайда?

(Осы кезде сахнаның екінші бөлігінде Күлше қыз мен оның өгей шешесі көрінеді, анасы Күлше қызға  ренішін айтып жатыр екен)

Анасы: Сен менің қызымсың, сол себепті сен үй ішіндегі барлық жұмыстарды орындауың керек, ұйықтамасаң да үйдің жұмысы бітіп тұрсын.

Күлше қыз: Жарайды, анашым.

(Режиссер осы сәтте сахнанадан көрінеді)

(Осы уақытта ар жағынан бір қыздың дауысын естиді, қасына қарай жақындаса   Күлше қыз(Золушка)  екен)

Режиссер:

Ау, Күлше қыз

Неге жыладың

Әлде біреу ренжітті ме?

Сырыңды бізге айтшы

Күлше қыз:  Иа. Менің анам маған қатаң қарайды, барлық жұмысты істетіп қояды. Мен шаршадым, сосын жылап отырмын. Көңіл-күйім де жоқ, жана тағы да ұрысты маған.

Режиссер: Иа, Күлше қыз қане бері кел, қазір біз саған мерекелік көңіл-күй сыйлаймыз! Молай емес пе достар, Жаңа жылда би билеп, ән салып жүруіміз керек.  Олай болса достар, кім бізге өз өнерлерін көрсетеді?

Өнер көрсету  8сынып_________________________________________________

Режиссер: сонымен, Күлше қыз ұнады ма?

Күлше қыз: Иа, әрине ұнады.

 (Осы уақытта  ортаға патшалықтан шабарман келіп Күлше қызға Кешкі балға шақырту әкеледі)

Режиссер: Күлше қыз сені Кешкі балға шақыртты, қане киімдеріңді дайындап, балға жинал.

Күлше қыз: Мен жиналар едім, бірақ анам тапсырған жұмысты аяқтамай ешқайда бара алмаймын (деп Күлше қыз мұңаяды). Ханзаданың балына да бара алмаймын...

Режиссер: Иа, жұмыстарың көп екен, бірақ мұңайма Күлше қыз біз осы жерде отырған  достарымызбен бірге саған көмектесеміз. Қане, достар! Бәріміз бірігіп билеп жүріп Күлше қызға көмек берейік. (Ән қосылып, зал ішіндегі жігіттеріміз шығып Күлше қызға көмектеседі)

Күлше қыз: (қуанғанынан орнынан ұшып тұрады, күлімсіреп) Рахмет достар!  Мен кеттім КӨП-КӨП Рахмет сіздерге!

(Күлше қыз кеткеннен кейін ортаға Ханзада келеді, ол өзінің Ханшайымын іздестіріп жүр еді)

Режиссер: Ханзада аманбысыз! Бұл жерге қандай шаруамен келдіңіз?

Ханзада: мен көптен бері өз ханшайымымды іздеп жүр едім, осы көпшілік арасында болып қалар деген үмітпен келіп тұрмын.

(Ханзада күрсініп айтады. Осы уақытта сөз тауып кеткен режиссер)

Режиссер: Достар, біз бір-бірімізге әрқашан көмек береміз емес пе, олай болса Ханзадаға да көмегіміз тисін. Ханзадаға кім өнерін көрсетеді?

Ханзада: Әрине, менің көргім келіп отыр, көңіл-күйімді көтергім келіп отыр.

10 сынып өнерлерін көрсетеді ____би______________________________________

Режиссер:  Біз осы кеште отырған қыздардың арасынан іздеп көрелік, мүмкін осы жерден табылып қалар. Ол үшін біз ортаға 5 қызды шақырамыз. Қыздар арасында ойын ойнатылады «орындықтарға кім бірінші отырады» ойыны.

 (Ойын ойнатылып болғаннан кейін, Ханзада өз сөзін ары қарай жалғастырады)

Ханзада: Мен бүгін бір түс көрдім

Түсімде бір іс көрдім

Осы ақ туфлиді

Менің Ханшайымым киіп жүр екен (деп өлеңдетеді).  Сол себепті осы туфлиді іздеп жүріп тауып алдым да патшалықтағы барлық қыздардың аяғына өлшеп шығып едім, келмеді. Ендігі үмітім зал ішіндегі қыздарда...

Режиссер: Зал ішінде отырған қыз балаларымыз арасында байқау өткізбей тұрып келесі өнерпаздарымызды шақырамыз.10с көрініс_____________________________________________    режиссер:  О, Ханзада   олай болса, қане қыздар уақытты бос өткізбей кезек-кезек келіп мына туфли киіп көрелік. Ханшайым біздің арамызда отырған шығар...

(Баяу ән қойылады да, қыздар келіп аяқ киімді өлшеп көреді.  Бірақ аяқ киім ешкімге де шақ келмейді)

Режиссер: Ханзада, аяқ киім ешкімге де келмеді, енді не істейміз?!

Ханзада: Енді басқа амал бар ма?! Мен патшалығыма ораламын, мүмкін кешкі балда көрермін Ханшайымды.

(Ханзада патшалығына оралады)

Режиссер: олай болса, достар біз кешімізді жалғастырайық. Әрине, Ханзадаға қиын болды.

Сонымен, ортаға 6  қыз-жігітті шақырамын. «кім жылдам» ойынын  ойнаймыз.

Ойын ойнатылып болғаннан кейін Аяз ата мен Ақша қар ортаға шығып:

Аяз ата: Ау, балалар біз сіздердің келісімдеріңізді алып ары қарай жол жүрсек дейміз. Біздің әлі де баратын мектептеріміз бар.

Режиссер: ия, Аяз ата Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Сіздерді бөгемейік! Келгендеріңізге көп алғыс білдіреміз.

(Аяз ата мен Ақша қар кеткеннен кейін жарық өшеді. Режиссер баяу дауыстап)

Режиссер: Не болды? Жарық қайда?

(баяу әуен шығады, музыка ойнайды)

Режиссер: А, Иа достар біз патшалықтамыз. Кешкі балл. Қандай керемет. Ал, жастар ортаға шығып би-билейміз!

(жастар ортаға шығып баяу би билейді. Би билеп болғаннан кейін Ханзада келеді)

Ханзада: Сәлеметсіздер ме, достар! Мен мына аяқ киімнін иесін іздеп жүрмін.

Режиссер: Ханзада, мүмкін ойын ойнатармыз. Біз кеш басталмай тұрып жастарға әр түрлі фигуралардың бір бөлшегін бергенбіз енді ортаға сол бөліктері бар жастарды шақырамыз.

(Ортаға  фигуралардың жарты бөліктері бар жастар шығады.)

Режиссер: Біз таратқан түрлі түсті жүректер өз жартыларын тапса екен дейміз. (Әр бөлігі бар жүректер қосылады) ал, Ханзада сіздің қолыңызда қандай түсті  жүрек. А мында қараңыз міне сіздің  жүрегіңіздің жартысы, сіздің Ханшайымыңыз.

(Осы кезде  Күлше қыз келеді, барлығы таң қалып қарайды. Қолында жүректің екінші жартысы)

Ханзада: Сіз, мен, менің жүрегім, сіздің жүрегіңіз... (Ханзада таң қалып сөзінен шатасады).

Режиссер: Ханзада, туфли, туфлиді көріңіз

Ханзада: Не дейсін, а, түсінбедім.

Режиссер: міне, мына туфли айтам. (Осы  кезед Ханзада туфли Күлше қызға кигізіп көреді, аяғына шақ келеді. Қуанғанынан Ханзада Күлше қызды көтеріп алады)

Режиссер: Ханзада, Күлше қыз көңіл-күйлеріңіз қалай? Енді, Ханзада сіз бізге сыйлық бермейсіз бе?

Ханзада: Сыйлық, иә, әрине беремін.

Режиссер: қане, достар лоторея ойнаймыз. Ал, кеттік

 (Ханзада мен Ханшайым бірігіп лоторея ойнатады)

Лоторея ойнатылып болғаннан кейін Режиссер:

Жаңа жыл – жаңа ниет, жаңа күнсің,

Ғаламға ғашық болған жанарымсың.

Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,

Шаттықтың шарайнасы бола білгін! – дей отырып бүгінгі ертегіміз өз мәресіне жетті.

Ендігі кезекте, ДИСКОТЕКА!

Конец формы

Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқ тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/Ортаға шығыс биі мен “Айналайын” тобы/
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, академик Русаков атындағы №2 шипажай мектеп-интернатының директоры Замзагүл Нарымбекқызына береміз.
2- жүргізуші:
- Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы қалалық білім бөлімінің бас маманы Раиса Болатқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/”Жаңа жыл” әні орындайтын Шоланов Р./
2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
1-жүргізуші:
- Балығы талдау тулаған, Бақасы қойдай шулаған, мыстың алыбы қарт Балқашқа келдіңіз.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Балқаш әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
/шығыс биі/
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға еліміздің ордалы оңтүстік өңірінен келген өнерпаздарды шақырамыз. /ортаға 8а сыныбының КВН командасы шақырылады./
1-жүргізуші:
- Сіздердің алдарыңызда еліміздің астықты солтүстік өңірінен келген өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар! /8ә сыныбы КВН/
Би: “Шарара” 10а қыздары
2-жүргізуші:
-Қадірлі көрермендер! Алдарыңызда еліміздің байлыққа толы Батысынан келген қонақтарымызды шақырамыз. /9а сыныбы/
1-жүргізуші:
- Құрметті халайық ортаға Еліміздің шырайлы Шығысынан келген шынайы өнер тарландарын шақырамыз. /9ә сыныбы/
1-жүргізуші:
- Құрметті көрермен қауым! Еліміздің Шығысы мен шекаралас жатқан кәдімгі Корей елінен де елшілер келген көрнеді. Олай болса, ортаға корей халқының тыныс-тіршілігін бейнелейтін бишілерін шақырсақ. /”Айналайын” бишілер тобы. Корей биі./
2-жүргізуші:
- Ал, ардақты ағайын! Ендігі кезекті еліміздің Орталық кіндігі – Арқалы Арқа жерінен келген арландарымызға берсек. /10а сыныбы/
1-жүргізуші:
-Қадірлі халқым! Еліміз еңсесін көтергелі біраз жылдар өтіпті. Жыл өткен сайын жаңарған жерлерді көреміз. Соның бір дәлелі: Өткен тышқан жылы 10-ға толған жас Астанамыздың гүлдей жайнап өсуі. Олай болса, осы кезекте ортаға Еліміздің Ордасы – Ару қала Астанадан келген өнер өкілдерін шақырамыз. /ортаға мектеп түлектері 11 сынып КВН /
соңынан “Замана” тобы бір ән жолдайды. /
2-жүргізуші:
- Ардақты ағайын! Бүгінгі біздің жаңа жыл мерекемізге арнайы ат басын тіреп, құрметті қонақ болып, өнерін шашу еткелі келіп отырған бұрынғы түлегіміз, бүгінгі мақтанышымыз, керемет күйші, мықты музыкант, табиғи талант иесі Қымбат Мұхаметқалиеваны ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға әр сыныптан бір биші шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Тышқан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, тышқан келсін...
/тышқан жылы шығады./
Тышқан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, Тышқан қайда тарттың?
Тышқан жылы:
- Тарих қайнауына. Осы жерде бұзау бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде мөңіреп сиыр жылы келеді./
Жаңа жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, тышқан аға! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.
Тышқан жылы:
Уагалейкумассалам, сен бала бұзаумысың?
Жаңа жыл:
- Дәл өзімін.
Тышқан жылы:
- Айналайын келші, танауыңнан бір иіскейін. Ал, бұзаужан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Тышқан жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар...
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әні орындалады.
Кеш соңы бимен ұласады.















Қош келдің, жылқы жылы қазағыма

Жарияланды 1-01-2014, 22:18 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Мәжіліс залына сыныптардың отыру сызба - нұсқасы
Жаңа жылдық сахна
1 - жүргізуші.
Армысыздар, қадірлі ата - аналар, қымбатты ұстаздар, аяулы оқушылар!
Жаңа жыл кешін ашуға рұқсат етіңіздер!
2 - жүргізуші.
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
1 - жүргізуші.
Қызығын да, қиындығын да көлденең тартқан 2013 - ші жылан жылы аяқталуға да аз уақыт қалды. Өмірімізге енейін деп тұрған 2014 - ші жылқы жылы табалдырықтан аттайын деп тұр.
2 - жүргізуші.
Олай болса, Жаңа жыл баршаңыздың отбастарыңызға денсаулық пен бақыт, береке мен бірлік, жақсылық пен қуаныш әкелсін.
1 - жүргізуші.
Ортамызға бүгінгі кештің иелерін шақырайық. (Залға 9 - 11 сынып оқушыларын жай музыка ырғағымен қолдарына бенгаль оттарын ұстап кіреді, шыршаны айналып дөңгеленіп вальс билейді.)
2 - жүргізуші.
Лайлының қолтығында жатқан
Жас ұрпақты біліммен сусындатқан
Болғанбаев мектебінен, тәлім алған
Бозбала мен бойжеткеннің аулына барайықшы (9 - 10 сыныптар май шамдарын жағады)
1 - жүргізуші. 10 сыныптарға тілек
Чемпион ұлдары бар,
Қызғалдақтай қыздары бар.
Спортпен достасқан
Татулықпен қырды асқан
10 сыныпты қол соғып қостайықшы
2 - жүргізуші.
9 сыныбымыз жеке дара ғой
Алыстан атойлататын қара ғой.
Мектепте әйгілі алыптар өскен
Ұлдары мен қыздары дана ғой
9 сыныпты қол соғып қостайықшы
Мәжіліс залына «Бақыт құсы» (Анар 11 «ә») музыкамен ұшып келеді, қолында сиқырлы таяқшамен әр сыныптың үстелінде тұрған май шамды жағып, 11 сыныптар отырған орынға жайғасады.
Бір сәтке адам емес
Бақыт құсы болайықшы,
Қалықтап ұшып, мектеп көлемін шолайықшы,
Мектеп бітірер түлектердің бастарына қонайықшы.
Музыкалық ән - шашу (үй тапсырмасы)
11 сыныптар
10 сыныптар
9 сыныптар

Лоторея (ойнату) әр топтан 2 оқушы қатысады (ойынды жүргізеді Шырын - Оразалі)
Ойын газет үстінде вальс билеу (3 топтар 2 бала жүргізеді Ерасыл мен Малика)
КТК бағдарламасы
Жігіт: Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қарсы алайық Жылқы жылын
Ұзатып сап Жыланды!
Қыз: Жылқы - қазақ даласының екінші есімі. Қазақ ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір - біріне етене жақын тамырлас та, тағдырлас айтылады. Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше. Шетсіз – шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты бар адам қашқанда құтылып, қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті қазақтың «Жылқы – ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі орнын көрсетеді.
Жігіт: Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні соншалық, «қазақ жылқы мінезді» деп өзінің мінез - құлық, бітім – болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет, әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса жоғары құрметінің белгісі.
Күй.-------------------------------------------------------
Уақыт.(әндетіп). Уақыт деген жүйрікпін:
Тоқтамастан құйғыттым.
Жаңа жылға жақынмын,
Жарандар той, сый күтсін!
Уа, адамдар, аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Пайдаланып қалыңдар:
Мен қымбатпын әманда!
Тірліктіге - бақытпын,
Бірлікшілге - шаттықпын!
Еселенген өмірді
Есептеген уақытпын!
(Уақыт жүріп бара жатып микрофон арқылы Жаңа Жылқы жылмен хабарласады.)
Алло, Алло! Жаңа жыл!
Саған дайын жаңа жыр!
Уақытымды көңілді:
Жалғастырам өмірді!
Ау, Жылқы жыл, жарқыным!
Мен өзіңе жақынмын.
Бар адамға қуаныш
Алып келе жатырмын!
Қоян көлеңкелеп айналасына қарайды.
Жылан керней әуеніне оянып сахнадан төмен түсіп, ортаға жылжып келеді.
Аяз Ата мен ақшақар есіктен кіреді. Хан – жылқыға мініп келеді.
Жылқы жылы:
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Жылан жылы:
Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Жылан жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12 жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Аяз ата: Амансыңдар ма, бозбалалар мен бойжеткендерім! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4 - пен 5 - ке оқыңыздар! Өмірдегі бар сыннан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспіз! Сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, жиналған қауым! Орманды көктей өтіп жеттік - ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып бізді тосып, отырсыңдар екен.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
Кейіпкерлер ортада кездеседі.
Әрине сіздерге сахна төрінде орын дайын, жайғасыңыздар!
1 - жүргізуші:
Кәне, кәне келіңіздер
Періштелеріміздің биін көріңіздер!
Мейрамдаңдар, сайрандаңдар
Жаңа жыл кеші басталды,
Кейіпкерлердің келу құрметіне періште қыздардың биін тамашалап, қошемет көрсетіп отырайық!
Аяз ата ұлдарға тапсырма әкеледі. Әр сыныптан 3 бозбаланы ортаға шақырамыз.
Жылқы ---
1 жұп атқа мініп, шабу.
2 жұп күш сынассын.(қол күрес)
3 жұп кім күшті (арқалап апару)
Ақшақар қыздармен сайыс өткізеді.
1 жұп – бұрымды қыз.
2 жұп – өнерлі қыз (биден сайыс)
3 жұп – викториналық сұрақ - жауап
Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
2 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда шаттықты!
1 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда бақытты!
2 - жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда достықты!
1 - жүргізуші: Тілейміз біз баршаңызға жақсылық
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт – береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
1) «Боксерлер» қолғабы.
1) Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.
2) 1 минут ішінде ұлдарға қыздар көйлек кигізіп, қолғаппен түймесін түймелеу керек.
Алайда қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ. Сондықтан:
Тышқан жылы - тыныштық
Сиыр жылы - сыйлық
Барыс жылы - бірлік
Қоян жылы - қамбалы
Ұлу жылы - үлгілі
Жылан жылы - жайлы
Жылқы жылы - жұтсыз
Қой жылы - құтты
Мешін жылы - мерейлі
Тауық жылы - табысты
Ит жылы - игілік
Доңыз жылы - дүниелі -
деп, қазақы қалыппен баға берген. Әр жылдың қадір - қасиетін ұлықтап түсіндіріп отырған. Бұл адамдардың жан-дүниесінде ешбір жылдан қорықпау керектігі туралы сенімді ұялатады.































Төрлет, құтты Жаңа жыл!

  • ramuk_b

  • 2 наурыз 2012

  • 47942

  • 0

  • 0

Төрлет, Құтты Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Барысы:
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!

1 - жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2 – жүргізуші Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

1 - жүргізуші: Элеонора байқаймысың, бұл кеште біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Әлішер, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)

Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Ой, ой,ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп келейік қане?!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
(клоундар шығып кетеді, сыныптағылар келеді)
Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындайды).

1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

2 – жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Ән:_____________________________

1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры ______________ағайға береміз.

Рахмет ағай, сіздің құрметіңізге әсем ән жолдаймыз.
Ән:______________________________

2 – жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

1 – жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір – түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?

2 – жүргізуші: Олай болса, сыныбымыздың жігіттерінен құралған «Жастар» КВН командасын шақырамыз.
(Рахмет жігіттер өнерлерің өрге жүзсін.)

1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Қоян жылын шығарып салайық.
(осы кезде қоян келеді.)

1-оқушы: Біздің елде өткен жылы,
Қоян жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Қоян жылы,
Қош, аман бол көргенше.

Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.

Қоян жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.


1 – жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
Ортаға Жаңа Ұлу жылы келеді.

Ұлу жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Ұлумын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Қоян жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.


2 – жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
Шығыс биі (Жадыра мен Гүлбақыт)

1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.

Ән: «Аппақ гүлдер» Оспан Элеонора, Шынберген Нұрай

2- жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қлоқала.

Испан биі:______________

1 – жүргізуші: Келесі кезекті тағы да бір тамаша биге берейік.
Спорттық би: Элеонора, Нұрай, Ирина, Гүлбақыт

Рахмет қыздар.
Ойын ойнатылады.
Клоун: Ойынның шарты ортаға адам келсін.1-ші партадағы стакандағы суды келесі партадағы стаканға қасықпен тасу керек. Қане шарты түсінікті болса ойынымызды бастайық.
Кімнің жылдам екенін көрелік, достар ия.
Барлығымыз қошеметтеп отырайық.

2 – жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөз кезегін ең алғаш 42 әріпті талмай үйреткен аяулы да, ардақты алғашқы ұстазымыз Зибагүл апайдың жылы лебізін тыңдасақ.Олай болса ортаға қошеметпен апайымызды шақырамыз.
(рахмет апай).
Орындалар әсем ән мен сәнді биіміз сіздің құрметіңізге және ата –аналардың құрметіне арналады.
Ән: Әлішердің орындауында: «______________________»
Би: Айдана (өзбек биі)

1 – жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақшақар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші қызымыз бар көрінеді. Сол қызымызды ортаға шақырсақ па деп тұрмыз.Қалай қарайсыз?

Үнді биімен орталарыңызда Оспан Элеонора
(рахмет, не деген би десейші!)
Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілді сіздер.Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

2 – жүргізуші: - Ия, Аяз мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
(Аяз ата бата береді)

Хор: «Жаңа жыл»

1 – жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы
Саған деген сый – сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн бойы
Би билейміз шырқалған ән тоқтас.

Ән: Айдана «Катюша»

Ән: Рамазан мен Әбдімұрат «.....»

2 – жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.

1 – жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Қоян жылы мен ұлу жылын да тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.

2 – жүргізуші: Бітуге қалды таяп – ай,
Не қыласың аяп – ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!

1 – жүргізуші: Қой жылы – той жылы
Мешін жылы – вечер жылы,
Жаңа жыл - жаңа нұр жаудырып,
Ұлу жылы – сауық жылы болсын, ағайын!

Хор: Қош келдің Жаңа жыл!

Кері қайту

Ілмек сөздер: Жаңа жыл, ертеңгілік, кеш, мереке

















































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров143
Номер материала ДВ-445608
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх