1266031
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокДошкольное образованиеДругие методич. материалы10 саны. 10 санының жазылуы.

10 саны. 10 санының жазылуы.

библиотека
материалов

10 саны. 10 санын жазу

Сабақтың мақсаты:

1) 10 саны және құрамымен таныстыру, 10 санын жазуды үйрету. 10 көлеміндегі қосу, азайту амалдарын орындау жолдарын түсіндіру.

2) Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту.

3) Алға қойылған мақсаттарына жетуге, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру.

Типі: жаңа білім меңгерту

Түрі: танымдық сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, т. б.

Көрнекілігі: құстардың суреті, 10 саны, кесте, үлестірмелер.

Алдын ала дайындық: құстар туралы мәлімет дайындау.

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар – мұғалімдер келіп отыр. (Сәлемдесу)

Психологиялық дайындық:

Қуан, шаттан, қуан, шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.

- Бүгінгі сабақта сендер білімдеріңді ортаға сала отырып, қыстап қалған құстарға көмек көрсетулерің керек. Құстарды жемшашар ыдысқа қондырамыз.

- Екі топ оқушылардың жұмысы бағалау парағына қызыл, жасыл дөңгелектермен белгіленіп отырады. Дұрыс жауап: қызыл. Қате жауап: жасыл дөңгелек бағалау ұяшығына түседі. Математика сабағы болғандықтан, екі топ геометриялық фигуралармен белгіледік – үшбұрыш және дөңгелек.



1 - тапсырма: «Бой жазу» сұрақтарға жауап алу.

1. Төртбұрышта неше бұрышы бар?

2. Қосуға кері амалды ата.

3. Бір аптада неше күн бар?

4. Оқу жылы қай айдан басталады?

5. 2+3 қанша болады?

6. Шеңберде бұрыш бола ма?

7. 3 кг темір ауыр ма? 3 кг мақта ауыр ма?

8. 9 саны қалай шығады?

9. Партаның неше бұрышы бар?

10. Бір бұрышын алса қанша бұрыш болады?

Жемшашар ыдысқа торғай ұшып келді. Балалар, торғай туралы не білеміз?

Оқушы: Торғай – ең таныс құс. Бүкіл жерде адамның жанынан табылады.

Адам бар жерде, торғай да бар. Көбінесе топталып жүреді. Ұясын әр жерге сала береді, тіпті көше шамдары мен пошта жәшіктеріне де. Бір жазда екі рет ұя салады.

Балалар торғай өзімен бірге сендерге сан ала келіпті, сол санды қазір білетін боламыз.



Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосамыз,

Алақанды соғамыз.

- 5+5 қосқанда қанша болады?

- 10 болады.

- Ендеше, торғай қандай санды алып келіпті?

- Ия, 10 санын.

1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санату.

- 10 санын қалай атауға болады?

- Үй құстарына қандай құстар жатады?

- Тауықтың баласын қалай атайды?



Жаңа сабақ:

1. Сурет бойынша түсінік. Оқулықтағы балапандарды сана. Не өзгерді?

9+1 = 10

10 * 9

10 - 1=9

9 * 10

(оқу, теңдік, теңсіздік екенін атау)

2. Суреттегі теңіз әскерлерінің санын өсу ретімен жазып шығу.

Жемшашарға суықторғай ұшып келді.

Оқушы: Суықторғай орманды жерлерде өмір сүреді. Қазақстанда қазан айынан наурыз айына дейін болады. Олар біздерге қыстауға келеді.



2 – тапсырма: 10 санын жазып үйрету. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары қандай сандар?

10 саны неше таңбадан құралған?

- Дұрыс, 10 саны екі таңбалы сан деп аталады.

Жазылуын түсіндіру.

Екі тор көзге жазылады, 1 оң жақ бөлікке, 0 сол жақ бөлікке жазамыз.

Партаға отыру ережесін еске түсіру.

Оқулықтағы теңдіктерді көшіріп жазу, мәнін жазу. Ұшып келген құс қарға.

Оқушы: Қарға бұл бәрімізге өте таныс құс. Бұл жыртқыш. Ұсақ құстарды, олардың балапандарын, жұмыртқаларын аш болса жеп қояды. Қарғалар өте ұзақ өмір сүреді. 100 жылға дейін.



4 – тапсырма:

1. Кесінділерді өлшеп, салыстыру.

2. Жиектегі тапсырма: 10 теңге шыға ма?

3. Тақтамен жұмыс: Сурет бойынша теңдік құрастыру.

Ұшып келген құс көкшымшық.

Оқушы: көкшымшық – Алатау, Алматы жағында болады. Өзге жерлерде сирек кездеседі. Бір жылда екі рет балапан басады. Тамақтандыратын біреу болса қуана – қуана ұшып келеді. Зиянды жәндіктерді өте көп құртады.



Сергіту сәті:

Оңға, оңға, түзу тұр,

Солға, солға, түзу тұр.

Алға қарай бір қадам,

Жоғары – төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.

5 – тапсырма: Өздік жұмыс.

1. Өрнектің мәнін табу.

2. Ойын: «Ойлан тап».

10 10 10 10

/ \ / \ / \ / \

8 3 6 5



Жемшашарға қайшыауыз ұшып келді.

Оқушы: Қайшыауыздардың тұмсығы мүлдем ерекше. Шеттері қатты майысқан. Олар сол тұмсығымен шыршаның бүрлерінен тұқымын аршып жейді.

6 – тапсырма:

1. Ойын: «Менің орным қайда?»

2. Тізбекті орындау (ауызша).



Жемшашарға тоқылдақ ұшып келді.

Оқушы: Бұл құсты кішкене кезімізден білеміз. Ол орман емшісі. Ағаштары зиянды жәндіктерден құтқарады. Бұлар ешқашан топталып ұшпайды.



7 – тапсырма:

1. Балықшы қанша балық ұстап алды?

2. Екі топқа кесте беріледі, 10 санының құрамын жазады.

Ұшып келген құс көгершін.

Оқушы: Көгершіннің басқа да аты бар. Оны кептер деп атайды. Кептердің түрлері көп. Кейбір түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілді. Көгершінді бейбітшілік құсы деп танимыз.



Сабақты қорытындылау: Бағалау парағынан жеңімпаз топты байқау. Әр оқушының жұмысын бағалап, мадақтау.

Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста»
Курс повышения квалификации «Инновационные подходы к организации социально-личностного развития детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Художественно-эстетическое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Индивидуализация образования. Сопровождение индивидуального развития ребенка-дошкольника в вариативной образовательной среде»
Курс повышения квалификации «Методическое обеспечение дошкольного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Внедрение технологии решения изобретательских задач в педагогический процесс дошкольной образовательной организации»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДОО. Развитие поисковой активности, инициативы и познавательной мотивации методом экспериментирования у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДО: применение игровых практик для современного развития детей»
Курс повышения квалификации «Управление качеством дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Выстраивание системы психологических взаимодействий дошкольника с компьютером и интернетом»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.