Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / 3 саны және цифры.Үшбұрыш

3 саны және цифры.Үшбұрыш



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов



Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Ожай Лиза

1 сынып

Оқушының саны: 15

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Жолымбет 2 ОМ

2 Апта

30.09.2015


2 сабақ 9.40-10.15

Сабақтың атауы


3 саны және цифры.Үшбұрыш

Сілтеме


Математика авторлары:А.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедова, В.В.Вуровова

Жалпы мақсаты


а)3саны және цифрымен таныстыру

ә)Бірнеше заттардың ішінен белгісі бірдей ерекшелігі бойынша үшеуін бөліп алып 3 санын енгізу

б)Цифрды ұқыпты әдемі жазу

Міндеттері


Оқушыға 3 саны мен цифры туралы мағлұмат бере отырып . 3сантиметр дәптерге өлшеу Үшбұрыш туралы білімді меңгерту

Күтілетін нәтиже


- Оқушылар берілген сұрақтарға толық жауап береді.

- Сұрақ қоя біледі.

- Көп ұғымынан 3 санының пайда болатынын біледі

- 3сантиметрді өлшей алады

-3 цифрын жаза алады

-Сурет бойынша жұмыс жасай алады

-3 санының құрамын біледі

Тапсырмалар


- жеке жұмыс

- топтық жұмыс

- шығармашылық жұмыс

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады?

а) «1,2,3 алға» тренинг /1 мин/

ә) түсті қима қағаздар арқылы топтарға бөлу/3 мин/

б) Сабақ жоспарымен таныстыру (бағалау парағы бойынша) /2 мин/

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті


Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

-оқушының шығармашылығы дамиды;

-басқа қырынан таныла бастайды;

- күнделікті өмірден мысал келтіре алады;

- өз ойын басқамен бөлісе алады;

- пікірлесе отырып өзін және өзгені оқыта алады;

көп.біреу,3 саны және цифры сантиметр, үшбұрыш деган ұғымды меңгереді

-кешегі алған білімін бүгінгімен ұштастыра алады;

-ізденіс,талпыныс пайда болады;

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

1. "Қызығушылықты ояту" Вагондар тізбегі /3 мин/

2. Сурет бойынша жұмыс жасап өздері ойларын жүйелей алады


Мағынаны тану сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу



Оқулықпен жұмыс. Топтарға жеке тапсырма беру

- Дәптермен жұмыс, тапсырмаларды орындау

- Кесінділерді өлшеу ең ұзын ең қысқа кесіндіні анықтау

-Суреттегі қай зат көп,қай заттың үштен екенін анықтау







Ой қорыту:


Практикалық жұмыс заттарды үштен орналастыру

Үшбұрыш салу

Бағалау (түрлері)

-Топ басшыларының бағалауы

-Кері байланыс парағы арқылы бағалау

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау


Смайликтер арқылы бағалайды


























Пәннің аты әдебиеттік оқу

Уақыты: 17.09.15

Кабинет:№17

Мұғалім Ожай Лиза

Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 ОМ

Сабақтың атауы

Абай Құнанбаев Күз


Мақсаты


Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Әр маусым ерекшелігін байқата отырып, табиғат сұлулығын тануға, қоршаған орта мен өмірлік болмысты, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы салыстыру.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Желкілдеген желменен,
Жел егінді тербеген.
Өсірді оны дихандар,
Тамшылаған терменен.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Күз - Суық, сұр бұлт, ызғарлы, жаңбырлы
қыс - Суық, тұманды, қарлы, боранды

Қарашы күз келді, күз келді Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Күз мезгілі дегенде ойымызға не түседі, топтастыр

А. Құнанбаевтың « Күз» өлеңімен танысамыз.
А. Құнанбаев кім?, ғалым, ақын, сазгер, ойшыл, ұстаз, кемеңгер, дана
Ой қозғау. Мұғалім өлеңді оқиды, оқушылар түртіп алу жүйесі бойынша түсініксіз сөздерді белгілейді.

Ыс – түтіннің күйесі.
Құрысын заңы - әдеті құрысын.
Күзеу – күзгі жайылым.
Қыстау – малшылардың мал қыстатуға арналған қысқы мекен - жайы.
Жайлау – малдың жазғы алыс жайылымы.
Көктеу – көктемде көшіп шығатын аймақ.

Топтық тапсырма.
1, 2, 3 – топ шумақпен бөліп оқып, өлең жолдарын қара сөзбен түсіндіру.
VI. Ой толғаныс.
1 – топ. Өлең жазу.
2 – топ. Эссе жазу.
3 – топ.
Сурет салу. ( Абайдың өлеңдерін еске түсіру.)


Сергіту сәті

Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Бір, екі, үш
Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз


Ой толғаныс

Топпен жұмыс

1 – топ. Өлең жазу.
2 – топ. Эссе жазу.
3 – топ. Сурет салу. ( Абайдың өлеңдерін еске түсіру
.)

Үйге тапсырма



Өлеңді жаттау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау








Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnjhttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUg

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады































Пәннің аты қазақ тілі

Уақыты: 10.09.15

Кабинет:№17

Мұғалім Ожай Лиза Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 ОМ

Сабақтың атауы

У дыбысының дауысты және дауыссыз болуы

Мақсаты

а) білімділігі: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру, у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
ә) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдегі сөз құрылымының сырларын меңгертуге бағыт беру. Ойлауын, еске түсіру, шығармашылық қабілеттерін, тілін дамыту. Өз пікірін сенімді айтуға, ортаға салуға үйрету.
б) оқушыларды ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға, татулыққа, өнерді, еңбекті, сүюге тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың әдістері: зерттеушілік, ізденушілік, сұрақ-жауап, интерактивті, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, орман, құстар суреті
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Оқушыларды сабаққа дайындау:
Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру:
Қазақ тілі – бал тілім,
Өзің барда шалқимын,
Тілімнен нәр табармын, 
Тіліме кім тағар мін

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

У дыбысы бар сөздерді тауып, неге дауысты болып тұрғанын түсіндіру.
Ә) Өткен тақырыпты еске түсіру:
1. Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп бар)
2. Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
(Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті көреміз, жазамыз.)
3. Заттың атын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата.
(Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
4. Заттың қимылын білдіретін сөздердің сұрақтарын ата.
(Не істеді? Қайтті?)
5. Бас әріппен жазылатын сөздерді ата:
(Адам, жер-су, үй жануарларына қойылатын аттар)
6. Адамға, мамандыққа қандай сұрақтар қойылады?
(Кім?)
7. Жануарларға қандай сұрақтар қойылады?
(Не?)
8. У дыбысы қай уақытта дауысты болады?
(Дауыссыз дыбыстан кейін)
Актуалдау. Филворд шешу.
9. Математикамен байланыс.
Мына филворд шешсеңдер біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
Шешуі: У дыбысы.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Сәйкестендіру.
Тауық------------у дыбысы дауыссыз
сауысқан
уық---------------у дыбысы дауысты
қоңырау
Уық сөзіне сөйлем құрастыру.
Ереже шығарып айту.
Мұғалім: Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың қасына келгенде құйқылжыта ән салып отырған бұлбұлды көреді. Ол бұлбұлдан ағаштарға көмектесуін өтінеді. «Кешір, көгершін, мен үшін әуре болма. Менің қолым тимейді. Менің әнімді тоғайдағы аңдар, құстар түгілі адамдар да жақсы көреді. Мен үшін адамдардан көмек сұра», - дейді. Олай болса, бұлбұлдың тілегін орындап бір сергіп алайық.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Сергіту сәті

«Ұйқасын тап» ойыны.
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім? ... (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады ... (құлын)
3. Бата алмас түлкі
Үсті тікен ... (кірпі)
4. Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ... (арыстан)
Енді тапсырмалар орындайық. 
Сабақтан мен ...
Жаман бала ...
Жақсылармен ...
Айтқан серттен ...
Үлкендерді ...
Айтқандарын ...
Көмектесем ...

Ой толғаныс

Венн көрсетуі
Дауысты У
Ортақ белгісі
Дауыссыз У
Дауыссыз дыбыстан кейін немесе сөз басында дауыссыз дыбыстан бұрын келеді.У дыбысының дыбысталуы да, таңбалануы да бірдей Сөз басында дауыстыдан бұрын және дауысты дыбыстан соң келеді.

Үйге тапсырма

Ереже жаттау. Оқулықтағы жаттығуларды орындау.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

















































Пәннің аты қазақ тілі

Уақыты:06.10.15

Кабинет:№17

Мұғалім Ожай Лиза Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 ОМ

Сабақтың атауы

Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Мақсаты

Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу ерекшеліктерін байқату. Сөзге саналы түрде дыбыстық талдау жасай білуге төсілдіру, сауатты, көркем жазуды жетілдіру.
Мәдениетті сөйлеуге, шыдамды болуға, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндір, сто тех
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа назарын аудару, керекті құралдарын алдыру.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ереже сұрау. - Мен сендермен дыбыс туралы қаншалықты білетіндеріңді байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
Дыбысты айтамыз, естиміз. Әріпті жазамыз, көреміз.
- Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?
42 әріп, 40 дыбыс.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

Шығармашылық тапсырма:

Ойын«Дыбысқа саяхат»
Парта
дәптер
кеме
ІV. Венн диаграммасы
Дауысты Дауыссыз;
V. Өлеңнің ұйқасын тап:
Білім ал да ____________
________ досқа бер көмек.
Отанды сүй,___________
__________ адам бол.

Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!


Ой толғаныс

Дыбыс түрлері:
Дауысты Дауыссыз
Жуан Жіңішке Қатаң Ұяң Үнді
Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа
1) кедергіге ұшырайды
2) тосқауылдан өту кезінде, дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады
3) созып айтуға келмейді.
Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у)
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,
Кі - тап, 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын
К - дауыссыз, қатаң
І - дауысты, жіңішке
Т - дауыссыз, қатаң
А - дауысты, жуан
П - дауыссыз, қатаң

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnjhttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUg

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



















Күні: 06.10.15

Пәні:Дүниетану

Мұғалім: Ожай Лиза Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 ОМ


Сабақтың тақырыбы:

Көкжиек.Көкжиек сызығы

Мақсаты:

Оқушыларды тұсбағдарды қолдана білуге,жергілікті белгілер бойынша бағытты анықтай білуге үйрету.

Табыс критерийлері:

1.Көкжиек тұстарын ажырата алады,өз ойларын айта алады.

2.Шығармашылық тапсырмалармен жұмыстан отыра,тақырыпты түсінеді.

3.Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.

Сабақтың әдісі:

Бағалау:

Топтық жұмыс,сұрақ-жауап,түртіп алу әдісі,

Мұғалімнің бағалауы,бағалау парағы


Ұйымдастыру кезеңі:

2 минут

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Топқа бөлу, мамандықтар бойынша,топтық ережені құру (спикер,хатшы,басшы)

Ойтолғаныс

(6 минут)

«Автор орындығы» оқушылар өз жұмыстарын оқып,таныстырады.Ата-аналарының мамандығы туралы әңгімелеу.

Қызығушылықты ояту

4 минут

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға арналған жұмбақ

Ол жазда,қыста да.

Жер мен көктің арасында –

Өмір бойы жүре берсең де –

Оған жету мүмкін емес. (Көкжиек)

Жаңа тақырыпты түсіндіру (презентация,көкжиек тұстарымен таныстыру)




Оқулықпен жұмыс

6 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру (презентация,көкжиек тұстарымен таныстыру)

Электронды оқулық ( көкжиек тұстары, көкжиек сызығы туралы түсінік беріледі)

Дәптермен жұмыс

6 минут


Тапсырма:

1.сұрақпен белгіленген көкжиек тұстарын қалай аталатындығын жаз.

2.Құбылнаманың суретін сал

Тренинг

2 минут

«Сырлы сезім»


Шығармашылық жұмыс

10 минут

Топтық жұмыс

  1. Тапсырма бойынша сурет салу

  2. Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын белгілеп жазу

Үйге тапсырма

2 минут




Оқулықтың 16, 17 беттерін түсініп оқу.

Өткен тақырып бойынша сұрақтар дайындап келу.

Қорытынды

Рефлексия

5 минут





Бағалау (смайликтер арқылы өздерін бағалауды тапсыру)

-Мен сабақты жақсы түсіндім –жасыл түс

-Мен сабақты түсінген сияқтымын- сары түс

-Маған сабақ түсініксіз болды- қызыл түс



Пәннің аты математика

Уақыты: 15.09.15

Кабинет:№17

Мұғалім Ожай Лиза

Ақмола облысы Шортанды ауданы Жолымбет №2 ОМ

Сабақтың атауы

Қосу мен азайту өзара кері амалдар. Қосуды тексеру. Есептер шығару

Мақсаты

Оқушыларды өзара кері есептер құрастыруға және шығаруға жаттықтыру. Көпбұрыштар түрлері жайындағы түсінікті тиянақтау. Екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыра білуге машықтандыру. Тез ойлап тез есептеуге үйрету.
Білімділігі: екі таңбалы санның ондықтарға және бірліктерге жіктелуі және сол білімге негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылығы: тапсырмаларды орындау арқылы ой - өрістерін дамыту, өз беттерінше есептерді шығару қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, бір - біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кеспе сандар касса, карточкалар геометриялық фигуралар, слайдтар.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды оқыту, игеру, логикалық тапсырмалар беру.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Психологиялық тренинг. Кімнің қандай жағымсыз қасиеті бар соны параққа жазу.
Парақты мыжып лақтыру. Барлық қиындықтардан арылу.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Сөзжұмбақты шешу.
1дм - де неше см бар?- 10см
100 саны неше таңбалы сан?
1м - де неше дм бар?
1м - де неше см бар?
Қосуды қай амалмен тексереміз?
Азайтуды қай амалмен тексереміз?
Сыйымдылықтың өлшем бірлігі?
Массаның өлшем бірлігі?

Жаңа сабақ: 100 - ге дейін санау.
Ауызша есептер айту.
Ондықтармен бірліктерден құрылған санды жазу және оқу
2 онд 4 бірл 24 3 онд 2 бірл 32 9 онд 6 бірл 96
5 онд 7 бірл 57 8 онд 1 бірл 81 7 онд 9 бірл 79
Оқулықпен жұмыс.
Әйнекшелердің орнындағы сандарды суретті пайдаланып тауып жазу:
90+5=95
60+0=60
40+4=44
95 - 5=90
60 - 0 =60
44 - 4=40
95 - 90=5
60 - 60=0
44 - 40=4
5+90=95
0+60=60
4+40=44

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

1-топ
2 және 3
23= 2онд 3 бірл.
32=3онд 2бірл
23 = 20+3
32=30+2
Шығарылу жолын түсіндіру.
Әр топқа тапсырма беру
1 - топ ----------- 2 - топ --------------- 3 - топ
3, 6 --------------- 4, 5 ------------------- 4, 2
Әр топтан бір оқушы шығып тақтаға жазу.
Тапсырма Слайд арқылы фигуралардың суретін көрсету.
1 - топ Үшбұрыштар
2 - топ Төртбұрыштар
3 - топ Көпбұрыштар
Өз орнына апарып қою.
Дидактикалық ойын түрінде өткізіледі.

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-141062

Похожие материалы