Инфоурок Начальные классы Конспекты7 санымен таныстыру

7 санымен таныстыру

Скачать материал

7 саны және цифры

Білім беру саласы: « Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: математика

Мақсаты: 6 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды пысқтау. 7 саны таңбасымен,оның құрылымымен таныстыру. Әрбір санның алдындағы және сан қатарларын атай білуге және апта күндерін атауға үйрету, геометриалық пішіндері салыстыру арқылы есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Санамақтар айту, жұмбақтар шештіру, логикалық есептер шығару арқылы білім деңгейін арттыру.

Дамытушылығы: балалардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын байланыстырып сөйлеулерін дамыту.

Тәрбиелігі: бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: кеспе сандар, геометриалық пішіндер, суреттер.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, топтастыру, ойындар.

 Қостілділік:бір-один, екі- два,үш- три, төрт- четыре, бес- пять, алты- шесть, жеті-семь.

 

Әрекет

кезеңдері

            Тәрбиешінің іс-әрекеті

 Баланың іс-әрекеті

Мотивациалық

қозғаушы

Амандасу рәсімі. «Тілекшеңбері». Баланың жыл мезгілін, апта күндерін сұрақ қою арқылы жауап алу. Бүгін бізге «Бауырсақ» ертегісінен кейіпкерлер қонаққа келіпті. Ертегіні есімізге түсірейік. Ата мен әжейге  бауырсақ  пісіруге көмектесейік. Ол үшін 1-ден 6-ға дейін тура және кері санайық.

Тапсырманы орындадық, бауырсақ пайда болды. Бауырсақты суытуға қояйық та келесі тапсырмасын орындайық. Қол моторикасын дамытуға арналған санамақтар.

Кел санайық, санайық,

Саусағымды даралап.

Бас бармағым алғашқы,

Балан үйрек жалғасты.

Ортан терек ортасы,

Шылдыр шүмек анасы,

Шынашағым балапан,

Бәріне ортақ  алақан.

Мен базарға бардым,

Ысқырық сатып алдым,

Қызыл, жасыл, көгілдір,

Қайсысын алсаң өзің біл.

Мәссаған, бауырсақ бізден де кетіп қалыпты, әжейден де қашып кетіпті. Бауырсақты табу үшін келесі тапсырманы орындайық.

 Кім көп біледі?

1.       Үш қоянда құлақ қанша?

2.       Аспанда 6 құс ұшып жүр. Оның екеуі талға қонақтады. Неше құс қалды?

3.       Жанарға анасы 5 шар сатып әперді, оның екеуін Айгүлге берді. Жанарда неше шар қалды ?

4.       Қолымда 5 алма, табақта 2 алманы қосқанда неше алма болады?

Енді біздер бүгін 7 саны және таңбасымен танысамыз. 7санын тура және кері санайық.

2,4,6 сандарының көршісін ата. Қазақ халқында 7 саны киелі сан. 7 санына байланысты ырымдар көп. ( 7түс,7күн, 7апта, 7 шелпек).

Бауырсақты қоян босатып жіберді

Қасқырдың тапсырмасы. Жұмбақтарды шештіру

1.       Төрт бұрышты, бір ауызды.

2.       Бес ін,

Бес іннің аузы бір ін.

3.       Т өрт аяқты,

Төрт таяқты,

Үстінде мен жатамын ,

Тәтті ұйқыға батамын.

Біз қоян мен қасқырдың тапсырмасын орындаймыз деп шаршап қалдық,сәл демалып алайық.

Сергіту  сәті: орнымыздан  тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз,

Басты төмен түсіріп,

Алақанды ұрамыз.

Жаттығу жасап күнде біз,

Үлкен болып шығамыз.

 

Бауырсақ домалап келе жатып аюға кездеседі. Аюдың тапсырмасы.  Геометриалық пішіндер арқылы артық, кем, тең таңбасын салыстыру, топтастыру.

                                                                   

                                                                                                   

 


                                                          

                                                                                 

                                                           

 

 

Бауырсақ домалап келе жатып түлкіге жолығады. Түлкі қандай аң?

Түлкі бауырсақты жеп қоймау үшін  тапсырмасын орындайық

Кеңістікті бағдарлау.

Қандай зат оң жағында үшінші, сол жағында бірінші, оң жақтан жетінші: заттардың орналасуын  анықтау арқылы кеңістікті бақылайды.

 Біз түлкінің тапсырмасын орындадық.

Біз бүгін қандай сан үйрендік?

 Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін атап кетейік. Бүгінгі оқу  іс-әрекетіне жақсы қатысқандарыңның арқасында бауырсақты түлкіге жегізбей аман алып қалдыңдар. Сіздерге  көп  рақмет.

 

Балалар тілек шеңберінде бір-біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл күй сыйлайды.

Сұрақтарға жауап береді.

               1,2,3,4,5,6.

6,5,4,3,2,1.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

JJJ

||||

 

 

¡¡¡

£££££££

 

 

1,2,3,4,5,6,7.   7,6,5,4,3,2,1.

3,4,7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1,2,3

3,4,5

5,6,7

 

 

 

 

 

 

Балалар орындайды.

 

 

 

 

 

Түлкі қу, айлакер аң.

 

 

 

 

 

 

 

Біз бүгін 7 санын  үйрендік

Ата, әже, бауырсақ, қоян, аю,

қасқыр, түлкі.

Сұраққа жауап беріп, ертегі кейіпкерлерінің тапсырмала-

рын толықтай  орындадық.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар 7-ге тура, кері санай білуі, кеңістікті,көлемді айыра білуі, пішіндерді ажыратып көлеміне қарай орналастыра білулері керек.

Меңгерді: Ертегі желісі бойынша тапсырмаларды орындау арқылы сандарды танып, көрсетіп тура және кері санай білді. Логикалық есептерді шығарып, жұмбақтарды шешіп, ойындар арқылы ой  қабілеттері дамыды.

                                   

                               

 

 

 

 

                                      Дос болайық бәріміз

 Мақсаты: «достық», « өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері: 1. Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету.

2. Өзара сыйластық,өзара түсіністік, өзара көмек  қарым-қатынастарын дамыту

3. Татулыққа,достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үнтаспа, оқулық, дәптер, сюжетті суреттер, күн суреті, жүректің макеті.

Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап,  түсіндіру, топтық тапсырма, дәйексөз, ойын.

 

          Шаттық шеңбері: 1. Балаларды шаттық шеңберіне шақырып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп амандасу.

2. Жүректің макетін бір-біріне ұсынып, жақсы тілек, жақсы сөз айту.

- Бекасыл сен мейірімдісің!

- Жадыра,сен сондай сүйкімдісің!

- Самал, сен өте бауырмалсың!

- Қуаныш, сен маған ұнайсың! т.с.с.

Мәтінмен жұмыс: ( Суреттерін көрсету)

1.      Балаларға « Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін әңгімелеп беру.

2.      Сұрақтар арқылы  оқушылардың түсінігін пысықтау:

-          Балалар, қарлығаш неге ренжіді?

-          Көкек пен қарғаны достар деп айта аламыз ба?

-          Дәуіт пен қарлығаш  қалай достасты?

3.      Тәрбиешінің түйіндемесі: Міне, балалар, біз бір-бірімізге дос, сыйлас, қайырымды

болуымыз керек. Сонда бізде дос көп болады.

Топтық тапсырма: 1. Оқулықтағы суреттер бойынша « Достық көмек» дегенді қалай түсінесіңдер?

1-      топ- балалардың еңбекпен шұғылдану кезі,

2-       топ- қамқорлық жасау,

3-      топ-  ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетіне дайындалу кезі,

4-       топ – сүйікті істерімен шұғылдануы.

-          Бір-біріне  қандай достық көмек көрсете алатындықтары туралы өз ойларын жариялау.

2. Қорытынды түйіндеме:

- Балалар, бір-бірімізге әрқашан достық, жолдастық көмек жасай білуіміз керек.

     Тыныштық сәті. Балалардың өзінің ішкі күйіне үңіліп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында алған  әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәтін ұйымдастыру.

       -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды оғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа  толғанын  сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Дәптермен жұмыс. Балалардың назарын дәптерге аудару.

1.       Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?

2.       Ауызша әңгіме құрастырып жаз.

3.       Балаларға суреттерді бояту.

4.      Балаларды мадақтау.

Ойын-жаттығу. 1. « Мен қандай баламын?» деген  ойынды ұйымдастыру.

1.      Тақтаға күн тәріздес дөңгелек  сары қағазды  орнату.

2.       Балаларға күннің шапақтарын тарату, әрбір  бала өз досының жақсы  қасиеттерін айтады, мұғалім  шапақтарға жазып, тақтаға орналастырады. ( Бәрі бір-бірлеп шеңберге шыға береді)

3.      Тәрбиеші түйіндемесі.

Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге үлкен қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір-біріне жақсы тілек білдіріп, жылы лебіздерін арнайды.

Біз де достарымызбен бірге қуанып, айналамызға тек жақсылық тілейік. Біреуге бір жақсылық  жасасаң, ол жақсылық мың  жақсылық болып келеді. Тек жақсылық жасаудан шаршамаңдар.

 Жүректен жүрекке: балаларды шаттық шеңберіне жинап,бір-бірінің қолдарынан ұстатып, «Біз өмірдің гүліміз» өлеңін хормен орындату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              10 саны мен цифры

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: « Таным»

Бөлімі: математика

Мақсаты:

Білімділігі: 10 санының пайда болуы және оның цифрымен таныстыру

Дамытушылығы: логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Санамақтар айтқызып,  математикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту.

Тәрбиелігі: зейінділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жеміс, көкөніс суреттері, « Ойлан, тап», «Көршісін тап» ойындарына қажет суреттер,  суретті тест тапсыпмалары,  « Спорттық  ойындар» тақырыбына берілген суреттер, таяқшалар.

 Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын  ретке келтіру. Екі топқа бөлініп, жарысып өз білімдерін көрсету.

1-      Топ-« Күн» тобы

2-      Топ – «Гүлдер» тобы

2.      Өткен тақырыпты пысықтау.

9 саны туралы алған білімдерін пысықтау.

1)      Сандар қатарын анықтау «Көршісін тап»

2)       Салыстыру. 9 санын басқа сандармен ( кіші сандармен) салыстыру.

« Ойлан, тап» ойыны.

9санының құрамын анықтауды қайталау. «Жеміс жинау» ойыны.

II. Мақсат қою. Балалар, бүгін біз 9 санынан кейін қандай сан тұратынын біліп, сол санның жазылуын үйренесіңдер.

III. Жаңа білімді меңгерту.

1.      Сандарды тура санау. 9-дан кейінгі 10 санымен таныстыру. 10 саны қандай цифрлардан тұрады екен? 1 және 0...

IV. Суретпен жұмыс. Ұшбұрыштарды түсіне қарай топтап санау.

1.      9+1=10

8+2=10

5+5=10

6+4=10

7+3=10

V.  « Спорттық ойындар» тақырыбы бойынша сұрақтар қою.

1. сапта неше бала тұр? ( 9 бала).

Сапқа тағы бір бала келіп қосылса, қанша бала болады? ( 10 )

Он саны екі цифр арқылы жазылады.( 1 және 0)

2.      Біз сыныпқа гүлдерге су құю үшін шелек сатып алдық, қызыл шелек 6, көк шелек 4.

6+4=10

Барлығы  неше шелек болды? (10)

3.      Доптардың түсі  қандай? ( көк жәнежасыл түсті )

Көк доптарды санаймыз (5)

5+5=10

Барлығы неше доп болды?  (10)

 Сергіту жаттығуы.

Шығармашылық жұмыс: құрастыру.

10 таяқшадан  суреттегі үлгіге қарап әр түрлі геометриалық фигура құрастыру.

« Күн» тобы: жұлдызша мен мысықтың көзін құрастырады. « Гүлдер» тобы: кәмпит пен шамды құрастырады.

VI. Бекіту.

Тест тапсырмалары:

«Жұптық жұмыс».  Қалып қойған цифрларды жазу. Цифрлар сйкес сандардың санымен қосу.

VII. Қорытындылау.

1.      Біз бүгін қандай санмен таныстық?

     10 қандай цифрлардың көмегімен жазылады? ( 1 және 0 )

1.      Есепшоттан 10 санын санап үйрендік.

2.       Үшбұрыштарды санадық (10).

3.       Спорттық ойынға қатысушы 2 топтың балаларын санадық, 9-ға 1-ді қостық, 10-нан 1-ді азайттық.

4.       Шелектерді санадық, есептедік.

5.      Доптарды санап, еептедік.

6.      10 таяқшаның көмегімен әр түрлі геометриялық фигуралар құрастырдық.

7.       Ақылбек атты  роботтың қадамын санадық.

8.       Тест тапсырмаларын орындап, білімімізді байқап көрдік.

Санамақ.

VIII. Мадақтау: жұлдызша,үшбұрыш, төртбұрыштар тарату.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Үй құстары

 

 Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: экология негіздері

Мақсаты: балалардың үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, сахналау.

Көрнекілігі: әтеш, балапан, тауықтың, үй құстарының суреттері, атрибуттар.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші. Балалар, айнала шеңберге тұрып « Жылулық шеңберін» жасайық.

Балапандай баламыз,

Әсем сурет саламыз.

     Үй құстарын құрметтеп,

Қамқорлыққа аламыз.

Тәрбиеші. Өте жақсы, балалар, енді орнымызға отырайық.

-Балалар, қазір жылдың қай  мезгілі?

Балалар . Күз мезгілі.

Тәрбиеші. Күз мезгілінде қандай құбылыстар болады?

Балалар. Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Тәрбиеші. Ендеше, күз туралы  кім тақпақ айтады?

Сарғаяды жапырақтар,

Күз де келіп қалыпты.

Қатаяды топырақтар,

Жаз да кетіп қалыпты.

Тәрбиеші. Балалар, қараңдаршы, мына суреттегі жұмыртқа өте үлкен екен. Түсі ақ, ал көлемі сопақша болып келген. Егер жұмыртқа жарылып кетсе ішінен не шығады?

Балалар. Балапан.

Тәрбиеші. Балапан не істеп тұр? Оның көңіл күйі жоқ сияқты?

 Балалар. Қорқып, жылап тұр.

( Балалар рольге бөліп атрибуттар киіп сахналайды.)

Тәрбиеші. Балапан, сен неге қорқып жылап тұрсың? Біз саған көмектесеміз, айтшы не болды?

Балапан. Мен анамнан адасып қалдым. Сендер оны тауып беруге көмектесіңдерші.

Тәрбиеші. Әрине, балапан біз саған көмектесеміз. Балалар  бәріміз бірге балапанның анасын дауыстап шақырайықшы. Тауық қандай дауыс шығарады?

Балалар. Қыт-қыт, қыт-қыт, қыт-қыт!

Тауық. Балалар, не болды, менің жұмыртқамды таптыңдар ма?

Тәрбиеші. Тауық, балалармен барлығымыз сіздің жұмыртқаңызды тіпті балапаныңызды да таптық.

Тауық. Көп, рахмет, балалар. Менің балапанымның қарны ашқан шығар,оған тары, жем берейін. Сендермен қоштасайын. (тауық балапанын алып кетіп қалады.)

Тәрбиеші. Балалар, тауық балапанын кімге көрсету үшін асықты екен?

Мына жұмбақты шешіп көрейік.

Басында айдары бар,

Иегінде сақалы бар. ( Әтеш)

 Тәрбиеші. Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып бойымызды сергітейік.

Тауық тары жинапты,

Оны ешкімге қимапты.

Бөтекесін толтырып,

Қамбасына құймапты.

Қыста тауық қақылдап,

Тары іздеп жүр тақылдап.

 

Дидактикалық ойын: «Анасын тап»

Шарты: балаларға үй құстары мен олардың балапандарынның суретін үлестіріп беру. Балалар анасын балапанымен жұптастырады.

Тәрбиеші. Балалар, сонымен сендер қандай үй құстарын білесііңдер?

Балалар. Үйрек, қаз, тауық, әтеш.

Тәрбиеші. Неліктен бұл құстарды, «Үй құстары» дейміз?

Балалар. Үйде мекендегендіктен, өсіргендіктен үй құстары дейміз.

Тәрбиеші.  Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар?

Балалар. Үй құстарының еті, сорпасы, жұмыртқасы адам ағзасына өте пайдалы.

Тәрбиеші.  Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар! Балалар, аулада тауықтар мен әтештер жайылып жүр екен, олардың балапандары қайда екен? Қане, балапандарды жем жеуге шақырайық. ( Топтық жұмыс балапандарды жапсыру)

Балапан туралы қандай өлең білеміз?

«Әнші балапан» әні.

«Әтеш пен тауық» ертегісін оқу.

Қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шуақты көктем

 

Оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы

Білім беру аймағы: «Таным»

Бөлімдері: қоршаған ортамен танысу

Мақсаты: Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру, жыл мезгіл-дері туралы білімдерін бекіту. Табиғат ерекшеліктері мен өзгірістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, жұмбақ, тақпақтарды айта отырып, орталықтарға бөлу арқылы, беріл-ген тапсырмаларды орындай білуге тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: көктем мезгілі жайлы суреттер, гүлдердің,құстардың суреттері, гуашь бояуы.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, салыстыру,сұрақ-жауап.

 

Тәсілдер кезеңдері

                 Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы

Сәлемдесу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге десіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Шаттық шеңберін құру.

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай  түсті даламыз.

Жылуыма жылу қос, міне менің қолым. Бір-біріне тілек айту.

Сәлемдесу.

 

 

 

 

Шаттық шеңбері арқылы балалар бір-біріне жағымды тілектер білдіріп, жарқын көңіл күй, достық сезім сый- лайды.  Денің сау бол-

сын! Тату болайық!

Іздену- ұйымдастырушы

-Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекететіміздің тақырыбы « Шуақты көктем».

Жұмбақ шешу.

Қар еріп, су көбейіп, сай салаға ағады,

Бүршік шашып, жапырақ ашып, гүл бәйшешек басады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Интерактивтік тақтадан көктем көріністері көрсетіледі.

Тәрбиеші түсіндіреді.

-Көктемде неше ай бар?

-Көктем айларын атайық.

-Көктем ерекшеліктерін  атайық.

 

 

 

 

 

-Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?

 

 

 

 

-Сондай-ақ көктем мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады? Атаңдаршы.

 

-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

 

 

Оқылған жұмбақтарды шешеді.

 

( көктем)

 

 

 

-көктем мезгілінде үш ай бар.

-наурыз, сәуір, мамыр.

-көктем мізгілінде қар ериді, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді.

-8 Наурыз-аналар мерекесі, 22 Наурыз Ұлыстың Ұлы күні- Жаңа жыл мерекелері

тойланады.

Бәйшешек, жауқазын,

қызғалдақ.

 

Көкек, тоқылдақ, қарлығаш.

 

 

Осы құстарға байланысты «Құсты менде қорғаймын».

М.Ғабдуллиннің тақпағын айту.

Тас атқылап торғайды,

Қуалауға болмайды.

Қамқор болып құстарға,

 Барлық адам қорғайды.

Алды торғай мекендеп,

Ұя жасап беріп ем,

Теріп жеді секеңдеп,

Тары сеуіп көрім ем.

Дидактикалық ойын ұйымдастыру: «Мен бастаймын, сен қошта»

Мақсаты: Балаларға тәрбиеші сөйлем оқиды, балалар жалғастырады.

-қазір жыл мезгілі....

-көктемде күн........

-құстар......

-үй жануарлары......

-ағаштар......

-жәндіктер......

Үш орталыққа бөлу.

1.Шығармашылық орталыққта-балалар бастырма қағазбен қызғалдақ суретін губка арқылы бояу.

 

2.Таным-қызғалдақтарды санау, түстерін ажырата отырып

салыстыру.

3.Әлеуметтік орта-«Көңілді көктем». С.Жиенбаевтың тақ-

пағын жаттату.

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.

Сергіту сәті.

Күн болып жанайық,

Су болып ағайық.

Терең-терең дем алып,

Жүгіріп, жүгіріп алайық.

Дидактикалық ойын ұйымдастыру: «Жақсы мен жаман»

Мақсаты: Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтау, жаман қасиет болса тыныш отыру.

-гүлдерге су құю.

-ағаштарды сындыру.

-құстарға жем шашу.

-құстың ұясын бұзу.

-ағаштардың түбін қопсыту.

-гүлдерді жұлу.

-құстарға ұя жасау.

Тыйым сөздер:

Құс ұясын бұзба!

Жұмыртқаға тиме!

 

Тәрбиеші оқыған өлеңді мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Ойынның ережесін бұзбай ойнайды.

 

 

-көктем.

-жылынады.

-жылы жақтан келеді.

-төлдейді.

-бүршік жарады.

-тіріледі.

Бастырма қағазбен қызғалдақ суретін губ

-ка арқылы бояу.

(қызыл,сары, ақ)

1-10-ға дейін тура,кері санау,салыстыру.

 

 

Тәрбиешінің оқыған өлеңін тыңдап, жаттай

-ды.

 

 

Сөзін айта отырып, қи

-мыл қозғалыстарын жасау.

 

Ойынның ережесін бұзай ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыйым сөздердің мағынасын түсіну

 

Рефлексивті-

коррекциялаушы

Балалар жұмыстарына таң қалып қуанады, өздерінің топта жасаған жұмыстарын әңгімелеп береді, тәрбиеші мадақтайды.

Қорытындылау.

 Өздерінің топта жаса- ған жұмыстарын әңгімелеп береді,қоры

тынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс: көктем айларын, олардың ерекшеліктерін атай білуге тиіс.

Талапты болу: орталықтардағы берілген тапсырмаларын мұқият орындай білуі тиіс.

Қолынан келуі тиіс: берілген сұрақтарға толық жауап беріп, суреттер арқылы әңгімелеу, көктем мезгіліне байланысты оқылған өлеңді жатқа айта білуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Бұл қай кезде болады?

Білім беру саласы: «Қатынас», « Шығармашылық», « Таным».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: қоршаған ортамен таныстыру.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту,  құрастыру, көркем әдебиет, ән.

Мақсаты: сурет бойынша балалардың ойлау, есте сақтау, қабілеттерін арттыру. Балалардың сөздік қорын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып өздігінен жауап  беруге баулу. Балалардың саусақ  моторикасын дамыту.  Бүлдіршіндердің  қыс, қысқы ойын туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру. Әңгімелеу кезінде өздеріне ұнаған көркем бейнелі сөздерді тауп айтуға жаттықтыру. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас  арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Қолданылған құрал-жабдықтар: бейнелі  суреттер,  сиқырлы қар, аққала, ақша бұлттар, қарлар.

Әдіс-тәсілі: шаттық шеңбері, сұхбат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, ғажайып сәт, сұрақ-жауап, ойын.

Билингвизм: аққала-снеговик, қыс-зима, қар-снег.

 

Әрекет кезеңдері

                           Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы

Қозғаушы қызмет түрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті- коррекциялаушы

 Шаттық шеңбері:

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге  де «сіз»,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Қыс туралы  өлең оқылады.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып.

Сырғып жастар ойнайды,

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйытқып,боан соғады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

Қыста болатын өзгерістер туралы сұрақ қою.

Қыс туралы білетін тақпақтар сұралады.

 

 

 

Жұмбақ жасыру.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан тұратын,

Тауып көрші сен оны.       ( Аққала)

Қыста киетін киімдер туралы сұрау.

Сергіту сәті:

Ішік, пима, қолғап бар,

Арада жоқ тоңғақтар,

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай.

Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Суретпен жұмыс.

«Қыс»әңгімесі.

Қыс мезгілі келді. Даланы аппақ қар басты. Балалар балабақша ауласына серуенге шықты. Байбол мен Жансая аққала тұрғызды. Лига мен Ержан шанамен сырғанады. Серуен көңілді өтті.

Жұмбақ жасыру.

Бәрімізді біледі,

Бізге қарап күледі.

 Бір қолында сыпырғыш,

Бір қолында  күрегі.   ( Аққала)

Музыка ойналып, сиқырлы қар кіреді.

Тәрбиеші.Ой, балалар, қараңдаршы ертегілер әлемінен бізге сиқырлы  қар келді. Қар қандай әдемі, аппақ.

Қармен біраз әңгіме-дүкен құрылады.

Қар сөзі: Менің жиынтығымнан әдемі аққала құрастырыңдар, сендерге берер сыйлығым мол.

Тәрбиеші. Балалар, біз аққала құрастыра аламыз ба, қардың өтінішін орындайық.

Қар. Ой, балалар, өте әдемі аққала құрастырдыңдар, рахмет! Алып келген сыйлығымды апайларыңа берейін.

Тәрбиеші. Қандай тамаша аққала. Қане, барлығымыз ақ

-қалаға арнап ән айтайықшы.

Жиналыпты топ бала,

Жасап алды аққала.

Аққаланың қасында,

Аппақ емес мақта да,

Бәрімізді біледі.

Бізге қарап күледі.

Бір қолында сыпырғы

Бір қолында күрегі,

Көзі қара көмірдей,

Сәбіз мұрны көрінген.

Аузы бар ағаштан,

Телпегі бар темірден.

Сұрақ-жауаптар.

Тәрбиеші. Жарайсыңдар балалар, сонымен балалар қыста немен ойнайды?

Тәрбиеші. Өте тамаша, бүгін сендер жақсы жауап бердіңдер. Енді сиқырлы қардың сендерге берген базарлығын алайық.

Шеңбер бойында тұру.

Қолды алға созу. Қолды кеудесіне қою. Басты төмен ию.

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

Өлең тыңдау барысында балалар жыл мезгілін табады.

 

 

«Желтоқсан, желтоқ-

сан, желтоқсан», «Тәуелсіздік алған күн»  өлеңдері.

Балалар жұмбақ шешеді. Қолмен көрсетеді. Басын ұстайды. Қолын шапалақтайды.Қардан аққала жасаймыз. Шанамен сырғанап ойнаймыз.Балалардың жауабымен байланыс

-тыра отырып, әңгіме құралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сиқырлы қарды балалар қуанышпен қарсы алады.

 

 

 

 

Сиқырлы қардың өтінішін орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қардан аққала жасап, шанамен сырғанап  ойнаймыз.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: қыс мезгілінің ерекшеліктерін білу.

Игеру керек: қардан аққала құрастыра білу.

Үйрену керек: сурет бойынша әңгімелей  білуді үйрену.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Манашы орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 санымен таныстыру

 

                                   /панорамалық сабақ/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Джаңабергенова Сұлушаш

Дайындық «Ә» тобы жетекшісі

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     2014-2015 оқу жылы

                          Біз, мектепке барамыз!

 

Мақсаты: балалардың мектепке, білімге деген қызығушылықтарын оятып, сүйіспеншілігін, ынтасын, талабын жетілдіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

 

  Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, ұстаздар. Біз бүгін тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Даярлықпен қоштасуға арналған «Біз, мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Даярлықпен қоштасқалы отырған даярлық «Ә» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

Жүргізуші. Өсті ақыл-ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

Хор: «Әнұран»

Жүргізуші. Айналайын, балалар,

Алда мектеп-ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар, даналар, - деп балалардың тақпақтарына кезек береміз.

1-бала. Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны бөлекше.

Даярлықпен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.

2-бала. Қош, даярлығым,

Ардақтаймын атыңды.

Ізгіліктің боп басы,

Мені мектеп шақырды.

3-бала. Біздер алты жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырды,

Қош бол, даярлығымыз.

Хор: « Біз бақытты балдырған»

4-бала. Даярлығым сүйікті,

Ән салдырды, билетті.

Шынықтырып денеңді,

Шымырлыққа үйретті.

Ән: « Бала тілегі»

5-бала. Әлпештеп бізді баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған.

Естен кетпес үніңіз,

Бізбен өтті әр күніңіз.

Алғысымды айтамын

Сұлушаш апай өзіңе.

Жүргізуші. Балаларымыз көңілді,

Шақырамыз ортаға,

Тойымызға сән беріп,

Дөңгеленсін ортада.

Бүлдіршіндер тобының орындауында «Твист» биі.

Жүргізуші. Бірге болсын ойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

Бүлдіршіндер шаттана,

Ән айтады мақтана.

Келесі кезегімізді ән шашуға береміз.

«Анашым», « Қуыршақ», «Топ-топ балақан» әндерін орындайды.

Жүргізуші. Қандай ғажап күн бүгін,

Күміс күлкі жан-жағың.

Күлімдеген бар бала.

Ортада би билейді.

«Үнді» биі.

 Жүргізуші. Оқисыз, білім аласыз,

Болашақ жолын саласыз.

Даярлықпен қоштасып,

Мектепке  кетіп барасыз, -деп сіздерді қуанышты күндеріңізбен құттықтауға келген Даярлық «А» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.

1-бала. Көк жүзінде самғаңдар,

Мұхиттарды жалғаңдар,

Күллі әлемді шарлаңдар,

Ғарышқа да самғаңдар.

2-бала. Мектепке енді барыңдар,

Үлгілі бала болыңдар.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік алыңдар.

« Қара жорға» биі.

Жүргізуші. Шалқытып шат өмірде,

Таң-тамаша  жасайық,

Салтанатты көңілде,

Қане, биге басайық.

« Өзбек» биі.

Жүргізуші. Сіз балауса баласыз.

Жетіліп ой-санаңыз.

Мектепке кетіп барасыз,

Бал күндерді қиялдап,

Сағынармыз әлі-ақ біз.

Жүргізуші. Міне, бүлдіршіндермен қоштасатын сәт те келіп жетті. Сіздерге сәт сапар тілей отырып, сөз кезегін ата- аналарға, ұстаздарға  береміз.

Жүргізуші. Өткізіп қызық күндерді.

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын.

Құтты болсын тойларың!

Сәтті болсын жолдарың!

Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім,

Ерекше қызыық тілдерің.

Естен кетпес үндерің.

Сүйікті бала балғын шақ,

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

Біз сіздерге тілейміз,

Сәтті-сапар ақ жолды!

Бүгінгі ертеңгілігіміз осымен аяқталды қош сау болыңыздар !

 

 

 

«Манашы орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Біз, мектепке барамыз!

 

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Джаңабергенова Сұлушаш

Дайындық «Ә» тобы жетекшісі

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     2012-2013 оқу жылы

 

                         Біз, мектепке барамыз!

 

Мақсаты: балалардың мектепке, білімге деген қызығушылықтарын оятып, сүйіспеншілігін, ынтасын, талабын жетілдіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

 

  Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, бүліршіндер, бүгін ерекше күн, өйткені бүгін біз даярлықпен қоштасып, 1-сыныпқа барғалы отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

- Балалардың даярлықпен қоштасуына арналған ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер!

Жаттатып ән мен өлеңін,

Шат күндер өтіп жатса да,

Кетесің енді бөбегім,

Қош айтып  даярлығыңа.

Даярлық «Ә» тобының бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

( әр баланың ерекшелігін айта отырып, оларды ортаға шақыру).

Құттықтау сөз мектеп басшысына беріледі.

«Қоштасу вальсі» биі.

1-бала. Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,

   Біздер үшін өмірдегі аштың талай жұмбақты.

  Құшақ жайып қарсы алады сіздерді,

 Шәкірттерің қылықтары тым тәтті.

2-бала. Кеше ған мектеп есігінен аттаған,

Біріншіге бармын деп құлшынады шат балаң.

Қараңдаршы жүздері нұр, күлімдейді өрендер,

«Манашыдай» мейірімді мектебіміз баптаған.

3-бала. Той деп бүгін көңіл шіркін арнасынан тасады,

Ән мене күй қуаныштың құиясын ашады,

Той деп келген қонақтарға айтарымыз мың алғыс,

Ақ жаулықты әжелерім той шашуын шашады.

Әже сөзі. Ақ сандықты ашайық,

Тойға шашу шашайық,

Бұл мереке, бұлтойдың,

Бастаңғысын жасайық.

( әже шашуын шашып, балаларға батасын береді)

Жүргізуші. Көріп тұрмын түлектерді қаншама,

Жақсы ниет білдірейін баршаңа.

Өрендерім өлең айтып, би билеп,

Өнерлерін алсын бүгін ортаға.

« Біз мектепке барамыз» әні.

« Гүлдер» биі.

Жүргізуші. Балалар, осы әуеде біздің топқа қарай бірдеңе ұшып келе жатқан сияқты, бұл не болды екен ? ( шарды ұстап алып, қағазда жазылған сөздерді оқиды)

Балалар, сендерге « Білімпаз ата» мына әуе шары арқылы мектепке дайындықтарыңды білу үшін тапсырмалар беріп жіберіпті,  орындауға дайынбыз ба?

1-тапсырма:Бір дегенім- білім,

Екі дегенім- елім,

Үш дегенім- үскі,

Төрт дегенім- төсек,

Бес дегенім- бесік,

Алты дегенім- асық,

Жеті дегенім- желке,

Сегіз дегенім- серке.

 Тоғыз дегенім- торқа,

Он дегенім – оймақ,

Он бір қара жұмбақ.

Бас бармағым- әкем,

Балаң үйрек- анам,

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек- апам,

Кішкене бөбек – мен,

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

2-тапсырма: Кім жаңылтпаш айтып бере алады?

3-тапсырма: Жұмбақтың шешуін кім табады?

1.      Ортасында ішегі бар,

Жіп-жіңішке денесі бар. ( қарындаш)

2.      Мұз айдында екі бала,

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай үш бала,

Жағалауда тұр қарап,

Барлығы қанша бала? ( 5)

4-бала. Алты жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-ананы,

Біріншіге барамыз.

5-бала. Өзіңнен көп дос таптым,

Бауыр бас бастаппын,

Апайларым мейірбан,

Келмей тұр енді қоштасқым.

6-бала. Біз балауса баламыз,

Жетілді ой-санамыз,

Даярлықпен қоштасып

Біріншіге барамыз.

« Жас дәуірдің түлегіміз» әні.

Ойын: « Кім жылдам?»  ( ата-аналар балаларын мектепке кешіктірмей апаруға қаншалықты дайын екенін көрсету)

7-бала. Мектепті жүрмін сағалап,

Қашан мен де барамын?

Сөмкені қойдым дайындап,

Жолын қуып ағаның.

8-бала. Армысыздар,халайық,

Бүгінгі той көрікті.

Құттықтауға сендерді,

Болашақ түлек келіпті.

9-бала. Біздің елдей көркем  ел,

Табылмайды іздесең,

Ән айтамыз, туған ел,

Жүрегімді бірге сен.

10-бала. Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл-қызын,

Анамызды ерекше,

Қуантамыз біз бүгін.

11-бала. Қандай ғажап күн бүгін,

Күміс күлкі жан-жағың.

Көрдің бе дос-құрбыңды

Қолға портфель алғанын.

12-бала. Бал күлкілі баламыз,

Оттай лаулап жанамыз.

Бейбіт таңда бас қосып,  Би билеп, ән саламыз.

13-бала. Қуанамыз, сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін,

Даярлықпен  қимай  біз.

Қоштасатын күн бүгін.

14- бала. Қызық  күндер өткіздік,

Даярлықтың тобында,

Көп оқыдық, көп білдік,

Ел мен  Отан жайында.

« Біз өмірдің гүліміз» әні.

Жүргізуші. Өсті ақыл, ойларың,

Өсті, міне, бойларың,

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

 Қорытындылау. Ата-аналарға сөз кезегін беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Тәрбие  отбасынан басталады

 Тәрбиенің тал бесігі отбасынан бастау алып, ізгілік пен парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал. Елбасымыз  болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бере отырып, олардың ертеңіне  үміт артып отыр.  «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп ұлы жазушымыз М. Әуезов айтқандай,

 « Тәрбие тал  бесіктен басталады». Бала туған күннен бстап-ақ, әрбір ата-ана баласының  тәрбиешісі, әрі ұстазы  болады. Ол бала өмірінің бірінші күнінен басталады. Нәресте   құндақта жатқанда-ақ, ол ата-анасының жылуын сезінуі керек. Бала өзінің туғандарынан сүйіспеншілік алса, олардың әрқашан  жылы жүздерін көрсе, ата-ананың бір-біріне деген  жылы қарым-қатынасын сезсе, бала да сол қасиетті  бойына   сіңіріп өседі. Әрбір отбасы үшін өзінің жанұясы қымбат.  Осы жанұяда бір-бірімен сөйлесу қарым-қатынасы, үлкендердің отбасындағы көңіл-күйі, айналамен қары-қатынасы, өсіп келе жатқан  балаға көп әсер етеді. Баланың ең жақын адамдармен қарым-қатынасы, бұл өсіп келе жатқан кішкентай адамның  бойында дұрыс адами қасиеттер және дұрыс  мінез қалыптасуы.  Олар айналасындағы мұғалімдерге, үлкен адамдарға еліктейді, сөйтіп олардың дұрыс мінез қалыптасуына көмектеседі. Үлкен адамдармен болу, олардың іс-әрекеттерін  көру аз. Күнделікті олармен қарым-қатынас ең басты істің шешуі. Біз көп түсіндіреміз, үйретеміз бірақ дұрыс тақырып тауып қызықты әңгіме үйретпейміз. Кей кезде кішкентай адам бізді тығырыққа тіреп, өз сұрақтарымен ыңғайсыз жағдайларға қалдырады. Осы кезде дұрыс жауап беру үшін біз әдеби кітаптарға , газет-журналдарға сүйенеміз. Ересек адамдар сұраққа жауап беру үшін қиналмай бала алдында өз абыройын сақтап, дұрыс жауап беруге тырысады. Қиын сұрақтарға жауап бере алмаған жағдайда, балаға сен әлі түсіне алмайсың, мектепке барғанда бәрін білесің, онда мұғалімдер сендерге бәрін айтып береді деп жауаптан қашамыз. Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеу керек. Бірақ тәрбие өте нәзік, әрі машақаты көп жұмыс. Баланың тәрбиелі, білімді, инабатты болғанын кез келген ата-ана қалайды. Кейбір ата-аналар: «қолым тимейді»,

«сосын», «өзі-ақ өскенде адам болады» деп те айтады. Тәрбиенің қиындықтары көп, қиындыққа төзген ата-ана ғана балаға саналы тәрбие бере алады. Сондықтан оның достарын, қайда, кіммен жүргенін, бала немен шұғылданып жүргенін қадағалап отырған жөн. Отбасындағы  өзара қарым-қатынас дұрыс болуы,бала тәрбиесінде ата-ана рөлінің маңызы зор. Ана өз баласының тәрбиешісі ғана емес,отбасының ұйтқысы. Отбасы мүшелерінің  өзара түсінісуінің, бір-біріне кішіпейіл, қамқор қатынасымен қарап, үйде жылылықтың орнығуына  бірден-бір себепкер ана. Парасатқа құрылған « әке-шеше» қатынасы, баланың адамгершілік саналарына жетудегі теңдесі жоқ үлгі-өнеге. Кейбір отбасында барлық жағдай байыппен, ақылмен шешіледі,ал кейбір отбасында жай әңгіменің өзі ұрсумен, балаға дауыс көтерумен шешіледі. Бала жастайынан өте сезімтал келеді. Ересектердің іс-әрекеті, сөзі, араласатын адамдармен қарым-қатынасының  барлығына бала еліктей отырып, бойына сіңіреді. Тәрбие- адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі-отбасы. Қазіргі заманда ата мен әже тәрбиесінің аздығы көп жерлерде сезіліп тұрады. Балабақша жағдайында олқылықтың орнын толтырғанымыз жөн. Бала бақытты болса, ата-ана да бақытты. Ғалым да,  батыр да, жазушы да, бәрі де бүгінгі бүлдіршін балбөбектің арасынан қанат қаға асқарлы асуларға самғайды. Ата-ана үшін бүлдіршін бөбегінің  ержетіп өскенін, үлкен азамат болғанын, соның қуанышы мен бақытын көруден асқан арман болуы мүмкін бе?-деп айтсақ қателеспейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз, мектепке барамыз!

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту, ата-аналармен бірге мерекелік көңіл-күй арқылы оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру. Өз өнерлерін ата-аналарға көрсету. Бүгінгі өтілетін ертеңгілік  арқылы білім-біліктерін, дағдыларын көрсету. Білімге құштар болуға, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жинақтылыққа, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқу, білім жайлы ұлағатты сөздер. «Біз, мектепке барамыз!» тағы да басқа сөздер жазылған плакаттар, суреттер, шарлар, үнтаспа, үлестірмелі әріптер мен сандар.  

1-ші жүргізуші:

Армысыздар көрермендер, әз жандар,

Бармысыздар инемен құдық қазғандар.

Даярлықпен қоштасайық деп шырқайық,

Ал қанекей тойды енді бастайық.

 Мұғалім: Бәрекелді, балалар! Олай болса қалған достарымызды ортаға көрермен ата-аналармен, ұстаздар алдына шақырайық.

2-ші жүргізуші:

Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін,

Мерекең құтты болсын түлектерім.

Қол соғып ортамызға шақырайық,

Бүгінгі кештің шынайы кейіпкерін.

Келеді жаңа ғасыр перзенттері,

Көшбасшы, керемет кемеңгері,

Болашақ президент, министрлер,

Ерен ер, қазағымның төрелері.

1-ші жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

 Мұнда назар салайық,

Бүлдіршіндерді қарсы алып,

Бәріміз қол соғайық.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, қонақтар. Бала біздің  болашағымыз, еліміздің ертеңі, ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын, білім шуағын беру ұстаздың міндеті.  Барлық ғалымның атасы алғаш хаттанытып, сауатымызды ашқан біздің жарқын досымыз даярлықпен қоштасқалы отырмыз.

2-ші жүргізуші: Олай болса «Біз,мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Мұғалім: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің,әр айың,

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын.

1-ші жүргізуші: Өсті міне ойларың,

Өсті міне бойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

Айналайын  балалар,

Алда мектеп-ана бар.

Өздеріңнен  өседі,

Өнерпаздар, даналар.

2-ші жүргізуші: Таңдана бүгін  қараймын,

Құдіретті ғажапқа.

Әр сөзі ұлы Абайдың-деп, бес асылды ортаға шақырайық.

Мұғалім- Жанар

1.      Рақым- Арайлым

2.      Қанағат- Айнұр

3.      Талап- Анар

4.      Терең-ой- Сәлима

5.      Еңбек –Әдемай

Мұғалім – Аружан

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: « Біз мектепке барамыз»

Жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы»- деп кезекті ізеттілік әліппесіне береміз.

1-бала. Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен,

« Ассалаумағалейкум»- деп.

2-бала. Кім кездессе де көшеде,

Таныс емес демеймін,

Аға, тәте, көкеге,

« Сәлеметсіз бе?» - деймін.

Хормен: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Ән: « Топ-топ балақан»

Жүргізуші: Енді балалар өздерін таныстырып өтсін.

1-бала. Баршаңызға иіліп сәлем берем

Мен  Нұрасыл балаңыз ержеткен,

Оқуды да, жазуды тез меңгерген.

42-әріпті жатқа білем.

2-бала. Жақсы әдетті, жақсы істі,

Бойыма әр кез термекпін,

Қиын-ау деп қайспаймын,

Ер мінезді Мейрамбекпін.

3-бала. Бекарыс деген баламын,

Таудай биік талабым,

Жақсы оқып сабақты,

Білімді адам боламын.

4-бала. Отбасының еркелеткен,

Жарқыраған жұлдызымын.

Сабақты жақсы оқитын,

Маржан деген қызыңмын.

5-бала.Ата-ана ардақтаған,

Сәлима атты қызымын,

Әжем мені еркелетіп,

Дейді алтын жүзігім.

6-бала. Ұстаз ұғар қашанда.

Дамуын әр баланың,

Жақсы оқитын сабақты,

Асхат атты баламын.

 Ән: « Біз бақытты балдырған»  

Жүргізуші: Әрі қарай балалар таныстыруын жалғастырады.

7-бала. Ай нұрынан жаралған,

Ай мен күні анамның.

Ақылдысы баланың

Кілең бестік сабағы.

Айнұр деген сұлуың

Мен боламын ағайын.

8-бала. Шәкіртінсіз ұстаз ісі.

Жарқырай ма, жана ма?

Жеті өнерде жеткіліксіз

Жасұлан атты балаңа.

9-бала. Менде есті баламын,

Айтқан тілді аламын,

Жұмсағанға барамын,

Жақсы менің сабағым.

Арайлым деген ару қыз,

Мен боламын ағайын.

10-бала. Суретті шебер саламын.

Есепті де шығарамын,

Білімді де өнерлі.

Нұрдаулет атты баламын.

11-бала. Кең болсыншы еліміздің керегесі,

Тату болсын, болмағай ерегесі,

Таныстырсам мен өзімді ағайын,

Аружанмын ата-әжемнің немересі.

12-бала. Сабақтан еш қалмаған,

Ерінбей оқып талмаған,

Баламын дейді үлгілі,

Мейірбек атты бір балаң.

Би: «Үнді биі».

13-бала. Әріпті жатқа білем бүгінде,

Өз  бетіммен оқи аламын ертегі.

Танысыңыз әдепті қыз

Әдемай мен боламын,елімііздің ертеңі.

14-бала. Сағыныш менің есімім,

Жақсылардың досымын,

Топтан озып бәйге алу,

Алғақойған шешімім.

15-бала. Анар деген қызбын мен,

Жанарынан күн күлген,

Оқу оқып мектепте,

Жайраң қағып жүрмін мен.

16-бала. Бектұр деген баламын,

Таудай биік талабым,

Бестіктермен басталар,

Ең алғашқы қадамым

Би: «Қамажай».

17-бала. Жандарбек деген ұл едім,

Білім алып түледім,

Сабағымнана бес алып,

Озат болып жүремін.

18-бала. Жалықпай оқыдыым,

Көңілге тоқыдым,

Нұртаспын ақылды,

Кітаптың досымын.

Жұргізуші. Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер баласын.

Ән: «Ана туралы»

 

Жүргізуші. Оқу білім ордасы,

Ұстаз оның арнасы,

Ұстаздық деген ұлы іс,

 Адамдықтың айнасы-деп әрі қарай тақпағымызды жалғастырамыз.

1-бала. Шәкірттерің сізді айтып мақтанды,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлібиіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

2-бала. Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ақындармен, ғалымдардың.

Өмірде сенің алар орыныңа,

 Бәрі де жеткізе алмас бағаларын.

3-бала. Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны,

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

4-бала. Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі,

Даярлықта білім алған өзіңнен,

Барлық шәкірт саған басын иеді.

5-бала. Ең алғаш қолға алған сауат ашуды,

Қызығып қарай бердім әріптерді,

Мен  үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың.

Ұстазым кілтін маған алып берді.

6-бала. А-ны айтқанда дауысым дірілдеді.

Ұстазым көз алдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын, айырып буынды енді.

7-бала. Әр күнім алып келер жаңалықты,

Тоқимын оқып білім, жаңа әріпті,

Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,

Жадымда сағат сайын жаңарыпты.

Ән: «Қошақаным»

Жүргізуші: жырын жаттап саламыз,

Жалықпастан қыс, жазы,

Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастап көп елге,

Кел балалар оқылық,

Деген сөзін көңілге

 Ықыласпен  тоқылық,-деп әрі қарай тақпағымызды жалғастырамыз.

          Білуге құштармыз

1-бала. Білуге құштармыз

Қаламды ұстармыз,

Ұшатын ұядан,

Балапан құстармыз,

2-бала. Тезірек өсеміз.

Сөйлеуге шешенбіз.

Жұмбақты жасырып,

Шешуін табамыз,

3-бала.Айтқанды тыңдаймыз,

Отырып ойнаймыз.

Ойыншық шашылған,

Орынды жинаймыз.

4-бала.Өлеңді айтамыз,

Домбыра тартамыз,

Тәртіпті баламыз

Көңілді ортамыз.

Жүргізуші. Жақсы  білім көрімдік,

Болсын бізге халайық,

Не үйрендік, не білдік?

Қане ортаға салайық.

Санамақ

Цифрлар неге ұқсайды?

Аспандағы ай,

Цифрға ұқсас қой?

Толған кезде ол,

Аумай қалған “нөл”  0

Бірге ұқсайтын бұл не?

Ол қәдімгі ине,

Сабақтан жіп іл де,

Қада онымен түйме. 1

Айдын көлдің бетінде,

Мойынын иіп жүзгенде,

«Аққу» ма бұл, «екі» ме?-

Деп қаламыз біз кейде. 2

Ат жеккенде арбаға,

Тәртеге байлар бар доға.

Екі доға түйіскен,

Қара аумай тұр «үштен» 3

Ұқсастығын табады,

Зер салғандар мынаған,

Тура «төрт» боп қалады. 4

 «Бес» жасағың барма

Онда орақты ал да,

Сабына оның жалға,

Көлденең қойып балға. 5

Есікке салар іліп,

Мынау деген құлып

Аузы ашылған қалпы

Айнымаған «алты». 6

 Жазда шөпті шабар,

Қыста тыным табар,

Шалғы бар әр үйде.

« Жетіге» ұқсас бәрі де. 7

Мынау жатқан қайшы,

Ал «сегіз» саны қайсы,

Оның екі көзі,

« Сегіз» санының өзі. 8

Акробат қыз мықты,

Сахнаға шықты.

Бүктеліп белі қайысты,

« Тоғыз» болып майысты. 9

Күн суықта қолға ап,

Киіп алып қолғап,

Жаурамайды енді,

Он саусағым оймақ.

 

Жүргізуші. Кел балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық,

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

Ойын: « Шар жару»

Жүргізуші. Кеше ғана қадам басқан мектебің.

Білім берді санаң өсіп  көктедің.

Бойыңда өсті, ойың да өсті қарашы,

Осы емеспе бір белеске жеткенің.

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады,

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы,- деп құпия хаттарға жауап беру бөлімінде бала тәрбиесіне отбасында, білім беруде хаттар сырына  сыр шертуге өз ойларын білдіреді.

Жүргізуші. Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімдері әулеттерге таралар,

Сондықтан ырым етіп ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

Шаттыққа толы жанары,

Сыйлайды нені кім білсін

Мектепке кетіп барады.

Талабы таудай бүлдіршін,

Көрініс: « Мақта қыз бен мысық»

Жүргізуші. Үйреткені адалдық.

Ұсынғаны адамдық.

Текті мінез даналық.

Бар ұстазға тілеймін.

Сабаққа мойын бұрамыз.

Елтаңба деп тұрамыз.

Әнұран боп асқақтап,

Біздің елдің рәміз.

Хор: « Менің Қазақстаным»

Осымен бүгінгі «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қатысқандарыңыз үшін көп рақмет, қош сау болыңыздар.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "7 санымен таныстыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Білім беру саласы: « Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: математика

Мақсаты: 6 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды пысқтау. 7 саны таңбасымен,оның құрылымымен таныстыру. Әрбір санның алдындағы және сан қатарларын атай білуге және апта күндерін атауға үйрету, геометриалық пішіндері салыстыру арқылы есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Санамақтар айту, жұмбақтар шештіру, логикалық есептер шығару арқылы білім деңгейін арттыру.

Дамытушылығы: балалардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын байланыстырып сөйлеулерін дамыту.

Тәрбиелігі: бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе сандар, геометриалық пішіндер, суреттер.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, топтастыру, ойындар.

Қостілділік:бір-один, екі- два,үш- три, төрт- четыре, бес- пять, алты- шесть, жеті-семь.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 556 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2015 2796
    • DOCX 58.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джанабергенова Сулушаш Ембергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2868
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе