Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 7 санын қосу кестесін және азайтудың сәйкес
жағдайын қарапайым өрнектер, есептеулер арқылы тиянақтауға машықтандыру;
Дамытушылық: Бір амалмен шығарылатын есептерді салыстырып, логикалық
ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды бүгінгі өмір талабына сай рухта
ұйымшылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ат-ойыншық, слайдтар, суреттер;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу;
-Түгендеу;
-Оқу құралдарын даярлау;
-Сынып оқушылары мен сынып бөлмесінің сабаққа әзірлігін
тексеру;
-Оқушыларды тынышталдырып назарларын сабаққа
аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен сабақты еске түсіру.
-Өткен сабақта қандай санды өттік?
-Жұмбақ есеп жасыру;
Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің,
Неше болды қане, бол,
Санап шығар кім бұрын.
(Шешуі:6)
- «Кім жылдам?»-ойыны.
3+3=6
6-3=3 10-4=6
8-6=2
9-3=6 2+4=6
7-6=1
1+5=6 6-2=4
Үй тапсырмасын қорыту;
Үй тапсырмасын бағалау;
ІІІ.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақ ерекше болмақ, өйткені, бүгін, біз жеті (7)
ата ауылына саяхат жасаймыз.
Оқушыларға 7 атаны айтқызу. (Әке, бала, немере, шөбере,
шөпшек, немене, туажат).
Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық.Бұрын
ата-бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені
пайдаланған?
-Атты, түйені.( сиырды).
-Сендер осылардың қайсысын қалайсыңдар?
-Атты.
-Жарайды, онда атты жолға әзірлейін.Нелерді үйрендік
қайталап алайық.
Ал, енді жолға шығайық және бәріміз жөнделіп отырайық
(партаға жөнделіп отырады).
1.
«Әке»-ауылының
тапсырмасы.
Қосындының мәнін
тауып 1-ші бағанға, айырманың мәнін тауып 2-ші бағанға орналастыру
керек.(дәптерлеріне 2 баған түрінде жаздыру).
+7 -7
0+7=7 7-7=0
1+7=8
8-7=1
2+7=9
9-7=2
3+7=10 10-7=3
-Балалар, венн
диаграммасына назар аударайық.
-Бірінші бағанда ненің
мәнін таптық.
....Қосындының.
-Мәндерін атайық.
....7,8,9,10.
-Қанша өрнек құруға
болады екен?
....4 өрнек.
Айырманы да
осылай түсіндіремін. Ортақ
екеуінің атауы да өрнек екендігін пысықтаймын.
2.
«Бала»-ауылы.
Сергііту сәті:
1,2,3,4,5,6,7 орныңнан
тұр,
7,6,5,4,3,2,1 орныңа
отыр.
3. «Немере»-ауылының
тапсырмасы:
Мына
кесінділердің ұзындықтарын өлше де сыз.
Көк және қызыл
кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының
қосындыларымен салыстыр.
. 9
см
7
см 3
см
9 см-7 см
немесе 9 см-7 см < 7 см+3
см
7 см+3
см
2 см < 10 см
4.«Шөбере»-ауылы.
Суретте:
Үлкен қасық-10 ? артық
Кіші
қасық-7
10-7=3
Жауабы: 3
үлкен қасық артық.
5. «Шөпшек»-ауылы.
-7 санына байланысты 7
санының қасиеттілігі жайында түсіндіру.
(7 күн, 7 қат аспан,
7 түс, 7 жоқ, 7 қазына)
-Аналарымыз қорыққанда,
қуанғанда не пісіріп таратады.
....жеті шелпек,
жеті күлше.
-Жеті лақ ертегісі айту.
-7-ге дейін тура және
кері санату.
6. «Немене»-ауылы
ауызша
9-3 9-4
Азайғыштарды
салыстыр.Азайтқыштарды салыстыр.Осыған ұқсас азайтқышы 9 болатын тағы бірнеше
айырма жаз.Айырмалардың мәндерін салыстыр.
9-3=6 9-4=5
9-9=0 10-9=1
6>5 0<1
7. «Туажат»-ауылы.
7 санының құрамын
ажыратып, тапсырманы орындау
7=6+1 7=1+6
7=5+2 7=2+5
7=4+3 7=3+4
«Көршісін тап»-ойыны
Енді сыныпқа қайтайық.
Қорытынды:
-Міне,балалар
саяхатқа барлығымыз да жақсы қатыстық.Жеті ауылдағы адамдар сендердің
білімдеріңе риза болды.
Бүгін 7 атамен
таныса отырып, математикадан алған білімдерімізді қайталадық.
Аталарымыз:
«Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер»-деген ата-бабасын білген оқушы өскенде туған туысына
мейірімді, жақсы азамат болып өседі екен.
Үйге тапсырма:109-бет №5
Бағалау:Оқушылардың білімдерін
бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.