Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / 7 санының қасиеті ғылыми жоба
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

7 санының қасиеті ғылыми жоба

библиотека
материалов









Мазмұны:

Кіріспе.........................................................................................................3

Негізгі бөлім............................................................................................... 5


2.1 Сандар қалай пайда болды және сандардың таңбалануы..................5


2. 2 7 саны - қасиетті сан...........................................................................10


2. 3 7 санын қосып, азайтуға арналған ойындар.....................................18


Қорытынды...............................................................................................20

Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................22

















Аннотация

45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы «7 санының қасиеті» атты ғылыми зерттеуі қазақ халқының салт-дәстүрінде, ырымында жиі қолданылатын 7 санының қасиетін тереңірек ашуға арналған.

Зерттеу жұмысының мақсаты: 7 санының өзіндік ерекшеліктерін, қазақ халқының сеніміндегі қасиеттерін ашу, тереңірек танып-білу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: 7 санының қасиетін тереңірек аша отырып, соған қатысты есептерді өмірде, яғни сабақ барысында қолдансақ және оқушыларға шығаруға ұсынсақ, онда зерттеуге нәтиже береді. Есептердің тиімділігінде осы есептерді шығаруда оқушының қызығып, белсенді орындауын арттырады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: 7 санының қасиеті кеңінен қарастырылып, өзіндік қасиеттерінің сыры ашылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижесінде алынған материалдарды бастауыш сынып таңдау курстарында, математика сабақтарында, әдіс-тәсілдердің ойын элементтері ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

- Жұмыста 7 санын әртүрлі тәсілмен қосып, азайтудың ең қызықты және тиімді жолымен орындалу түрін, ұлттық дүниетанымына негізделе отырып көрсетілді.

- 7 санын әртүрлі тәсілмен қосып, азайтуда “Сиқырлы математика” кітапшасын пайдаланып, жарыққа шығару;

- 7 санына қатысты ұғымдардан ойын түрлері көрсетілді.

Жұмыстың орындалу әдістері. Дербес ақпараттармен танысу, жинақтау, жүйелеу, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, педагогикалық-психологиялық еңбектерді талдау, іріктеу, тұжырымдау.





Аннотация

Научное исследование ученика 4 класса школы-гимназии №45 «Ақ Орда» на тему: «Свойства числа 7» нецелена глубже раскрыть свойства числа 7, которое часто используется в обычаях и традициях казахского народа.

Цель исследовательской работы:

Глубже расрыть и познать свойство и своеобразные особенности числа 7, которые существует в поверьях казахского народа.

Научная гипотеза исследовательской работы:

Глубже раскрывая свойства числа 7, исползовать в ходе урока и в жизни задачи, связанные с этим числам. Предлагать их решить учащимся. Это позволит увидеть результаты исследования.

Решение этих задач повышает интерес и активное участие учащихся. Теоретическая значимость исследования: широко рассмотрены свойства числа 7 и раскрыты своеобразные качества.

Практическая значимость исследования: материалы, полученные в результате исследования, можно использовать на курсах начальных классов по выбору, на уроках математики, в качестве игровых элементов, методов и способов.

Индивидуальные результаты исследования: в работе показана форма выполнения сложения и вычитания числа 7 разными способами самым интересным и эффективным путем, основываясь на национальное миро познание.

  • Использовать и опубликовать книгу «Волшебная математика»;

  • Показаны виды игр относительно числа 7.

Методы выполнения работы: ознокомиться с фактами, обобщить, систематизировать, сравнительный анализ, результаты, анализ педагогических и психологических работ, отбор, заключения.














Кіріспе


«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарғанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.

Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.

Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымның бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.

Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады. Киелі сандар сияқты жай сандардың да ең маңыздысын, ең қызықтысын қатар қоя отырып, шешілмеген проблемаларды көрсеттік.

Бізді жан – жақтан сандар қоршайды. Олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар арқылы санап қана қоймаймыз, біз олармен санаймыз. Сандарсыз біз уақытты да, күнді де белгілей алмас едік, сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз, өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да қанша қажет екені туралы да айта алмаймыз.

Сондықтан сандарды ойлап табу қажет болды. Олардың шығу тарихы өте шытырман және біз қазіргі кезде пайдаланып жүрген қарапайым жүйеге келу үшін адамдарға біршама ұзақ уақыт қажет болды.

Қазір сандар бізге барлық жерде және әрқашан қажет. Біздің әлем сандарсыз қалай болар еді, соны көзіңізге елестетіп көріңізші..

Зерттеудің мақсаты:

Жобадағы мақсат: қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ереше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту.

Аталған мақсатымызға жету үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:

- 7 санының қасиетін анықтау және 7 санының басқа сандардан ерекшеленетінің анықтау;

- 7 санына қатысты ұғымдарға тоқталу;

- осы математика сабағында қалай пайдалансақ болады? – деген сұраққа жауап іздеу.







Негізгі бөлім


2.1 Сандар қалай пайда болды және сандардың таңбалануы


Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап-ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді. Міне, біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7 саны және оның қасиеті.

Тіпті, адам баласы дүниеге келген әртүрлі таңбалардан бұрын, сандарды меңгерместен-ақ, сөздердің мағаналарын халықтың сөздік қорларынан жиі аңғарамыз. Сан, санау әдістері әуелде әртүрлі жолдармен дамығанын да байқаймыз. Мысалы, Египет, Вавилон, Грек тілдеріндегі сандық таңбалау әдістерінен-ақ көреміз. Көне американ үндістерінің санау жолдары осы соқпақты бастан кешірген. Олар сандарды ертедегі шумерлер сияқты көрсеткен. Мысалы американдық үндістердің ер адамдары аң аулауға, ұзақ сапарға кеткенде, үйлерінде қалған әйелдері үй иесінің оралу уақытын түрлі- түсті жіптермен немесе жіптен түйін түйіп белгілеп отырған. Түске боялған жіптер адамның көңіл- күйін білдіріп, белгілі ұғымдарды берген. Қара бояу – қайғы – қасірет, ақ бояу-бейбітшілікті, ал сары бояу – алтын, күн ұғымын білдірген.

Осындай санау әдістерінің бірі орыс халқының «бирка» деген борышты өтейтін белгілерінен де көруге болады. Егер еңбек адамы жер мен дін иелеріне берешек болса, онда ағашқа кертіп, оны екіге бөліп отырған. Салық жинаушымен есептескенде, осы екі ағашты беттестіріп, тексеріп отырған екен. Бұл әдіс – хат танымайтын адамдар үшін ойлап тапқан сандық таңбалардың бірі деуге болады.

Түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенегенін білеміз. Көне түркілер әуелде табиғи сандарды меңгеруді басқа халықтар сияқты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырып, олардың бізге жеткен, халық педагогикасынан-ақ байқаймыз. Мысалы: Ай, Күн-біреу өзі де біреу. Осы бір санының сөздік баламалары-жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдіреді. Енді, адамдар 2 санын меңгере бастады, ал бұл санның баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болса, киім сатып алғанда екі қолға , екі аяққа бір – бір жұптан қолғап пен етік алады.

Адам баласы қоршаған орта, ондағы құбылыстардың мән-мағынасы туралы шындықты өзінің белсенді іс- әрекетінің арқасында, іздеп, зерттеу нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Біз үшін ойын ең маңызды және қызықты іс- әрекеттің бірі. Философиялық сөздікте «Әрекет дегеніміз – түрлі қажеттіліктерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс» деген анықтама берілген. Бала әрекетінің негізгі бір түрі – ойын болып табылады. Бала үшін «ойын» өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, ойыннан оқушылар қарым- қатынасты үйренеді, еңбектің мәнін түсінеді, адамгершілікті игереді.

Мұны атақты педагог А.С. Макаренко «Үлкендердің өмірі үшін – жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету, қандай орын алатын болса, -деп жазады, - ойын балалар өмірінде сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскенде де сондай болады». Тиімді қолданылған ойын элементтнрінің материалы түсіндіруде маңызы зор. Ойынға әдістемелік талаптар қойылуы керек, ол материалды түсіндіруде оқушының интеллектуалдық ойлауын, қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға, сөйтіп ізденіс- танымдық, зерттеушілік бағытын қалыптастыруға мүдделі болуы тиіс.

Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика еді. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол- жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазудың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз- сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды да жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы - үнді халқының бос орын - «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.

Сан есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады. Сандар химия, физика, механика, астрономия және көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.

Пифогордың оқытуы бойынша, заттардың тылсым мәні математикалық абстракциялы әлемді құпия басқарып отыр, онда белгілі бір тәртіп орнатуда. Пифогорлышылардың болжамы бойынша әлемнің барлық заңдылықтары сандармен берілген. Сандар тек заңдылықтар тәртібі емес, олар әлемнің материалдық негізі болып саналады.

Пифогорлықтар өз теорияларындағы үйлесімділікті жоғары бағалаған. Сандар олар үшін бірліктер жиыны деп есептеледі. Бірліктер сандарды құрай отырып, бөлінбейтін нүктелер арқылы дұрыс геометриялық денелер құрайды.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Біз зерттеу жұмысымызды сандардың шығу тарихынан бастаймыз. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болуы керек. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманғы санаудың ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап–ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз «digit - сан» сөзін пайдаланамыз, ол «саусақ» деген ұғымды білдіреді. Біз дене мүшелерінің көмегімен санай аламыз. Жаңа Гвинеядағы Папуа аралдарындағы тайпалар да санаудың кем дегенде 900 әртүрлі жүйесі бар. Көптеген тайпалар саусақтарымен санайды, бірақ ондық жүйені пайдаланбайды. Бір тайпа қол саусақтарынан кейін аяқ башпайларын санайды.

Жүз мыңдаған жылдар бойы адамдарға тек саусақтармен санаудың өзі-ақ жеткілікті болып келді. Бірақ осыдан 6000 жылдай бұрын дүние өзгерді. Таяу Шығыста тұратын халық мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастады да, олар фермерлерге айналды. Мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналыса бастаған адамдар базарда сауда жасауға кірісті. Оларға қолдарында қанша нәрсенің бар екенін, қаншасын сатқанын немесе сатып алғанын нақты білу керек болды, әйтпесе адамдар бірін-бірі алдауы мүмкін еді. Сондықтан фермерлер жазба жасап отырды, ол үшін ағаш таяқтарға немесе сүйектерге кетіктер түсірді немесе жіптерге түйіндер байлады. Иракта өзен балшығының дымқыл кесегіне белгілер жасап отырды. Дымқыл кесек күнге кепкен кезде, ондағы жазбалар ұзақ сақталатын еді.






Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!











Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров448
Номер материала ДБ-086752
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх