Инфоурок›Математика›Другие методич. материалы›"12 САНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ" математика пәнінен 2 сынып
Скрыть
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Самырсын (лат.Abіes), майқарағай — қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасылағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, ішінара тропиктік белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс Тянь-Шаньдатеңіз деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір Самырсыны (A. sіbіrіca) және Ақ қарағай (А. semenovіі) бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұзындығы 4 см-дей. Аналық тұқым бүрі жасыл не қызыл түсті, аталық гүлі масақты, алдыңғы жылғы бұтақтарының ұшында орналасады. Жетілген тұқым бүрлері цилиндр тәрізді, қошқыл не қоңыр түсті, бірінші жылы піседі. Тұқымы төңкерілген жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 8 — 10, ені 8 мм-дей, қанаты болады. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады. Самырсындар — аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек.[1]