Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Конспекты / Математика пәнінен сабақтың тақырыбы: "Санның модулі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Математика пәнінен сабақтың тақырыбы: "Санның модулі"

библиотека
материалов

5

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сайрам ауданы

В.Терешкова атындағы № 86 жалпы орта мектеп

Математика пән мұғалімі: Джубатаев Алмаз Асанович

Cыныбы: 6 ЭС сынып


Сабақ тақырыбы: Cанның модулі.


Сабақ мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастырып, өткен тақырыптар мен жаңа тақырып бойынша байланыс жасап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуін және теориялық алған білімдерін, практика жүзінде ұштастыра білуін қамтамасыз ету,

Білімділік: Оқушыларға санның модулін табуға есептер шығарту арқылы, олардың дұрыс та, шапшаң, тиімді жолмен шығару тәсілдерін қамтамасыз ете отырып, дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық, адамгершілік, ұлттық және эстетикалық тәрбиеге баули отырып, шапшаңдық пен ұқыптылық, ұстамдылыққа тәрбиелей білім беру;

Дамытушылық: Оқушы білімін тақырыпқа сай және оқулықтан тыс қызықты да , тың мәліметтермен, қосымша дидактикалық құралдар, логикалық есептер, карточкалық есептермен қызықтыра отырып, білімдерін артыру, оқушылар арасында бәсекелестік тудырып, осы арқылы білімдерін дамыту;


Сабақтың пәнаралық байланысы: Геометрия, физика, логика, т.б.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ жүйесі.


Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап;


Көрнекіліктер: Қима қағаздар, плакаттар, планшеттер, кеспе қағаздар, т.б.


Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Кезекшіні анықтау;

ә) Оқушыларды түгелдеу;

б) Қатар бойынша оқушыларды нұсқаға бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру;

а) Үйге берілген № 326, 327 есептерді шығару жолдарын тексеріп шығу;

ә) Өткен тақырыптарға арналған тест тапсырмаларын тарату;

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Қысқаша конспект жаздыру;

б) Тақырыпқа берілген есептерді шығару;

в) Сергіту сәті. (логикалық есептер шығару)

ІV. Сабақты бекіту;

а) Сұрақ-жауаптар алу;

ә) Түсінбеген сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздеу;

V. Үйге тапсырма беру;

VІ. Оқушыларды бағалау;


Сабақ барысы: Оқушыларды парта қатары бойынша нұсқаға бөлінеді.

Оқушылармен сәлемдесіп, кезекшіні анықтап, оқушыларды түгендеймін. Үйге берілген № 326, № 327 есептерді тексеріп, түсінбеген, қате шығарған оқушыларға есепті қайта пысықтатамын.


Өткен тақырыптар бойынша тест тапсырмалар үлестіріледі. 5 тест тапсырмасы, 4 жауаптан беріледі. Тест жауабын оқушы жауап берген соң, перфоркарта арқылы тексеріп шығамын.

І нұсқаның тест сұрақтары ІІ нұсқаның тест сұрақтары

1. х-тің мәнін тап: hello_html_1f4677a4.gif

А) х = 6 Ә) х = 2

Б) х = 3 В) х = 4

2. Белгісіз мүшені тап: hello_html_d1d604a.gif

А) х = 2,5 Ә) х = 6

Б) х = 4 В) х = 5

3. Теңдеуді шешіңдер: 2х + 9,8 = 13,6

А) 1,9 Ә) 2,3

Б) 14 В) 4

4. Натурал сандар қатарын көрсетіңдер;

А) 1,2 ; 2,5; 8; 9,1

Ә) - 2,8, 3, 4, 8, 1,9

Б) 8, 9, 12, 16, 23

В) 6, 9, 12, -2,5, - 6

5. 4,3 санының қарама-қарсы санын көрсет;

А) - (- 4,3) Ә) - (+4,3)

Б) - (+2,6) В) 0

1. х-тің мәнін тап: hello_html_m39ff9664.gif

А) х = 5 Ә) х = 2

Б) х = 3 В) х = 4

2. Белгісіз мүшені тап: hello_html_m6f9399f2.gif

А) х = 12 Ә) х = 17

Б) х = 21 В) х = 15

3. Теңдеуді шешіңдер: 4,2х – 6 = 3,66

А) 2,3 Ә) 14

Б) 1,4 В) 1,9

4. Натурал сандар қатарын көрсетіңдер;

А) 1,2 ; 2,5; 8; 9,1

Ә) 8, 9, 12, 16, 23

Б) - 2,8, 3, 4, 8, 1,9

В) 6, 9, 12, -2,5, - 6

5. 3,6 санының қарама-қарсы санын көрсет;

А) - (- 3,6) Ә) 0

Б) - (+3,6) В) - (+3,3)


Жаңа тақырыпты түсіндіремін:

Тұрмыста кейбір шамалардың (ұзындықтың, массаның, температураның) өзгерістерінің сан мәні ғана жазылады.

Модуль латынша modulus – қазақша «мөлшер» деген мағынаны білдіреді. Кейбір жағдайда «модульдің» орнына абсолюттік шама деп те атайды.

Санның модулі дегеніміз координаталық түзудегі санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан (бірлік кесінді есебімен алынған) қашықтығы.

Ара қашықтығы оң санмен немесе нөл санымен жазылатыны белгілі. Онда санның модулі координаталық түзуде берілген санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан қашықтығы болғандықтан, модуль теріс санмен жазылмайды.

Координаталық түзуде 0 санын кескіндейтін нүкте санақ басымен беттеседі. Онда І0І = 0.

Нөл санының модулі 0-ге тең.

Теріс санның модулі оған қарам қарсы санға тең.

Оң санның модулі сол санның өзіне тең.

hello_html_2fa9d5cf.png

ОЕ = ОF. Онда І-3І = 3


Есептер шығару:


334

| 2 | = 2 | 0 | = 0 | - 14 | = 14 | - 0,1 | = 0,1 | -0,4 | = 0,4

| 2,5 | = 2,5 | -5,6 | = 5,6 | -9 | = 9 | 7,1 | = 7,1


335

| - 2 | = | 2 |; | - 21,3 | = | 21,3 |; | - 2 | = | 2 |; | 1/4 | = | -1/4 | | -5/9 | = | 5/9 |

336

С (2,3) Д нүктесі бұдан 1,2 есе артық қашықтықта орналасқан.

| 2,3 | = 2,3 2,3 + 1,2 = 3,5 | - 3,5 | = 3,5|


337

А(7) = | 7 | = 7 В(-4,3)= | - 4,3 | = 4,3 С(0)= | 0 | = 0 Д(-2,9)= | - 2,9 | = 2,9


338

| 18 | = 18 | - 15 | = 15 | - 7,8 | = 7,8 | 16,5 | = 16,5 | 9,2 | = 9,2


339

  1. | х | = 2 hello_html_m37de510f.png

  2. | х | = 1,5 hello_html_m46817a56.png

  3. | х | = 4 hello_html_m550b67fa.png т.с.с.


340

Шешімі бар өрнектер: 2; 3; 7;

Шешімі жоқ өрнектер: 1; 4; 5; 6; 8;


341

1) | -4,2 | + 3 = 4,2 + 3 = 7,2

2) | - 90 | / 15 = 90 / 15 = 6

3) hello_html_e0eef56.gif

4) | -100 | + 5,4 / 3 = 100 + 1,8 = 101,8

5) hello_html_m338bafaa.gif

6) hello_html_m63ad68d5.gif

342

5 л бензин + 3 л керосин массасы – 5,95 кг. 5 л бензин мен 7 л керосиннің массасы 9,15 кг. Бір литр бензин неше кг? 1 литр керосин неше кг?

7 – 3 = 4 4 литр бензиннің айырмашылығын табамыз. Ол үшін 9,15 – 5,95 = 3,2 болады. Енді шыққан санды айырмашылық берген санға бөлеміз.

3,2 / 4 = 0,8

3 * 0,8 = 2,4 5,95 – 2,4 = 3,55 3,55 / 5 = 0,71

Дәлелдеу: 0,71 * 5 = 3,55 0,8 * 7 = 5,6 3,55 + 5,6 = 9,15 кг.

Жауабы: 1 л керосин – 0,8 кг, 1 л бензин – 0,71 кг.


343 Амалдарды орындаңдар.

  1. 7,83 / 0,9 + 2,6 * 0,5 = 8,7 + 1,3 = 10

  2. (5,29 + 123,4*0,05)/1,91 = (5,29 + 6,17) / 1,91 = 11,46 / 1,91 = 6

  3. (72,3 – 45,78 / 3) * 0,25 = (72,3 – 15,26)*0,25 = 57,04*0,25 = 14,26

  4. (9,68 / 1,76*0,7-2,05)/0,6 = (5,5*0,7-2,05)/0,6 = 1,8 / 0,6 = 3





Сергіту сәті.

Логикалық есептер шығару:

hello_html_e42c000.png

Тақтаға суретте көрсетілгендей 6 шарлы парақ ілінеді. Бұл ойында 1-6 цифрларын қолдану арқылы, қай бағытта санаса да, 9 санын шығару керек.



Сабақты бекіту.

Оқушылардың тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

Оқушыларға арналып жасалынған бағалау кестесі бойынша тиісті бағаларын қойып шығамын да, оқушыларды бағалаймын.


Үйге тапсырма:

  1. Оқулық бойынша № 346, № 349 есептерді шығару.

Оқушылармен қоштасу.








hello_html_2168fedc.png














hello_html_7a8dd887.gif


hello_html_5db0c8ee.gif


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров128
Номер материала ДВ-377104
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх