Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / «САПА 2010 -2013» МОНИТОРИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ

«САПА 2010 -2013» МОНИТОРИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:



«САПА 2010 -2013» МОНИТОРИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ



«Жоғары білім сапасы ең жоғары

халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатқан белгілі.

Жалпы орта білім беретін оқу орындары мен жоғары оқу орындарының қазіргі кездегі негізгі ортақ мақсаты - оқушылар мен студенттерге сапалы білім беріп, оларды бәсекеге қабілетті мамандар етіп шығару. Осыған орай еліміздің білім жүйесінде Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы туралы шешімді 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Сөйтіп, Қазақстан Болон үдерісіне 47-ші қатысушы ел болды [2]. Болон үрдісінің қағидаларына сәйкес оқытудың біз үшін жаңа, атап айтсақ кредиттік технологиясы қазіргі кезеңде жоғарғы оқу орындарымен қатар, жалпы орта білім беретін оқу орындарының бейінді сыныптарына да енгізілуде. Яғни, бұрын біз оқушыны сұйықтықпен толтырылатын құтымен салыстырсақ, оқытудың аталмыш технологиясы оны тұталуын күтіп тұрған шырақ ретінде қарастырады. Демек, бұдан былай оқытушының рөлі білім беру емес, білімді қалай алуды үйрету болмақ. Жоғарыда айтылған инновациялық жаңа кредиттік технология Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейдің бейінді сыныптарында тәжірибе ретінде екі жылдан бері нәтижелі жұмыс жасауда.

Яғни білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылып отыр.

Қазақстандағы білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі – шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға, терең сапалы білім беру. Осыған орай, білім сапасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып “Сапа” ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі – стандартқа сәйкестігі, екіншісі – оқушының сұранысын қанағаттандыру.

Сапалы білім беру дегеніміз бұл – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық және практикалық іске, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі кездегі білім беру мекемелеріндегісапа саласындағы басты саясатты төмендегідей топтауға болады - сапаны жоспарлау, сапаны басқару, сапаны қамтамасыз ету және сапаны жақсарту құралдарының көмегімен іске асыру. Білім берудің сапасын зерттеу оны жүзеге асыру үшін жаңа инновациялардың бірі педагогикалық мониторинг жүйесі.

Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйе қызметiнiң нақты нәтижесi мен мақсат арасындағы нормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес, мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге жету жолдарын түзетушi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн керi байланыс.

Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг - қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату. Г.А.Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.

Мониторингтiң педагогика теориясына және практикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болып табылады:

-Педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер;

-Педагогикалық менеджмент;

-Педагогикалық диагностика;

-Педагогикалық тестiлер;

-Бiлiмдегi, тәрбиедегi, дамудағы жеткен жетiстiктер;

-Шығармашылық қабiлет.

Олай болса, мониторинг білім беру сапасын – білім беру жүйесі қызметінің әр түрлі қырларын ашатын көрсеткіштердің жиынтығы, оқушы құзіреттілігін қалаптастыру мен дамытуды қамтамасыз етуші – білім берудің мазмұнының, оқытудың формасы мен әдістерінің, материалдық-техникалық базаның, кадрлық құрамның бір тұтастығын анықтайды [3] .

Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейде тәжірибеге енгізілгелі отырған «САПА 2010 -2013» мониторинг бағдарламасы педагогикалық процестің сапалы, нәтижелі жұмыс жасауына ықпалы зор деп саналып тәжірибеге енгізілуге рұқсат етілді.

«САПА 2010-2013» бағдарламасының мақсаты:

Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейде білім беру процесінің қызметін бағалай отырып, әлеуметтік және жалпы сұраныстарға сәйкес, біліммен қамтамасыз ететін, білім сапасы мониторингісінің жаңа үлгісін сапалы және тұрақты даму механизмін құру.



«САПА 2010-2013» бағдарламасының өзектілігі:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңының» 16 - бабына сәйкес білім беру ұйымдарындағы білім беру процесінің нәтижелілігін бағалау және бүгінгі таңдағы жаңа Қазақстандық білім беру моделіне, сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшудің ықпалын анықтаудағы маңызды құрал болып табылады [4].

Қазақстан Республикасының үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы №213 қаулысымен бекітілген білім беру мониторигісінің жүзеге асырылу ережесі, аймақтардағы білім беру ұйымдарының, оқушылар контингентінің, білім беру процестерінің жүзеге асырылу жағдайларын және нәтижелердің өзгеруі мен жағдайын болжау, бағалау, талдау, жүйелі түрде бақылауды, яғни білім беру мониторингісінің жүзеге асырылуына байланысты ережелерді қамтиды. Білім беру сапа мониторингісінің мақсаты білім беру жүйесінің жағдайы туралы, сандық және сапалық өзгерістері жайлы, білім берудің даму тенденциясын болжау,талдау жүргізу және білім беруді басқару механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.

Осыған байланысты білім беру мониторингісінің жүзеге асырылуының негізгі міндеттері төмендегідей:

  1. Білім беру жағдайы туралы біртұтас ақпаратты қамтамсыз ететін көрсеткіштер кешенін жасап шығу;

  2. Менедежмент саласында тәжірибенің таратылуы және жағымды және жағымсыз тенденцияларды анықтау, білім беру жүйесінің дамуы және оның жағдайы туралы ақпаратты жүйелеу және зерттеу;

  3. Білім беру жүйесіндегі менеджмет жағдайы туралы нақты ақпаратты қамтамасыз ету;

  4. Қазақстандық білім беру моделін енгізу, сапалы басқару шешімдерінің жобасын өңдеп шығару, білім беру жүйесінің дамуының жағдайын болжау мен талдау бойынша ақпараттық қамтамасыз ету.

Менеджменттің бірінші функциясы - білім беру жүйесінің әлеуметтік қызметін қамтамасыз ететін жағдайларын қамтамасыз ету. Екінші функциясы - жүйенің дамуын қамтамасыз ету.

Мониторинг нәтижесінде алынатын ақпаратар келесі сұрақтарға жауап беруі қажет.

  • Басқару концепциясының негізгі ережелеріне жауап беретін, басқару жүйесін құрудағы білім беру мекемесіндегі басқарушының ролі қандай?

  • Білім беру мекемесі басшыларының мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда ұжымдағы лидерлік деңгейі қаншалықты?

  • Әкімшілік қызметкерлердің басқару стилі қандай және гуманистік құндылықтарға қаншалықты сүйенеді?

  • Басшылықтың кадрлық саясаты педагогикалық кәсібін дамыту үшін жағымды жағдайларды қаншалықты қалыптастырады және еңбек мотивациясын қаншалықты деңгейде қолдайды?

  • Білім беру процесінің түрлі аспектілері жайлы ақпараттарды жинау жүйесі қаншалықты деңгейде жүзеге асырылады?

  • Білім беру басшылары білім беру ұйымының даму перспективасын қалай анықтайды және стратегиялық мақсаты мен міндеттері қаншалықты сәйкес келеді?

  • Жылдық жоспар, стратегиялық жоспарлау қалай көрінеді?

Осы сұрақтарды есепке ала отырып білім беру жағдайын, сапасын анықтайтын мәлімет алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштер мен критерилер құрастырылды [5] .

Осы аталған мақсат міндеттерді жүзеге асыру үшін, Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейде «САПА 2010-2013» мониторинг бағдарламасы төменде көрсетілетіндей негізгі 7 бағытта жұмыс жасайды.

Зерттеу объектісі: Мектеп-лицейдің білім беру процесінің жүйесі.

А І. Дидактикалық мониторинг - оқу процесінің барлық сатыларын қадағалау, /білім алушылардың даму деңгейі, үлгерім жағдайы, білім сапасы/;

Б ІІ. Тәрбиелік мониторингтәрбиелік процестің түрлі жақтарын қадағалау,/ тәрбиеліктің деңгейі, сынып ұжымы дамуының деңгейі, әлеуметтілік/;

ВІІІ. Педагогикалық процеске қатысушыларды ынталандыру іс-әрекеті мониторинг - /әкімшілік тарапынан/;

ГІV.Психологиялық-педагогикалық мониторинг –жалпы оқу процесіне қатысушылардың психологиялық жағдайын және жеке қабілеттердің даму деңгейлерін анықтау /МЛ психологы/;

ДV.Медициналық мониторинг - жалпы оқу процесіне қатысушылардың денсаулық динамикасын қадағалау /МЛ медицина қызметкері/;

ЕVІ.Материалдық – техникалық мониторинг - / Пәндік зертханалар,жалпы нәтижелі инфроқұрылымы МЛ жағдайы/

ЖVІІ МЛ менеджмент жүйесінің мониторингісі - / білім беру жүйесін басқаруда сапа менеджментінің жүйесі/ МЛ директоры/


Жалпы айтқанда, жалпы орта білім беретін оқу орындарында педагогикалық үрдіске қатысушылар мен қатар, ата-анамен оқушы сұранысын қанағаттандыру үшін, жүйелі түрде бақылау, талдау жүргізіліп отыру қажет. Яғни, мониторинг жүйесінің барлық ұстанымдары толық орындалған жағдайда ғана білім беру қызметін жаңа сапамен қамтамасыз ету мүмкіндігі туындайды және осы бағытта Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейде іске асырылып жатқан жаңа бастамалар мен өзгерістер бұған  кепілдік бере алады.






Аталған бағыттар бөлімдері бойынша, мектеп –лицейдің білім беру жүйесіне, ата-анамен оқушының сұранысын қанағаттандыруын білу мақсатында, жүргізілетін сауалнама /Қосымша №1/ арқылы, мектеп-лицей жұмысының сапасын анықтауға болады.

Құрметті ата-аналар! Мектеп-лицейдің педагогикалық ұжымы мен әкімшілігі сіздерді мектеп-лицей жұмысының нәтижесін бағалауға ат салысуға шақырады. Осыған орай мына сауалнама сұрақтарына жауап берулеріңізді сұраймыз. Жауаптарыңыз үшін алдына ала рахмет!

Сауалнама сұрақтары

Толық қанағаттанамын

Жалпы алғанда қанағаттанамын

Орташа қанағаттылық

Дегенмен қанағаттанбаймын

Мүлдем қанағат/мын

5

4

3

2

1

Балаңыздың осы мектеп-лицейде оқу себебі

1.

МЛ осы микрауданда тұратындықтан






2.

Білім беру сапасы көңіліңізден шығады






3.

МЛ-дің жұмыс тәртібі ұнайды






4.

МЛ-де қолайлы орта қалыптасқан






5.

Қосымша қызметтердің ауқымдылығы қызықтырады






Сіздің ойыңызша, мектеп өмірінде,оқу -тәрбие процесінде қандай жағдай болмасын өзгермеуі тиіс нәрселер бар ма?

1.

Қалыптасқан оқу-тәрбие процесінің жүйесі






2.

Білім беруді ұйымдастыру жүйесі






3.

Тәрбие жұмысының жүйесі






4.

Оқушы жетістігі туралы ата-аналарды хабардар ету жүйесі






5.

Оқушылардың іс-әрекетін бақылау жүйесі






6.

Оқушыларды мадақтау жүйесі






7.

Оқушыларды жазалау жүйесі






8.

Кадрларды (мұғалімдерді) таңдау жүйесі








  1. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдау, /2010 ж/ Н.Ә.Назарбаев.

  2. www.elmedia.kz/

  3. Республикалық ғылыми – практикалық конференция /Аймақтағы білім берудің сапасын мониторингілеу және бағалау/, 2009ж.

  4. ҚР «Білім туралы Заңы» /2007 ж/

  5. Программа развития образования Карагандинской области на 2009-2010 г.г. Караганда, 2009г.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.10.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров237
Номер материала ДВ-044855
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх