Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Саптық дайындық 10 сынып

Саптық дайындық 10 сынып


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау.

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды саптық тұрысты қабылдау пәрмендерін үйрету.
Уақыты: 45 минут
Өткізілетін орны: 10 сынып, саптық алаң
Көрнекілік құралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы
Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 7 минут
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын қысқаша айтып беріңдер.
- Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?

б) Негізгі бөлім - 25 минут
Саптық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау.
Саптық тұрыс «Саптал» немесе «Тіктел» пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну керек; саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.

«Еркін тұр!» пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.
«Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек, жинақталу бас киімнен басталады.
«Жинақтал!» пәрменінің алдына «Еркін тұр!» пәрмені беріледі.
Бас киімдерді шешу үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендері беріледі. Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.
Қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге», «аяққа» күйінде сол қолмен шешіледі.
Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.
Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға - саптал».
Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.




Автор
Дата добавления 22.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров146
Номер материала ДВ-475644
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх