Инфоурок Начальные классы Конспекты"Құсар-қанатты достар" тәрбие сағаты

"Құсар-қанатты достар" тәрбие сағаты

Скачать материал

Сабақың  тақырыбы: Құстар-қанатты достар.

Мақсаты: 1.Білімділігі:Құстар туралы түсініктерін кеңейту.

2.Дамытушылығы:Оқушылардың дүниетанымын, танымдық белсенділігін,

зейінін,байланыстырып сөйлеулерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа және

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

түрі:жаңа білім беру

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,ойын, тест, видео көру,есте

сақта тапсырма, жұмбақ шешу.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, шар, гүл,

көктем көрінісі.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Құстар –қанатты достар» атты

тәрбиелік шараны баста уға рұқсат етіңіздер .Кәне,көзімізді жұмып отырып,

әдемі бір музыка тыңдайықшы!

Тренинг «Өзіммен өзім»

Үнтаспадан,ормандағы . табиғаттағы құстардың алуан түрлі дыбысы,өзеннің

ағысы естіліп тұрады.

Музыка аяқталған соң оқушыларға сұрақ қойылады.

-Кәне, балалар, біз жаңағы музыкадан нені сезіндік?

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

1-ж .Балалар, біз бүгін табиғаттың бір бөлігі құстар туралы әңгіме қозғаймыз.

Құстар бау-бақшаның сәні, бау-бақшаның емшілері. Олардың сазды әуені

табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл күйіне әсер етеді. Біздің халық

ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең

жақсы көретін адамды құсқа теңеген.

2-ж.Балалар табиғатты құстарсыз елестету мүмкін емес. 287 түрі қызыл

кітапқа енген. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар

табиғат емшілері. Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын

қанаттандырып, жауларынан қорғайды. Құстар табиғатқа сән береді. Жыл

құсы дегеніміз – салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып

келетін құстар.

Хор: Ақ көгершін.

Айгерім.Балалар, біздер жыл сайын 1-сәуір күні құстар мерекесін

тойлаймыз. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз

құстардың қиқуына бөленді.

С.Айгерім. Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл

жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар.

Біреулері ән айтса ,екіншілері –құрылысшы. Құстар сонымен бірге

«дала дәрігері» деп те аталады екен.Құстардың келтіретін пайдасы көп

екен

2-жүргізуші: Ал енді балалар құстар туралы өлеңдер оқысақ қайтеді! Қане

кім оқиды?

Әділет. Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап құттықтап,

Біз оларды қорғаймыз.

Сағынышпен жеткен,

Қуана бер көктем.

Жайнап нұрлы гүлің,

Басқар құстар күнін.

Жандарбек

Ғалымжан. Көкек: Жаршысы көктемнің

«Көкек» дейді мені жұрт

Өз атын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт

Қажымұхан.

Нияз . Қараторғай: Мен қараторғаймын.

Шегірткеден жұртыңды

Қырғи болып қорғаймын.

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын.

Торғай: Мен торғаймын,торғаймын.Көк аспанда шарлаймын

Жерге бетер қонбаймын

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт –құмырсқа,шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

Амандық. Аққу

1-ж. «Аққу» биін тамашалайық.

2-ж.Құстарға арналған халық болжамдарын тыңдайық .

Жібек. 1.Ашаршылық жылдары саятшылар аңдарға бүркіт салып бір

ауылды асырапты .Бүркіт балыққа да түскен.

Айдана. 2.Ауылды жау шапқан кезде ел үдере көшіп кетеді де ,бір кемпір

мен шал жұртта қалып қояды.Себебі шаңырағына қарлығаш ұялаған

екен.Олар балапандардың қанаты қатайып,қауырсыны жетілгенше отырамыз

деп ұйғарады.

Батухан. 3.Ауылға баса көктеп кірген жаудың батыры шаңырақтағы

қарлығаштың ұясын көріп «Бұл қайырымды ел екен»деп бастап келген қолын

кейін қайтарады.

Нұрлан. 4.Бір жылдары Өскемен жерінде жер сілкінгенде, тек қарлығаштар

ұя салған үйлер ғана аман қалыпты.

Нұрдаулет.5 Қорқыт бабамыз алғашқы қобызын қарағайдан ойып шапқанда,

аққуды көзіне елестетіп отырыпты деген сөз бар .Күй тартқанда қобыздың

кейде аққуша сұңқылдайтыны содан болса керек.

6.Жаугершілік заманда кептерлер «пошташы »құстар деп аталған.

7.Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.

1-ж. -Балалар біздің міндетіміз қандай?

-Құстарды қорғау.Әсем

2-ж .Құстардың ұясын бұзып,жұмыртқасын жаруға,жазықсыз

жәбірлеуге,рақымсыздық жасауға,өлтіруге болмайды. Құстарға біз қандай

қамқорлық жасай аламыз?

Оқушылар: ұя салу,қыста жем шашу.

1-ж . -Киелі құстар қай құстар деп ойлайсындар? Аққу, қарлығаш.

Қарлығаш киелі және әулие құсы деп саналған.Олай болса қарлығаш туралы

көріністі тамашалайық.

-Үйдің төрінде ата өзінің немересі мен әңгімелесіп отыр.Саған айтарым,жер

анаңды қадірле.Біздерді паналап ұя салған киелі құстарға қамқор бол.

-Осы кезде айқай –шу естіледі. Айқайлап шапкыншылар кіріп келеді.

-Әскер басы: Ассалаумағалейкум, ақсақал,білек күшімен ауыл адамдарын

түп-түгел қоныс аударттық.Ал, сіздің бұл отырысыңызға жол болсын.

Ата:Қарағым ,шаңырағыма киелі құс қарлығаш ұя салып еді,сол

балапандарын шығарсын,қанаттансын деп тосып отырған жайым бар.Обал

ғой,балапандары әлі сарыуыз,жетілген жоқ.

Әскер басы:Мұныңыз үлкен адамгершілік екен,өмірімде бірінші рет сіздей

дана,мейірімді қамқор адамды кездестіріп отырмын.Басымды иемін.

Құста адамды жағалайды

Санап туған бауырласы

Ұя салып паналайды

Үйдің дала қарлығашы.

Әрқашан да зәру аң-құс

Адамзаттың мейіріне

Адал аппақ пейіліне

Қазақтың абзал ұланы

Болғайсың дала қыраны

Аң-құсты қорғау бабаңның

Емеспе басты ұраны

2-ж.«Тапқыр болсаң ,тауып көр»мақал-мәтелдер сайысына кезек берейік.

1.Құс қанатымен ұшады,құйрығымен қонады.

2.Қыран құс шашып жейді ,қара құс басып жейді.

3.Жарғанатқа жарықтан қараңғы артық.

4.Қарға қарғаның көзін шұқымас.

5.Қыран құс қисық ұшып,түзу ілер.

6.Қаз келсе ,жаз келер

Қарға келсе ,қатқақ келер.

7.Аққу құссыз-көл жетім,айтылмаған сөз жетім.

1-ж.«Кім жылдам ойыны».Оқушыларға белгілі бір құстың суреті беріледі,сол

суретті жылдамдықтарын ,шапшаңдықтарын байқата отырып ,қиылған құс

бейнесін құрастыру.

2-ж.Сен құстарды білесің бе «.Сен құстарды білесің бе»жұмбақтар сайысы.

Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін.

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар?

(Қараторғай)

Маң-маң басқан жүрісі,

Барлық құстың ірісі.

Қашқанда құстай ұшпайды,

Қуғанын бірақ ұстайды.

(Түйеқұс)

Өзі сақ, өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі ала,

Бұл қандай құс?

(Сауысқан)

Дамылсыз барабан қағады

Сол жерден тамағын табады

(Тоқылдақ)

Ұя салып ,балапан баспайды

Өз атын атап қақсайды

(Көкек)

Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,

Қонса көл суы сирақтан келмейді

(Тырна)

Сайыс жеңімпаздарын анықтап,сыйлықтар беру.

1-ж.Ән «Құстар қайтып барады.».

Мұғалім: Міне, құрметті көрермендер осымен

«Құстар – қанатты достар» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Құсар-қанатты достар" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 822 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 7083
    • DOCX 19.1 кбайт
    • 52 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есбергенова Маржан Елюбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есбергенова Маржан Елюбаевна
    Есбергенова Маржан Елюбаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21006
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 611 человек

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе