Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Сараптама жүйесі, жасанды интеллект 11 кл

Сараптама жүйесі, жасанды интеллект 11 кл

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ жоспары: 3 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 11

Сабақтың тақырыбы: Сараптама жүйесі, жасанды интеллект

Сабақтың мақсаты:

Білімділік –

Дамытушылық – Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ 
Көрнекілігі: ДК, дәптерлер, таратпа карточкалар, оқулықтар, нұсқау беру

журналы, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.

Барысы: 
1.Ұйымдастыру 
-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар. 
-Оқушылар назарын сабаққа аудару. 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

    1. Информатика дегеніміз не?

    2. Информатика нені оқытады?

    3. Ақпарат сөзін қалай түсінесіз?

    4. Ақпараттық процесс дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

‘’Сараптамалық жүйе’’ (Экспертная система; expert system) — жасанды интеллект әдістері мен пайдаланушы ұсынатын деректер негізінде жағдайды ұқсастыруға, диагноз қоюға, болжам жасауға, шешімді өзгертуге, әрекетті таңдауға, ұсыныс беруге қабілетті білімдерді қамтитын программалық және аппараттық құралдардың жүйесі.

'Сараптамалық жүйе, әдетте, кейбір пән саласына (мысалы , жүрек-қан тамырлары ауруларына диагноз қою мен емдеудің сараптау жүйесі) бейімделеді және осы саладан білімді алуға, жинақтауға, түзету енгізуге, белгілі білімдерден жаңа білім тудыруға, осы білімдердің негізінде практикалық мәселерді шешу мен шешу барысын түсіндіруге қабілетті болады. Мәліметтер базасы, сақталған деректер, заңдылық пен ережеден басқа сараптамалық жүйеге программа-шешім шығарғыштар, жоспарлау міндетін орындаушылар, мәселе шешуді іздестіру, толық және айқын емес білімдерден логикалық қорытынды шығару механизмі кіреді. Сараптамалық жүйені жасау сараптамалықжүйенің түпнұсқасын — алғашқы нұсқасын даярлаудан басталады. Содан кейін оны ұзақ уақыт көп кезеңді сынақтан өткізіп жетілдіреді. Сараптамалық жүйені программалауға негізінен Лисп,Пролог, Си тілдері қолданылады.

Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. Artificial intelligence, AI) — интеллектуалды компьютерлікбағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.

Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалық жүйе.Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп , оларды компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет. 
Адам іс-әрекетінің негізінде ойлау қабілеті жатады.Адам ойлау процесінің соңғы нәтижесі мақсат деп аталады.Әдетте барлық белгілі фактілерді қолдану ережесі негізінде мақсатқа жетеміз.
 

1-Мысал: 
1-Факт.Жанып тұрған плита-ыстық.
 
1-Ереже.Егер қолыңды жанып тұрған плитаға қойсаң,онда күйіп қалуға болады.
 
2-Мысал:
 
2-Факт.Час пик кезінде көшеде машина көп.
 
2-Ереже.Егер час пик кезінде жолдан өтсең , онда машина астына түсіп қалуға болады.
 
3-Мысал:
 
3а-Факт.Тыныш , қараңғы көше қорқынышты.
 
3б-Факт.Кәрі адамдар әдетте қылмыс жасамайды.
 
3в-Факт.Полиция адамдарды қылмыскерлерден қорғайды.
 
3а-Ережесі.Егер тыныш , қараңғы көшеде кәрі адам кездессе , онда онша қорықпауға болады.
 
3б-Ережесі.Егер тыныш,қараңғы көшеде полицияны көрсеңіз ,онда өзінізді қорғанған адам ретінде сезінуіңізге болады.
 

Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді. 
Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады , оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу ,ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды.
 

Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс- әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді , дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.

Жасанды интеллект облысындағы зерттеудің негізгі бағыттары 
Нейрон тәрізді желілер – робототехникалық қоңдырғыларды басқару жүйесін тұрғызудың тиімді құралы.
 

ЖИ бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын ЭВМ көмегімен семантикаға жүгінуді талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы шығармашылық міндеттерлі шешуге мүмкіндік беретін ғылыми¬ зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізуде.

ЖИ саласында жұмыстың басталуын эектронды есептеуіш машинаның жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісінің қайталауы тиіс болды.
Алпысыншы жылдардың аяғында жасанды интерелектінің міндеттерін әдістемелік шешу өзгерді, яғни адамның ойлау тәсілдері имитациясының орнына адамзат міндеттерін шешуге қабілетті бағдарламалар әзірлеу басталды, бірақ бұл машиналық бағыттаушы әдістердің базасында жүзеге асты.

Бұл кезеңнің сынақ полигоны шешімі қиын түйіндер мен ойындар болды. Бұл шешімдерді іздестірудің тұйықтығымен және шешімді іздестірудің өте күрделі стратегиясын модельдеу мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Сонымен, бір мезгілде жасанды интелектіні жасанды ортадан ақиқатқа алып шығуға талпыныс жасалады. Сыртқы дүниені модельдеу проблемасы пайда болады. Бұл интегралды роботтардың пайда болуына әсерін тигізді. Роботтардың пайда болуы жасанды интелектіге зерттеулердің екінші сатысы деп аталады.
Жетпісінші жылдардың басында жасанды интелектіге символдық тәсіл негізінде нақты пәндік салалар шеңберінде шешімдер жасаудың эвристикалық әдістері негізінде кешенді мүмкіндік беретін адам машина жүйелерін жасау қолға алынды. Сол кезде сараптама жүйелері ерекше қарқынмен дамыды. Сараптама жүйелері әртүрлі салалардан білімді анықтауға, жинауға, түзетуге және осы білімдердің негізінде белгілі бір жағдайларда егер оңтайлы болмағанның өзінде барынша тиімді болып есептелетін шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жасанды интелект пайда болуымен байланысты жаңа ғылыми пән инженерлік білім пайда болды, бұл білімдерді беру және қалыптастыру саласында зерттеулермен, оларды өңдеу және жасанды интелект қолданумен айналысады. Жасады интеллектті зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде.

IV. Бекіту

Өткен тақырыптарды бекіту, оқушылардың ойлау, коммуникативтік қабілеттерін белсендету мақсатымен «Миға шабуыл» стратегиясын  өткізу. 5 минут

- ‘’Сараптамалық жүйе’’ дегеніміз не?

- Сараптамалық жүйені программалауға қандай тілдер жатады?

- Жасанды интеллект дегеніміз не?

- Жасанды интеллектке мысал келтіру

- Жасанды интеллекттің қанша бағыты бар?

- Оларды ата, мыса келтіру т.б.

V.Бағалау

Оқушыларды бағалау

VІ.Үй жұмысы

Тақырыпты оқу. Реферат «Жасанды интеллекттің даму тарихы»







Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Краткое описание документа:

11 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары оқушылардың оқуға деген қызығушылығын оятып Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытады,ой-өрістерің кеңейтеді

Тәрбиелік мәні оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу,Оқушылардың білімге құштарлығын және жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, компьютердің жұмысы туралы білімін арттыру, икем – дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушыларды жауапгершілікке, іскерлікке, білімділікке, тиянақтылыққа, ұйымдаса жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Автор
Дата добавления 26.04.2015
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров4583
Номер материала 254508
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх