Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Конспекты / Сарарқа жазығы " баяндама" (география)

Сарарқа жазығы " баяндама" (география)

  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m1b7e34ac.gifhello_html_m5fdd1c11.gifhello_html_m4541f2eb.gifСарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай,ТорғайСемейПавлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.

Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар ШөжеШашубайДоскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевты да өзінің бел баласы деп есептейді. Өйткені ол жас күнінен бастапТеміртаудағы атақты Қазақстан Магниткасында горновой болып еңбек жолын бастаған. Еліміздің тарихынан орын алған «адамзат ажалының аралындай» КарЛАГ-та жас ғұмырларын «тар жол, тайғақ кешумен» өткізген небір совет және шет елдің жүздеген оқымыстылары, зиялы қауым өкілдері тар қапаста жүрсе де Қарағандыда тұңғыш өнер ошақтарын ашқан «алғашқы қарлығаштар» болып табылады. Бұл өнер қайраткерлерінің артынан ызғарлы, қайғылы сұмдыққа толы жылдары туындаған өнер мұралары қалды. Қазіргі кезде бұл мұралар әлем жұртшылығының қызығушылығын тудырып отыр.

Мазмұны

  [жасыру

Географиясы[өңдеу]

Сарыарқа – «Қазақтың ұсақ шоқысы» (Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы). Батыстан шығысқа дейін ұзындығы 1200 км, оңтүстіктен солтүстікке дейін 950 км. Батыс жағы біршама тегістеу, Ұлытаудың таулы жерлері (1133 м) және Көкшетау үстірті (947 м, Көкше тауы) ерекшеленеді. Шығыс жағы 1403 метрге (Қарқаралы таулары), 1469 метрге (Шыңғыстау жотасы) және 1566 метрге (Ақсораң тауы) биіктеп, шоқылы жер бедерімен айрықшаланады.

Геологиясы[өңдеу]

Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Негізінен метаморфтық және магмалық тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдіктері мен жануарлары[өңдеу]

Сарыарқа жері дала, шөлейт және шөл зоналарына кіреді. КөкшетауАтбасар өңірінде, Есіл өзенінің бойында қара топыракқа тән өсімдік жамылғылары қалыптасқан. Ол жерлерде егіндік өсіріледі. Даланың аласа таулары мен ұсақ шоқыларында шоқ-шоқ қарағай, биші қайыңормандары өседі. Дала зонасының оңтүстігін ала Теңіз бен Сарысу жазықтары, ҰлытауҚарқаралыШыңғыстау бойлары шөлейт зонаға кіреді. Бұл зонаның климаты қуаң, қошқыл қызыл коңыр топырақ жамылғысында жусанды, бетегелі, көделі, боз өсімдіктер жамылғысы таралған. Өзен бойында, тау баурайларында шабындық шалғындар, терек, қайың, карағай, арша, тал өседі. Шөлейт зона мал жайылымына колайлы. Шөл зонасы Ұлытаудың оңтүстігі мен Жезказған маңын, Солтүстік Балқаш жағалауын қамтиды. Мұндағы шөлдің қоңыр топырақ жамылғысында шөл өсімдіктері - тобылғы, қараған, боз, бетеге, ақселеу бұйырғын, қара жусан, көкпек өседі. Жануарлар дүниесі де дала, шөлейт, шөл зоналарының ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Қарағайлы ормандарда бұғыелік кездессе, дала мен шөлейт жерлерді ақбөкен,қасқыртүлкі мекендейді. Көлдерінде құстар көп.

Экономикасы[өңдеу]

Қарағанды облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау - қадау іргелі істердің куәсі боласың. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ ҚоңыратЖезқазғанСемізбұғыӨспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді. Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған.

Қазба байлықтары[өңдеу]

Сарыарқа - пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады. ЖезқазғанҚарсақпай,АтасуСаяқҚоңырат кен орындары мыстемірмарганец кендеріне бай. Жәйремде сирек металл өндіріледі. Осыларды қорытып, байыту мақсатында қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау калаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.

Халқының қоныстануы[өңдеу]

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы 429 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Бұл республикадағы ең үлкен аймақ. Әкімшілік-аумақтық құрылым өзгертілгеннен кейін, бұл аумақта 9 селолық аудан мен 11 қала, 39 жұмысшы кенті мен 171 селолық округ болды. Халық саны 1 миллион 700 мыңнан асты, яғни республика халқының 10 пайызын құрайды.

Дәстүрлі шаруашылығы[өңдеу]


Дәстүрлі шаруашылығыө егіншілік болып келеді. Онда көптеген егіншілік орындар орналасқан.

Тарихы[өңдеу]

Ежелгі заман[өңдеу]

Батысы Торғай ойпатына тіреліп, шығысы Қара Ертіске еңкейіп барып тоқтайтын, түстігін Балқаштың көгілдір толқындары шайып жатса, терістігі көк Есілмен көмкерілген ұлан-ғайыр Сарыарқа сан ғасырлардан бері қазақ деген бұла халықтың құтты қонысы болып келеді. Тарихқа жүгінсек, осынау далада адамзат дамуының ұлы көшіне ықпалын тигізген талай оқиғалар мен құбылыстардың өткенінен куә боламыз.

Орталық Азияға, соның ішінде Сарыарқа жеріне, адам баласының қоныстана бастағаны шамамен 1,5-1 млн. жылдар бұрын болған. Ең көне ескерткіштер: адамдардың тұрақ қоныстары, тас қару-жарақтары, жартасқа қашап салған суреттері осы межені көрсетеді.Балқаш көлінің солтүстік жағасы, Бетпақ шөлінен бері қарайғы аймақ ҚарқаралыБұғылы мен Тағылы, Нұра-Сарысудың бойы, одан әрі Баянауылға, тіпті Көкшетауға дейінгі Сарыарқаның тұла бойы тас ғасырының айғақтарына толы.


Ортаңғы қола дәуірінің қыш бұйымдары

Ежелгі палеолиттің адамдары Орталық Қазақстан өңірінде, байтақ жатқан Сарыарқада шель-ашель дәуірінің соңын ала пайда болды. Оның археологиялық айғақтары Қарағанды облысының ОбалысайМұзбел,ТалдысайЖаман АйбатҚосмола Қызылжар деп аталатын жерлерден табылған. Көптеген зерттеушілеріміз бұл айғақтарды осыдан 100-40 мың жыл бұрынғы орталық палеолит немесе мустьер дәуірінің адамдары тұтынған дейді. Ғалым тілінде неандерталь адамы деп аталатын адамдар. Археологиялық ескерткіштер Орталық Қазақстан жерін, соның ішінде Қарағанды аймағын палеолит дәуірінде-ақ адам мекен еткеннін аңғартады. Олар аң, балық аулап, қоректік өсімдіктермен күнелткен. Садақ пен жебені, сондай-ақ найзаны қолданған. Неолит дәуірінде егіншілік негіздері пайда болған. Бұл кезеңнің жұрты Бұқпа өзені бойынан, кейінгі неолит қоныстары. Зеленая Балка (қазіргі Доскей ауылы) тұрағынан табылды. Қола дәуірінде аймақтың ежелгі халқы негізінен мал бағумен айналысқан, егін де салған. Бұл Суықбұлақ (Қарқаралы) қонысы мен ежелгі жер суару жүйесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан көрінеді. Б. э. д. II-ші мыңжылдықтың басында Сарыарқаны қоныстанған тайпалар ішінде металлургиямен айналысатындары шықты. Жер бетіне жақын орналасқан түсті металдың бай қоры – алтын, мыс, қалайы адам қаракетіне жарады. Орталық Қазақстанда қола өндірісі өмірге келді. Қазақстан тарихының б. э. д. II-ші мыңжылдығын қола дәуірі деп атау тікелей осыған байланысты. Ол дәуірдегі адамдардың тіршілік салтын комплексті деп атауға дәл келеді, себебі бір жерде мал шаруашылығы да, егіншілігі де, сонымен бірге кен өндірісі де қатар дамыды. Бегазы (Ақтоғай ауданы), Дәндібай (Топар поселкесінің маңайы) зираттық кешендер атымен аталған, б. з. б. X–VIII ғасырларда осы күнгі облыс жерінде бірегей Бегазы–Дәндібай мәдениеті өркендеген. Малшылықпен қатар бұл өңірде кен қазу және металл қорыту тайпалардың өндіргіш күштерін дамытуда аса маңызды роль атқарды. Жалпы Бегазы – Дәндібай заманындағы тайпалар мәдениетінің басты ерекшілігі ескі қола мәдениетінің түрлері құлпыра өзгеріп, соның негізінде оған ешбір ұқсамайтын мәдениет қалыптасқан. Қазақ халқы ертеде көшпелі өмір сүрген. Орта жүз қазақ рулары қыста Сырдарияның арғы жағасында өткізсе, жаз жайлауға Сарыарқа деп, аңсап-сағынып Орталық Қазақстанға асыққан. Бұл шаруашылық-мәдени үрдіс Бегазы-Дәндібай заманында пайда болды.

Орталық Қазақстанды мекен еткен алғашқы тайпалар мен тайпалық одақтар жалпылама түрде «сақ» деп аталынды. Тарихи дамудың барысында көне тайпалар мен тайпалық одақтар орнына жаңа тайпалар пайда болып, олардың аттары да өзгеріп отырды. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына және феодалдық қатынастардың қалыптасуына жеткізді. Біздің заманымыздың VIII-XI ғасырларында бұл өңірде көне сақтар мен көк түріктердің ізін басып қимақтар мен қыпшақтардың қуатты бірлестігі – Қимақ қағанаты ғұмыр сүрген. Ұлы әкімшіханның ордасы Орта Ертіс өңірінде тігілген. Қағандық құлағаннан кейін, II ғасырдың 1-жартысында оның орнына Дешті Қыпшақ мемлекеті құрылды.


Жошы хан мазары (XIII ғ.)

Орта ғасырлар[өңдеу]













































IV бөлім. «Кім жылдам?» ойыны
(қай топ бірінші жауап береді, сол жеңімпаз атанады)
1. Солтүстік Американың экваторға қатысты орны 
2. Солтүстік Американың бастапқы меридианға қатысты орны 
(Батыс жарты шар)
3. Канада Арктикалық архипелагының пайда болуының себебі?
4. Солтүстік Америкадағы жазықтар ( Ұлы, Орталық, Мексика)
5. Кордильер тау жүйесінің пайда болу себебі ( литосфералық тақталардың әсері)
6. Солтүстік Америкада кездеспейтін климаттық белдеу ( экваторлық )
7. Солтүстік Американың ең ұзын өзені ( Миссисипи)
8. Солтүстік Американың шығысын шайып жатқан мұхит ( Атлант)
9. Үндістер мен негрлердің ұрпақтары кімдер? ( самбо )
10. Мак - Кинлидің биіктігі қандай? ( 6193 м )
11. Канаданың туында не бейнеленген?( үйеңкі )
12. Солтүстік Америка жер көлемі бойынша дүниежүзі бойынша нешінші орында? ( 3-ші )
13. Канаданың астанасы ( Оттава )
14. Қылқан жапырақты ағаштар қай зонада өседі? ( тайга )
15. Американы ашқан кім? (Х.Колумб)
V бөлім. « Кім көп біледі?» ойыны (топ басшылар сайысы)
1-топ басшысының сұрақтары 
1. Солтүстік Американың жер көлемі ( 24,2 млн км2 )
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен әрі терең каньон ( колорадо)
3. Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы ( Хабборт,145 км)
4. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш ( секвойя , 100 м)
5. Солтүстік Американың жер шарындағы ең аз жауатын жері ( Калифорния шығанағының солтүстігі ,100 мм)
2- топ
1. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал ( Гренландия )
2. Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі (Флинт -Мамонт , 500 км)
3. Дүние жүзіндегі ең биік толысу толқындары қай жерде байқалады?(Фанди)
4. Солтүстік Американың ең биік нүктесі ( Мак - Кинли ,6193 м)
5. Материктегі ең ыстық жер ( Өлім аңғары ,+570С)
3- топ 
1. Дүние жүзіндегі аса ұзын,әрі енді тау жүйесі (Кордильера,ұзындығы 9000 км, ені 1600 км)
2. Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі ( Өлім аңғары, -86 м)
3. Материктегі жылдық жауын шашын ең көп түсетін жері (Кордильердің солтүстік батысы, 6000 мм)
4. Солтүстік Американың байырғы халықтары (үндістер,эскимостар)
5. Солтүстік Америкадағы ең суық жер (Гренландия аралы, -700 С)
VI бөлім. « Пошта » ойыны
(қай топ бірінші орындаса, сол жеңімпаз атанады)
Арал Түбек Теңіз Бұғаз Шығана































Мексика (ис. México [ˈmehiko]), толық атауы Мексика Құрама Штаттары[2] (ис. Estados Unidos Mexicanos)  — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитыныңжағалауларын алып жатыр.

  • Жер аумағы 1958,2 мың шаршы километр.

  • Халқы 120 286 655 адам (2014).

  • Ұлттық құрамы метистер (испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады.

  • Астанасы — Мехико қаласы

  • Ресми тілі — испан тілі.

  • Халқының басым бөлігі — христиан-католиктер.

  • Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын өлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Валютасы - Мексика песосы.

Мазмұны

  [жасыру

Тарихы[өңдеу]

Codex Magliabechiano (141 cropped).jpg

Мексика жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Шамамен б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап Орталық және Оңтүстік Мексикадағы тайпалар отырықшылыққа көшті, егіншілік, қол өнері, өнер, дін дамыды.

Б.з. бастапқы кезеңінде Орталық Американың солтүстік-батыс бөлігіне майятайпалары қоныстанды (қара Майя мемлекеті).

15 ғасырда бүкіл орталық Мексиканы өздеріне бағындырған ацтектер Теночтитланқаласының (қазіргі Мехико) негізін қалады.

1519 жылы Э.Кортес бастаған испан отаршылары Мексикаға ішкерілей еніп, басқыншылық соғыс жүргізе бастады. Куаутемок басшылық еткен үндістер басқыншыларға қарсы табанды қарсылық көрсетті, бірақ 1521 жылы испандар Теночтитланды басып алды. 16 ғасырдың соңына қарай испандар Мексика жерін негізінен бағындырып болды. Байырғы халықтар жерлерінен айырылып, ауыр қанауға, аштыққа ұшырады. 25 миллионға жуық үндістердің 1605 жылы 1 миллионнан астамы ғана қалды.

1624, 1692 жылы Мехикода, 1660 жылы Оахакиде, 1761 жылы Юкатанда, 1767 жылы Мичоаканда үндістердің испан үстемдігіне қарсы ірі көтерілістері болды. Мексиканы отарлау барысында түрлі этникалық топтардың (еуропалықтар, үндістер, Африкадан әкелінген құл-негрлер) араласуы нәтижесінде 17 — 18 ғасырларда халықтың ортақ тілі мен діні қалыптасты. Отаршыларға қарсы жиі-жиі азаттық қозғалысы болып тұрды. 1810 жылы 16 қаңтарда діни қызметкер М.Идальго мен оның ізбасары Х.М. Морелос бастаған халық көтерілісі болды. Бірақ көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, басшылары өлтірілді.

Көтерілістің нәтижесінде А.Итурбиде басқарған ұлт-азаттық күштер 1821 жылы 28 қыркүйекте Мехиконы азат етіп, Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ елде азамат соғысы басталды. 1824 жылы қазан айында конгресс конституция қабылдап, Мексиканы республика деп жариялады. 1833 жылы өкімет басына келген А.Санта-Ана конституцияға тыйым салып, елде диктатура орнатты.

19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Америка Құрама Штаттары Техасты отарлауға кірісті. 1846 жылы Америка Құрама Штаттары Мексикаға қарсы соғыс жариялады. Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен айырылып қалды.

1855 жылы Санта-Ана диктатурасы құлап, либералдық үкімет билікке келді. 1857 жылы жаңа конституция қабылданды.

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде ел экономикасы дамыған елдерден көп артта қалды. Экономиканы негізінен шетел капиталы биледі. 1910 — 17 жылы төңкеріс нәтижесінде елде демократиялық өзгерістер болды. 2-дүниежүзілік соғыс барысында Мексика үкіметі бейтарап саясат ұстанатындығын мәлімдеді. Бірақ фашистік қауіптің күшеюіне байланысты, 1942 жылы мамырда антигитлерлік коалицияның құрамына енді. Соғыстан кейінгі кезеңде Мексикада экономиканы дамыту мен демократиялық бостандықтар, әлеуметтік құқықтарды кеңейту жолында бірқатар прогресшіл шаралар жүзеге асырылды.

Географиясы мен климаты[өңдеу]

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/48/Mexfromspace.PNG/220px-Mexfromspace.PNG

Мексика, ғарыштан түсірілген сурет

Солтүстік Америкада құрлығының оңтүстігінде орналасқан Мексика, Орта Америка мемлекеттерінің ішінде ең үлкен аумақты алатын ел. Юкатан жартыаралы Мексика жерлерінің 12 %-ын құрайды. Мексика Юкатан жартыаралымен бірге Теуантепекқылтасының шығыс жағында орналасқан. Солтүстік жағында АҚШ-пен шекараласады. Шекара ұзандағы 3141 км. Оңтүстік жағындаГватемала (871 км) мен Белиз (251 км) орналасқан.

Аумағы бойынша Мексика бүкіл елдердің арасында 13-ші орын алады. Мексиканың жалпы аумағы 1 972 550 км², оның ішіне Тынық мұхитында, Мексика шығанағында және Кариб теңізінде орналасқан аралдар (ең ірі Гваделупа аралы) және Ревилья-Хихедоархипелагы кіреді. Жалпы аралдардың ауданы 6 мың км²-ге тең.

Мексика шығанағы (Gulf of Mexіco; Golfo de Méxіco)[өңдеу]

Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс (Атлант мұхиты) жағалауындағы Флорида және Юкатан түбектері мен Куба аралының аралығындағы шағын теңіз. Ауданы 1555 мың километр квадрат, суының көл. 2332 мың километр куб. Миссисипи, Рио-Гранде тағы басқа өзендері құяды. Шығыста Флорида бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізімен жалғасады. Тереңдігі 3822 метр. Солтүстік-батыс бөлігінде мұнайы мол кен орындары кездеседі. Климаты оңтүстігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік. Су айдынынан булану мөлшері (1000 — 1750 миллиметр), бұл жауын-шашын мөлшерінен артық (1000 — 1200 миллиметр). Жаз бен күзде дауыл жиі соғады. Су бетінің орташа температурасы жазда 29°С, тайыз бөлігінде 30 — 31°С; қыста 18 — 20°С. Беткі қабатының тұздығы 36,0 — 36,9‰. 2000 метр тереңдіктен астам жерлерінде суының температурасы (4,3°С) мен тұздығы (34,98‰) тұрақты. Кариб теңізіне қарай ағатын Юкатан ағысының жылдамдығы 50 — 200 сантиметр/секунд. Мексика шығанағынан ағып шығып Гольфстрим ағысының бастамасы болатын Флорида ағысының жылдамдығы 300 сантиметр/секундқа жетеді. Тәулігіне бір, кейде екі рет толысып отырады. Планктон Балық және теңіз жәндіктері, шаян, тасбақа ауланады. Негізгі порттары: Жаңа Орлеан (Америка Құрама Штаттары), Хьюстон (Америка Құрама Штаттары), Веракрус (Мексика), Гавана (Куба).[3]



Әкімшілік бөлінуі[өңдеу]

Мексика 31 штатқа (ис. estados) және 1 федералдық аймаққа (ис. Distrito Federal) бөлінген. Штаттар муниципалитеттерден ((ис. municipios) құралады. Әр штатта өзінің қабылдаған заңдары, заң жүйесі, басшалағы бар.

Мексиканың әкіімшілік бөлінуі

AdministrativeDivisionOfMexico-Russian.png

Федералдық аймақ

Әкімшілік орталығы

Аумағы,[4]
км²

Халқы,[5]
(
2010)

Тығыздығы,
адам/км²

0

Мехико (Федералды аймақ) (Distrito Federal)

Мехико (México)

1499

8 851 080

5904,66

1

Агуаскальентес (Aguascalientes)

Агуаскальентес (Aguascalientes)

5589

1 184 996

212,02

2

Веракрус (Veracruz)

Халапа-Энрикес (Xalapa-Enríquez)

72 815

7 643 194

104,97

3

Герреро (Guerrero)

Чильпансинго (Chilpancingo de los Bravo)

63 749

3 388 768

53,16

4

Гуанахуато (Guanajuato)

Гуанахуато (Guanajuato)

30 589

5 486 372

179,36

5

Дуранго (Durango)

Виктория-де-Дуранго (Durango)

119 648

1 632 934

13,65

6

Идальго (Hidalgo)

Пачука (Pachuca)

20 987

2 665 018

126,98

7

Кампече (Campeche)

Сан-Франсиско-де-Кампече
(San Francisco de Campeche)

51 833

822 441

15,87

8

Керетаро (Querétaro)

Керетаро (Querétaro)

11 769

1 827 937

155,32

9

Кинтана-Роо (Quintana Roo)

Четумаль (Chetumal)

50 350

1 325 578

26,33

10

Коауила (Coahuila)

Сальтильо (Saltillo)

151 571

2 748 391

18,13

11

Колима (Colima)

Колима (Colima)

5455

650 555

119,26

12

Мехико (штат) (México)

Толука-де-Лердо (Toluca)

21 461

15 175 862

707,14

13

Мичоакан (Michoacán)

Морелия (Morelia)

59 864

4 351 037

72,68

14

Морелос (Morelos)

Куэрнавака (Cuernavaca)

4941

1 777 227

359,69

15

Наярит (Nayarit)

Тепик (Tepic)

27 621

1 084 979

39,28

16

Нижняя Калифорния (Baja California)

Мехикали (Mexicali)

70 113

3 155 070

45,00

17

Южная Нижняя Калифорния (Baja California Sur)

Ла-Пас (La Paz)

73 677

637 026

8,65

18

Нуэво-Леон (Nuevo León)

Монтеррей (Monterrey)

64 555

4 653 458

72,09

19

Оахака (Oaxaca)

Оахака (Oaxaca)

95 364

3 801 962

39,87

20

Пуэбла (Puebla)

Пуэбла-де-Сарагоса (Puebla)

33 919

5 779 829

170,40

21

Сакатекас(Zacatecas)

Сакатекас (Zacatecas)

75 040

1 490 668

19,86

22

Сан-Луис-Потоси (San Luis Potosí)

Сан-Луис-Потоси (San Luis Potosí)

62 848

2 585 518

41,14

23

Синалоа (Sinaloa)

Кульякан (Culiacán)

58 092

2 767 761

47,64

24

Сонора (Sonora)

Эрмосильо (Hermosillo)

184 934

2 662 480

14,40

25

Табаско (Tabasco)

Вильяэрмоса (Villahermosa)

24 661

2 238 603

90,78

26

Тамаулипас (Tamaulipas)

Сьюдад-Виктория (Ciudad Victoria)

79 829

3 268 554

40,94

27

Тласкала (Tlaxcala)

Тласкала (Tlaxcala)

3914

1 169 936

298,91

28

Халиско (Jalisco)

Гвадалахара (Guadalajara)

80 137

7 350 680

91,73

29

Чиуауа (Chihuahua)

Чиуауа (Chihuahua)

247 087

3 406 465

13,79

30

Чьяпас (Chiapas)

Тустла-Гутьеррес (Tuxtla Gutiérrez)

73 887

4 796 580

64,92

31

Юкатан (Yucatán)

Мерида (Mérida)

39 340

1 955 577

49,71

1 967 138

112 336 538

57,11






Табиғаты[өңдеу]

Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде — Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадретау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Мексиканың ең биік жері — Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр). Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі. Мексиканың көпшілік бөлігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік климат белгілері басым. Қаңтардағы орташа температурасы 10 — 20°С-қа дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура 15— 30°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 100 миллиметр батыс пен оңтүстігінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Негізгі ірі өзені — Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі — Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен аю, қасқыр (койот), жанат, қызыл сілеусін, құмырсқа жегіш, тапир мен ягуар кездеседі. Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-БланкоКумбресс-де-МонтеррейТанситаро, Ла-Малинче.



Экономикасы[өңдеу]

Мексика — Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері, тағы басқа сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, Ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.

Мексикалықтар[өңдеу]

Мехикано — Мексиканың негізгі халқы. Жалпы саны 91 миллион, оның 78 миллиондайы Мексикада, 12 миллионы Америка Құрама Штаттарында, 25 мыңы Канадада, шағын бөлігі Латын Америкасы мен Испанияда тұрады. Негізінен — метистер. Мексика ұлты еуропалықтар (испандар), үндістер (ацтектер, майялар, отомилер, миштектер, сапотектер, тағы басқа) мен Африкадан әкелінген негр құлдардың араласуынан пайда болған. 19 ғасырда Мексика мемлекетінің тәуелсіздік алуы негізінде қалыптасқан. Испан тілінде сөйлейді. Діні — католик. Негізгі кәсіптері — жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал ш. (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Бір-біріне алшақ орналасқан ауылдар (альдеа) мен хуторларда (ранчерия) қауымдастықтың орталығы (пуэбло) тұрады. Орталыққа шіркеу, тоғай, құдық, фонтан, ауылдық басқару үйі, мектеп орналасқан алаң енеді. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштерден, тастан, ағаштан салынады. Дәстүрлі тұрғын үйлері көбінесе бір бөлмелі, терезесіз келеді. Әшекейленіп безендірілген ішкі ауласы кең болады. Дәстүрлі киімдері испан мен үндіс халықтарының киім үлгілеріне ұқсас. Аяқтарына үндіс халқы киетін ашық сандал, ер адамдар мақта матадан тігілген жейде, шалбар киеді. Иықтарына ою-өрнекті жамылғы (серапе) жамылады. Бас киімдері — сомбреро. Әйел киімдері: мақта матадан тігілген қысқа кеудеше және тар, кейде белінен жиырылып, кең тігілген ұзын юбка. Бастарына шәлі (ребосо) тартады, оны күн ыстықта бетіне жауып жүреді. Тағамдарына ас бұршақ пен жүгеріні көп қолданады. Малды аудандарда сүт тағамдары басым. Мексикалықтарда ән мен би өнері жақсы дамыған. Атақты корридос-лирикадық және саяси мазмұнды өлеңдер, халықтық шекті аспаптар оркестрі — марьячи кең тараған. Мекcика соғысы, америка-мексика соғысы (1846 — 1848), Америка Құрама Штаттары мен Мексика арасында Техас және Калифорния штаттары үшін болған. Соғысты ресми түрде Америка Құрама Штаттары жариялады. Соғыс барысында Мексика халқы басқыншыларға қарсы ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен (Рио-Гранде өз-нен солтүстікке қарай жатқан жерлер) айырылуға мәжбүр болды.

Мексика таулы қыраты[өңдеу]

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/ae/Sierra_Madre_Occidental.jpg/250px-Sierra_Madre_Occidental.jpg

Шығыс Сьерра-Мадре

Солтүстік Американың оңтүстігіндегі Мексика жерінің көпшілік бөлігін алып жатқан таулы өңір. Солтүстігінде біртіндеп Колорадо үстірті мен өлы жазыққа ұласады. Ауданы 1,2 миллион километр квадрат. Көпшілік бөлігінің биіктігі 1000 — 2000 метр. Мекика таулы қыратының шығысында Шығыс Сьерра-Мадре (4054 метр), батысында Батыс Сьерра-Мадре (3150 метр), оңтүстігінде көлденең Жанартаулық Сьерра жоталарымен қоршалған. Сөнбеген жанартаулар — Орисаба (5700 метр — Мекика тауының және Мексиканың ең биік жері), Колима, Попокатепетль. Мекика таулы қыраты негізінен әктас, құмтас, мергель және лавалық тұнбалардан құралған. Күміс, қорғасын, сүрме, мырыш, сынап, темір және марганец кентастары, алтын, мыс, тағы басқа пайдалы қазбалар өндіріледі. Климаты негізінен тропиктік, континентті. Жылдық орташа температурасы қаңтарда 1400 метр биіктікке дейін 9 — 140С, негізінен қыста солтүстігінен солтүстік суық ағыстың өтуіне байланысты мұнда температура – 200С-қа төмендейді, ал шілдеде 15 — 200С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 200 — 400 миллиметр, сыртқы таулы аудандарында 2000 — 3000 миллиметр. Құрғақ климатты солтүстік бөлігінде өзен торы жоқтың қасы (тек Рио-Гранденің оң саласы Кончос өтеді). Оңтүстігінде өзендер біршама жиі, суы мол (Лерма, Бальсас); мұнда тектоникалық көлдер (Чапала, Куицео, тағы басқа) кездеседі. Өсімдік дүниесі негізінен суккулентті; кактустың 500, агаваның 140 түрі өседі. Тауларда қарағайлы ормандар мен субальпілік шалғындар бар. Жануарлардан бұғы, кемірушілерден тиін, егеуқұйрық, жыртқыштардан сілеусін, пума, қасқыр, түлкі; құстардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері мекендейді.

Мехико қаласы[өңдеу]

Ciudad.de.Mexico.City.Distrito.Federal.DF.Paseo.Reforma.Skyline.jpg

Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Мехико

Мехико қаласы — әлемдегі ең ірі және көне қалалардың бірі. Ол Мексика орталығындағы Мехико алқабында орналасқан. Қала, тарихи ескерткіштермен, тамаша мәдени туындыларымен және жыл бойы өзгнрмейтін климатымен мақтана алалады. 1500 жылға дейін Мехико ацтектердің астанасы болған. Кейін ол испан басқыншылардың қармағына өтті.

Мәдениеті[өңдеу]

Мексика мәдениеті әлемдегі таңғаларлық тамаша мәдениет үлгісіне жатады. Ұлттық аңыз-әнгімелерден сусындаған дәстүр, әртесттік міне-құлық пен испан мәдениетінің ықпалы қосыла келіп, біргей мәдени мұраларды өмірге әкелді. Ата-баба мұрасын ерекше мұра ететін мексикалықтар ұлттық салт-дәстүрді сақтап қалуға айырықша көңіл бөледі. Қазіргі мексика музыка өнерінен ежелгі ацтектердің драмасы мен би үлгілерін тауып алу қиын емес. Сондай-ақ Майя дәстүрі де - Мексика үшін қастерлі аманат.

Мексика асханасы[өңдеу]

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/ec/Enchilada_Rice_Beans.jpg/200px-Enchilada_Rice_Beans.jpg

Энчилата

Дәстүрлі Мексика мәзірі өткір иісті ыстық тағамдардың батыл қоспасын ұсынады. Олар тағамға барлық асқа дәмдеуіштердің түр-түрін қосады, және тағамды көрер көзге тартымды етіп безендіреді. Мексикада тағам мәзірі өте көп. Олардың дайын тағамдары дәрумендерге, протеин мен миниралдарға бай. Испан әскерлері Мексиканы жаулап алған кезде жергілікті халықтың негізгі азығы - жүгері мен бұрыш қосылған тағам екенін байқаған.

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Мынаған өту:a b Всемирная книга фактов ЦРУ // Мексика  (ағыл.). cia.gov. — справочный альманах ЦРУ.

  2. Жоғарыға көтеріліңіз МИД России | 12/28/2005 | МЕКСИКА

  3. Жоғарыға көтеріліңіз «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

  4. Жоғарыға көтеріліңіз World Gazetteer

  5. Жоғарыға көтеріліңіз City Population - Statistics & Maps of the Major Cities, Agglomerations & Administrative Divisions for all Countries of the World

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e1/Ambox_wikify.svg/40px-Ambox_wikify.svg.png

Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.


[көрсет ►]қ · т · өСолтүстік Америка мемлекеттері




[көрсет ►]

қ  т  ө

Еркін сауда туралы Солтүстік Америкалық келісім (NAFTA)

қ  т  ө

Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы/ Organisation de coopération et de développement économiques[жасыр ▼]

Алмания • Америка Құрама Штаттары • Аустралия • Аустрия • Белгия • Грекия • Дания • Жаңа Зеландия • Жапония • Ирландия • Исландия • Испания • Италия • Канада • Құрама Патшалық •Лүксембор • Мажарстан • Мексика • Недерландия • Норуегия • Оңтүстік Корея • Польша • Портуғалия • Слоуакия • Түркия • Финландия • Франция • Чехия • Швеция • Швейцария

[көрсет ►]

қ  т  ө

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)

қ  т  ө

Латын одағы[жасыр ▼]

Ангола • Андорра • Аргентина • Боливия • Бразилия • Ватикан • Венесуэла • Гвинея-Бисау • Гватемала • Доминикан Республикасы • Эквадор • Испания • Италия • Кабо-Верде • Коста-Рика • Кот-д’Ивуар • Куба • Мальта • Мексика • Мозамбик • Молдова • Монако • Никарагуа • Гондурас • Панама • Парагвай • Перу • Филиппиндер • Португалия • Румыния • Сан-Томе және Принсипи • Сан-Марино • Сенегал • Уругвай • Франция • Чили •

Санат

Бағыттау мәзірі

disable

Начало формы


Конец формы

Құралдар

Баспа/экспорт

Басқа тілдерде

Сілтемелерді өңдеу



Краткое описание документа:

Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай,ТорғайСемейПавлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.

 

Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар ШөжеШашубайДоскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевты да өзінің бел баласы деп есептейді. Өйткені ол жас күнінен бастапТеміртаудағы атақты Қазақстан Магниткасында горновой болып еңбек жолын бастаған. Еліміздің тарихынан орын алған «адамзат ажалының аралындай» КарЛАГ-та жас ғұмырларын «тар жол, тайғақ кешумен» өткізген небір совет және шет елдің жүздеген оқымыстылары, зиялы қауым өкілдері тар қапаста жүрсе де Қарағандыда тұңғыш өнер ошақтарын ашқан «алғашқы қарлығаштар» болып табылады. Бұл өнер қайраткерлерінің артынан ызғарлы, қайғылы сұмдыққа толы жылдары туындаған өнер мұралары қалды. Қазіргі кезде бұл мұралар әлем жұртшылығының қызығушылығын тудырып отыр.

Автор
Дата добавления 25.03.2015
Раздел Физкультура
Подраздел Конспекты
Просмотров415
Номер материала 457472
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх