Инфоурок Музыка КонспектыСарғайды атырап - күз мерекесіне арналған ертеңгілік

Сарғайды атырап - күз мерекесіне арналған ертеңгілік

Скачать материал

Әсем әуен ырғағымен балалар залға кіреді.

Қ. Аружан:  Армысыздар, халайық,

 Бармысыздар, халайық!

 Күзгі тойды жұп жазбай,

 Келіңдер, қарсы алайық!

Жүргізуші:  Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп елімді күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Иә, балалар, табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз тағы келді. Ол күздің әсем көрінісін «Ботақан» тобының бүлдіршіндері күзгі жапырақтармен билеп көз алдымызға елестетсін.

Би: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Балалар, жылдың қай мезгілін алсақ та табиғат өз ерекшелігімен сұлу көрінеді. Табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті. Өйткені, бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілдіміз. Сондай көңілді шақты айтатын балаларымыздың тақпақтарын тамашалайық.

Жанел: Гүл жайнаған даланың

              Жапырағы солыпты

              Таңырқадым, қарадым

              Танымастай болыпты

              Көрінеді шалғайдан

              Бел-белестер сарғайған

              Сары жапырақ төгілген

              Тоғайды да көрдім мен

Ескендір: Ұшты талдан жапырақ,

                  Сары көбелек секілді.

                  Аспаннан жай шатырлап

                  Тамшы жерге секірді

Муслим: Әй, алақай, тамаша,

                 Шашу шашты жапырақ

                 Бақтың іші алаша

                 Аунар ма еді жатып ап

Жүргізуші:  Жапқандай жапырағымен іздерді,

Қуантып байлығымен ізгі елді.

Бір тойдырып қайту үшін елімді,

Сабырлы, сары алтын күз келді.

(Вальс екпінімен, шаштарына, көйлегіне түрлі-түсті жапырақтар тағынып, сары көйлекті күз кіреді)

 

Күз:  Ерінбестен еңбек етіп келетін,

Еңбекшіге бар жемісін беретін.

Мен, мырза күз, ынтымақты еліңе,

Берекелі ырыс болып енетін.

¾ Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз!

Күз: Қараңдаршы, айналаның бәрін сап-сары түске бояп қойдым...

Жүргізуші:  Шоғы толған гүлдей жайнап,

Жарқырады жарқын күз.

Сайрандадың күліп-ойнап,

Келді міне, алтын күз!

¾ Ал, балалар, Күзге арнап әсем әнімізді айтып берейік.

Ән: «Жапырақтар»

Жүргізуші:  Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып, шашпайық.

Алтын күз тойын сіздерге,

Өлеңменен жырлайық – деп тағы да балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Іңкәр: Жетті желмен алтын күз,

              Жеміс жинау салтымыз.

              Жиып-теріп болған соң,

              Той жасайды халқымыз.

              Мол өнімді жинаймыз,

              Елге бәрін сыйлаймыз.

Қ.Бейбарыс: Көбейді құт береке,

                          Астық толы қамбамыз.

                          Құтты болсын мереке,

                          Алтын күзді тойлаймыз.

                          Шоғы толған гүлдей жайнап

                          Жарқырады жарқын күз

                          Сайраңдадық күліп-ойнап

Дилназ: Сары алтындай сары күз

               Қамбадағы дәніміз

               Шелек-шелек боламыз

               Ағыл-тегіл дәніміз

Айнұр: Көк аспаның мөлдіреп

              Күз дос екен бізбенен

              Бәрін тауып беретін

              Жомарт екен күз деген


Қ.Ерасыл: Өнімді үйіп тастадық

                    Оқуды да бастадық

                    Берекелі Алтын күз

                    Ашық болсын аспаның

Күз: Күн салқындап, аспанды жиі бұлт торлағанға мені өте көңілсіз деп ойламаңдар. Сендердің ойындарыңа көрік беретіндей менің де қасиеттерім бар. Келіңдер, бірігіп ойнап, көңіл көтерейік.

Ойын: «Кім тез өреді?»

Формасы және түрі-түсі, көлемі жағынан әртүрлі жапырақтарды сан жағынан бірдей етіп екі топқа бөліп, екі қатардан екі бала шығарып бір мезгілде бастатады. Балалар бірінен сон бірі келіп, тез, әрі әдемі етіп гүлдің не болмаса бір өрнектің суретін шығарулары керек. Қай топ мағыналы сурет шығарса сол топ жеңеді.

Ойын: «Кім тез жинайды?»

Өздерінің жинаған өрнегінің ретімен келіп балалар қайтадын жапырақтарды себетке салады.

Жүргізуші: Көрдіңдер ме, балалар, жеңіс үлкен еңбек пен талаптың арқасында келді. Бәріңнің де осындай еңбекшіл бала болғыларың келе ме?

Балалар жауабы: Иә!

Жүргізуші: Ендеше, мен сендерге «Көкөністер мен жемістер дауы» деген ертегі айтып берейін.

Көрініс: «Жемістер мен көкөністер дауы»


Тәрбиеші: Ерте-ерте заманда

                  Еңбек сүйген адамға

                  Екі қолға бір күрек

                  Табылыпты әманда

Өсіріп бау-бақшаны

Адал тауып ақшаны

Күнелтіпті бір бағбан

Мәуелеп өсіп баққаны

             Дәнегін егіп көктемде

             Ақ пейілмен сепкенде

             Жеміс бермей қоймайды

             Маңдай терді төккенде

Ағарып таңдар атыпты

Қызарып күндер батыпты

Бақшаға келсе бір күні


Айтысып бәрі жатыпты

 


Сәбіз-Елдос: Адам бойын өсірем               

                      Ауруын көздің кетірем

                      Бойшаң сұлу сәбізбін

                      Күн көзімен жетілем

Алма-Гауһар: Алма деген арумын

                        Темірдің көзі – дәрумін

                        Сақталамын тым ұзақ

                        Сондықтан мен тәуірмін

 

 

Картоп-Ж.Ерасыл: Адам жеуін тыймайды

                               Қаптап күзде жинайды

                               Төресі деп жемістің

                               Мына мені сыйлайды

 Қарбыз-Айбек: Шөлдесе, шөлі қанатын

                            Бүйрекке шипа болатын

                           Адам үшін пайдалы

                           Жоғары менің санатым

Қызылша-Медина: Қызылша деген атым бар

                                 Қант берер затым бар

                                 Адам қанын көбейтем

                                 Ал сендер, тыныш жатыңдар

Өрік-Ә.Аружан: Базар сәні кіреді өрікпенен

                            Дастарханға әдемі көрік берем

                            Қуантамын адамды жылдам өсіп

                            Және тағы мол етіп жеміс берем

Қияр-Нұрәділ: Сөлді, дәмді қиярмын

                         Дәрумен бойға жиярмын

                         Салаттың менсіз сәні жоқ

                         Кез келген жерге сиярмын

Пияз-Ә.Бейбарыс: Жасауратып көзіңді

                                Ауруға қылам төзімді

                                Мың да бір шипа пиязбын

                                Серт қылам осы сөзімді

Қызанақ-Н.Аружан: Мен күштімін бәріңнен

                                   Тербеймін тегіс әніммен

                                   Сұлу да тәтті мен ғана

                                   Көрінбей ме сәнімнен?!

ҚырыққабатАлихан: Емдік шипам көп менің

                                    Тамақта да текті едім

                                    Жиірек мені жесеңдер

                                    Семіздіктен шектермін

Бағбан-Алинұр: Таласпаңдар, қойыңдар

                           Араздықты жойыңдар

                           Бәрің қымбат мен үшін

                           Бағбанмын ғой мойындар

Алаласам егерде

Сендерге су берем бе?

Жидегің бар, жемісің

Тәттісіңдер жегенге

              Мәпеледім баламдай

              Әрқайсыңа алаңдай

              Жайқалып тек өсіңдер

              Қаңқу сөзге таланбай.

Көкөністер мен жемістер бағбанды достасып айналады да,

атрибуттарын орындарына қойып отырады

Жүргізуші: Бағбан дұрыс айтады, балалар келіңдер, көкөністер мен жемістер достастығын мына әсем әнмен жеткізейік.

Ән: «Жемістер мен көкөністер»

Күз: Керемет. Мен сендерге қатты риза болып отырмын. Сендер де мен сияқты бай екенсіңдер. Сендердің байлықтарың – білімдерің, жақсы тәрбиелерің және өнерлерің. Кенет күн күркіреп, жауын жауып ауа райы бұзылып, залға Жаңбыр келеді.

Жүргізуші: Балалар, үстіміз су боласын, келіңдер, қолшатырдың астына тығылайық...

Жаңбыр: Оһ, балалар, сендердің қолшатырларың не деген үлкен, әдемі?! Сендер менімен ойнағыларың келе ме?

Жүргізуші: Жаңбыр, сен алдымен нөсерлетуіңді тоқтат! Сонда ғана балалар еркін ойнай алады. (экранда жаңбыр тоқтап күн шығады)

Ойын: «Жаңбыр мен қолшатыр»

Жүргізуші: Жаңбыр, рахмет, ойының қызықты екен, біз бір сергіп қалдық. Енді балалардың өзің туралы әнін тыңда...

Ән: «Моншақтар»

Жүргізуші: Ал, енді кезекті балалардың өлең шумақтарына берейік.

Айдана: Берекесін сыйлауға

                Өлкемізге күз келді

                Жемістерін жинауға

                Шақырады біздерді

Амира: Астық, жеміс жиналды

               Қамбамызға құйылды

               Ардақты күз мың алғыс

               Алдық өнім, сыйыңды


Мадина: Жемісі мол теретін,

                   Күз дос екен бізбенен.

                   Бәрін тауып беретін,

                   Жомарт екен күз деген.

Сәбина: Астық, жеміс жиналды

   Қамбамызға құйылды

   Ардақты күз мың алғыс

                Алдық өнім сыйыңды

                Көктемде егін егетін

                Күзде жиып беретін

                Біздің дала бай дала

               Алтын астық айнала

Жаңбыр: Балалар, тақпақтарың қандай керемет. Мен табиғаттың әсем әнімен ырғалып билесем, сендердің әсем әуен ырғағында қалай билейтіндеріңді тамашалығым келіп тұр.

 

 

Би: «Вальс»

Күз: Ой, рахмет. Қатарымыздың көбейгені қандай жақсы болды.

Өздерің аңсай сағынар,

Шырыны шәрбат, дәні бал.

Қауын-қарбыз, жүзімнің

Бәрі менен табылар.

Ал, сендерге әкелген,

Сыйлығымды қабыл ал. Жомарт күздің сыйлығы бәріне де жетеді. Өмірлерің осы алмадай тәтті болсын деп алма салдым себетке, бал күлкілерің шырынды, маңызды болсын деп алмұрт салдым, достарың көп болсын деп жүзім салдым, бойларың ұзын болсын деп банан салдым. Міне, жеміске толы себетім тек өздеріңе!

Балалар: Рахмет..!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздерге күздің берер өнімі мол, берекесі құт болсын! Осымен өздеріңізге дайындаған шағын ертеңгілігіміз аяқталды, балаларымыздың бал күлкісі мен шаттығын келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет келесі кездескенше күн жақсы болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сарғайды атырап - күз мерекесіне арналған ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2015 1164
    • DOCX 25.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахметова Әдемі Әскерханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахметова Әдемі Әскерханқызы
    Рахметова Әдемі Әскерханқызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11637
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкальный менеджмент: стратегии успеха и профессиональное развитие в бизнесе

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 400 человек

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Педагог музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов