Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» коспект

«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» коспект

Скачать материал

·                       

Тақырыбы:

«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»

Мақсаты:
        Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Плакат, газет, нақыл сөздер, презентация, видео, фотосурет

                                                      Өткізілу барысы:
1. Кіріспе. «Ұлы Жеңіске
70 жыл»
2. «Жеңіс күні» Баяндама
3. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (Жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
4. Бауыржан Момышұлы туралы көрініс және видео көру

5. Қазақстанның соғыс ардагерлері туралы видео

6. Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет.)
7. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)

8. Майданнан хат.
9. Майданға хат.  

   10. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (Жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
   11. «Отты жылдар елесің, кітаптан оқып білесің...» (кітап көрмесі)
   12.  Қорытынды
                                                          Жүру барысы:

Ұйымдастыру.

    Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашанда да ұмтылуға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар ошарсыз кетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» аталатын ашық сынып сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

Жанна: Иә, бұл мереке туған елінің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірі жолында от кешкендердің ерлігінің, Отанға деген шексіз махаббатының, өшпес рухының жарқын белгісі іспетті. Қасіретті жылдар бізден алыстаған сайын қан майданға қатысып, ел мен жер үшін қанын төккен аяулы ата- әкелеріміздің есімдері тарих төрінде айшықтала түсуде. Олар бізге соншалықты қымбатқа түскен Жеңістің қадірін ұғындырары сөзсіз.

Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран. Ол күндердің даңқы ешқашанда өшпейді.  Иә, бүгінде от жалын кешіп, Отанды қорғаған  майдангерлер қатары сиреп барады. Осыны сезініп, арамызда жүрген майдангерлік ерлігі- қандай да сый құметке де лайық соғыс және тыл ардагерлерін қадіріне жетіп, ардақтай білейік ағайын.

Оралбек:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
       Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)
Видео қарау мен талдау.
Мұғалім: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
      Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.
Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.

 

 Ерлан:  1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
    Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

1941                   дың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

 Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Шағын көрініс. «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

         Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі –Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшылық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі

Бексұлтан:  Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.

               Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет)

Сағыныш: Ауыл ардагерлері туралы мәлімет жинақтау, плакат жасау

Бекзат: Біздің сынып оқушыларының майдангер аталарына арналған шағын архив.
(мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою, оригами аққуларын ұсыну
)

7. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)

Нұрлыбек: шығарма

Сұрапыл соғыс жылдарында майдан алаңындағы жауынгерлер мен шалғайда қалған туған туысқандардың арасын хаттар жалғастырған. Сол кездегі көздің жасы сіңген хаттарда сарқылмас сағыныш, түпсіз терең ой, мәңгілік махаббат пен қалың ормандай қайғы қасірет бар. Арада бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, сарғайған қағаздарды қолға алып оқыған адамның жүрегі елжіремеуі мүмкін емес.

І жүрг.:  Соғыс жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік. Оқушы домбырамен орындайды:

 «Майданға хат» (үзінді):

Құлыншағым аман ба?

Қолыма тиді сенен хат.

Хабарыңды есітіп,

Қуанып қалды ғаламат.

Күніге тоқсан тілеймін,

Құлыным кел деп саламат.

Жүрегім – жалын, ішім у,

Жанымда ауыр жарақат.

Суретің келді хатыңда,

Шекпен киген жалаңқат.

Ерге лайық бес қару,

Асыныпсың автомат.

Суретіңе қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамад.

Көзімнің жасы төгіліп,

Ұйқыдан кетті рахат.

Отаның үшін қарағым,

Арың қымбат жаныңнан.

Бөбектерің аман-сау,

Ас жейді әзір қолымнан.

Ербеңдеген ермегім,

Тастамаймын қолымнан.

Лақ-қозы қайырсам,

Қалмайды сүйем соңымнан.

Жағдайсыз емес келінім,

Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған.

Көңілімде алаң жоқ,

Жаны сүйген жарынан.

Уһілеп кейде демалып,

Шығады түтін жалыннан.

Хабарыңды жиі жаз.

Өтпесін көп күн арадан.

Талқандап жауды аман қайт,

Бұлт серпіліп көгімде.

Жазылсын жүрек жарадан!

 

Майданға хат.

В чем заключается подвиг танкиста, чье письмо вы сейчас услышите?
(«В лесу прифронтовом» музыка М. Блантера, слова М. Исаковского. Учитель зачитывает строки из письма танкиста А. Голикова любимой; в это время на экране слайды, соответствующие тематике слайды)
«28
шілде» 1941ж.
Сәлем хат, менің сағынышыма айналған үй ішім, асыл жарым! Сендерді қатты құшақтап, беттеріңнен сүйдім... құдайға шүкір мен әлі тірімін. Денсаулығым да жақсы.
     Осы хатым саған жетер жетпесін білмеймін. Бірақ, бұл менің соңғы хатым екендігін сеземін. Аса қауіпті де, қатерлі соғыс жүруде. Күні бойы шабуылды басудамыз.

        Бүгін, соғыстың алтыншы күні. Паша екеуіміз ғана қалдық. Сен оны білесің, бұрын саған жазған болатынмын. Біз жау жүрек жауынгерміз, отанымыз, еліміз үшін жан қиюға дайынбыз. Отан үшін өлуден қорықпаймыз, керісінше немістердің біздің қыршыннан қиылған өміріміз үшін қатты жазаланғанын қалаймыз...
        Мен қазір ескі, талқандалған танктте отырмын. Өте ыстық, шөл қысып жатыр. Су мүлдем жоқ. Сенің портретің менің алдымда әрдайым тұрады.

       Сендерден өтінерім, мені еш уайымдамаңдар. Білемін, сендерге жеңіл емес. Маған да оңай емес, бірақ мен жалғыз емес екендігімізді білемін: қасымда майдандас достарым,

22 июня, когда объявили войну, я подумал о тебе, подумал, когда теперь вернусь, когда увижу тебя и прижму к своей груди?
А может, никогда. Ведь война… Когда наш танк впервые встретился с врагом, я бил по нему из орудия, косил пулеметным огнем, чтобы больше уничтожить фашистов и приблизить конец войны, чтобы скорее увидеть тебя, мою дорогую. Но мои мечты не сбылись.
Танк содрогается от вражеских ударов, но мы пока живы. Снарядов нет, патроны на исходе. Павел бьет по врагу прицельным огнем, а я «отдыхаю», с тобой разговариваю. Знаю, что это в последний раз. И мне хочется говорить долго, долго, но некогда… Хорошо умирать, когда знаешь, что там, далеко, есть близкий человек, он помнит обо мне, думает, любит.
Сквозь пробоины танка я вижу улицу, зеленые деревья, цветы в саду яркие-яркие.
У вас, оставшихся в живых, после войны жизнь будет такая же яркая, красочная, как эти цветы, и счастливая… За нее умереть не страшно… Ты не плачь. На могилу мою ты, наверное, не придешь, да и будет ли она – могила-то?»

сыныпқа сұрақ:
1)
Бұл хатты оқыған кезде қандай күйде болдыңыз?

2) Сіздің ойыңызша бұл әскер ерлік жасады ма?

3) Ерлік жасау үшін әскерге қандай қасиеттер көмектесті? (бесстрашие, смелость, мужество, стойкость, любовь к своей земле, любовь к своим близким, любовь к любимой девушке (жене).
3)
Хат кімге арналған?
Хат махаббатқа толы, отанға деген, жарына деген махаббатқа толы

І жүрг.: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

IІ жүрг.:  Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 70 жыл.

70 жыл — бейбір көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Жүрг.: Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.
Ән: «Жойылсын соғыс»
Мұғалім: Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …
Мұғалім: Балалар отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
Оқушы: Аружан Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады» коспект"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:

«Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»

Мақсаты:
        Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Плакат, газет, нақыл сөздер, презентация, видео, фотосурет

                                                      Өткізілу барысы:
1. Кіріспе. «Ұлы Жеңіске 70 жыл»
2. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (Жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
3. Бауыржан Момышұлы туралы шағын көрініс және видео көру

4. Қазақстанның батырлары туралы видеоны қорғау

5. Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет.)
6. Менің батыр ата бабам /сынып оқушыларының ардагер аталары туралы/
7. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)

8. «Майданнан хат»/сұрақтарға жауап беру/. «Майданға хат».  
9. «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің...» (кітап көрмесі)
10.Қорытынды

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 839 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2015 1722
    • DOCX 63 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жумагазиева Альфия Танатаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 34338
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 165 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек