Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Видеоуроки / Электронный учебник по казахскому языку и литературы на тему "Сарыарқа жерінің тарихи тұлғалары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Электронный учебник по казахскому языку и литературы на тему "Сарыарқа жерінің тарихи тұлғалары"

библиотека
материалов
Сарыарқа жерінің тарихи тұлғалары (электрондық оқулықтың нұсқасы)
Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы – бергі т...
Мақсаты: 	Жезқазған өңіріне еңбегі сіңген асыл азаматтар жайлы мағлұмат алу,...
Міндеттері: Тарихи тұлғалар жөнінде мағлұматтар жинау, зерттеу, олардың еңбег...
Билер Батырлар Сарыарқа жерінің тарихи тұлғалары Бабыр би Ерден би Шегір би Қ...
Бабыр би Бабыр би шамамен 18 ғасырда Ұлытау жерінде өмір сүрген. Бабыр Бөкенш...
1.Тапсырмаларды орындаңдар Берілген сөйлемді өз ойыңмен әрі қарай жалғастыр....
3. Сызба негізінде “Шешендік сөздер” деген тақырыпқа әңгіме дайындаңдар. Шеше...
бізге ауызекі түрде өзгерістермен жеткен Шешендік сөздерді бейнелейтіні Халық...
Ерден би Ұлытаудың төрт жағынан жайлаған елдің бір шетін ұранға көтерілген Са...
Халық бағалауынша, Ерден ел арасында әрі беделді би, әрі батыр, аға сұлтан,...
Ой шақыру Әңгіме не туралы деп ойлайсыз? 2. Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз. Бірде...
2.Төменде берілген мақал-мәтелдердің не туралы екенін айтып беріңдер. Жаттап...
Шегір би Ұлы таудың сыртын Жылкелді руының қадірменді,сәуегей де көріпкел Баб...
Бұл өлеңде есімі аталатын Шегір далалық ауызша тарих намада бағаналы тайпасы...
1.Тапсырмаларды орындаңдар Қазыбек бидің дауды қалай шешкенін мәнерлеп оқып,...
3. Мақалды толықтырыңдар. ... дос болғанға шаттан, ... дос болудан сақтан ......
Қадыр би Қадыр би (1789-1883ж.) бір ғасырға таяу өмір сүрген, тоғыз некеден о...
Ұлытаудың төрт жағын жайлаған елдің бір шетін ұранға көтерілген Ерден би бил...
1.“Аталар сөзі – ақылдың көзі” атты тақырыпта ой толғау жазыңдар 2.Билердің б...
Арқаның батырлары
Сандыбай батыр Төлекұлы 1740 жылы туған. Сандыбай батыр 18 жасында жоңғардың...
1. Ой шақыру. Мына әңгіме не туралы деп ойлайсыз? Неге? 2. Әңгімені оқыңыз. Т...
Батыл Дұшпан Соғыс Дос Қорқақ Бейбітшілік 1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді с...
1.Ұлытау жерінен шыққан батырлар ( Сандыбай, ........) 2.Қазақ батырларының м...
3. Мағынасы бірдей сөздерді сәйкестендіріңіз. Мақсат шапқыншылық дос атамеке...
Жаулыбай батыр Бағаналының Сарғалдақ руынан Тәңірберліден тарайды. Жаулыбайд...
Туғанына 300жылдан асқан Жаулыбай батыр Бағаналының Сарғалдақ руынан Тәңірбе...
Тапсырмалар мен сұрақтар Қазақ батырларының мақсат-мұраты не? Қазақ батырлары...
Тест сауалдары 1. Қазақ батырлары не үшін күрескен? а) халқының бостандығы, т...
Арқа жерінің тарихи тұлғалары 	Ежелгі қоныс, ескі жұрт Ұлытауда талай – талай...
Ерден батыр өз ісімен тарихтың төрінен орын алады, өз заманының заңғар қайр...
Болман ақын 		1879 жылы Жезді өзенінің бойында дүниеге келген. Әкесі Қожабай...
1 Тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер. 1.Болман Ұлытау өнірінде ... А) тудым...
2 Сұхбатты толықтырыңыз. Сіздің ... ақыныңыз бар ма? Иә, менің ... ақыным бар...
Тайжан Қалмағанбетұлы 	1879 жылы Атырау бөктеріндегі Қаратал мекенінде, Қалма...
1 Тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер. 1.Тайжан ақынның өленің көрсет: А) «Ж...
Сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз 1) шығырма 2) ақын 3) тамаша ә) өте жа...
Иманжан Жылқайдарұлы 		1886 жылы Ұлытау өңірінде туған. Имекен қарт ақын, Хал...
Орыс тіліндегі сөздерді қазақ сөздерімен сәйкестендіріңіз. 1) пеcня а) әнші...
Туған жерінің бірлік, бостандығын қорғайды Елінің, халқының бірлік, тәуелсізд...
Баубек Бұлқышев 1916 жылы Амангелді атындағы Сарлық ауылында дүниеге келді. О...
Өмір мен өлім туралы Адам туады,адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? « Бұл – жа...
Жазушыларға тән қасиеттер
Мұқан Иманжанов 1916 жылы Ұлытаудың етегінде дүниеге келген. Мұқан аз сөйлеп,...
Камал Смайлов 1932 жылы 24 сәуірде Ұлытаудың жанындағы Сарлық ауылында дүниег...
Қазақтың белгілі мемлекет, қоғам және мәдени қайраткері Камал Сейтжанұлы Сма...
Құнарлы жерге ғана шөп шығады. Оның әкесі Сейтжан Троицк медресесін бітірген...
1. Тапсырма Жоғарыдағы мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңіз. Мәтін бойынша дең...
2. Тапсырма 1. Камал Смайлов кім? 2. Ол қай жылы және қай жерде дүниеге келді...
3. Топтастыр Камал Смайлов кім? Жазушы
4. Сызбаға қарап, мәтін құрастырыңдар. Қамал Смайлов жазушы, журналист туған...
Қорытынды “Арқа жерінің тарихи тұлғалары” атты жоба бойынша мына кестені толт...
Күтілетін нәтиже: 	Ұзақ жылдар бойы арқа өңіріне еңбек сіңірген ақын – жазушы...
64 1

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Сарыарқа жерінің тарихи тұлғалары (электрондық оқулықтың нұсқасы)
Описание слайда:

Сарыарқа жерінің тарихи тұлғалары (электрондық оқулықтың нұсқасы)

№ слайда 2 Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы – бергі т
Описание слайда:

Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы – бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп“Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?” деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл- әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең – байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз... Н.Ә. Назарбаев

№ слайда 3 Мақсаты: 	Жезқазған өңіріне еңбегі сіңген асыл азаматтар жайлы мағлұмат алу,
Описание слайда:

Мақсаты: Жезқазған өңіріне еңбегі сіңген асыл азаматтар жайлы мағлұмат алу, өнегелі өмірін өмірлік бойтұмар ету.

№ слайда 4 Міндеттері: Тарихи тұлғалар жөнінде мағлұматтар жинау, зерттеу, олардың еңбег
Описание слайда:

Міндеттері: Тарихи тұлғалар жөнінде мағлұматтар жинау, зерттеу, олардың еңбегінің құндылықтарын жаңғыртуға, толықтыруға ат салысу. Арқа ұландарының еңбектерімен жете таныса отырып, келер ұрпаққа рухани бай мұра екендігіне көз жеткізу. Арқаның асыл азаматтарының өмірін зерттеп білу арқылы, сөздік қорымызды молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

№ слайда 5 Билер Батырлар Сарыарқа жерінің тарихи тұлғалары Бабыр би Ерден би Шегір би Қ
Описание слайда:

Билер Батырлар Сарыарқа жерінің тарихи тұлғалары Бабыр би Ерден би Шегір би Қадыр би Сандыбай батыр Жаулыбай батыр Ақындар Болман Иманжан Тайжан Жазушылар Баубек Бұлқышев Мұқан Иманжанов Камал Смайлов

№ слайда 6 Бабыр би Бабыр би шамамен 18 ғасырда Ұлытау жерінде өмір сүрген. Бабыр Бөкенш
Описание слайда:

Бабыр би Бабыр би шамамен 18 ғасырда Ұлытау жерінде өмір сүрген. Бабыр Бөкеншіұлы 1770жылы дүниеге келген. Қызылтас-Ибеске-Жұртшы болысын ант беріп Ресей қарамағына кірген күннен бастап(1832), 1958жылға, Қосбол Қуандықов болыс болып сайланғанға дейінгі уақытта үздіксіз басқарған. Кенесары көтерілісінің мәні мен мақсатын жан-тәнімен түсініп,одан қолдау-көмегін аямаған адам ретінде белгілі. Бабырдың бақандай он ұлы, он екі немересі Кенесары ханның жасағында бастан-аяқ болған. Бұл Бабыр бидің туған елінің азаттығы мен дербестігін аңсаған ерекше дара тұлғалардың бірі екендігін аңғартады. Бабыр Бөкеншіұлы қазақтардың егіншілік кәсіппен айналысуына үлкен мән берген алғашқы азаматтардың бірі. Бабырдың бойындағы бір қасиеті, болашақты болжап білсе керек. Айта берсе, еліміздің бүгінгі егемендігін де Бабыр ата жобалап айтып кеткен. Оның мәйіті Түркістандағы Ахмет Яссауи мазарының жанына қойылған.

№ слайда 7 1.Тапсырмаларды орындаңдар Берілген сөйлемді өз ойыңмен әрі қарай жалғастыр.
Описание слайда:

1.Тапсырмаларды орындаңдар Берілген сөйлемді өз ойыңмен әрі қарай жалғастыр. Мағынасын түсіндіріңдер. Шешендер екі кісі,екі ру арасындағы мал-мүлік,ар мен жер,ер мен жесір құны сияқты даулардан бастап,екі ел арасындағы мемлекеттік келісім сөздерге дейін бітімге келтіріп отырған. 2. Рөлге бөліп, мәнерлеп оқыңдар. Сырым батырдың жауабының мағынасын түсіндіріңдер. Екі шешеннің айтысы Сырым батыр өз елінен ығысып, Үргеніш ханына барады.Ол Сырымды бір шешенімен айтыстырады.Шешен Сырымнан: Дау мұраты не? Саудагер мұраты не? Қыз мұраты не? Жол мұраты не?-деп сұрайды. Сырым оған: Дау мұраты – біту, Саудагер мұраты- ұту, Қыз мұраты –кету, Жол мұраты жету,- деп жауап берген екен.

№ слайда 8 3. Сызба негізінде “Шешендік сөздер” деген тақырыпқа әңгіме дайындаңдар. Шеше
Описание слайда:

3. Сызба негізінде “Шешендік сөздер” деген тақырыпқа әңгіме дайындаңдар. Шешендік сөздер Тапқыр сөздер Өткір, көңілге қонымды Ауыздан-ауызға көшіп сақталған Дауларға байланысты туған Айтушылар билер шешендер а) ә)

№ слайда 9 бізге ауызекі түрде өзгерістермен жеткен Шешендік сөздерді бейнелейтіні Халық
Описание слайда:

бізге ауызекі түрде өзгерістермен жеткен Шешендік сөздерді бейнелейтіні Халықтың ақыл-ойы Халықтың арман-тілегі Бастан кешкен оқиғалары б) в)

№ слайда 10 Ерден би Ұлытаудың төрт жағынан жайлаған елдің бір шетін ұранға көтерілген Са
Описание слайда:

Ерден би Ұлытаудың төрт жағынан жайлаған елдің бір шетін ұранға көтерілген Сандыбайдың Ердені билейді. Қожас руының кенжесі- Жырық бабаның Төлек батыры жоңғарларға қарсы Бағаналы әскерінің қолбасшысы болыпты.Ол алып тұлғалы, сом денелі, аттарынан адам үрейленетіндей кісі болса керек. Ол мінетін атты бүкіл ел болып іздейді екен, анау-мынау ат Төлекті көтере де алмайтын болған. Оның баласы Сандыбай да батыр болса керек, он сегіз жасында қалмақтың жас батырымен күресте жекпе-жекке түсіп жеңіп, содан-ақ оның аты арқаға әйгілі болып тарайды.

№ слайда 11 Халық бағалауынша, Ерден ел арасында әрі беделді би, әрі батыр, аға сұлтан,
Описание слайда:

Халық бағалауынша, Ерден ел арасында әрі беделді би, әрі батыр, аға сұлтан, әрі шешен болыпты. Сұлтан Ерден әкесі Сандыбайға тартып, әкесі өлгесін төрт босағаның біреуін берік ұстап қалады. Беделімен өзінің елі түгіл, Ресей патшасының да көзіне түседі, ісімен тарихтың төрінен орын алады, өз заманының заңғар қайраткері, озық перзенті, оқшау тұрған биік тұлғасы болып тарихқа кіреді.Қайсар мінезімен, үлкен ықпалды беделімен аға сұлтандыққа Шоқан Уәлихановпен дауысқа түсіп, оны жеңіп шығады. Бір еңбегінде үлкен ғалым Шоқан: «Ұлытау жерін мекендеген аса күшті, халық саны да өскен, бай Бағаналы руын басқарған Ерден Сандыбайұлы- өте ықпалды феодал»,- деп мойындаған екен. Ел арасында Төлекті арыстандай ақырған батыр, Сандыбайды жас жолбарыс, Ерденді « Көкжал» деп атайды екен.

№ слайда 12 Ой шақыру Әңгіме не туралы деп ойлайсыз? 2. Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз. Бірде
Описание слайда:

Ой шақыру Әңгіме не туралы деп ойлайсыз? 2. Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз. Бірде бір жәрмеңкеде болған Атбасардағы дауға Ерден билік айтуға келгенде, Біржанның Қорғанбегі: - Елінің еркегі құрып па, «Байтал шауып бәйге алмас, әйел билеген ел оңа ма? » - депті Ерден кемітіп. Сонда Ерден Қорғанбекке: Сен әйелден тумай, кімнен тудың? Кеше үш жүздің басын қосқан Шегір Шалабайұлының асындағы бес жүз ат шапқан аламан бәйгеде Жылтайдың көк ала байталы бірінші болып келіп, бәйгесіне жүз жылқы алғанда, сен қайда едің? Оны аз десең, Сандыбайдың Дүзенінің боз байталы аста бірінші болып келіп, бәйгесіне тағы жүз жылқы алған. Боз байтал Көксу жағасында жан тапсырып, төбе басында жер қазылып жерленген. Ұлытаудың солтүстік шығыс жағындағы Бозбайтал жері мен Бозбайтал көлін білмейсің бе? – деп, Қорғанбектік аузын аштырмаған екен. 3. Ерден би Қорғанбектің аузын қалай аштырмады? 4. Сіз осы әңгімеден қандай ой түйдіңіз?

№ слайда 13 2.Төменде берілген мақал-мәтелдердің не туралы екенін айтып беріңдер. Жаттап
Описание слайда:

2.Төменде берілген мақал-мәтелдердің не туралы екенін айтып беріңдер. Жаттап алыңдар. а. Шешеннің сөзі- мерген, Шебердің ісі- мерген. ә. Сөз сүйектен өтеді. б. Тіл қылыштан өткір. 3.Сөздерді аударыңдар. Дүние келген- Мәдениет- Әдебиет- Әлемге әйгілі- Өркениет- Танымал- Маман- Шешендік өнер-

№ слайда 14 Шегір би Ұлы таудың сыртын Жылкелді руының қадірменді,сәуегей де көріпкел Баб
Описание слайда:

Шегір би Ұлы таудың сыртын Жылкелді руының қадірменді,сәуегей де көріпкел Бабыр би, Кішітауды Шалабай Шегір би ақылгөй билеп- төстеген. Төртеуі түгел тұрғанда сырттан жау,іштен дау шықпаған. Бағаналы елінің ішінде ымыра мен бірлік, татулық сақталған. Ырғайлы өзенінің Обалы деген жерінде Шегірдің мазары соғылған ( оны салушы Сатыбалды қажы) Шегір би мазары Алашахан мен Дүзен мазарларының кішірейтілген түрі сияқты, қалаулары, өрнектері, ою нақыштары бірдей. Бабаларымыз өз ұрпақтарын ерлікке, бірлікке баулыған. Ұрпағының сөйлеген сөзі, істеген ісі- тұнып тұрған даналық пен ерлік. Ақтаздың Уәйіс, Шегір босағасы, Біртума алыс емес екі арасы. Орыстар әуелі есеп алғанында Үш жүзге тола алмапты үй шамасы. Кәпірдің телімінде кетеміз деп, Шегір би жасын төгіп көп жылапты. Аз күнге мәулет алып елін жиып, Алла деп атқа мініп бақ сынапты.

№ слайда 15 Бұл өлеңде есімі аталатын Шегір далалық ауызша тарих намада бағаналы тайпасы
Описание слайда:

Бұл өлеңде есімі аталатын Шегір далалық ауызша тарих намада бағаналы тайпасының төрт босаға- төрт тірегінің бірі болып келеді. Балықшы , қармақшы, әжем, жұмық - бағаналы ішіндегі ақтаз руының тармақтары. Осы тұста, әңгіме желісінен сәл ауытқып, бүгінгі ұрпақ үшін таным-тәрбиелік мән-маңызы зор болғандықтан, осы «төрт тірек- төрт босаға» деген ұғымның нені білдіретінін баяндай кеткен жөн секілді. Бағаналының төрт босағасы деп айтылатындардың ішіндегі Қадірі-пірі, Шегірі-биі, Сандыбайы- батыры, Бабыры- мырзасы болып шығады.

№ слайда 16 1.Тапсырмаларды орындаңдар Қазыбек бидің дауды қалай шешкенін мәнерлеп оқып,
Описание слайда:

1.Тапсырмаларды орындаңдар Қазыбек бидің дауды қалай шешкенін мәнерлеп оқып, түсінгендеріңді айтып беріңдер. Бала- бауыр етің Қазыбек би елге белгілі болған кезде бір балаға дауласып екі әйел алдына келіп жүгінеді.Әйелдердің бірі: Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым,соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма,білмеймін,әйтеуір асырап алыпты.Бүгін танып,сұрап тұрсам, «өз балам» деп бермейді,- дейді. Екінші әйел тұрып: Мынау босқа жармасып тұр,- дейді. Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып,біраз ойланып отырып қалады.Содан кейін: Бірің балаңды жоғалтқаныңды,енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ.Сондықтан мынадай билік еткім келеді,- дейді. Екеуіңе баланы қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?- дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел: Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да,өзімде қалсын!- деп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел: Ойбай,биеке,қайда жүрсе де,тірі болсын,шаба көрмеңізІ- деп безек қағады. Содан барып Қазыбек: - Бала мына жоғалтқан әйелдікі,өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр,баласын өзіне бер,- деп билік айтады.

№ слайда 17 3. Мақалды толықтырыңдар. ... дос болғанға шаттан, ... дос болудан сақтан ...
Описание слайда:

3. Мақалды толықтырыңдар. ... дос болғанға шаттан, ... дос болудан сақтан ... көппен сыйлас, ... азбен сырлас ... көңілі тыным таппас. ... дос келгенде, ... достың көзінен жас шығады.

№ слайда 18 Қадыр би Қадыр би (1789-1883ж.) бір ғасырға таяу өмір сүрген, тоғыз некеден о
Описание слайда:

Қадыр би Қадыр би (1789-1883ж.) бір ғасырға таяу өмір сүрген, тоғыз некеден отыздай ұл өсіріп, ең соңғысы 64 жасында 13 жасар Мейрам ханның қарындасын алған, онымен де өмірінің соңғы отыз жылын өткізген. Қадырдың бойындағы бір қасиеті, болашақты болжап білсе керек. Ұлытаудың тарихи тұлғаларының өзі де жетіп артыларлық.Олар Бағаналы елінің берік босағасы атанған Бабыр, Ерден, Шегір, Қадыр.

№ слайда 19 Ұлытаудың төрт жағын жайлаған елдің бір шетін ұранға көтерілген Ерден би бил
Описание слайда:

Ұлытаудың төрт жағын жайлаған елдің бір шетін ұранға көтерілген Ерден би билесе, екішісін қалың құмдағы Қарабала Кадыр би, Ұлытаудың сыртын Жылкелді руының қадірменді, сәуегей де көріпкел Бабыр би, Кішітауды ақылгөйлігімен Шегір би билеп төстеген. Төртеуі түгел тұрғанда сырттан жау, іштен дау шықпаған. Бағаналы елінің ішінде ымыра мен бірлік, татулық сақталған. Ең алдымен сол төрт Бағаналы руының басшылары өте тату болған, бірінсіз бірі еш қимыл жасап, мәселе шешпеген. Ол төртеуінің ымыра-бірлігінен сырттағы жау сескенген, бір сөзбен айтқанда, «Бағаналының берік босағасы» деп атаған. Олардың аттары мен атағы, даңқы мен даналығы жауды сескендіріп, ағайын- туыстарын, бүкіл Бағаналы балаларын жігерлендірген, бірлікке бастаған.

№ слайда 20 1.“Аталар сөзі – ақылдың көзі” атты тақырыпта ой толғау жазыңдар 2.Билердің б
Описание слайда:

1.“Аталар сөзі – ақылдың көзі” атты тақырыпта ой толғау жазыңдар 2.Билердің бойындағы сан-қырлы қасиеттерін топтастыр. Билердің бойындағы қасиеттері Елші

№ слайда 21 Арқаның батырлары
Описание слайда:

Арқаның батырлары

№ слайда 22 Сандыбай батыр Төлекұлы 1740 жылы туған. Сандыбай батыр 18 жасында жоңғардың
Описание слайда:

Сандыбай батыр Төлекұлы 1740 жылы туған. Сандыбай батыр 18 жасында жоңғардың жас батырымен күресте жекпе-жекке түсіп жеңіп, содан-ақ оның аты Арқаға әйгілі болып тарайды. Сандыбай Қарағанды, Ақмола облыстарының тоғысар тұстағы үлкен төбенің басына жерленген. Ұрпақтары орнатқан шатыры батыр дулығасына ұқсас ескерткікесенесі алыстан көрінеді. Сандыбай батыр

№ слайда 23 1. Ой шақыру. Мына әңгіме не туралы деп ойлайсыз? Неге? 2. Әңгімені оқыңыз. Т
Описание слайда:

1. Ой шақыру. Мына әңгіме не туралы деп ойлайсыз? Неге? 2. Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз. Кең даланы жаудан қорғап, ұрпағына мұра етіп қалдырған батырлардың бірі –Сандыбай. Сарыарқа төсінде болашақ үшін аттан түспей найза көтеріп, көлденең қалқан ұстап өткен Сандыбай 1740 жылы Ұлытау өңірінде туған. Он жеті жасынан алпыс екі жасына дейін Шақшақ Жәнібектің белгілі сарбазы және сардары болған. Сандыбай батыр сом денелі, қаба сақалды, кең жауырынды, шын батырға лайықты денесі мен пошымы болыпты. Әр шайқастағы жеңістері үшін Шақшақ тек Сандыбайды «жолды қарт» атап кеткен, себебі әр уақытта Сандыбай оның үмітін ақтап отырса керек. Жекпе – жек күреске Шақшақ тек Сандыбай ғана салады екен. Халықтың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін Сандыбай жан аямаған. Әсіресе , Бұланты бойындағы шайқаста батыр ерекше көзге түсті. Жәнібектің аузынан шыққан Сандыбай туралы шындық осы күнге дейін ел арасында аңыз болып айтылады. Екеуі ақылдаса отырып, соғыс тәсілдерін өзгертеді. Сандыбай жауға, не ұрысқа шыққанда, жау жағы топалаң тиген қойдай жусап қалады екен дейді ел аузында 3. Әңгіме сізге ұнады ма? Несімен ұнады? 4. Осы әңгімеден алған әсеріңіз қандай? 5. Ұлытау өңіріндегі тағы басқа қандай батырларды білесіз? 6. Мақалды жаттап алыңыз. Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса жер ырысы.

№ слайда 24 Батыл Дұшпан Соғыс Дос Қорқақ Бейбітшілік 1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді с
Описание слайда:

Батыл Дұшпан Соғыс Дос Қорқақ Бейбітшілік 1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді сәйкестендіріңіздер

№ слайда 25 1.Ұлытау жерінен шыққан батырлар ( Сандыбай, ........) 2.Қазақ батырларының м
Описание слайда:

1.Ұлытау жерінен шыққан батырлар ( Сандыбай, ........) 2.Қазақ батырларының мақсат-мұраты не? ( Отанын қорғау) 3.Сандыбай батыр қай жылы туған? ( ) 4.Қазақ батырлары не үшін күрескен? (бостандығы, тәуелсіздігі) 5.Халық батырларын қайтеді? (құрметтейді) 6.Тарихи тұлғалар деп кімдерді айтамыз? (батырлар, хан, билерді). 2. Блиц – сауалға шапшаң жауап беріңіздер

№ слайда 26 3. Мағынасы бірдей сөздерді сәйкестендіріңіз. Мақсат шапқыншылық дос атамеке
Описание слайда:

3. Мағынасы бірдей сөздерді сәйкестендіріңіз. Мақсат шапқыншылық дос атамекен ержүрек ел, жұрт бостандық тәуелсіздік халық батыл, ер Отан жолдас соғыс мұрат, мүдде

№ слайда 27 Жаулыбай батыр Бағаналының Сарғалдақ руынан Тәңірберліден тарайды. Жаулыбайд
Описание слайда:

Жаулыбай батыр Бағаналының Сарғалдақ руынан Тәңірберліден тарайды. Жаулыбайдың әкесі Өтеген еліне қадірлі, ағайынға бауырмал, қолына найза ұстаған батыр болса керек. Жаулыбай 1697 жылы дүниеге келген. Жаулыбай батыр Ер Жәнібектің батырлық мектебінен өтеді. Елінің бірлігі мен жерінің тұтастығы үшін күресіп, ұрпақтарына өнеге мен үлгі тастап кеткен батыр. Жаулыбай батыр

№ слайда 28 Туғанына 300жылдан асқан Жаулыбай батыр Бағаналының Сарғалдақ руынан Тәңірбе
Описание слайда:

Туғанына 300жылдан асқан Жаулыбай батыр Бағаналының Сарғалдақ руынан Тәңірберліден тарайды. Оның батырлығы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде баяндалады. Қиын-қыстау жағдайда, жоңғарлармен күресте елінің берік қорғаны бола білген жан. Жаулыбайдың әкесі Өтеген еліне қадірлі, ағайынға бауырмал, қолына найза ұстаған батыр болса керек. Тарихи деректерде оның үлкен ұлы Жаулыбай 1697 жылы дүниеге келген. Жәкең жас кезінен көзге түскен, сом денелі, зор бітімді, денесі толған қуат пен жігерге толы жігіт болса керек. Өтеген оған «Жолың болсын, балам, Сарғалдақтың аруағы қолдасын » - деп батасын береді. Жаулыбай – заманының заңғар батыры. Елінің бірлігі мен жерінің тұтастығы үшін күресіп, ұрпақтарына өнеге мен үлгі тастап кеткен батыр. Дастандарда Жаулыбай «Шұбар тулы Жаулыбай » деп аталған көрінеді: бала күнінде өлтірген арыстан терісінен ту тігіп берген екен. Ту батыр абыройының асқан нысаны болыпты. Жаулыбай батыр туған елінің азаттығы жолында, жоңғар шайқастарының бірінде мерт болады. Оның ұлдары – Қарабек пен Сәдібек те әке жолын қуып, батыр атанып, ерліктерімен елге танымал болады. 3. Жаулыбай кім болған? Айтып бер. 4. Мәтіндегі сын есімдерді тап. Сын есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? 1.Ой шақыру Мына әңгіме не туралы деп ойлайсыз? 2.Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз.

№ слайда 29 Тапсырмалар мен сұрақтар Қазақ батырларының мақсат-мұраты не? Қазақ батырлары
Описание слайда:

Тапсырмалар мен сұрақтар Қазақ батырларының мақсат-мұраты не? Қазақ батырлары дегеніміз кімдер? Ұлытау өңірінен шыққан батыр ұлдар кімдер? Халық батырларды қалай бағалайды? Ел арасында Сандыбай мен Жаулыбайды қалай атаған? Сөздік қор (тест) Қазақ ------------------------------- мақсаты - ----------,-------------- жаудан қорғау, елінің --------------------------- сақтау. Батырлар --------------------- қарсы жан қияр -------------------------- барған, -------------------------------, ерлік көрсеткен. Сандыбай батыр мен Жаулыбай батыр --------------------------- ---------------------------- өмір сүрген. Ел арасында Сандыбайды --------------------------------, Жаулыбайды ------------------------------ деп атайды.

№ слайда 30 Тест сауалдары 1. Қазақ батырлары не үшін күрескен? а) халқының бостандығы, т
Описание слайда:

Тест сауалдары 1. Қазақ батырлары не үшін күрескен? а) халқының бостандығы, тәуелсіздігі, атамекені ә) әділетсіздікке қарсы б) сыртқы жаулардан қорғау, жерін басып алу 2. Қазақ батырларын белгілеңіз а) Тәуке, Абылай, Қасым, Керей ә) Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары б) Абай, Ыбырай, Шоқан

№ слайда 31 Арқа жерінің тарихи тұлғалары 	Ежелгі қоныс, ескі жұрт Ұлытауда талай – талай
Описание слайда:

Арқа жерінің тарихи тұлғалары Ежелгі қоныс, ескі жұрт Ұлытауда талай – талай елеулі тарихи құбылыстар өтіп, талай – талай тағдырлар тоғысты. Арқа жерін жайлаған елдің бір шетін Сандыбайдың Ердені билесе, екіншісін Қарабала Қадыр би, Ұлытаудың сыртын Бабыр би, Кіші тауда Шегір билер билік жүргізген. Шамамен 1808-1862 жылдары өмір сүрген. Сандыбай батыр он сегіз жасында қалмақтың жас батырымен күресте жекпе-жекке түсіп жеңіп, содан-ақ оның аты Арқаға әйгілі болып тарайды. Ерден батыр ел арасында әрі беделді би, әрі батыр, аға сұлтан, әрі шешен болыпты.

№ слайда 32 Ерден батыр өз ісімен тарихтың төрінен орын алады, өз заманының заңғар қайр
Описание слайда:

Ерден батыр өз ісімен тарихтың төрінен орын алады, өз заманының заңғар қайраткері, озық перзенті, оқшау тұрған биік тұлғасы болып тарихқа кіреді. Ел арасында Сандыбайды жас жолбарыс, Ерденді «Көкжал» деп атайды. Сонымен бірге ел ішінде жүрегінен жыр төгіп, аты шыққан ақындар: Болман, Тайжан, Иманжан. Ұлытау жерінің қаламгер жазушы замандастар Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжанұлын және Камал Смаиловты да атап өтуге болады. Бұл жазушылардың туындыларының мазмұны бай, құдіреті күшті. Сарыарқа өңірінде дүниеге келген жазушылардың бірі Камал Смаилов.Оның қаламынан 300 – ден аса публицистикалық мақалалар, 14 кітап басылып шыққан.

№ слайда 33 Болман ақын 		1879 жылы Жезді өзенінің бойында дүниеге келген. Әкесі Қожабай
Описание слайда:

Болман ақын 1879 жылы Жезді өзенінің бойында дүниеге келген. Әкесі Қожабай да айтулы ақын, әнші, домбырашы. Баласы Болманды өнерге жастайынан үйретіп, өлең айтқызып, домбыра тартқызып баулиды. Бала кезінен Байқоңыр деген байға жалданып, домбырасын қайда барса да қолынан тастамай “Өлеңім өмір болды бала жастан” деген өлеңін де шығарады. Қанышпен талай дәмдес, сырлас болған, Ұлы Отан соғысы жылдары халқының еңсесін, көңілін көтерген, Жеңісті жырлаған, Жамбылдан бата алған, Тайжанмен үзеңгілес болған ақын болатын.

№ слайда 34
Описание слайда:

№ слайда 35
Описание слайда:

№ слайда 36
Описание слайда:

№ слайда 37 1 Тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер. 1.Болман Ұлытау өнірінде ... А) тудым
Описание слайда:

1 Тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер. 1.Болман Ұлытау өнірінде ... А) тудым Ә) тудың Б)туды 2. Болманның туған ... – Ұлытау өнірі. А) жерін Ә) жері Б) жерім 3.Болман кім? А) ақын Ә) жазушы Б)әнші 4. Ұлытау өнірінің ақынын көрсет А) Мұқағали Ә) Болман Б) Шәкәрім 5. Болманның туған жерін ата А) Қарсақпай Ә) Жанарқа Б) Ақтоғай

№ слайда 38 2 Сұхбатты толықтырыңыз. Сіздің ... ақыныңыз бар ма? Иә, менің ... ақыным бар
Описание слайда:

2 Сұхбатты толықтырыңыз. Сіздің ... ақыныңыз бар ма? Иә, менің ... ақыным бар. ... туралы не білесің? ... туралы көп нәрсе білемін. Сізге оның қандай ... ұнайды? Айта аласыз ба? Әрине, айта аламын. Қандай тамаша!

№ слайда 39 Тайжан Қалмағанбетұлы 	1879 жылы Атырау бөктеріндегі Қаратал мекенінде, Қалма
Описание слайда:

Тайжан Қалмағанбетұлы 1879 жылы Атырау бөктеріндегі Қаратал мекенінде, Қалмағанбет молданың отбасында болашақ Тайжан ақын дүниеге келді. Балалық шағы жоқшылық, таршылықта өтеді. жас шағынан өлеңге, өнерге үйір, болған талапты бала домбыра мен сырнайы да ерте үйренеді. Сол кездің өзінде екі ішекті домбырасымен Ұлытау маңайын түгелдей аралап, еліне өнерімен таныла бастайды.

№ слайда 40
Описание слайда:

№ слайда 41
Описание слайда:

№ слайда 42
Описание слайда:

№ слайда 43 1 Тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер. 1.Тайжан ақынның өленің көрсет: А) «Ж
Описание слайда:

1 Тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер. 1.Тайжан ақынның өленің көрсет: А) «Жер қазғандарға» ә) « Сап-сап көңілім» б) « Мен жастарға сенемін» 2. Тайжанның ақын досы А) Мұқағали ә) Сакен Сейфуллин б) Жамбал Жабаев 3. Тайжан қай жылы « халық жауы» деп ұсталды? А) 1937 ж ә) 1940 ж б) 1938 ж 4. Тайжан Қалмағанбетов қай жылы дүниеге келген? А)1861 ә) 1875 б) 1879 5. Тайжан қай рудан шыққан? А) найман ә) арғын б) жалайыр

№ слайда 44 Сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз 1) шығырма 2) ақын 3) тамаша ә) өте жа
Описание слайда:

Сөздерді мағынасымен сәйкестендіріңіз 1) шығырма 2) ақын 3) тамаша ә) өте жақсы а) өлеңнің авторы б) бір автордың жазған еңбегі

№ слайда 45 Иманжан Жылқайдарұлы 		1886 жылы Ұлытау өңірінде туған. Имекен қарт ақын, Хал
Описание слайда:

Иманжан Жылқайдарұлы 1886 жылы Ұлытау өңірінде туған. Имекен қарт ақын, Халық ақыны деген атаққа ие болды. Қолжазба еңбектері Қазақстанның Өнер және әдебиет институтының орталық ғылыми кітапханасында. Талай айтыстарға қатысты. Елдің тарихын, мәдениетін, әңгімелерін өте көп білді. Шешендік сөздердің шебері бола тұра,оның жинағын да шығарған. “Жәнібек батыр” поэмасы ел аузынан жинақтаған, “Ақтабан шұбырынды” жырын жазған.

№ слайда 46 Орыс тіліндегі сөздерді қазақ сөздерімен сәйкестендіріңіз. 1) пеcня а) әнші
Описание слайда:

Орыс тіліндегі сөздерді қазақ сөздерімен сәйкестендіріңіз. 1) пеcня а) әнші 2) певец(а) ә) тойлау 3) день рождения б) ән 4) овый год в) әсіресе 5) праздновать г) мереке 6) Особенно д) жаңа жыл 7) праздник е) ән айту 8) Вечер ж) туған түн 9) Петь з) аспап 10) инструмент (муз) и) кеш

№ слайда 47 Туған жерінің бірлік, бостандығын қорғайды Елінің, халқының бірлік, тәуелсізд
Описание слайда:

Туған жерінің бірлік, бостандығын қорғайды Елінің, халқының бірлік, тәуелсіздігін жырға қосады Бірлік, бостандығын тәуелсіздігін Батырлар Ақындар 1. Вен диаграммасын толтырыңыздар

№ слайда 48 Баубек Бұлқышев 1916 жылы Амангелді атындағы Сарлық ауылында дүниеге келді. О
Описание слайда:

Баубек Бұлқышев 1916 жылы Амангелді атындағы Сарлық ауылында дүниеге келді. Осы ауылда өсіп, мектептен кейін Қарсақбай ФЗО-сын бітіреді. Отанын сүйген, өмірге құштар жан 1940 жылы Мәскеу әскери училищесінде оқыды. Жазушы «Алматылықтар» деген романын бастап жазды, бірақ бұл туындысы аяқталмады. «Тыңда Кавказ», «Өлім мен өмір» туындылары газет бетінде жарық көрді. Баубек аз өмірінде өлмейтіндей мұра қалдырды, оны бүкіл Қазақстан мақтан етеді. Туған жерінде тұрғызылған ескерткіш – оған көрсетілген құрмет.

№ слайда 49
Описание слайда:

№ слайда 50 Өмір мен өлім туралы Адам туады,адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? « Бұл – жа
Описание слайда:

Өмір мен өлім туралы Адам туады,адам өледі. Мұнда тұрған қайғы не? « Бұл – жаратылыс заңы.Біздің шығыс елдері: «Адам – дүниеге келген қонақ,біраз қонақтардың,аттануың керек»,- деседі. Бірақ адам дүниеге тек қана келіп,әшейін ғана аттана бермейді:ол артына ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.Ол өмірге адам болып келіп,адам күйінде қайтады. Мен – ұлы жиырмасыншы ғасырдың жасымын.Бүгін мен өз жайымды әңгіме еткім келеді.Өйткені бір жағымнан кек қысып отыр да, екінші- үлкен бір қайғым да бар.Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп,үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ. Тапсырма: 1.Мәтінді оқып, сөз тіркесінің аудармасын табыңыз. Дүниеге келген – Ой қалдырады – Арпалыста жүргенде- Адам туады- Адам өледі- 2.Мәтінді мазмұндап бер.

№ слайда 51 Жазушыларға тән қасиеттер
Описание слайда:

Жазушыларға тән қасиеттер

№ слайда 52 Мұқан Иманжанов 1916 жылы Ұлытаудың етегінде дүниеге келген. Мұқан аз сөйлеп,
Описание слайда:

Мұқан Иманжанов 1916 жылы Ұлытаудың етегінде дүниеге келген. Мұқан аз сөйлеп, көп ойлап, көп оқитын адам. 1948 жылы «Достық», «Таныс қыз» атты әңгімелер жинағын «Алғашқы айлар», «Адам туралы аңыз», «Менің махаббатым» деген пъессалары жарық көрді. 1935 жылы Алматыға барып, қаражат техникумын бітірген. Тамаша жазушы, алаш азаматы ұзақ аурудан кейін, 42 жасында қайтыс болды. Ұлытау жұрты мәңгілік ұмытпау үшін перзентіне ескерткіш қойды. Ол өзінің досы Баубекпен бірге тұр.

№ слайда 53 Камал Смайлов 1932 жылы 24 сәуірде Ұлытаудың жанындағы Сарлық ауылында дүниег
Описание слайда:

Камал Смайлов 1932 жылы 24 сәуірде Ұлытаудың жанындағы Сарлық ауылында дүниеге келген. Ұлытау орта мектебін 1949 жылы бітірген соң Қазақ университетінің журналистика бөліміне оқуға түседі де оны 1954 жылы үздік бітіреді. Оның қаламынан 300-ден аса публицистикалық мақалалар, 14 кітап басылып шықты.

№ слайда 54 Қазақтың белгілі мемлекет, қоғам және мәдени қайраткері Камал Сейтжанұлы Сма
Описание слайда:

Қазақтың белгілі мемлекет, қоғам және мәдени қайраткері Камал Сейтжанұлы Смайлов Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін үздік бітірген ол шығармашылық қызметін «Лениншіл жас» ( қазіргі «Жас Алаш») газетінде бастады. Жарияланған очерктері, суреттемелері,мақалалары өмір шындығын қаз қалпында көрсетумен тақырыптық тың сипатымен әсерлі баянымен оқушыны жаулап алатын. Қамал Сейтжанұлы үлкен жүректі, оқығаны көп өмір деген мектептен алғаны да салмақты, текті ақылман еді. Оның кинодағы,телевидениедегі жұмысы мәдениет саласында шын мәнісіндегі ірі менеджер екенін халыққа танытты. Көрермен қауым жаңадан ұйымдастырылған «Тамаша», «Айтыс», «Терме» хабарларын, «Қазақстан Ұлы Отан соғысында» деректі қырық сериялы телефильмді, «Звезды Медео», « Алма-Ата встречает друзей» телефестивальдарын жылы қабылдады. Қазақстандықтар Кәмекеңді жазушы- публицист ретінде біледі.Оның қаламынан 300-ден астам публицистикалық мақалалар және 14 кітап туған. Солардың ішінде «Сенің бақытың», «21 ғасырға саяхат», «Фильм осылай туады», «Өмірдің өзімен өлшесек», «Ғасыр қырқасында», «Оянған ойлар», «Жолданбаған 27 хат»,»Жеті қыр, бір сыр», «Қиғаш кітап», тағы басқалар бар.Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазамен бірлесіп шығарған «Халқым саған айтамын, Президент сен тыңда» кітабы нарыққа көшу кезеңінің бір шежіресі деуге болады. Ол Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Жазушылар Одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының иегері, профессор, өнертанушы.Оның ел игілігіне жасаған еңбегі ерен, қалдырған рухани мұрасы көп.Камалтану ғылымы енді-енді қолға алынып, жазыла бастайды.

№ слайда 55 Құнарлы жерге ғана шөп шығады. Оның әкесі Сейтжан Троицк медресесін бітірген
Описание слайда:

Құнарлы жерге ғана шөп шығады. Оның әкесі Сейтжан Троицк медресесін бітірген. Шөбере ағасы Баубек Бұлқышев Ұлы Отан соғысы кезінде «Комсомольская правда» газетінде жарияланған мақалаларымен бүкіл Кеңес Одағы халқының аузына іліккен. Арғы төртінші атасы Бөкенбайұлы бабыр берісі Ұлытау – Жезқазған аймағы, әрісі Арқаға белгілі қайраткер болған, Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген 121 қазақтың бірі. Өзіне қарап досын іздесек, ол жерлесіміз академик Төрегелді Шарманов. Қызмет бабындағы ортасы – қазақтың ығай мен сығай игі –жақсылары, зиялылары. Оларды атасақ, аузымызға Олжас Сүлейменов, Әнуар Әлімжанов, Әбіш Кекілбай, Мұқағали Мақатаев, Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов келеді. Белгілі мәдениет қайраткері Андрей Кончаловскиймен, Григорий Чухраймен, Никита Михалковпен, Төлеміс Өкеевпен, тағы басқалармен тығыз шығармашылық қатынаста болған. Шерхан Мұртаза 1932 аштық жылы туған әрбір мың нәрестенің тек біреуі ғана тірі қалғаны туралы деректі жариялады. Сол мыңның бірі – Камал Сейтжанұлы Смайлов. Әбіш Кекілбай жазғандай, ол «қаламгерлікте де, санаткерлікте де, қайраткерлікте де мыңнан біреу ғана жете алатын биіктерге көтеріліп, қиын да қызғылықты өмір жолынан өтті». Оның әлем кеңістігіндегі рухани өмірі де ұзақ болатыны, талай қазақ ұрпақтарына сәулелі бағдаршамға айналатыны хақ.

№ слайда 56
Описание слайда:

№ слайда 57
Описание слайда:

№ слайда 58
Описание слайда:

№ слайда 59 1. Тапсырма Жоғарыдағы мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңіз. Мәтін бойынша дең
Описание слайда:

1. Тапсырма Жоғарыдағы мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңіз. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар оқыңдар. І деңгей. Мәтін бойынша 10 сұрақ қойыңдар. Мәтінің мазмұнын орысша айтып беріңдер. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыр: Дүниеге келген, аса көрнекті, көптеген жылдар, еңбек еттті, ғұмыр бойы. ІІ деңгей. Мәтінге тірек сызба дайындаңдар. Сызба бойынша К.Смайылов жөнінде әңгіме құрастырыңдар. Мәтін бойынша күрделі жоспар құрып жазыңдар. К.Смайыловтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп беріңдер.

№ слайда 60 2. Тапсырма 1. Камал Смайлов кім? 2. Ол қай жылы және қай жерде дүниеге келді
Описание слайда:

2. Тапсырма 1. Камал Смайлов кім? 2. Ол қай жылы және қай жерде дүниеге келді? 3. Жастайынан ол немен шұғылданған? 4. Камал Смайлов қандай кітаптардың авторы? 5. Камал Смайлов сан қырлы қасиеттерін топтап көрсет?

№ слайда 61 3. Топтастыр Камал Смайлов кім? Жазушы
Описание слайда:

3. Топтастыр Камал Смайлов кім? Жазушы

№ слайда 62 4. Сызбаға қарап, мәтін құрастырыңдар. Қамал Смайлов жазушы, журналист туған
Описание слайда:

4. Сызбаға қарап, мәтін құрастырыңдар. Қамал Смайлов жазушы, журналист туған жылы жұмыс істеген жерлері “Өнерлі бала” Арқа жерінің белгілі жазушысы шығармалары

№ слайда 63 Қорытынды “Арқа жерінің тарихи тұлғалары” атты жоба бойынша мына кестені толт
Описание слайда:

Қорытынды “Арқа жерінің тарихи тұлғалары” атты жоба бойынша мына кестені толтырыңыз Ү Бұрыннан білем - Мен ойлағаннан кері + Жаңалық ? Әрі қарай білгім келеді

№ слайда 64 Күтілетін нәтиже: 	Ұзақ жылдар бойы арқа өңіріне еңбек сіңірген ақын – жазушы
Описание слайда:

Күтілетін нәтиже: Ұзақ жылдар бойы арқа өңіріне еңбек сіңірген ақын – жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлердің аттарын жаңғырту.

Автор
Дата добавления 02.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Видеоуроки
Просмотров604
Номер материала ДВ-222284
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх