Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / " Сарыарқаның табиғаты" (8-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

" Сарыарқаның табиғаты" (8-сынып)

библиотека
материалов

География.8- сынып
Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа
Сабақтың мақсаты: Қасиетті өлке Сарыарқаның географиялық орнын анықтау, табиғаттың құрамдас бөліктері арасындағы байланысты логикалық бейнелеуге, үйлестіруге дағдыландыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушының дарынын ұштау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, болашақ кәсібін анықтауға, оған қол жеткізуге баулу.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Жерді қорғауға, өз еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың өз бетімен ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт беру.
Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, Сарыарқа суреттері, интерактивті тақпа, Астананың суреттері.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, Венн диаграммасы, бес жолды өлең әдісі, түртіп алу әдісі, жобалау әдісі, ауызша сұрақ-жауап, «Артық сөзді алып таста» ойыны.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеп, 4 топқа бөлу.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Ой шақыру» стратегиясын пайдаланып, әр топ экранына 2 сұрақтан шығарып, ойлануға 1 минут беріп, уақыт аяқталғаннан кейін ортаға әр топтан 1 спикер шығып жауабын беру.
2. «Артық сөздерді алып таста» ойыны. Әр топ экранына сөздер шығарып ол сөздердің ішінде артық сөздерді табуы керек, уақыт 1 минут, уақыт өткеннен кейін топтан спикер шығып жауап береді.

1-топ:Өзендері: Жем, Үй, Есіл, Ойыл, Әйет, Жайық, Обаған, Шу, Тоғызақ, Торғай, Шағалалы, Талас.
Жануарлары: бүйі, сарышұнақ, ақ құр, үйрек, мәлін, сұр тырна, бозторғай, жұртшы, аққу, қоян, тиін, ақбөкен, сусар, бұлан, оқ жылан.

2-топ: Пайдалы қазбалары: фосфорит, кобальт, газ, хромит, боксит, темір, вольфрам, құрылыс материалдары, сурьма, тас көмір, сынап, марганец.
Өсімдіктері: шілік, боз, өлеңшөп, арпабас, көктерек, итмұрын, шырғанақ, тошала, бүлдірген, ши, мойыл, бидайық, дермене жусан, жөке, бетеге, шеңгел, шайшөп, бұйырғын.

3-топ: Өсімдіктері: қарабас, арпабас, май қарағай, сәбіз шөп, итсиген, қамыс, сексеуіл, қайың, көктерек, жыңғыл, жүзгін, емен, беде, сантонин.
Топырағы: қара, ашық қоңыр, сортаң, ашық қызғылт, қызыл қоңыр, қызғылт күрең, сұр-қоңыр, аллювийлі сор, құмды шағыл, күлгін, орманның сұр, таулы аймақ.

4-топ: Жануарлары: бұлан, елік, қоян, бұғы, қарсақ, күзен, ақбөкен, қасқыр, түлкі, қарақұйрық, аламан, ақкіс, сарышұнақ, ұлар, аққу, муфлон.
Номенклатурасы: Есіл, Жалпы Сырт, Құсмұрын, Орал алды, Сілеті теңіз, Жем, Құлынды, Обаған, Қызыларай, Павлодар, Қашар, Әйет, Жетісу, Лисаковск, Наурызым, Тастау.
3. «Мағынаны ажырату» а) Венн диаграммасын пайдалана әр топ ортақ ұқсастықтарын табады.

III. а) Жазық пен таудың ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасына жаз.
ә) Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы аталу себептерін жаз.
Әр топқа Сарыарқа тақырыбының бөлімдерін бөліп беру. Интерактивті тақтадағы Сарыарқа туралы мәтінді оқып шығып, оқулық мәтінін пайдалану.
1-топ: Географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы.
2-топ: Пайдалы қазбалары, климаты
3-топ: Өзендері мен көлдері, қорықтары
4-топ: Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары
Әр топқа «Талқылау парағын» таратып, «негізгі идеяны суреттеу» стратегиясын қолдана отырып,уақыт 5 минут беру, уақыт аяқталғаннан кейін әр топтан 1 спикер шығып, талқылау парағы бойынша түсіндіреді, әрқайсысына картадан көрсетіп, жауап беруге 1 минуттан уақыт беріледі.
4. Әр топ өздері үйде дайындап әкелген «Астана - жас қалам» атты жобаларын қорғайды, әр топқа 2 минуттан уақыт беріледі.
Әр топқа сұрақтар қою:
1 топқа - Қай күнді біз Астана күні деп тойлаймыз?
2 топқа - Астана Алматыдан қай жылы көшірілді?
3 топқа - Астананың климаты қандай?
4 топқа - Астанадан қандай өзен ағып өтеді?
5. Қорытындылау кезеңі. «Ой бөлісу ортаға салу» стратегиясын қолдана отырып, әр топқа 1 сұрақтан беру, ойлануға 30 секунд, уақыт өткеннен кейін ортаға 1 спикер шығып, жауап береді.
6. Төрт жолды өлең әдісін пайдалана отырып, әр топқа 1-ші жолы зат есім, 2-ші жолы сан есім, 3-ші жолы сын есім, 4-ші жолы етістіктен тұратын өлең құрастыру, уақыт 2 минут беріледі.
7. Дәптермен жұмыс:
Номенклатура: Қызыларай, Ақсораң, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Көкшетау, Ұлытау таулары, Қарағанды, Екібастұз, Саяқ, Қоңырат, Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Жәйрем, Балқаш кен орындары, Теміртау қаласы, Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын өзендері, Бурабай, Шортанды ,Қорғалжын көлдері.
8. Оқушыларға сабақ аяқталуға 5 минут қалғанда «Бағалау парағы» мен «Шығу парағын» тарату.
«Шығу парағының» сұрақтары: Топта жұмыс істеген оңай ма?
Бірлескен жұмыстан не алдың?
Үйге тапсырма беру: 1. Сарыарқа тақырыбын оқып келу.
2. Кескін картаға Сарыарқаның жоталарының аттарын, созылу бағыттарын түсіру.

Автор
Дата добавления 26.03.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров155
Номер материала ДВ-556942
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх