Сабақтың тақырыбы: Сақталу
заңдары тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың
тарау бойынша алған білімдерін
қайталау, бекіту, жинақтау.
.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың
ой-өрісін, туралы
түсініктерін кеңейту.
Б) Тәрбиелік:
Оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелі ойлауға, достыққа,
ұжымдық
жұмыс істеуге, табиғатты қорғауға
тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
Қайталау-қорытындылау сабағы
Сабақтың түрі:
Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі:
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, СТО
технологиясының Венн диаграммасы,
семантикалық карта, физикалық диктант, альтернативті
тест стратегиялары, есептер шығару.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: интерактивті
тақта, штатив, маятник.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру жұмыстары:
а) Сәлемдесу, оқушыларды
түгелдеу;
б) оқу құралдарын
тексеру.
в) оқушыларды 2 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Пысықтау сұрақтары:
- Механикалық
энергияның түрлері.
- Кинетикалық
энергия дегеніміз не?
- Потенциалдық
энергия дегеніміз не?
- Механикалық
жұмыстың өрнегі.
- Қуаттың
өлшем бірлігі.
2.Сәйкестендіру. Физикалық шамаларды
есептеу формуласымен сәйкестендіру.
- Жұмыс
- Қуат
- Кинетикалық
энергия
- Потенциалдық
энергия
|
- E=mv2/2
- A=FS
- E=mgh
- N=A/t
|
ІІІ. Үй тапсырмасын
қорытындылау.
- Салыстыру.
Венн диаграммасы арқылы кинетикалық
және потенциалдық энергияларды салыстыру.
Кинетикалық Потенциалдық
ІV. Жаңа сабақты баяндау.
Табиғатта да, техникада да механикалық энергияның бір
түрі екінші бір түріне айналып жатады. Потенциалдық энергия мен кинетикалық
энергияның үздіксіз өзара айналуының мысалына маятник қозғалысы жатады. Маятник
жүгі төменгі тепе-теңдік нүкте арқылы өткенде, оның потенциалдық энергиясы
толығымен кинетикалық энергияға айналады, ал содан кейін жүк көтерілген кезде,
кинетикалық энергия қайтадан потенциалдық энергияға айналады. Доп белгілі бір
биіктіктен түскенде, оның потенциалдық энергия қоры кинетикалық энергияға
түрленеді. Алайда доп қайтадан жоғары қарай көтерілгенде, оның кинетикалық
энергиясы бірте-бірте азайып, потенциалдық энергиясы арта бастайды. Сонымен
энергияның бір түрі екіншісіне алма-кезек айналып отырады.
Дененің кинетикалық және потенциалдық
энергияларының қосындысы дененің толық механикалық энергиясы деп
аталады:
E=Ek+Ep
Денелердің өзара әрекеттесуі мен қозғалысы нәтижесінде
кинетикалық және потенциалдық энергиялар бірінің артуы екіншісінің кемуіне тең
болатындай өзгереді:
Ek1+Ep1=Ek1+Ep2
Толық механикалық энергияның сақталу заңы
энергияның сақталуы мен айналуының дербес жағдайы болып табылады.
Дене энергиясы еш уақытта жоғалмайды және
жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.
Энергияның сақталуы мен айналуының жалпы заңы
барлық жерде орындалады.
Бұдан кейін біз энергияның жылулық, ядролық,
электромагниттік және басқа түрлерін қарастырамыз. Олардың әрқайсысы
бір-бірімен энергияның сақталу заңымен өзара байланысты физикалық, химиялық,
биологиялық құбылыстарды сипаттайды.
V. Білімді алғашқы байқау. Физикалық диктант.
1. Дененің кинетикалық және потенциалдық
энергияларының қосындысы дененің .................. .................
................ деп аталады.
2. Толық механикалық энергия
............................... формуласымен өрнектеледі.
3. Дене энергиясы еш уақытта ..................
және ............... пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге
айналады.
4. Доп жоғары көтерілгенде .................
энергия ................... энергияға түрленеді.
Қажетті сөздер: кинетикалық, потенциалдық,
толық механикалық энергия, Е=E+E
VI. Сабақты бекіту. Есептер шығару.
14-жаттығу. 1-есеп.
Берілгені: m=8
кг E=Ek+Ep
g=10 Н/кг Ek= mv2/2 Ep=mgh
v=3 м/с
h=5 м
Ek=8*(3) 2 /2=36 Дж
Т/к: Е -? Е -?
Ep=8*10*5=400 Дж
E=400 + 36 = 436 Дж
VІІ. Білімді жинақтау. Балама
тест сұрақтары. Оқушылар сұрақтарға «иә» не «жоқ» деп жауап береді.
1. Дененің кинетикалық және потенциалдық
энергияларының қосындысы дененің толық механикалық энергиясы деп аталады.. (иә)
2. Өзара әрекеттесуші денелердің потенциалдық
энергиясы деп осы денелердің өзара орналасуына
тәуелді болатын энергияны айтамыз.. (иә)
3. Денелердің өзара орналасуына тәуелді болатын энергия
кинетикалық энергия деп аталады. (жоқ)
4. Толық механикалық энергия E=Ek+Ep
өрнегіменесептеледі. (иә)
5. Дене энергиясы жоқтан пайда болмайды және
жоғалмайды, ол бір түрден екінші түрге айналып отырады.. (иә)
Тест нәтижесін шығарып, топтың бүгінгі сабақтағы
білімінің ортақ бағасын шығарамын.
VІІІ. Сабақты қорытындылау. Жаңа тақырыпқа шолу
жасаймын. Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалаймын.
X. Үйге тапсырма. Энергияның сақталу заңы.
14-жаттығу (3-есеп).
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.