Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Презентации / Сақтар. Сақ тайпасы Рефераттар Bain10.10.2015154887 Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олар

Сақтар. Сақ тайпасы Рефераттар Bain10.10.2015154887 Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олар


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m53a56b87.jpg

26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектебінің

0«ә» сынып мектепалды даярлық тобының жетекшісі

Абдуллаева Света Тилавбаевна

Тақырыбы:Үй жануарлары мен үй құстары



Мақсаты. 1. Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.

3.Үлкендер еңбегін бағалау. Еңбекқорлыққа баулу.







1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қайырлы таң

Қайырлы күн

Сәлем ұстаз

Сәлем достар бәріңе

Сәлем,сәлем.

2. Қызығушылықтарын ояту.

- Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарлар мен құстарды сандықтан босатады.

(әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып тақтаға ілу)

Жұмбақ жасырамын балалар сендер маған жауабын айтасындар.

1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Түйе.

hello_html_403d455c.jpg

2. Құлды екен әр шаруа,

қазығына құт байлап.

Қанша құйып алсаң да,

сарқылмайды сүт – қаймақ.

Сиыр.

hello_html_5a89c07e.jpg

3. Көкке шаншып құйрығын,

келеді шауып жүйрігім.

Жылқы.

hello_html_703f3ce3.jpg

4. Кішкене ғана бойы бар,

айналдырып киген тоны бар.

Қой.

hello_html_1402ad32.jpg

5. Желп – желп етіп сақалы,

қолыңнан дәм татады.

Ешкі.

hello_html_m1e4b5243.jpg

Балалар бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз.

Үй жануарлары.

Олар қайда мекендейді?

Үйде, қорада.

Оларға кім қарайды?

Адамдар.

Олар немен қоректенеді?

Жем, шөп, су.

Балалар, жануарлар сендерге не береді?

Дұрыс сүт береді сүттен кілегей,айран,қаймақты мамалар жасап береді.Әжеміз құрт жасап береді.

Біздерді таңертең ұйқыдан кім шақырып оятады?

-ӘТЕШ

hello_html_m160800f4.jpg

-Өзі суды,шомылғанды ұнататын құс?

-Үйрек.

hello_html_m6e60d31d.jpg

-Қай құстың мойны ұзын?

-Қаз

hello_html_1bf653ea.jpg

-Қай құс балапандарын тук-тук деп шақырады?

-Тауық.

hello_html_mef16b01.jpg

-Өте дұрыс балалар барлығын не деп атаймыз?

-Үй құстары.

-Дұрыс балалар.

Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үй жануарлары мен үй құстары.

«ОЙЫН ОЙНАТУ».

ӨЗ ТӨЛІН ТАП.

hello_html_7dfc2083.jpg



Сергіту сәті.





Сонымен балалар үй жанарларына нелер жатады?

Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.

Өте жақсы балалар.

Енді үй жануарлары қандай і екеніне тоқталып кетейік.



1. Сиыр - зеңгі баба тұқымы. Ол адамға үйір, әрі момын жануар. Біздің ішіп – жейтін тамағымыздың барлығы – осы сиыр малының өнімі.

Өте жақсы



2. Түйе - төрт түліктің төресі. Түйенің тигізер пайдасы өте көп. Түйенің сүті – шұбат. Ол әрі сусын, әрі тамақ. Шұбаттың емдік қасиеті күшті, ішсе сүт, жесе ет, майы мол, сапалы жүні бар.

3. Жылқы – жер жүзінің бәріне тараған. Ол қыста сақылдаған сары аязда да далада жайыла береді. Сүтінен қымыз, етінен қазы – қарта, жал – жая пісіреді.

4. Қой - төрт түліктің ішіндегі ең момыны. Балалар ауырып қалған кезде де, осы қойдың құйрық майымен сылайды, ішкізеді.

Өте жақсы, балалар үй жануарларының пайдасы өте көп. Жұмыртқасын азық – түлік ретінде пайдаланамыз. Мамығынан көрпе, жастық жасаймыз. Етін жейміз.





Балалар үй жануарлары мен үй құстарының бізге тигізер пайдасы өте көп екен. Енді балалар осы үй жануарлары мен үй құстарына арналған тыйым сөздер де бар.

1. Малды ұруға болмайды.

2. Ақты төкпе.

3. Малға теріс мінбе.

4. Құстардың ұясын бұзба. Оларды үркітпе.

5.Балапан-ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі

. - деген сияқты тыйым сөздерді ойымыздан шығармауымыз керек.



Қорытынды.

Жақсы, балалар. Сонымен бүгінгі сабағымызда не туралы айттық. Үй жануарларын атайықшы. Қандай үй құстарын білесіңдер. Үй жануарлары мен үй құстарының пайдасы барма.

Жарайсындар.

Сабақты қорыта келе сендерге айтарым, үй жануарлары мен үй құстарына үнемі

қамқор болуымыз керек. Олар үнемі бізден қамқорлық күтеді.

Мадақтау.


Автор
Дата добавления 28.10.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Презентации
Просмотров33
Номер материала ДБ-296136
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх