Инфоурок / История / Другие методич. материалы / «Сақтардың қоғамдық құрлысы және мәдениеті» тақырыбы бойынша бірінші сабақтың рефлексивтік есебі.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

«Сақтардың қоғамдық құрлысы және мәдениеті» тақырыбы бойынша бірінші сабақтың рефлексивтік есебі.

библиотека
материалов

«Сақтардың қоғамдық құрлысы және мәдениеті» тақырыбы бойынша бірінші сабақтың рефлексивтік есебі.


Сыныппен амандасып,сабақта жоқ оқушыларды түгендеп,яғни ұйымдастырған соң сабақты хабарлап,оқушыларды топқа бөлдім. Алғашқы сабағым болғандықтан топты бөлгенде топты қиыншылықпен бөлдім.Көп уақытым кетті.Яғни сыныпты әрі қарай жұмыс жасау үшін үш топқа бөлдім.Осы сабақты өтерде Блум таксономиясын қолданып топтық жұмыс жасауды көздедім,себебі жеті модуль бойынша жұмыс істеуде маңыздысы оқушыларға үйрету емес,оларды жұмыс жасауға жетелеу.

Ұйымдастыру бөлімінде оқушыларды 4 оқушыдан 3 топқа «Қанталапай» ойыны арқылы әр түрлі асықтамен топқа бөлдім. Топта оқушылардың міндеттерін (лидер ,хатшы,хабарлаушы ,тәлімгер) айтып өттім. Содан кейін оқушыларға «Мен кіммін» психологиялық тренинг өткізіп, оқушылар біріге отырып топтың ережесін құрды, оны «Алтын ереже» деп атады. Ережеде : ауызбіршілік , адамгершілік, әдептілік , тиянақтылық, жауапкершілік, бірін-бірі сыйлау, тыңдау, уақытты үнемді пайдалану сияқты ережелер қамтылды.

Оқушылар өздерінің топ болып шығарған ереже бойынша берілген тапсырманы берілген уақыт шамасында дәл аяқтау керек екенін ескертіп, барлығы өз міндеттерімен танысты.

SAM_1727SAM_1737SAM_1790


Қызығушылықты ояту бөлімінде «Сабаққа ынтасы төмен»оқушылармен не істеу керек деп шештім? «Сабаққа ынтасы төмен»оқушылардың ішкі жан дүниесіне үңіле отырып жауапкершілікті сезіну,ынтасын арттыру және өз-өзіне сенімді болатындай жағдай жасауға басты назар аудардым. Курсқа дейінгі сабақтарымда бұларға еш тоқталмай –ақ сабақты тек жалпылама түсіндіретін едім,ондай сабақтан нәтиже де сондай болатын.Жалпы сұрақтар арқылы,

1 топқа- темір дәуірінің жазба деректері,

2 топқа - сақ тайпаларының ескерткіштері,

3 топқа - сақ тайпаларының бөлінуі туралы венн диаграммасын, кластер, семантикалық карта құруға тапсырма бердім. Тапсырманы оқушылар әуелі түсінбей қайта-қайта сұрай берді. Оқушыларға қайтадан түсіндіруге тура келді. Себебі бұл тапсырмаға 5 минут бердім, бірақ оқушылар түсінбегендіктен тапсырманы 10 минут орындады. Содан кейін қарсы топтар бір-біріне диалогтық оқыту бойынша бір-біріне 2 сұрақ дайындаттым оқушылар дайындаған сұрақтарын бір-біріне қойып жауаптарын берді. Диалогтық оқытудың нәтижесі жұппен, топпен жұмыс жасап тақырыпты бірлесіп талқылайды, бір-бірінің пікірін тыңдайды.Сол арқылы тақырыпты жақсы меңгеруге көмектеседі. Сондықтан сабақта диалогтік оқытудың тиімділігін айтқым келеді. Орындалған тапсырманы асықтар арқылы бағаладым.

Мағынаны тану бөлімі бойынша жаңа сабақты интерактивті тақта арқылы түсіндіріп мәтінмен жұмыс жасауға тапсырма бердім.

1 топқа - Сақтардың қоғамдық құрылысын түсіндіріңіз?

2 топқа - Сақ тайпаларының шаруашылығы қалай дамыды?

3 топқа - Қолөнер мен зергерлік,бейнелеу өнері қалай дамыды? деп үйге берілетін «Сақтардың қоғамдық құрлысы және мәдениеті» тақырыбы бойынша оқушыларға топпен постер, тірек сызба құруға тапсырма бердім. Бұл тапсырмаға 10 минут бердім. Бұл тапсырманы кейбір топтар шапшаңдықпен орындап шықты. Берілген тапсырманы уақытында тез әрі нақты жауап берген оқушылар Дана, Диана, Назерке, Нұрдаулер, Әсел, сияқты оқушылар өз білімдерін көрсете білді. Тақтада берілген кесте түрінде критерилері ашық журнал бойынша әуелі өзін,сосын бірін-бірі бағалады, бұл бағалауда оқушылар өздерін жоғары бағалады.Соңында осы бағалаудан соң өзім тиісті бағасын қойып өттім.

Осыдан кейін келесі сабағымда бағалаудың басқа түрін қолдануды жөн көрдім. Себебі оқушылар өздерін жоғары бағалағандықтан.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушыларға сергіту ойынын ойнатып алдым. Сергіту сәтінен кейін «Терминдер сөйлейді.» яғни тақырыптық терминдер жазылған парақшалар беремін деп жоспарлаған болатынмын, тапсырманы көп алғандықтан уақыт жетпей қалды. Сабақта сәтсіз болғаны оқушылардың бұрын бұндай жылдамдықта жұмыс жасап үйренбеуі, әзірге бір жүйеге түспеуі, яғни уақыттың жетпей қалуына әкелді, уақыттың тығыз болуы, тапсырмалардың күрделі болуы, яғни нашар үлгеретін оқушыларға сай тапсырманың болмауынан екенін көрдім. Осыларды талдай келе сабағымның құрылымын, тапсырма деңгейіне назар аударуды жөн көрдім, алдағы сабақтарымда тапсырманы аз алуды жоспарладым.

Оқушылар осы өткізген сабақта тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алды,

әңгімені өз бетінше оқып, мазмұнын ұғына білді, өз ойларын еркін жеткізуге ұмтылды, кластастарымен қарым-қатынастарын қалыптастырып, өздерінің қабілеттерін дамыта алды, сонымен қатар өзін-өзі бағалауға үйреніп, өзінің жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алуға үйренді.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Сыныппен амандасып,сабақта жоқ оқушыларды түгендеп,яғни ұйымдастырған соң сабақты хабарлап,оқушыларды топқа бөлдім. Алғашқы сабағым болғандықтан топты бөлгенде топты қиыншылықпен бөлдім.Көп уақытым кетті.Яғни сыныпты әрі қарай жұмыс жасау үшін үш  топқа бөлдім.Осы сабақты өтерде Блум таксономиясын қолданып топтық жұмыс жасауды көздедім,себебі жеті модуль бойынша жұмыс істеуде маңыздысы оқушыларға үйрету емес,оларды жұмыс жасауға жетелеу.

 

   Ұйымдастыру бөлімінде  оқушыларды 4 оқушыдан 3 топқа «Қанталапай» ойыны арқылы әр түрлі асықтамен топқа бөлдім. Топта оқушылардың міндеттерін (лидер ,хатшы,хабарлаушы ,тәлімгер) айтып өттім. Содан кейін оқушыларға  «Мен кіммін» психологиялық тренинг өткізіп, оқушылар біріге отырып  топтың ережесін құрды, оны  «Алтын ереже» деп атады. Ережеде : ауызбіршілік ,  адамгершілік,  әдептілік , тиянақтылық,  жауапкершілік, бірін-бірі сыйлау, тыңдау, уақытты үнемді пайдалану сияқты ережелер  қамтылды.

Общая информация

Номер материала: 422497

Похожие материалы