Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "сақтардың тәуелсіздік үшін күресі" (6 сынып)

"сақтардың тәуелсіздік үшін күресі" (6 сынып)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтінді оқу арқылы сақтардың тәуелсіздік үшін күресі туралы түсінеді

Міндеттері:

Бағалау

Оқушылар мәтінді оқу арқылы тәуелсіздік үшін күресі туралы түсінеді

Өз ойларын айту арқылы

Оқушылардың ой-өрісі, ойлау, сөйлеу қабілеті, ізденгіштік,

шығармашылық, танымдық қабілеттері дамиды

Өз ойларын еркін айту, жазу, қорғау арқылы

Ежелгі тайпаның тарихын, батырлардың ерлігімен

таныса отырып, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиеленеді


Бірін-бірі байқау, бағалау арқылы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО

Қолданылатын стратегия: ассоциациялық аймақ құру, кубизм, венн диаграммасы, автор орындығы, семантикалық карта

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек сызбалар, кубик, слайд, плакаттар.

Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту

Ассоциациялық аймақ құру.

Сақ сөзін естігенде ойларыңа не келді?

сақ









ІІ.Кубизм. Кубик лақтырып әр қабырғасының тапсырмасын орындайды.

1-қабырғасы. Суреттеңіз. Сақ қоғамын

2-қабырғасы. Салыстырыңыз. Абыздар мен қарапайым халықты салыстыр

3-қабырғасы. Зерттеңіз. Мидиялықтардың өз ұлдарын сақ сарбазының

тәрбие беру себебін

4-қабырғасы. Қолданыңыз. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш

Малшылар мен егіншілер

тобын жаз.( Оқушылар шеңбер ішіне жазады)

Жауынгерлер

Абыздар





5-қабырғасы. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?

"Садақшылардың тартқан жебелері 900 қадамға дейін жетеді..."

6-қабырғасы. Қолданыңыз не қарсы шығыңыз.

"Егер сақ жігіті бір қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы

керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған толық

тәуелді болады. Тек жеңген жігіт қана өз билігін жүргізе алады.

ІІІ Үй тапсырмасын пысықтау "Венн диаграммасы.

Қарапайым халық

Абыздарға тәуелді

Кәсіп иелері

Егін екті мал бақты

Ру басшысын сайлады

Ру басшысы

Тайпа көсемі

сайланды

Мол байлық иесі

Қолбасшы

Келіссөз

жүргізуші

Жер бөлуші





Сақ

Жауынгер

Шабандоз

Мерген

Садақшы

оқушылардың жауаптарын толықтырып қорытынды жасау.

ІІ Мағынаны ажырату

1-топқа Кир әскерінің басып кіруі

2 -топқа Шырақтың ерлігі

3-топқа А.Македонскийдің сақ еліне жорығы

Жаңа сабақты оқушылар берілген мәтіннен оқиды. Жаңа сабақты оқып болғаннан кейін топ бір-бірімен жаңа алған ұғымдары жөнінде пікірлеседі.

Мәтін. Кир әскерінің басып кіруі

Ежелгі заман тарихшыларының деректеріне қарағанда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен Ассириямен, Мидиямен қарым-қатынас жасап отырған. Ал көршілес жатқан Парсы мемлекетімен, тіпті соғыс одағында құрған. Дегенменде Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай сақ-массагеттерді кіріптарлыққа түсіру үшін, оларға бірнеше рет жаулап алу жорығын жасаған. Рим тарихшысы Помпей Трог Кир бастаған парсы әскерлері б.з.б. 530 жылы сақ жеріне басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис "әйел болсада, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ" деп жазған.

Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Өз жерінде соғысуға қолайлы деп есептеп, Томирис парсылардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Кир әскерін өзеннен өткізіп, бәршама жер жүргеннен кейін қостарын тікті. Келесі күні ол кулық ойлайды, әдейі қорыққан болып, лагерін тастап, қаша бастаған сыңай танытты. Патшайымның баласы Спаргапис жаудың соңынан қуып, тәжірбиесіз жас болғандықтан, торуылға түсіп қалды. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис көп әскерімен Кирге қарсы аттанады.

Геродоттың сипаттауынша, "Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі."



Мәтін. Шырақтың ерлігі

Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты І Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген І Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсем басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.

Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полиэн былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып, сусыз жерге апарады. Парсының шапқыншы әскерлері шөлдеп қырылады. Ақырында Шырақ оларға : Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер" деп, ерлік көрсетіп, парсылардан осылай кек алды. І Дарий көптеген әскерлерінен айырылып, одан әрі соғыса алмай Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.

Мәтін. Македонскийдің сақ еліне жорығы

Б.з.б. 4ғасырдың 30- жылдары гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский ( Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. "Жеңілмейтін әскер" атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған. Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол Македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті.

Сөйтіп, Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.

ІІІ. Ой-толғаныс

Семантикалық карта.

Шапқыншылар

Тақырыптан үзінді

Александр

Македонский

І Дарий

Кир

Б.з.б. 530 жылы

сақ жеріне басып

кірді




Б.з.б. 519 жылы

парсылар сақтарға

қарсы қайта шабуыл

жасайды. Бұл жорықты

патша басқарды




Сырдарияның арғы жағын

мекендейтін сақ тайпаларын

бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз а яқталды





"Кім тауып оқиды?"

Жазылған сөзді 1 әріптен қалдыра отырып оқысаң табасың.

Ерлік. Намыс.

Е

Ж

Р

З

Л

Қ

І

Н

К

Н

О

А

П

М

Ф

Ы

Х

С

Бағалау

Үйге тапсырма:тақырыпты оқу. "Шырақ ерлігі" деген тақырыпта эссе жазу.




Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтінді оқу арқылы сақтардың тәуелсіздік үшін күресі туралы түсінеді

Міндеттері:

Бағалау

Оқушылар мәтінді оқу арқылы тәуелсіздік үшін күресі туралы түсінеді

Өз ойларын айту арқылы

Оқушылардың ой-өрісі, ойлау, сөйлеу қабілеті, ізденгіштік,

шығармашылық, танымдық қабілеттері дамиды

Өз ойларын еркін айту, жазу, қорғау арқылы

Ежелгі тайпаның тарихын, батырлардың ерлігімен

таныса  отырып, өз елінің тарихын құрметтеуге  тәрбиеленеді

 

Бірін-бірі байқау, бағалау арқылы

Сабақтың түрі:               аралас   сабақ

Сабақтың әдісі:             СТО 

Қолданылатын стратегия: ассоциациялық аймақ құру, кубизм, венн диаграммасы, автор орындығы, семантикалық карта                                  

 

Сабақтың көрнекілігі:  Суреттер, тірек сызбалар, кубик, слайд, плакаттар.

Общая информация

Номер материала: 348428

Похожие материалы