Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Сауалнама "Сіз қандай әкесіз?"

Сауалнама "Сіз қандай әкесіз?"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Сіз қандай әкесіз?
Әке болу – зор бақыт. Бірақ, өзіңіздің осынау атауға қаншалықты лайықты екендігіңізді бағалау бәрінен қиын. Ендеше, төмендегі сауалдарға жауап беріп, қандай азамат екеніңізді таразылап көріңіз.
1. Баланың берген сұрағына: «Мен бұның бәрін сен есейгенде түсіндіріп беремін» деп жалтарасыз ба?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
2. Баланың күнделікті жұмсауы үшін белгілі бір дәрежеде сома беру немесе қайтсе де жетерліктей ақша беру керек деп ойлайсыз ба?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
3. Балаға бір нәрсеге тыйым салудан бұрын, неліктен тыйым салатындығыңызды түсіндіруге тырысасыз ба?
Иә - 4
Кейде – 3
Жоқ - 0
4. Оның атқарған ісі ешқандай көмек болып жарытпаса да кішкентай баланың үй - іші шаруасына араласуына рұқсат бересіз бе?
Иә - 4
Кейде – 3
Жоқ - 0.
5. Баланың күнәсіз өтірігін кешіруге болады деп есептейсіз бе?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 4
6. Баланың бойындағы байқампаздықтың кез келген мүмкіндігін жібермеуге тырысасыз ба?
Иә - 0
Кейде – 1
Жоқ - 0.
7. Өз балаңызды өмірін өксітердей кемсіте сынайсыз ба?
Иә - 0
Кейде – 0
Жоқ - 5.
8. Анда – санда « сілкілеп»алудың тәрбие ісіне зияны жоқ деп есептейсіз бе?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
9. Бала тәрбиесі туралы кітаптар оқисыз ба?
Иә - 4
Кейде – 2
Жоқ - 0.
10. Балалардың өз құпиялары болу керек деп есептейсіз бе?
Иә - 3
Кейде – 2
Жоқ - 0.
11. Ыдысындағы тамақты түгел тауыспаған балаға ренжисіз бе?
Иә - 0
Кейде – 1
Жоқ - 4.
12. Сізбен пікір таласында балаңыз сіздің пікіріңізді орынсыз екенін дәлелдей ала ма?
Иә - 5
Кейде – 3
Жоқ - 0.
13. Балаңыздың осал тұстарын біле аласыз ба?
Иә - 3
Кейде – 2
Жоқ - 0.
14. Өз балаңыздың қасында уақытты бірге өткізу сізді рақатқа бөлей ме, әлде онымен бірге болуды орындалмаған міндет деп қарайсыз ба?
Иә - 5
Кейде – 1
Жоқ - 0
15. Бала тәрбиесінде баланың сағын сындырып, оның әрекеттеріндегі табиғилықты жойып, қаталдықпен талап қоюшылықты жек көресіз бе?
Иә - 5
Кейде – 0
Жоқ - 0
16. Баланың ызаланғанын көріп тұрып, өз ұстамдылығыңызды сақтай аласыз ба?
Иә - 5
Кейде – 1
Жоқ - 50
17. Балаңызға айтқаныңызды бұлжытпай орындай алатындай етіп бұйыра аласыз ба?
Иә - 5
Кейде – 0
Жоқ - 0
18. Балаңыздың достарымен тез тіл табысып, сыйласып кете аласыз ба?
Иә - 4
Кейде – 2
Жоқ - 0.
19. Баланың қылығына ренжіп сөз еткенде, оның жасында өзіңіз мұндай іске бармағаныңыз негіз бола ала ма?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
20. Балаңыз өсіп қалғанына қарамастан, « мен үлкенмін, сондықтан оған не керек екендігін мен білемін» деген оймен оның өміріндегі мәнді ( жұмыс таңдау, мамандық таңдау т. б) мәселелерді шеше бересіз бе?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
21. Баланың менен жасырар сыры болмауы керек деген оймен оның күнделігін оқып, хатын ашып қойғанда балам маған ренжуге тиіс емес деп есептейсіз бе?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.
23. Орынсыз жазалап қойғаныңыз үшін баладан кешірім сұрайсыз ба?
Иә - 5
Кейде – 3
Жоқ - 0.

24. Балаға берген, әсіресе, оған қуаныш әкелердей сыйлық болардай уәдеңізді ұмытып кететін кез бола ма?
Иә - 0
Кейде – 2
Жоқ - 5.

25. Балаңыз өзі үшін мәнді мәселеден кеңес сұрағанда, істеп жатқан ісіңізді немесе телехабарды, ойнап отырған карта, шахматыңызды тастай аласыз ба?
Иә - 5
Кейде – 2
Жоқ - 0.
26. Баланың «ересектер тірлігін» ерте білуі зиянды деп есептейсіз бе?
Иә - 4
Кейде – 2
Жоқ - 0.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров157
Номер материала ДВ-439697
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх