Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Сауат ашу "Нн дыбысы мен әрпі".

Сауат ашу "Нн дыбысы мен әрпі".

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Н н дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Н дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру;
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, нан және нан өнімдері, нар, анар, науа суреттері, слайдтар мен флипчарттар, «Наубайхана» туралы видео.
Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу

Сабақтың барысы:
І. Сабақты «Ас атасы - нан» деген әңгімемен бастау
«Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:
—Мынау өсіп тұрған не? — деп сұрады.
—Наужан, бұл пісіп тұрған - нан, - деп, жауап берді әжесі.
—Нан болса, таба наны қайда?
—Таба нан да осы дәннің ішінде.
—Ал тоқаш ше?
—Ол да осы дәннің ішінде.
—Бауырсақ ше?
—Бауырсақ та дәнге сыйып тұр.
—Әже, кіп-кішкентай қауызды дәнге осынша көп нан қалай сыйып
тұр? — деп Науан таңғалды.
«Ас атасы — нан, нан атасы — дән» деген. Осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, — деді әжесі.
Бұл жерде мұғалім оқушылардың назарын нан, дән деген сөздерге аудара отырып, дыбысының әрпімен таныстырады.
Оқулықтың 42-бетіндегі нан сөзіне дыбыстық талдау жасатып, н дыбысының орны және дауыссыз дыбыс екені анықталады.
Баған түріндегі буындарды, сөздерді оқушыларға дауыстап оқытады.
Мұғалім оқушылардың суретке қарап, белгілі бір жүйемен әңгіме құрауларына басшылық жасайды. Мұнда да нанның қайдан келетіні жөнінде әңгіме болады.
«Наубайхана» туралы видео көрсету.
─ Наубайханада не дайындалады?
─ Наубайханада жұмыс жасайтын адамды қалай атайды?
─ Нан дастарханға қалай келеді?

II. Оқушылар жазу дәптерінің 39-бетіндегі н әрпінің жазба және
баспа түрлерімен танысып, қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмысын
орындайды. Олар үлгі бойынша н дыбысының кіші әрпін жазып шығады.
Нан сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Сөзді берілген жолға көркемдеп жазады. Осы әріпке құрастырылған басқа да сөздерді оқушылармен бірге талдауға көп көңіл бөлінуі тиіс.

III. Оқулықтың осы бетіндегі «Нан» тақырыбындағы шағын
мәтінмен талдау-жинақтау әдісі бойынша жұмыс жүргізіледі.
Буындардан сөз құрауға үйренеді.

IV. Жазу дәптерінің 40-бетіндегі қолды еркін жазуға жаттықтыру
жұмыстары орындалады.
Н дыбысының бас әрпінің элементтерін мұқият игере отырып, оқушылар өз бетімен жазуға дағдыланады.
Жазу дәптерінің тапсырмаларына икемделіп қалған оқушылар жаңа әріпті үлгідегідей өздері жазуға тырысады. Мұғалім мұндай кезде ұйымдастырушы, көмекші рөлін атқарады.

V. Оқулықтың 42-бетіндегі «Ас атасы - нан» атты мазмұнды суретпен шығармашылық жұмыстары жүргізіледі. Мұнда оқушылардың еркін сөйлеуіне, өзіндік көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасау керек. Берілген суреттер оқушылардың сөздік қорын молайтуға, тілін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге арналған. Сондықтан әңгіме құрауда оқушыларды топқа бөлген жөн. Олар түрлі нұсқадағы әңгіме құраулары мүмкін. Мұғалімнің міндеті олардың тақырыпшаларын анықтап беру, өз беттерінше тақырып таңдауына көмектесу. Мәселен, бір топ жануарлар беретін тағамдар, бір топ киім-кешек, бір топ тұрмысқа қажетті бұйымдар жөнінде әңгіме қозғауы мүмкін.

VI. Сабақты логикалық тапсырмалар орындаумен аяқтауға болады.
Дәптер бетіндегі бос жолдарға мұғалімнің басшылығымен үйренген сөздерінен құраған сөйлемдерінің сызбасын жазғызып, диктанттың түрлерін қайталауға болады.

2-сағаты
І. Оқулықтың 43-бетіндегі мазмұнды суретпен шығармашылық жұмыстары жүргізіледі. Мұнда оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, үнемділікке баулу көзделеді. Берілген суретке қарап оқушылардың сөздік қорын молайтуға, тілін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге арналған. «Нанды қадірлейік!» тақырыбына әңгіме құрау.
Суретке байланысты оқулықта мәтін берілген. Мұғалім мәтінді оқып береді. Мәтінді интерактивті тақтаға жазып қойып, буынға бөліп оқытады.

ІІ. Мәтінмен жұмыс мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
─ Хормен оқу
─ Тізбектеп оқу
─ Сөйлемдегі сөздердің санын анықтату.

ІІІ. Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
Шарлардың топтамасындағы буындардан сөздер құрау.
Сергіту сәтін өткізу.
Кәне, қанат қағайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық
Қайта отырып жазайық!

Дәптердегі Н әрпінің баспа түрін бастырып жазу және толтыру. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау. Оқулықтағы баған түрінде берілген сөздерді жазба түрінде көшіріп жазу.
Сабақты қорытындылау.
─ Бүгін қандай әріппен таныстық?
─ «Нанды қадірлеу» дегенді қалай түсінесің?
─ Нан өнімдерін ата

ІҮ. Оқушыларды мадақтау.

Автор
Дата добавления 14.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров112
Номер материала ДВ-258000
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх