Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сауат ашу "Оо дыбысы мен әрпі" 1-сынып

Сауат ашу "Оо дыбысы мен әрпі" 1-сынып

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Әліппе

1-сынып

Мұғалім:Жонкебаева Г.Т.

Сабақтың атауы

Оо дыбысы мен әрпі

Сілтеме

Сауаташу әдістемесі, интернет материалдары

Сабақтың жабдығы

Кеспе әріптер, буындар,суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.

Жалпы мақсаттар



Оқыту  нәтижесі


О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөздерді буынға бөліп оқуға дағдыландыру.Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.

О дыбысы мен оның әріп таңбасын таниды. О дыбысына сөздер ойлап табады, о дыбысының сөз ішіндегі орнын таба алады. Сөздерді буындап оқуға дағдыланады. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланады.

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.

Ынтымақтастық атмосферасы






-Балалар көңіл күйлерің қалай?

-Балалар қазір қандай сабақ?

-Әліппе туралы өлеңімізді айтып берейік.

Әнімізге ұласар

Әннің аты Әліппе.

Бәрімізге тілашар

Кітабымыз Әліппе!

Балалар шеңберге жиналып, Әліппе өлеңін айтады


Топқа бөлу


Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлу


Үй тапсырмасын сұрау















Қызығушылықты ояту

1.Сұрақ-жауап:
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз
- Әріптерді не істейміз?

Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

Йй дыбысы қандай дыбыс? Неге олай ойлайсың?

2. Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Бағандағы сөздерді оқыту.
1. Ойын «Қай үйдің тұрғыны?» Топтық тапсырма:
Оқушылар берілген дыбыстар қай үйдің тұрғыны екенін тауып, дәлелдеп береді.

2. Топтық тапсырма:

3 топқа бөлінген оқушыларға буындар беріледі сол буындардан сөз құрайды.

3.Әр топтың топ басшылары әріп таңдап алады, таңдап алынған әріптері бойынша әр топ постер қорғайды.


Мағынаны тану


Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер?

- Жабайы аңдар.
- Олар қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.
- Ендеше бүгін біз О дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
- Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық.

G:\img026.jpg











G:\img026.jpg



G:\img026.jpg






1. Қоянның тапсырмасы.
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Құс артық, қалғаны ойыншықтар.
- Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
- Дөңгелекке, допқа, ойық тоқаштарға.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло - сөз соңында.
Бағандағы сөздерді хормен оқыту. Суреттегі сөздерді буынға бөлу
3. Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс: Оо әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) дәптерге жазу.
G:\img026.jpg

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.



Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.

 Бағалау

Мұғалім оқушыларды мадақтайды.

Топтар бірін-бірі бармақпен бағалайды.

Кері байланыс

Стикер таратып береді.

Оқушылар стикерлерін қалаған нұсқаға жабыстырады.

скачанные файлы (4)C:\Users\1\Downloads\загруженное (2).jpg



Оқу ісінің меңгерушісі:









Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Ол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)



1.





2.







Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)



1.





2.



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



1.





2.










«Бижарас Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» к.м.м.













Бастауыш сынып мұғалімі

Жонкебаева Гульжан Темірғалиқызының

қысқа мерзімді сабақ жоспары

(логикалық математика таңдау пәні)

1-сынып



















2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Күз - мереке, күз - береке.
Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін, сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Міндеттері: Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрсету, тақпақтар, ойындар, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: тақырыптық, үлестірмелі суреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, себеттер және күз келбеті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Білер қазақ баласы.
«Сәлем – сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
ІІ. Ән әуенімен күз кіріп келеді (балалар қарсы алады) Амандасады.
- Мен кіммін ?
- Күз
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір күз мезгілі.
- Қандай күз айлары бар?
- Қыркүйек, қазан, қараша
ІІІ.Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
-Сары алтындай сары күз
- Қамбадағы дәніміз.
- Шелек – шелек балымыз,
- Ағыл – тегіл ағымыз.

-Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.

-Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңыңда,
Шомыламыз нұрға біз.

- Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

ІV Сергіту сәті:

Қыс – құнар береді,
Көктем – дән себеді,
Жаз – бастап, өсірсе
Күз – жинап береді.

V Тіл дамыту. Күз мезгілін қалай білеміз?
- Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Балалар
- Күзде күн суық. Күзде сары жапырақтар.
- Күзде алуан-алуан жапырақтар. Жапырақтар түседі.
- Құстар ұшып кетеді. Жемістер жинаймыз.
- Күзде жұмыс көп. Көкөністер жинаймыз.

VІ. Жұмбақ шешейік:
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан.
(Сәбіз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
(Пияз)
VІІ. Ойын « Кім жылдам? » (Көкөністер мен жемістерді топтап себетке жинайды)

VІІІ. Үлестірмелі суреттер.(Аттарын атап, салыстырып түстерін, пішіндерін және сөз тіркестерін айтады)
Алма – жеміс. Алма домалақ. Түсі қызыл. Дәмі тәтті.
Қияр - көкөніс. Пішіні сопақша. Түсі жасыл.
Шие – жеміс. Қызыл шие. Бес шие. Қышқыл шие.
Мынау - сәбіз. Сопақша сәбіз.сары сәбіз. Үлкен сәбіз.

Х. Күз: Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы бұл қай кезде болады?

Балалар: Бұл күзде болады.
Күз: Балаларға көп – көп рахмет айтып, қоштасып кетеді.

Мұғалім сабақты қорытындылып, жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-396094
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>