Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сауат ашу "П дыбысы мен әрпі"

Сауат ашу "П дыбысы мен әрпі"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: П дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, П дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін дамыту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды партада дұрыс отыруға, сауатты қатесіз әрі таза жазуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Табиғат көрінісі» плакаты, аңдар бейнелері, кеспе әріптер, ойынға қажетті құралдар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
- Бүгінгі күн шуақты, осы шуақты күннің жылуын өз бойымызға аламыз, бір - бірімізге, айналамызға таратамыз. Осы жылулықпен сабағымызды бастаймыз.

Мұғалім:
Ерте - ерте, ертеде алыс - алыс жерлерде «Ғажайыптар» мекені болыпты. Ол мекенде неше түрлі аңдар болыпты. Олардың бәрі бір үлкен сиқырлы ағашты күзетеді екен. Ал ағашқа тек білімді адамдар ғана жақындап, жемісінен дәм тата алады екен. Бұл ғажайыптар мекені қазіргі кезде де бар екен, біз бүгінгі сабағымызда сол сиқырлы ағашқа барып, өз білімімізбен жемісінен дәм татсақ қайтеді?! Бірақ бізге аңдар кедергі келтіруі мүмкін, ал білімімізді көрсетсек олар бізді жібереді, тіпті жол көрсетеді. Олай болса сапарға шығайық.

Шумақ өлең айту.
Саяхатта бүгінгі,
Күннің нұры төгілді.
Аңдарменен дос болып,
Көрсетеміз білімді.

Жұмбақ шешу.
Тұрады ылғи сөреде,
Іші толған өнеге.
Кітап бізге жол көрсетеді.

1 - тапсырма. Кітаптың тапсырмасы.
Өткен сабаққа шолу жасау, сұрақтар қойылып, жауап алу.
- Дыбыстар деген не?
- Әріптер деген не?
- Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
- П – қандай дыбыс?

«Кітап» мәтінін оқу, мазмұнын айту.
Кеспемен жұмыс. Тақтаға суреттегі заттың атын жазып, дыбыстық талдау жасау, ауызша сөйлем құрау.
№1. Суреттегі заттың атын жаз, дыбыстық талдау жаса. Сөйлем құрап айт.

Жұмбақ шешу.
Тік жардай түсті,
Шұбатылған Тұмсығы күшті.
Таситын жүкті, Бұл қандай мықты?
(Піл)

2 - тапсырма Пілдің тапсырмасы.
Сөздік диктант жазу.
Піл, орман, аң, құс, бұлақ, қарға.
Жұмбақ шешу.
Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын? (Түлкі)

3 - тапсырма. Түлкінің тапсырмасы.
Тақырыптағы сөзді шығару үшін өрнектердің мәнін тауып, соған сәйкес әріпті шығару.
2+1
2+2
6+1
3+2
4+2
3 --- 5 -- 4 --- 6 -- 7
К --- і --- р --- п -- і
Кірпі сөзі. Жаңа тақырып.
Жұмбақ шешу.
Тұмсығынан торайдың,
Тұмсығы бар аумаған.
Үстін түгел орайтын,
Тоны ине қаулаған. (Кірпі)

4 - тапсырма. Кірпінің тапсырмасы
Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқу. Рөлге бөліп оқу.
Сергіту сәті. «Бұғының үйі» қимылмен көрсету.

Жұмбақ шешу.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді. (Ақтиін)
5 - тапсырма. Тиіннің тапсырмасы.
«Не өзгерді?» ойыны
П - б дыбыстарының ерекшеліктерімен таныстыру. Оқыту.
Доп – добы ------ көп – көбі -------- тап – табу ------- қап – қабы ------ жауап - жауа...
Топ – тобы ------- шөп – шөбі ------ шап – шабу ----- сап – сабы ------ талап – тала...
(Жазба дәптерге жазу)
Жұмбақ шешу.
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал
Серейіп кеп тұрады. (Керік)
6 - тапсырма. Керіктің тапсырмасы

Жазба жұмысы. Тақтаға П әрпінің бас әрпін жазып көрсету, ауада жазу. П әрпін екі жолға жазу.
П әрпі келетін сөздерге мысалдар ойлату.
Суреттерден п әрпі кездесетінін табу.

Алма, апельсин, банан, шие, құлпынай, құрма, алмұрт.
Сөздерді буынға бөлу.
Сабақты қорытындылау. Сөздік диктанттың бағасын айту, жұлдызша беру.
- Бүгінгі сабақта не туралы өттік? Нелермен таныстық?
Жемістердің ішінен кірпінің алма жемісін алып, тарату. Оқушыларды марапаттау. Білім туралы өлең шумағын хормен айту.
Бұл сабақта бүгінгі Күннің нұры төгілді.
Аңдарменен достасып, Көрсеттік біз білімді.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров79
Номер материала ДВ-363872
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх