Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сауат ашу "С дыбысы мен әрпі"

Сауат ашу "С дыбысы мен әрпі"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Күні, айы, жылы:

Тақырыбы: С дыбысы және әрпі.

Мақсаты:

  1. С дыбысы және әрпімен таныстыру.

  2. С дыбысына сөз, сөйлем құрастырту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе әріп кассасы, түрлі түсті суреттер, с дыбысының баспа және жазба түрі.

Әдіс тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, «сәлем», «сәлеметсіңбе?», «амансыңба?» деген сияқты сәлемдесудің бірнеше түрін қайталату.

І І. Өткен сабақты пысықтау.

Өткен дыбыстарды қайталату. Сөз құрастыру. Құрастырған сөздерді буынға бөлу. Сөйлем құрастыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. « Көкөністер жинау» ойыны. Шарты: Жұмбақтар жасыру. Балалар жұмбақтардың шешуі болған көкөністердің мульяжын себетке салады. Мысалы:

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығымен суырып,

Әкелді әжем бір күні. Шешуі: сәбіз.

Сәбіз сөзін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу.

С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру. С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады ( хормен дауысты төмен және жоғары көтеріп айту). С дыбысы – дауыссыз дыбыс.

  1. Сергіту сәтін өткізу.

Бір, екі, үш

Жинап алып күш.

Қолға қалам аламыз,

С дыбысын жазамыз.

  1. Тіл ұстарту жаттығуы.

Са – са – са

Ызыңдайды маса.

  1. Дәптермен жұмыс.

Асық, сандық, күнбағыс сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өздеріне с дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлату. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқыту. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша с дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі с дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. « Сөйлем құра » тапсырмасын орындайды.

Сақинаны салғызды,

Сарымсақты, сәбізді.

Бастап тұрған қай әріп

Сапсыз орақ тәрізді? ( С )







ІV. Қорытындылау.

С дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріп, оларды буынға бөлу.

Сөйлем құратып оған дыбыстық талдау жасату.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 27.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров68
Номер материала ДВ-558114
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх