Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сауат ашу Тақырыбы: "Әліппе-білім анасы" 1-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сауат ашу Тақырыбы: "Әліппе-білім анасы" 1-сынып

библиотека
материалов

Светлана Абдыгазымовна Курмашева

3 орта мектеп

Ембі қаласы,Мұғалжар ауданы,Ақтөбе облысы.

Тақырыбы: «Әліппе-білім анасы!»

Мақсаты:

1.Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

2.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін,қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

3.Оқушыларды жақсы оқуға , өзін-өзі басқару мен ата –анаға өнерлерін көрсетуге, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсуге, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Түрі:ертеңгілік

Көрнекілік:суреттер ,әліппе, математика, ана тілі макеттері,нақыл сөздер.шарлар.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Кіріспе сөз:Құрметті жиналған барша қауым,ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!

Елбасы Қазақстан Республикасының Презинденті Н.Назарбаевтың қолы қойылған балаларға арналған алғы сөзімен басталған өзіміздік төл оқулығымыз қолымызға тиді.

Бүгінгі «әліппе» оқулығымен қоштасқалы отырған ертеңгілігімізде,сіздердің балаларыңыздың осы күнге дейін сауат ашып, оқып жазуға үйреткен «әліппе» оқулығынан алған білім мен ілімдерін ортаға салмақ кез келді.

«Әліппе» бітіру-алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі.Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер ортақ та салтанатты мереке.

Қош келдіңіздер!Бастауға рұқсат етіңіздер!

-Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып,оқитын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың!

3. Балалар музыка әуенімен сыныпқа кіріп, вальс билейді.

4.Әнұран шырқалады.

Диана:Армысыздар,аналар!

Бармысыздар,балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр-әніміз.

Амир:Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Ұл-қыздарын көрсетпекші өнерлерін,

Бар қауым таңдана таңдай қағар.

Диана:Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар,ата-аналар!

Әліппемен қоштасу тойымызға.

5.Оқушылардың таныстыруы

1.Аманат деген ұл едім, 2. Әріптерді ерте білдім,

Білім алып,түледім. Ерке қызбын-Дианамын.

Сабағымнан «бес» алып, Неше түрін айта аламын.

Озат болып жүремін. Қызық-қызық ертегінің.

3.Айжанмын-айдаймын, 4. Жалықпай оқыдым,

Тек оқуды ойлаймын. Көңілге тоқыдым.

Оқып,жазып үйреніп, Мейірдәулетпін ақылды,

Бүгін аздау ойнаймын. Кітаптың досымын.

5.Ернұр деген баламын, 6. Менің атым-Бекасыл,

Таудай менің талабым. Әліппені үздік бітірдім.

«Бестіктермен» басталды, Бестіктерге толтырып,

Ең алғашқы қадамым. Күнделігімді ұсындым.

7.Әрбір іске жауапты, 8. Суретті шебер саламын,

Назеркемін талапты. Есепті тіпті шағамын.

Білім көгін шарлаған, Білімді де өнерлі,

Қыран болам қанатты. Амир атты баламын.

9. Нұржан менің есімім, 10. Ақерке мен боламын

Жақсылардың досымын. Айдай өсіп толамын.

Топтан озып бәйге алу, Еркін шарлап жүремін,

Алға қойған шешімім. Білім,ғылым ғаламын.

11.Наргиза деген қызбын мен, 12. Жеңу үшін қиынды,

Жанарынан күн күлген. Еңбегіңді аяма.

Оқу оқып мектепте, Алдарыңда тұрған мен-

Жайраң қағып жүрмін мен. Жақсылық Айтбек.

13.Сыныбымның мақтанышы, 14. Жанболат деген баламын,

Диас деген мен боламын. Таудай биік талабым.

Оқу оқып, білім іздеп, Жақсы оқып сабақты,

Ертең жайлы толғанамын. Білімді адам боламын.

15.Жақсы әдетті,жақсы істі, 16. Султанбек деген баламын,

Бойыма әркез термекпін. Айтқан тілді аламын.

Қиын-ау деп қайыспайтын, Жұмсағанға барамын,

Ер мінезді Қырымбекпін. Жақсы менің сабағым

17.Әліппені жатқа білем бүгінде, 18. Ертеңгі күнін ойлайтын,

Өз бетіммен оқи алам ертегі. «5» алам деп қалмайтын.

Танысыңыз:әдепті қыз Нұржайна, Жалқаулыққа бармайтын,

Мен боламын еліміздің ертеңі. Кәусар деген мен болам.

19.Ынталы да инабатты,

Өнегелі бір қызбын.

Ата-анамның ақылдысы-

Сарыбаева Жасминамын.

,Диана: Амир:

Әліппе - Білім бұлағы

Әліппе- Өмір шырығы

Әліппе- Білім көзі

Әліппе- Ұстазымның сан айтқан ақыл сөзі

Амир:Олай болса, «Әліппе-білім анасы» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!

Диана:Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ.Өйткені,біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Амир:Біз енді кез келген сөздерді, сөйлемдерді,тіпті қысқа әңгімелерді оқи аламыз.

Диана:Осы уақытқа дейін сурет салуға,ән айтуға, есептеуге,денемізді шынықтыруға,еңбек етуге мұғалімнің көмегімен дағдыланудамыз.

Амир:Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын,соған жауап айтыңдаршы.

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хор:Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті, Әліппе!

Диана:Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Хор:Әліппе,Әліппе,Әліппе!

Әліппе:Армысыздар,жас достар,

Армысыздар,ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Айналайын,балдырған,

Менен білім алдыңдар!

Әр сөзімді жаттаған,

Достар үшін мақтанам!

Жасмина:Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассақ,

Әліппемен қоштассақ!

Бекасыл:Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол,менің қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи,жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Айжан:Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы

Нұржан:Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.

Нұржайна:Әліппені бастадық,

Көп ойнауды тастадық.

Адам болу ниетімен,

Білім жолын таңдадық

Қырымбек:Әліппем менің,әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Би: «Хуторянка» Ернұр,Наргиза,Аманат,Ақерке.

Диана:Балалар,осы біз қандаймыз?

1.Наргиза:Талабы биік таудаймыз.

2.Назерке:Мың бұралған бишіміз.

3.Нұржайна:Күмбірлетер күйшіміз.

4.Қырымбек:Біз қызықпыз,қызықпыз,

Сәл еркелеу бұзықпыз.

5.Кәусар:Біз шеберміз.

6.Айтбек:Ақылдымыз.

7.Жасмина:Парасаттымыз.

8.Ақерке:Көңілдіміз.

9.Султанбек:Ізгі нұрмыз.

10.Мейірдәулет:Үлкенге ізеттіміз.

11.Жанболат:Кішіге қамқоршымыз.

12.Айжан:Жақсылықты ұнатамыз,

Жамандықтан тез қашамыз.

13.Диас:Көп оқимыз.Терең оқимыз.

14.Аманат:Жанып тұрған шырақпыз.

56.Нұржан:.Толқынды су бұлақпыз.

16.Бекасыл:Елімізді өркендететін.

17.Ернұр:Қазақ тілін көркемдететін.

Хор:Біз қазақ елінің болашағымыз.

Әліппе:Достар,сендер менен не оқыдыңдар,не үйрендіңдер?

-Әріпке әріп қосқанда не шығады?(Буын)

-Буынға буын қосқанда ше?(Сөз)

-Сөзден не құралады?(Сөйлем)

-Қазақ тілінде қанша дыбыс, әріп бар?(42 әріп,40 дыбыс бар.)

-Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Дауысты,дауыссыз дыбыстар.)

Әліппе:Жақсы достар,жарайсыңдар!

-Мен әуелі әріптерімді түгендеп алайын.

-Дауыстылар қайдасыңдар?

Оқушылар:-Біз мұндамыз.

-Дауыссыздар қайдасыңдар?

Оқушылар:-Біз де мұндамыз.

Әліппе:Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі жоқ қой?

Оқушылар:Олар ойнап жүр.

Әліппе:Олар тойға неге қатыспай ойнап жүр?

Оқушылар:Біз барлық сөзде жазыла бермейміз деп өкпелеп жүр.

Әліппе:Біреуің барып шақырып келе қойыңдар.

(Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі келеді.)

Әліппе:жіңішкелік белгісі,айыру белгісі сендердің де өз орындарың бар.

Тәртіпсіздік жасамай,орыңдарына барыңдар.

Әліппе:Енді мен сендерге тапсырмалар әкелдім.Қалай оқитындарыңды бақылап көрейік.

Әліппе:Алфавиттер,шығыңдар!

Орындарыңа тұрыңдар!

Бастайық кәне айтысты!

Жібермейік намысты!

Ортаға әріп жазылған тәж киген оқушылар шығады.

Аманат: «А-«Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің.

Ақерке : «Ә»-Әдептілік дегенің,

Әрқашан да керегің,

Әсемпаздық дегенің,

Әуре-сарсаң әлегің.

Қырымбек: «Б»-Бал бұлақтың басында,

Бір бәйтерек қасында.

Бұлан,бұғы келіпті,

Бір-біріне кезікті.

Айжан: «Қ»-Қошқар мүйіз ошақтай,

Қаулайды от ортада.

Қайнап жатқан қазанда,

Қазы ма,әлде қарта ма?

Нұржайна: «Н»-Нан болса ойнап күлеміз,

Нан болса еркін жүреміз.

Нан-қасиет,нан-байлық,

Деп ән айтып жүреміз.

Кәусар: «П»-Парызың ақыл қосу кішіге,

Парызың сәлем беру кісіге.

Парызың халын сұрау ауырса,

Парызың көмектесу бәріне

Бекасыл: «Ө»- «Өркенің өссін»деп атам,

«Өкпешіл болма»деп әжем.

«Өсек айтпа» деп әкем,

«Өнерлі бол»дер анам

Жасмина: «Д»-Дос қуанар балаша,

Өмір сүрер жараса.

Достарымыз көбейді,

Сан жетпейді санаса

Ернұр: «Е»-Есті бала ер жетіп,

Елдің қамын ойлаған.

Ессіз бала кері кетіп,

Есерлігін қоймаған

Жанболат: «Ж»-Жатырқама кісіні,

Жатсынбайды түсінген.

Жәбірлеме кішіні,

Жақсылығың ісіңмен.

Айтбек: «І»-Інілерді ағалар,

Ісімен бағалар.

Ілер жүлде жарыста,

Іркілмеген балалар.

Назерке: «М»-Мен,мен деген. мен деген,

Мейірімі мол деген.

Мұрасы мол әріппін,

Малмен берер елге дем.

Диас: «С»-Спортпен айналыс,

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс,

Сауық пен кинодан.

Нұржан. «О»-Отан-менің ата-анам,

Отан-досым, бауырым.

Отан-өлкем астанам,

Отан-туған ауылым

Мейірдәулет: «Ш»-Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдына,

Шығарып мақтаймыз.

Наргиза: «Т»-Тәртіпті бала-сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

Би: «Ча-Ча» Кәусар, Қырымбек,Айжан ,Нұржан,Бекасыл,Нұржайна.

Амир:Көрініс: «Аңдар айтысы

Аю(Аманат):Бұл қай жер?Ештеңе түсінсем бұйырмасын!Мыналар не,әріптер ме?Бұл не деген жазу екен?Қап, оқи алмаған қандай жаман!

Түлкі(Назерке):Сәлеметсің бе аю?Сен бұл жерде не істеп жүрсің?

Аю(Аманат):Мына жазуларды оқығым келеді.

Түлкі(Назерке):Кел аю, екеуміз бірге оқиық,мен де оқығым келеді .

Қоян(Кәусар):Сәлеметсіңдер ме, достар !

Екеуі:Сәлеметсің бе, қоян!

Қоян(Кәусар): Айтыңдаршы екеуің не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Екеуі:Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр

Қоян(Кәусар) : А, олай болса бірге оқиық, мен де оқығым келеді.

Екеуі:Кел онда ,оқысақ оқиық.

Тиін(Айжан):Сәлеметсіңдер ме достарым!

Үшеуі :Сәлеметсің бе ,тиін!

Тиін(Айжан):Барлығың мында жиналыпсыңдар,не істемек ойларың бар?

Үшеуі :Мына жазуды оқымақ ойымыз бар.

Тиін(Айжан) :Онда бірігіп оқиық

Үшеуі :Оқысақ оқиық.

Тышқан(Султанбек ):Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Төртеуі :Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар.

Тышқан(Султанбек): «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»-дейді бірге оқиық

Төртеуі :Оқысақ оқиық

Аю(Аманат):Менің ойымша ,бұл – «бал» деген жазу

Түлк(Назерке)і:Ал ,менің ойымша , бұл «тауық» деген жазу

Қоян(Кәусар):Ал менің ойымша,бұл «сәбіз» деген жазу.

Тиін(Айжан):Жоқ,жоқ ,бұл-«жаңғақ» деген жазу

Тышқан(Султанбек):Не деген көп жазу,бұл қандай сөз болуы екен,а?

Әліппе:Неге дауласып жатырсыңдар, достарым?Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма? Балалар, сендер Әліппені оқып бітірдіңдер , олай болса аңдарға оқып көметесейік.

Балалар:мек-теп

Аңдар:мектеп , мектеп деген не?

Әліппе: Мектеп деген балалар білім алатын үй. Қазір сендер №3 мектепте тұрсыңдар.Бүгін 1 «б» сыбында әліппемен қоштасу салтанаты өтуде ,Мектепте неге үйренуге болатынын балалардан білетін боласыңда.

Ән: «Мұғалім ол біздің»

Аманат:Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Назерке:Қош бол,құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

.Кәусар:Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты,міне, балаңыз

Ернұр::Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны, әліппе!

Наргиза::Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп соған жүреміз,

Сүйікті біздің,әліппе!

.Султанбек:Білім алып мектепте

Талай пәнді оқимыз.

Мұғалімнің айтқанын,

Зердемізге тоқимыз.

Жанболат:Әліппем менің,Әліппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп-көп рахмет.

Ақерке:Іші толған әріпке-

Жақсы кітап Әліппе.

Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықтап сақтаймыз.

Диас:Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рақмет, ұстаз алғашқы!

Мейірдәулет:Әліппе-білім анасы,

Әліппе-кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?

Әліппе:Ал,достар,бүгін сендер менің жолымды әрі қарай жалғастыратын «Ана тілі» пәнімен танысасыңдар.Ана тілін ортаға шақырайық.



Ана тілі:Сәлем,ойшыл достарым,

Бүгін ниет қосқан күн.

Аянбаймын сырымды,

Баяндаймын ғылымды.

Талаптыға бәрі бар,

Менен оқып алыңдар.

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін.

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмін.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің.

Амир:Енді,балалар, сендермен «Әліппе» қоштасқалы отыр,ал «Ана тілі» сендермен достасқалы отыр.

Әліппе:(бата береді) Сағаттың жаңылма есебінен,

Өзің оян, өзің тұр төсегіңнен.

Дер кезінде тамақтан,

Кешікпей кел сабақтан.

Оқуда зейінді бол,

Еңбекке бейімді бол.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын дәптерің.

Күнделіктерің беске толсын! Әумин!

Қош, менің кішкентай шәкірттерім!

Хор:Әліппеге шексіз рақмет!

Ән: «Әліппе»

Диана:Ендігі кезекті «Жас математикке» сөз берейік.

Математика:Сәлеметсіз бе,балалар!

Мен математика,есеппін,

Сұрақ қойсам шешер кім?

Жүйріктерді байқайын,

Жауабын тез тап есептің.

-Сендер мені де төрт ай оқыдыңдар.Қалай мені меңгердіңдер?

-Сандар өсу ретімен тұрыңдар!

-Сандар кему ретімен тұрыңдар!

- «Санамақ» айтып беріңдерші.

Қырымбек:Бір дегенім-бесік,

Шықтың содан өсіп.

Жасмина:Екі дегенім-елім,

Далам, тауым, көгім.

Жанболат:Үш дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.

Наргиза:Төрт дегенім-төзім,

Төзе білем өзім.

Нұржан:Бес дегенім-бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Ақерке:Алты деген-ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Ернұр:Жеті деген-жалау,

Жүректегі алау.

Нұржайна:Сегіз деген-сөзің,

Серт беретін кезің.

Мейірдәулет:Тоғыз деген-тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Диас:Он дегенім-Отан,

Қорға соны,ботам!

Математика :Енді,балалар,мысалдар шығарып көрейік.

1.Табақта 5 алма,қолымда 2 алма.Қосқанда барлығы, болады неше алма?(7)

2.Асанда 5 шар,Ерболда 3 шар.Қосқанда барлығы,болады неше шар?(8)

3.Бір-бірімен жарысқан,

4 аю,1 арыстан,2 қоян, 1 түлкі,

Бәрі нешеу кім білді?

5. Барлығы менде 7 алма.

1 алма атама,1 алма әжеме, 1 алма әкеме, 1 алма апама бердім.Қалды неше алма?»(3)

Би: «Үрбибі» Жасмина,Диана,Назерке.

Амир:Көрініс «Бала тілі-бал»

1.Қырымбек:-Нұржайна,анау құс неге бір аяғымен тұрғанын білесіз бе?

Нұржайна:-Ол қоқиқаз ғой, бір аяғымен тұрса,екінші аяғын демалдырып тұрған шығар.

Қырымбек:-Меніңше,оны тентектік жасағаны үшін солай тұрғызып қойған.

2.Бекасыл:-Мейірдәулет,мысығыңды бір күнге бере тұршы біздің үйде тышқандар бар екен.

Мейірдәулет:-Ол тышқандарды біздің үйге алып келіңіз жеп береді.

3.Диас:-Ернұр, сабаққа неге кешіктің?

Ернұр:-Милиционер ағай маған: «Жолдан асықпай өт»-деген соң асықпадым.

4.Ақерке:-Жасмина,теңіздің суы неге тұзды болады?

Жасмина:-Балықтар бұзылып кетпес үшін тұз сеуіп қойған ғой.

5.Наргиза:-Жанболат сен неге жазбай отырсың?

Жанболат:-Қаламның бензині таусылып қалыпты.

Диана: «Әліппе-білім анасы»атты ертеңгілігімізді аяқтай келе.

Жүздеріңмен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің,әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын,ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!

Амир:Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Диана:Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды,

Бүгінгі салтанатты шақта бір,

Құттықтайды мектеп басшылары баршаңды.

Құттықтау сөзі:Ерлан ағайға, Гүлжан апайға, Мадина апайға,Тұрар ағайға беріледі.

Амир:Жарқылдап тойға келген Роза апай,

Гүлдей боп көзімізге басылғандай.

Күтеміз өзіңізден ақ тілекті,

Ойымызға нұр болып қосылардай.

Диана:Тойымызға бүгінгі,

Ақ тілегін арқалап

Келді ата-анамыз,

Кезек беріп соларға

Сөзіне кұлақ саламыз.

Амир:Бойларыңда от бар екен, достарым,

Жүректеріңде шоқ бар екен,достарым,

Әрқашанда осы шоқты сөндірмей,

Жалындатып шарықтаңдар, достарым!

Хор:Бізге білім салып берген.

Бізге оқу үйреткен.

Бар уақыты бірге өткен.

Қош бол, сүйікті Әліппем!





















Тақырыбы: «Төрлет,құтты Жаңа жыл!»





Сыныбы:1 «Б»





Сынып жетекшісі:Курмашева С.А.















Ембі қаласы

2014-2015 оқу жылы




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 07.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров233
Номер материала ДБ-014966
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх