Инфоурок Начальные классы КонспектыСауат ашу жане жазу негиздери

Сауат ашу жане жазу негиздери

Скачать материал

 Күні:________                                         Пәні: сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімін бекіту.

2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, ребустар шешу). Дамыту ойындарын ойната отырып игерген білімдерін бекіту.

3. Е дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың Е дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Қайырлы күн достым,

Ісің сәтке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Жаздың әсем күнінде емен ағашы жайқала өсіп тұрды. Бір күні еменнің көлеңкесіне ешкі келіп аяңдайды. Ешкі шаршаған, қарны ашқан аш еді.

-Е-е-е-е-мен, сені жұрт көп мақтайды, мықты ағаш деп. Кәне, мықтылығыңды көрсетші,-деп жапырағына жармаспақшы болды.

-Е-е-е-еш-кі-деді емен. Ешкі екеніңді ісіңнен-ақ білдім.

-Балалар, ешкіге еменнің жапырағын жегізіп қоямыз ба?

-Ендеше еменге көмектесейік. Өсіп тұрған ағаш қалай аталады екен?

Біліп жүріңдер !

Балалар емен ағашына үш-төрт адам тұрып құшақтағандағы құлашы әзер жетеді. Оның діңі сондай жуан болады екен. Емен 1000 жылға дейін жасайды. 80 жылда биіктейді. Ол суда шірімейді,  сондықтан көпір салғанда, кеме, вагондарды емен ағашынан жасайды екен. Біз отырған парталар да емен ағашынан жасалады. Сонымен қатар емен ағашының емдік қасиеті да бар. Емен жаңғағынан крахмал, спирт дайындайды. Шеберлер неше түрлі бұйымдар жасайды. Ал енді балалар осы емен ағашының да жаңғақтары болады екен. Оны орысша желудь дейді. Біздер қазір осы емен жаңғағын жинау арқылы емен ағашына көмектесеміз.

 

. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақтар айтамын, оны сендер шешіңдер.

Егер мен К-ден бастасам,

Тісі жоқтың бірімін.

К-ні алып тастасам,

Аяқ киімнің бірімін. (Кетік-етік)

Етік деген сөз қай  дыбыстан басталады?

- Е дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па ?

- Неліктен дауысты, қане, бәріміз айтайық.

- Ал енді Е дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?

- Қане, кім еден сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (Бір бала тақтаға еден сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап отырады).

 

Сергіту жаттығуы:

 Жоғары қарап ай көрдім

Төменге қарап жер көрдім

Оңға,солға қарап

Егеменді ел көрдім

Енді балалар дұрыстап тыңдаңдар!

 

- Еден сөзінде қанша буын бар? Шапалақ ұру арқылы буынға бөл. Енді, балалар, кім Е дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады, жауабы, мысалы: (елік) осы сөзге дыбыстық талдау жасайды.

- Елік деген сөзді еркін отырып айтып көріңдер. Ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

(Е әрпімен танысқан соң Е дыбысының басқа және жазба түрі көрсетіледі).

- Е дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан кейін сендер ауада жазып қайталайсыңдар.

- Балалар, дәптерге жұмыс жасар алдында бой сергітіп алайық. "Ұзын құлақ сұр қоян" тақпағын айтып, бәрі бой сергітеді.

Өте жақсы, казір дәптерлерінді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Е әрпінің баспа түрін жазамыз. Балалар түгел болған соң ойын ойнаймыз.

Ойын: "Сөйлемді жалғастыру".

1. Әжем ауылдан............

2. Мен қызықты ертегі........

3. Орманда бұлбұл...........

Балалар тақта алдында әріптерді тауып текшемен "кесе", "күрек", "бел", "ел", "ерін" сөздерін жазады.

- Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болды?

- Қандай әріппен таныстық?

- Қане, Е дыбысына тез-тез сөз айтып жіберіңдерші. Сабақты тағы бір рет қай талап сұрап пысықтаған соң қорытындылауға болады.

 

 

Қорытынды:

Е-МЕН, Е-ДЕН, Е-ЛІК, КЕ-СЕ бұл сөздерде Е дыбысы қалай естіледі? Е әндетіп, еш кедергісіз, ұзақ айтылса оны дауысты дыбыс дейміз. Сендер білесіңдер дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді?

 

 

Тексерілді:

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 15.02.2016                     бөлімі: аппликация

Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.

Тақырыбы: орамалды әшекейле

Мақсаты: Бірнеше  бөліктерден тұтас бейне құрастырып жапсыруға үйрету,қаттап қию бірден бірнеше бөліктерді қиюға үйретуді жалғастыру, түстерді үйлесімді қолдана білуін жетілдіру, қол, саусақ қимылдарын дамыту, өз жұмыстарын бағалай білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:  үлестірмелі материалдар, қайшы, желім.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: орамал суреттері.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

 

Алдын ала шашақталған сулықтардың шетіне қарындашпен түзу сызық сызып қояды. Бір сызықтың бойына балалар шаншым арасындағы бірдей қашықтықты дұрыс сақтау үшін, ине шаншатын орынды белгілеп көрсетіп қояды. Балалр сызық бойымен алдыңғы сабақта үйренген көктеу тігісін жүргізіп шығады. Содан соң педагог басқа түсті жіпті алып, тігістің арасынан иректеп өткізу тәсілі көрсетеді. Жіпті арасынан өткізген кезде матаға шаншымайды.

Санап тігілетін кесте. Көлденең түскен тігіс

Бұл кестені матаның жібін санап отыру арқылы тігеді. Кесте төгілетін мата селдір болуы керек. Кестелейтін жіптің жуандау болғаны дұрыс, өйткені ашық жер қалмай жиі тігіледі. Тігістің тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. Тік түскен тігістің саны мен биіктігінің алмасып келуі ирек-ирек өрнек түсіреді, ал тік және көлденең тігістердің жымдаса түсуінен басқа бір өрнек туады. Кестелеуді солдан оңға қарай жүргізеді. Инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіреді. Сосын матаның астына түскен инені алғаш шанышқан жермен дөңгейлестіре, оң жаққа қарай әкеліп, жаңа тігіс түсіреді.

Шым кесте

Шым кесте - сурет бойынша кестелеу. Кестенің бұл түрін кез келген матаға түсіруге болады.Оның бірнеше түрі бар.

Бір жақты тығыз кестенің оң жағы

Бір жақты тығыз кестенің сол жағы

Түйіндеу кесте

Бір жақты тығыз кесте ("верхошов" немесе "владимир кестесі") - мұндай кестемен жастық тысына, дастарқанға т.б. өсімдік сабақтарын, гүлін, жапырағын салып кестелейді. Мұның бір өзгешелігі, тігілген кестенің тігістері түгелдей матаның оң жақ бетіне түседі, ал теріс жағынан матаның небәрі бірнеше жібі ғана іліп алынады. 6 қабатталған мулине жіппен немесе жүн жіппен тігіледі. Әдете, қызыл жіпке көк, сары, жасыл және ақ жіпті үйлестіріп алады. Бұл кестенің тігістері біріне-бірі тым тақау түспейді. Оң жақ бетіне негізгі сурет түседі, ал теріс жағына сурет нұсқасының бойымен көктелген сияқты бір қабат тігіс түсіп отырады.

Өсімдік жапырағын салып тігу үшін тығыз кестемен кестелейді - тігісті жапырақтың ортасынан бастап екі бағытта қиғаштай түсіреді, кестелеу жапырақтың сүйір ұшынан басталады:

бірінші - тігісті ұзын етіп ортаға қарай түсіреді;

алдымен жапырақтың бір жақ бөлігі тігіледі, сосын жоғарыдан төмен қарай екінші бөлігі тігіледі;

гүлін тіккен кезде тігісті ортаға қарай түсіреді, ортасын әдетте кереге көздеп толтырады. Кереге көзді түсіру үшін кестелеп отырған жіпті бір шетінен екінші шетіне көлденеңінен және тігінен тартады. Пайда болған кереге көздің қиылысқан жерлеріндегі жіпті бекітіп, крестпен немесе басқа да тігіс түрлерімен әшекейлеп тігуге болады.

 

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

 

Балалар іс-әрекеті:

         Балалар екі түрлі кесте жіпті пайдаланып, орамалды әшекейлеу жұмысына кіріседі:

Орамалды екі шеті қарындашпен сызылады;

Жіпті және өрнекті жабыстырады.

 

Қорытынды: Орамалды не үшін пайдаланамыз? Орамалды қалай әшекейлеуге болады.

 

Тексерілді:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:________                       Пәні: дене тәрбиесі

 

Тақырыбы: Жалпы дамыту жаттығулары

Бағдарлама мазмұны: Бір тізбекте және шеңбер бойымен заттардың арасымен тура және тріс қарап жүруге, жүгіруге; екі тізенің ортасына доп немесе жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

         Қолданылатын құрал-жабдықтар: ойыншықтар, заттар, h-25 см доғалар, салмағы 100 г құм толтырылған дорбашалар, доп, ұсақ заттар, шығыршықтар.

         І бөлім. Бір қатар сап түзеп тұру, дене түзілісін бақылау және түзілу. Бір-бірден тізбекке тұру. Бір тізбекті сапта жүріп, құм толтырылған дорбашаны біресе алдына ұстап, біресе артына ұстап жүру; орындықта отырып, өкшені еденге қойып, башпайларды бүгу, жазу. Бір қатарға тұру.

         ІІ бөлім. Жалпы дамыту жаттығулары

Б.қ. – негізгі қалып, қолды төмен түсіріп түзу тұру. 1 – екі қолды екі жаққа жайлап соза жоғары көтеріп, қолға қарау, дорбашаны сол қолға ауыстыру; 4 – б.қ.-қа келу. Осылайша сол қолмен орындау. (6-8 рет).

1.     Б.қ. – аяқты сәл алшақ қойып, қол белде ұстап тұру. 1 – басты имей, алға қарай еңкею; 2 – б.қ.-қа келу. (6-8 рет).

2.     Б.қ. – малдас құрып отыру, қолды белде (дорбашаны басқа қойып қояды. 1 – оңға бұрылу, 2 – артқа бұрылу; 3 – б.қ-қа келу. Осыны сол жақпен орындау. (Әр жаққа 4 реттен).

3.     Б.қ. – еденде малдас құрып отыру, қолды белге қою; дорбаша алдыда алыстау жерде тұрады. 1 – алға иіліп, дорбашаны оң қолмен алу; 2 – оң қолды арт жаққа жайлап соза, дорбашаны арқаға тығып ұстау; 3 – б.қ.-қа келу. Осылайша сол қолмен орындау (6-8 рет).

4.     Б.қ. – н.т. қол белде, дорбашаны басқа қою. Тепе-теңдік сақтап, сәл отыру; 2 – б.қ. қолды алға созу. (4 рет).

5.     Б.қ. – н.т. қол төмен, дорбашаны басқа қою. 1 – оң аяқты артқа, қолды шетке созу. 2 – б.қ. 3 – сол аяқты артқа, қолды шетке созу. 4 – б.қ. (6 рет).

6.     Дорбаны басқа қойып, бір тізбекті сапта жүру.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

3-4 заттың арасымен «жылан» жүрісімен еңбектеу, жүгіру.

Биіктігі 25 см доға астынан еңбектеп өту.

Екі тізесінің ортасына доп, құм толтырылған дорбашаны қыстырып, бір орнында және алға секіру.

         «Ұстап үлгер», «Жұбымен жүгіру», «Кім алысқа лақтырады» қимыл-қозғалыс ойындары.

ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім.

Қимыл-қозғалысы аз «Ұшты-ұшты» ойыны ойнатылады, тыныс алу жаттығулары орындалады.

 

   

Тексерілді:

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сауат ашу жане жазу негиздери"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2016 974
    • DOCX 24.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Атаджанова Мукаддас Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Атаджанова Мукаддас Муратовна
    Атаджанова Мукаддас Муратовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20673
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе