Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сауат ашудан сабақ жоспары "Б дыбысы және әрпі" 1 сынып

Сауат ашудан сабақ жоспары "Б дыбысы және әрпі" 1 сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қ.Нұржанова,
Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Ынтымақ ауылы,
Ертіс ауданы,
Павлодар облысы

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1) Бб дыбысы мен әрпін меңгерту Б

дыбысын сөз ішінен бөліп алып, дұрыс

дыбыстату.

2) Б дыбысына қатысты сөздерді оқытып,

дыбыстық, буындық талдау жасату.

Көркем жазуға дағдыландыру.

3) Оқушыларды достыққа, ұйымшылдыққа,

татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер, оқулық, карточкалар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелеу, ойындар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?
- Балалар, қазір бізде қай сабақ басталды?
- Әліппе сабағында не үйренеміз?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгінгі ауа-райы қандай?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның нешінші күні?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

  • М дыбысы.

  • М – қандай дыбыс?

  • М – дауыссыз дыбыс.

Ойын: «Алма теру» ойыны.

Жоғалған әріп: Та...ақ, ...ақта, Арм...н, мат..., ...ал, қарм...қ, қала..., қайма..., ой...ақ.

Шашылған әріптерден сөз құрастыру

1) м,а,т,қ,а (мақта)

2) м,л,а (мал)

3) м,л,о (мол)

  • Оқулықтан «Тамақ» мәтінін кезек-кезек оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
Сөздің сыры – көп жұмбақ,
Шешуін кім табады?
Кімдер шешсе тез ойлап,
Сол жеңімпаз болады.

Жұмбақ шешу.
1. Бір көзім: кідір! дейді
Бір көзім: жүгір! дейді
Бір көзім: абайла! дейді
қарап ал, маңайға! Дейді (бағдаршам)

2. Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (бор)
3. Қанаты жоқ ұшпайды,
су астында қыстайды (балық)

hello_html_e2b4df9.jpghello_html_m6021787e.jpghello_html_m7a07065c.png

Осы жұмбақтарды шешулеріне назар аударайықшы? Бағдаршам, бор, балық.
Бізге таныс емес дыбыс естіліп тұр ма? Ол қандай дыбыс?
(Б,б)

  • Ендеше бүгін біз “Б” дыбысымен танысамыз.

  • Қане барлығымыз бірге Б-Б-Б

  • Б” қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? ол қандай түспен боялып тұр?

  • Б” дыбысы неге дауыссыз? Себебі ол ауыз қуысынан кедергіге ұшырап барып шығады.

  • Б әрпінің баспа, жазба бас және кіші әріптерін тақтада жазып көрсету.

hello_html_m707fe9a6.jpghello_html_m11139139.jpg

  • Ауада жазу.

Б дыбысы тек сөздің басы мен ортасында кездеседі. Суреттерді көрсете отырып мысалдар айту: бақа, бор, дорба, барабан, бақбақ, балық, қарбыз, борсық, бауырсақ, бұлт. Осы сөздерді мына тақтада тұрған 2 сандықшаларға салуымыз керек.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпандап
Көжегі екен өзінің

hello_html_m150c856d.jpg

ІV. Оқулықпен жұмыс.

- Әліппе оқулығынан 61 бетті оқыту.


Бhello_html_347ee206.gifhello_html_347ee206.gifа ла бо та Бо та

Ба ба бор Бо лат

Ба та бал

  • Сөйлем оқыту: -Болат, ба-ла-пан-дар-ға қара.


V.Дәптермен жұмыс.

Өз беттерінше дәптермен жұмыс


  • Тақтада буындардан сөз құрастыру.

Ба-ла / ба-ла-қан / ба-ла-пан / бо-та/ ба-лық/ бө-рік/


Кім жылдам?” ойыны

Үлестірме қағаздар: Сөздердегі Б әрпінің астын қаламмен сызып шығуы керек және сол туралы не білетінін айту.


Мына сөздерге дыбыстық талдау жасату: балапан, бала, барабан, балық.


VІ. Сабақты қорытындылау.

Неге айналады?” ойыны арқылы сабақты қорыту.

  • Жhello_html_749a6cc.gifұмыртқа неге айналады? Балапанға

  • Дhello_html_1d14a200.gifән неге айналады? Бидай, арпаға

  • Гhello_html_776f79d5.gifүлдер неге айналады? Жеміске

  • Кhello_html_1d14a200.gifөжек неге айналады? Қоянға

  • Уhello_html_719310dd.gifылдырық неге айналады? Балыққа


Дұрыс жазылған “Б” әрпін көрсет. (Суреттер көрсету)


Б әрпі қай киіз үйдің тұрақты тұрғыны бола алады ойлан.


  • Бүгін қандай әріппен таныстық?


  • Ол қандай дыбыс?


  • Дауыссыз дыбыс қандай түспен боялады?


  • Б әрпі неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?


  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қандай тапсырма қиын болды?

VІІ. Үйге тапсырма.

  • Б дыбысын оқып келу, дәптермен жұмыс.

VІІІ. Мадақтау.

Жұлдызшалар тарату.


Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров218
Номер материала ДВ-189858
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх