Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сауат ашудан сабақ жоспары 1-сынып

Сауат ашудан сабақ жоспары 1-сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

пәні

сауат ашу

класы

1 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

У дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: у дыбысы және әрпімен таныстыру, у әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрену. У дыбысы және әрпі бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасату, у дыбысының дауысты, дауыссыз болу себебін ұғындыру;

2.Дамытушылық:  Сөздік қорларын байыту, тіл байлықтарын дамыту, ұқыпты ,тиянақты және көркем жазу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылылыққа, жолдастыққа достыққа,

бір-бірінің ойын түсінуге бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу

Оқыту нәтижелері:

У дыбысының дауысты да, дауыссыз да болатынын біледі,у дыбысы бар сөздерді буынға бөледі, У бас әрпі және л кіші әрпін жазып үйренеді

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, суреттер, кесте

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өзіндік

Қолданылатын модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин

Оқушылармен амандасу

Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату:

Суреттер арқылы топтарға бөлу

II. Психологиялық дайындық.

  1. Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын

Жеті күннің әр кезі

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Оқу құралдарын дайындайды

Жақсы тілектер айту

3 топқа бөлінеді

ІІ. Өткенді қайталау

Білу

7 мин

Лл дыбысы қандай дыбыс?

-Лл дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?

-Лл әрпіне берілген сөздерді оқыту.

Ала сөзін қатыстырып сөйлем ойлау.

1. Жеке жұмыс: сөздерді оқиды, дыбыстық талдау жасайды.

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді

ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

8 мин

Адамдар, жан-жануарлар Өсімдіктер немен тыныс алады?

-Ауамен.

Ауа сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.А-уа, а+у+а.

Ту,ау сөздерін салыстыра отырып, у дыбысының бірде дауысты , бірде дауыссыз екенін түсіндіру.

у-ту-дауысты, у-ау- дауыссыз.

У- әріп таңбасымен таныстыру.

ә) Буындарды жаттату.Та па на ға ра ла уа



1. Сабақ мақсатын қояды

2. Жаппай жұмыс: буындар мен сөздерді оқиды, дыбыстық талдау жасайды.

3.Топтық жұмыс: берілген тапсырма әңгіме құрастырады.

Талдау және қолдану:

10 мин


Тау, бау, сау, су, сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Ту сөзіне түсінік беру.

Топтарға тапсырма:

Сурет бойынша шағын әңгіме құрату.

Хормен оқыту.

Тақтаға сөз жазғызып үйрету.

Ат ата тана ара Ал ала таға арал

Жаппай жұмыс: сөздер құрастырады. Сұрақтарға жауап береді, сөйлем құрастырады, дыбыстық талдау жасайды

Сергіту сәті:

1 мин

Интерактивті тақтадағы мультфильм кейіпкерімен бірге қимыл-қозғалыс жасау

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

5 мин

Дәптермен жұмыс: 
Әдемі, сауатты орындату 
а)Уу әріптерін қайталап жазу. 
ә) У у, ау, ту, ауа.

Әліппедегі үлгі жазуды көшіріп жазу 

жеке жұмыс : У әрпінің бас және кіші әріптерін дәптерге жазады.Ауа, ту сөздерін жазады.

Сергіту сәті:

1 мин

Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау

қимыл-қозғалыстарды өлеңмен бірге қайталайды

І\/. Сабақты қорыту:

Жинақтау:

6 мин

«Қай буынды жоғалттым» ойыны

На-..., ...-лап, ...нар, а-..., ...рал т.б.



-Балалар, бүгінгі сабақта қандай әріппен және дыбыспен таныстық?

-У дыбысы қандай дыбыс?

-У дыбысы қай кезде дауысты болады
-У дыбысы қай кезде дауыссыз болады?

-У дыбысы сөздің қай жерінде келеді?

-У әрпі қай буында жазылады?

Жаппай жұмыс: сұрақтарға жауап береді, бір-бірін толықтырады

Бағалау:

2 мин

Смайликтер арқылы бағалау. Ауызша мадақтау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

1 мин

1. Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

2.Саған не ұнады?

3. Нені білдің?

Ауызша жауап береді






Автор
Дата добавления 06.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров279
Номер материала ДВ-129529
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх