Инфоурок Начальные классы КонспектыСауат ашу "Рр дыбысы мен әрпі"

Сауат ашу "Рр дыбысы мен әрпі"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Рр дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Рр дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2. Рр дыбысы мен әрпіне қатысты сөздерді оқыту арқылы оқушылардың тілі мен білімін қалыптастыру,
буындық, дыбыстық талдау жасату.
3. Сауаттылыққа үйрету.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау - жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, буындық сөздер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ
Мысық пен күшік суретіне байланысты түсіндірме жұмысы жүргізіледі.
- Мысық қайтеді?
- Күшік қайтеді? (күшік ырылдайды)
- Ендеше, бәріміз хормен айтайық.
- ыр, ыр, ыр
- Созып айтуға келе ме?
- Жоқ
- Ендеше бұл қандай дыбыс?
- Рр дыбысы - дауыссыз дыбыс.
4. - Баспа, жазба түрлерімен таныстыру.
- Жазу дәптеріндегі Рр әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстырып, жазба түрінің бөліктерін көрсету.
- Ауада жазу
- Тақтаға жазу

5. Сергіту сәті:
Арпа, радио, роботтың суреттеріне байланысты берілген тапсырманы Тапқышбектің тәсілімен орындайды.
6. Тақтаға суреттер ілінеді, оқушылар олардың атын айтады.
Радио, ара, нар.
- Балалар, р дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келеді екен.
7. Сөйлемдер құрату. Ара - жәндік. Ара - сайман. (Сөздік қорын молайту, тілін дамыту үшін сөйлемдер құрауға машықтандыру.
8. Дәптермен жұмыс.
1) Сөйлемдердің сызбасын жазу.
2) Р әрпінің жазу элементтерімен таныстыра отырып, үзбей жазуға машықтандыру.

9. Сергіту жаттығуы.
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай - былай ойнап.
Жазуды жалғастыра жазу. Рр, ар, ара.

10. Буындық талдау жасау. (сөзден дауысты дыбысты таптырту, соған байланысты буынға бөлінетіндігін пысықтау)
Шор/тан, ар/ба, тыр/на...
11. Суреттермен жұмыс.
12. Логикалық тапсырма (қай сөзде р әрпі кездесетінін табу)
Аю, орындық,..
13. Буындық диктант жазу.
Ар, ор, ра, ро, ара, ора.

14. Сабақты қорытындылау.
- Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?
- Р дыбысы қандай дыбыс?
- Р дыбысы бар сөздерге мысал келтір?
- Р дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
15. Үйге тапсырма беру.
16. Бағалау. Оқушылардың білімін мақтап, мадақтап бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

 

 

 

 

 

 

Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Касенова Г. Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

2013-2014 Оқу жылы

 

 

Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Рауан: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.

Айбек: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

Райымбек: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

«Ана тілім» әні. Орындайтын хор.
Аманжан: Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.

«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс.
(Абай - Мейрам, Әбіш - Рауан)
- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Рауан: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
Аманжан: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Айбек: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?

1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.

Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.

 

                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіл туралы заң

 Мектебімізде «Тіл заңының» орындалуына ерекше мән беріліп, оқу жылының басынан «Тілге құрмет» бағдарламасының жоспары бекітілді. Тіл заңының орындалуы, тілді саналы меңгерту, өз деңгейінде бағдарламаларды пайдалана білу өмір талабы екені баршамызға аян.Ана тіліміздің «мемлекеттік тіл» деген биік мәртебеге ие болғанына санаулы жылдар болса да, еліміздің еңсесі көтеріліп, тіл мәртебесін дамыту, ұрпақтар жадында қалатын алып істерді игеру, іс-шараларды ұйымдастыру біздің негізгі басты міндетіміз болып саналып отыр.

      «Тілге құрмет» бағдарламасының негізгі мақсаты: оқушыларға тілді меңгертудің сапасын жоғарылату, Тіл Заңының орындалуына бағыт-бағдар беру, тіл мәртебесін көтеру, оқушылардың, мектеп ұжымының ана тілге деген сезімін ояту, құрметін қалыптастыру.

      Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында «Қазақшаңыз қалай?» үйірмесі аптасына екі рет өткізіледі.Үйірмені қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Серікбаева Зикен Мирашқызы жүргізеді.

      Мектебімізде тіл саясатын дамытуда,  игеруде басқа ұлт өкілдері де үлестерін қосып, іс-шараларға белсенді қатысады.Өзара қазақ тілінде сөйлесу, пікір алысу күнделікті жұмыс барысын да жиі кездеседі және пән мұғалімдері осы жайларға жиі көңіл бөліп отырады. Әдістеме бірлестік  мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тілдер мерекесіне» арналған «Өнерлі өрге жүзер» атты көркемсөз шеберлерінің байқауын Серікбаева Зикен Мирашқызы  әдеби кештер мен, дөңгелек үстелдерге жалғастырды.

Ильясова Ансаған Жұматайқызы «Сөз мерген», бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі жас маман Қайдаулова Гүлім Сейтбекқызының ұйымдастыруымен өткізілген «Бір шаңырақ астында» тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.

      «Тілі бірдің – тілегі бір»  тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.

       Орта буын арасында «Қызықты викторина» ойыны өткізілді.Негізгі мақсаты: оқушылардың тапқырлығын, тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, тіл тазалығын тексеру болды.

      «Өз тілің өскен өренің, мақтаның ұлттық ол сенің» дегендей мектебіміздің оқушыларының сөйлеу қабілетінің дамуына, сөздік қорының молая түсуіне осындай викториналық ойындардың жиі  өтілуінің маңызы зор.Осындай қажырлы жұмыстардың арқасында 7 сынып оқушылары аудандық «Тіл халық жанын танудың кілті» атты аудандық байқауда жүлделі 1 және 2 орындарға ие болып, мектебіміздің мерейін асқақтатып тастады.

    Мектебіміздегі іс қағаздарының кірісі, шығысы , басқа барлық құжаттар қазақ тілінде жүргізіледі.

  

 

Тіл саясатының пәрменділігін арттыру жұмысы мектепте, ұжым арасында да өз орнын табуда.Оқушылармен бірге ұжымда басқа ұлт өкілдері де мемлекеттік тілдің сырын ұғынуда.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

 Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысында халқына үндеуі?
-Иә, балалар, Жолдауын арнады.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.  Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.  Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
      Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
     Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
      Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! -  деген болатын.
Оқушы: 1986 жылы 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі  туралы заң қабылданды.
Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.
     Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат  қылдық.
      «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.
Сөзжұмбақ  «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата-ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз?  (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.
         Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
      Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.
         Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар:  инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
         Президент  Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
         Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей  қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .
         Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт – бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған  50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.
Ән: Елім менің.( тыңдалады)    
Өлеңдер оқылады. (тіл, тәуелсіздік, отан туралы)
Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?
«Ойын»
«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Мен 21-ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! -деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Тәрбие сағаты

 

 

 

 

 

«Бір халық – бір ел – бір тағдыр»

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Касенова Г. Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

 

2013-2014 Оқу жылы

 

 

 

Тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Мақсаты: Оқушыларға өз Отанын сүюге, ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайд, нақыл сөздер, бейнетаспа
Оқушылар 4 топқа бөлінеді

Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Бейнетаспадан Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясынан көрініс көрсетіледі.

Мұғалім сөзі. Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кәмелетке толды.
Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы деп қолымызбен құрған Ассамблея дүниеге келгеніне 18 жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды» деген Елбасы, елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған ҚХА - ның мерейтойлық ХХ сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының мәніне тоқталды. Ал сіздер осы атаудың мәнін түсіндіріп көріңдерші. (әр топтан оқушының ойы тыңдалады.)

Мұғалім: Ендеше, бүгінгі алғашқы сабағымызды осы тақырыпқа арнаймыз. Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын. Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.
«Менің отаным - Қазақстан» атты видеоролик көрсетіледі.
Мұғалім әр топқа «Бала», «Ана», «Білім», «Денсаулық» сөздерін іледі. Осы сөздерді: «Қазақстан - 2050» стратегиясымен байланыстырып өз ойларын ортаға салады.
1 - ші топ:
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
2 - ші топ:
Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.
3 - ші топ:
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
4 - ші топ:
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Қорытынды:
- Жолдау туралы не түйдің?
Мұғалім сөзі: Мемлекет басшысының айтуынша, ел иесі ретінде қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсетпестен, ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін, Ата Заңды айқындадық. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдадық. Ал Елбасының тапсырмасымен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат болып табылады.. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің күрделі жағдайында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін барлық күш - жігермен нығайту қажет. Өйткені, біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!» – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы. Ендеше осыған бәріміз де дайын болуымыз керек.

Сабақтың мақсаты: 1. Ф дыбысы мен әрпін таныту, оқуға жаттықтыру.
2. Ой белсенділігін арттырып с
өздік қорын молайту. Оқуға деген белсенділігін арттыру.
3.
Ұйымшылдыққа, әдемі, сауатты жазуға машықтандыру.

Саба
қтың көрнекілігі: «Үйшік» ертегісі интерактивті тақта, суреттер, кеспе әріптер, буындар.
Саба
қтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, мадақтау.
Жа
ңа технология: ойын түрінде оқыту.
Саба
қтың түрі: ертегі сабақ.
Саба
қтың жүрісі:
Ұйымдастыру бөлімі.

1. О
қушы зейінін сабаққа аудару.
Психологиялы
қ дайындық.
Бар кітап
қа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналы
қтың данасы.
- Балалар, б
үгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше. Өйткені бүгінгі
саба
ғымызға қонақтар келіп отыр. Олар сендердің білімдеріңізді көргісі келеді. Балалар, ертегі тыңдағыларың келе ме?
- И
ә
- Олай болса, б
үгінгі сабағымыз басынан аяғына дейін «Үйшік» ертегісіне арналады
- Ерте, ерте. ертеде ешкі ж
үні бөрте де орманда бір үйшік тұрыпты. Бір күні сол үйшікті жертесер тышқан көріпті.
- Неткен
үйшік! Кімдікі бұл үйшік? деп қасына келсе, есігінде хат ілулі тұр екен. Ол хатты ашып оқыса «мына тапсырмаларды орындағандар осы үйшікте тату өмір сүреді» делінген екен.
Балалар тыш
қанға көмектесіп тапсырманы орындайық.
1 - тапсырма.
Үйге тапсырманы орында.
1.
Әліппе бағанындағы сөздерді оқыңдар.
2.«Вокзал» м
әтінінің мазмұнын айт.
3.«С
өз ойла, тез ойла» ойынын ойна.
Бірде секіріп ба
қылдауық бақа келді.
- Неткен
үйшік! Үйшікте кім тұрады?
- Мен жертесер тыш
қанмын.
- Екеуміз бірге т
ұрайық.
- Ол
үшін мына тапсырманы орында, дейді.

2. тапсырма. Жа
ңа сабақты түсініңдер.
- Балалар, мен сендерге ж
ұмбақ айтайын.
Судан шаша
қ шашылар,
Су то
қтаса басылар.
- Фонтан.
- Д
ұрыс айтасыңдар, фонтан сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
- Ф. Олай болса, б
үгінгі танысатын әрпіміз «Ф» екен.( бірнеше рет қайталату) Ф әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.
Ф дауыссыз дыбыс. «Ф» дыбысынан басталатын с
өздер ойлату. «Фонтан», «фото», «телефон», «телеграф» сөздерін буындатып «Ф» дыбысының орналасқан жерін анықтату.
- Бір к
үні секектеп қоян келеді. Неткен үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады? дейді
- Мен жертесер тыш
қанмын. - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің? дейді.
- Мен
қорқақ қоянмын, дейді.
Үшеуміз бірге тұрайық дейді қоян.
- Ол
үшін мына тапсырманы орында дейді олар.
3 - тапсырма. О
қулықпен жұмыс.
Сергіту с
әті. «Сұр қоянға» қимылдар жасату
Үйшікке жылмың түлкі келеді. - Неткен үйшік! - Бұл үйшікте кім тұрады?
- Біз жертесер тыш
қан, бақылдауық бақа, секек қоянбыз. Ал сен кімсің?
- Мен жылмы
ң түлкімін, бірге тұрайық дейді.

4 - тапсырма. «Адас
қан әріптер» ойыны.
Т о ф о, б о ф у л т, ф о л е н е т
Үйшікке аю келіп есік қақты.
- Неткен
үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады?
- Біз т
ұрамыз, деді олар.
- Менде бірге т
ұрайыншы, деді аю.
- Онда мына тапсырманы орында, - дейді олар.

5 - тапсырма. Шы
ғармашылық тапсырма. «Футбол» тақырыбына әңгіме құрату.
Аю
үйшікке сүйенгенде үйшік қирап қалады. Қорқып кеткен аңдар қаша жөнеледі. Сол кезде аю оларға; - «Қорықпаңдар, бәріміз бірігіп әдемі үйшік жасап аламыз, деп шақырды.
Олай болса, біздерде а
ңдарға көмектесейік. Ол үшін «Футбол» ойынын ойнайық.

6 - тапсырма. «Футбол» ойыны. Не
үйрендік, не білдік?
1.«Ф»
қандай дыбыс.
2. Ол с
өздің қай жерінде келеді?
3. Ж
ұмбақ шешу.
Осылайша бірлікті
ң, достықтың арқасында аңдар әдемі үйшік жасаса, біздер терең білім алдық.
Мада
қтау, бағалау.
Үйге: әліппе бағанындағы сөздерді оқу, «Футбол», «Әл Фараби» өлеңдерін жаттау.

 

Сабақтың тақырыбы: Ы ы дыбысы мен әрпі

Саба
қтың мақсаты: Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ы дыбысының орнын анықтату, ауызша әңгімеден кейін сызбаға сәйкес сөйлемдер құрауға үйрену. Сурет бойынша әңгіме құруға үйрету;

Саба
қтың көрнекілігі: флипчарт, шыбын, сыпырғыш, қарлығаш, сиыр суреттері, кеспе әріп
Саба
қтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сөздік, көрнекілік, әңгімелеу
Саба
қтың барысы:
Саба
қты жұмбақтан бастау:
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай
құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Б
әрінің атын не дейміз? (Ыдыс)

Ж
ұмбақ шешуі – ыдыс. Ыдыс сөзін бірнеше рет қайталап, созып айтқызу (Ы - ы - ды -ы - ы - с).
Оны
ң таңбасын көрсетіліп, әрпімен таныстыру. Дауысты дыбыс екені айтылады.
М
ұғалім кеспе әріптердің көмегімен буындар құрастырып, оларды сынып оқушыларына оқыту (ыл, ыс, ыр, ыс, ыш, ыс).
О
қулықтың 34-бетіндегі жазылған буындарды оқып, жаттықтыру жұмысы жалғасады. Хормен, тізбектеп оқыту.
«Сушылар» диалогын о
қыту

Су, суар, суару, суарушы с
өздеріне дыбыстық талдау жасау.
Д
әптермен жұмыс
Д
әптерімізді ашайық
Сала
қтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
К
өркем етіп жазайық.
II. Жазу д
әптерінің 31-бетіндегі ы әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру. Қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жасау. Ы әрпін үлгідегідей жол аяғына дейін жазу. Сиыр, бұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Ы дыбысының орнын табу. У, ы дыбыстарын қосып, буын, сөз құрау.

О
қулық бетінің соңына қарай баспа түрінде өткен әріптер берілген. Оларды жазба түрінде дәптерге көшіріп жазу.
IV. Жазу д
әптерінің 31-бетіндегі ы әрпіне байланысты қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары орындалады.
О
қушылар жазу дәптерінің 32-бетіндегі ы әрпін үлгі бойынша жазады. Шырша сөзіне дыбыстық талдау жасап, сөзді көркем етіп үлгідегідей көшіреді.
V. О
қулықтың 35-бетіндегі баған түрінде берілген сөздерді тұтас оқуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Ондағы мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастырып, оқушылар төмендегі мәтінді толықтырып оқиды.

Талдау-жина
қтау әдісін пайдаланып, мәтінді сөйлемге, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау жұмысы ұйымдастырылады. Бас әріппен жазылатын сөздер жөнінде ұғымды қалыптастыру жұмысы жалғасады.
Тап
қышбектің тапсырмасын орындау. Бос торкөзге тиісті әріптерді қою.
VI. О
қулықтағы Тапқышбектің логикалық тапсырмасы орындалады. Дәптердегі берілген кісі аттарын үлгідегідей көшіріп жазғызуға болады. Өздері білетін кісі аттарын жазуға мүмкіндік жасап, шығармашылыққа баулу керек.

Б
үгін біз қандай әріппен таныстық?
Арыс не суарды?
Асыл мен Ырыс кімдер?
Олар не істеді?
«
Әліппе серігімен» жұмыс. Ы дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.
Саба
қ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.
І
Ү. Сабақты бекіту.
Ү. Бағалау

 

Сабақтың тақырыбы: Ш ш дыбысы мен әрпі.
Саба
қтың мақсаты: Оқушыларға Ш дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ш дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ш дыбысының орнын анықтату, сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу

Саба
қтың көрнекілігі: флипчарт, шана, шортан, шар, шахмат, шегіртке, шаян суреттері, кеспе әріптер
Саба
қтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сөздік, көрнекілік, әңгімелеу
Саба
қтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру. 27-бетіндегі буындарды оқып, сызба бойынша сөйлем құрау. 1-слайд. Сабақты жұмбақ жасырумен бастау.
Үрлеп алып ойнауға болады,
Жинап алып, байлау
ға болады. (Шар)

М
ұғалім оқушылардан шар сөзін бірнеше рет қайталату арқылы жаңа дыбысты шығарып алуға болады (Ш-ш-ш-ар). Сөйтіп, оқушылардың өздеріне тапқызып, дыбыстату арқылы жаттығу жұмыстарын бастау керек. Дыбыстың әрпімен таныстыра отырып, оқулықтың 28-бетіндегі суреттерге байланысты сөздермен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар сөздің алғашқы екі дыбысын жалғастыра оқу арқылы келесі дыбыстарды табады. Мұнда жаңа сабақ тақырыбы назарда болу керек.

2-слайд. О
қулықтың 28-бетіндегі баған түрінде берілген буындарды оқу және оларға дыбыстық талдау жасау. Мазмұнды суретке байланысты мәтінді оқыту.
3-слайд. Д
әптермен жұмыс:
Д
әптерімізді ашайық
Сала
қтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
К
өркем етіп жазайық

4-слайд. Жазу д
әптерінің 25-бетіндегі Ш ш әрпінің жазба, басна түрін салыстыра отырып, графикалык талдау жұмыстары жүргізіледі. Осы беттегі тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен жүйелі орындалады.
О
қуға жаттықтыру үшін берілген буындар мен сөздерді оқыту арқылы мұғалім оқушыларды сөздерді тұтас оқуға үйретеді.
Сызба
үлгісіне қарап, сөйлем құрау, оны талдау жұмыстары ұйымдастырылады.
Тап
қышбектің тапсырмасы орындалады.

Сергіту с
әті
Отырып -а
қ орнымда
Айдын к
өлді кешемін.
Сен білмесе
ң, егерде
Былай ескек есемін.
5-слайд. О
қулықтың 29-бетіндегі баған түріндегі берілген буындар мен сөздерді оқушыларға оқытып, жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Мұнда сөздердің дыбыстық құрамына қарай айтылуындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына баса назар аударылады. Сызбаға сәйкес сөйлем құрау.

Тап
қышбектің тапсырмасын орындау. Жауабы:
Ол - к
өгершін. Ол – шаян. Ол - қайшы. Ол - шегіртке.
С
өз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу.
Д
әптердің 26 –бетіндегі үлгі бойынша Ш ш әрпін жазуды үйрету. Олардың ішінде шапан, шие сөздеріне байланысты шығармашылық бағытта жұмыстар орындалады. Дыбыстық, буындық талдау орындау.
«
Әліппе серігіндегі» «Шие тергенде» мәтінін оқып береді. Ш дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.
Саба
қ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.
І
Ү. Сабақты бекіту.
Ү. Бағалау

 

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы
Ма
қсаты
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
Дауысты ж
әне дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін,
фонематикалы
қ есту қабілеттерін жетілдіру. Логикалық ойлау, таным процестерін жетілдіру. Соз қорын молайту, байланыстырп сөйлеу тілін жетілдіру.
С
ұраққа толық жауап беруге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тыңдауға тәрбиелеу.
К
өрнекі-құралдар: Заттық суреттер (ұшақ, құлпынай, қарбыз, ұлу), текшелер, айна.
С
өздік жұмыс: ұлу
Саба
қ барысы
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
- К
әне, балалар жарты шеңбер жасап тұрайық!
- Балалар, осы аптада біз не туралы айтып жатырмыз?
-
Қысқа тән құбылыстарды айтыңдаршы!
- Мен бастаймын, ал сендер ая
қтайсыңдар.
-
Қыста күн суық болады. Қар жауады.
- Жарайсы
ңдар, орнымызға отырайық.

ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, кеше сендер
қай дыбысты әдемі, дұрыс айтып үйрендіңдер.
* Ш дыбысын барлы
ғымыз бірге айтайықшы.
* Ш дыбысын айт
қанда ерніміздің қалпы қандай?
* Тісімізді
ң қалпы қандай екен?
* Тілімізді
ң қалпы қандай екен?

III.Саба
қтың тақырыбын баяндау.
- Балалар, мен сендерге та
қпақ оқимын, соның ішінде қай дыбыс жиі естіледі екен?
«
Ұлпабастың басына
Ұлу шықты асыға.
Ұстап алмақ боп оны,
Ұзақ қонды қасына.
Ұмтылғанда ол енді,
Ұлу қашты жөнелді»
-
Ұлу дегеніміз жәндік міне мынандай болады. Оның өзінің үйшігі болады. Көбінесе сулы жерлерде тіршілік етеді.
* Балалар
қай дыбыс жиі естіледі екен? (Ұ дыбысы)
*
Ұ дыбысын бәріміз бірге айтайықшы!
*
Ұ-ұ-ұ
*
Ұ дыбысы қалай айтылады?
* И
ә, әндетіліп, созылып айтылады, екен.
*
Ұ дыбысы қандай дыбыс?
* И
ә, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
* Ендеше, балалар б
үгін Ұ дыбысын әдемі, дұрыс айтып үйренеміз

IV. Дыбысты
ң артикуляциясын анықтау.
* Айнамызды алайы
қ.
* Енді,
Ұ дыбысын созып, әндетіп айтайық.
* Аузымызбен айтамыз, к
өзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз.
* Балалар, ернімізді
ң қалпы қандай?
* Ерініміз
құбырға ұқсап, алға қарай сүйірленіп шығады екен
* Ал, енді тісімізді
ң қалпына қарайық.
* Тісімізді
ң қалпы қандай?
* Аузымызбен айтамыз, к
өзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз.
* И
ә, Үстіңгі және астыңғы тістеріміздің арасы ашық екен.
* Тілімізді
ң қалпы қандай екен?
* Аузымызбен айтамыз, к
өзімізбен көреміз, құлағымызбен естиміз, басымызбен ойлаймыз
* И
ә, тіліміз ұйықтап жатқан мысыққа ұқсайды.
* Ауа еркін шы
ғады.

V. Фонематикалы
қ есту қабілетін дамыту.
* балалар, к
әзір «Зейінді бол» ойының ойнаймыз.
* Мен, сендерге дауысты ж
әне дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер, дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені көтересіңдер.
* А, Н, Е, В,, С, О, О, О,
* М, Н, Г, Ш, А, Б, А, У,
Ұ, Ұ, Ұ
* М, А, Р, О, М, Н, О,
Ұ, К
* Жарайсы
ңдар, балалар!
* Балалар, енді мен сендерге дауысты дыбыстар айтамын, соны
ң ішінде Ұ дыбысын естігенде шапалақтайсыңдар.
* А,
Ә, Ұ, Ә, Ү, О, А, О, Ұ,

VI. О
қып жатқан дыбысқа талдау жасау.
- Балалар,
қолымызды алдымызға қойып, бойымызды түзу ұстап отырамыз.
- Осы апта бойы не жайлы айтып жатырмыз?
-
Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді?
- К
өктемде жылы жақтан нелер ұшып келеді?
-
Құстар сөзінде ұ дыбысы бар ма?
- Ендеше
құстар сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- к
әне, ең алдымен бәріміз бірге құстар сөзін айтайықшы!
-
құстар...
-
Құстар сөзінде неше дыбыс бар?
- неше дауысты дыбыс бар?
- ережені кім айтады?
- И
ә, бір сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады екен.
-
Құстар сөзін буынға бөлейік. Құс – тар.
Б
әріміз орындадық па?
* бірінші дыбысты
ң астын сызып көрсетші!
* Екінші дыбысты
ң астын сызып көрсетші!
*
Үшінші дыбысты көрсетші.
* Со
ңғы дыбысты аташы!

VII. Бекіту.
Балалар, енді «Топтастыр» ойыны
ң ойнайық.
Мына суреттерді
ң ішінен Ұ дыбысы бар суретті алып іріктейміз.
* Сен не алдын?
*
Ұшақ сөзінде ұ дыбысы қай жерінде тұр?
*
Құлпынай сөзінде ұ дыбысы сөздің қай жерінде тұр?
*
Қарбыз сөзінде ұ дыбысы бар ма?
* Ал енді
ұ дыбысы басында келетін суретті басына қойшы!
VIII.
Үйге тапсырма. Ұ дыбысы бар он сөз ойлап келеміз.
XIX.
Қорытынды. Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде не үйрендік.
* И
ә, ұ дыбысын дұрыс айтуға үйрендік. Ұ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасадық.

 

 

Пәні: Сауат ашу
Саба
қтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Ма
қсаты: 1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балаларды
ң сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.
3)
Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.
К
өрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
П
әнаралық байланысы: тіл дамыту, айналамен таныстыру.

Саба
қ барысы:
І.
Ұйымдастыру.
Жыл мезгілі, ай аты, апта к
үні.
ІІ.
Өткенді қайталау.
1-слайд.
а) С
ұрақ-жауап:
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге б
өлінеді?
-
Әріп деп нені айтамыз
-
Әріптерді не істейміз?
2-слайд.
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары
қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алм
ұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т. с. с.

ІІІ. Жа
ңа сабақ. 3-слайд.
а) Та
қтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
- Олар
қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- «Орман» с
өзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.
- Ендеше б
үгін біз О дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып к
өріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
4-слайд.

1.
Қоянның тапсырмасы.
« Не арты
қ?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Алма арты
қ, қалғаны ойыншықтар.
- Ойыншы
қ сөзі о дыбысынан басталады.
5-слайд.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
- Д
өңгелекке, допқа, тоқашқа.
6-слайд.

2.
Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны. О дыбысыны
ң орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отыр
ғыш – сөз басында;
Доп, монша
қ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло - с
өз соңында.
С
өздерді буынға бөлу.
7-слайд.

3. Аюды
ң тапсырмасы.
Д
әптермен жұмыс: о әрпін жазу.
а) ауада жазып
қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.
Сергіту с
әті:
Орманда
ғы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайы
қ,
Қалтамызға салайық.
8-слайд.

4. Т
үлкінің тапсырмасы.
ОТАН, ТО
ҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
- Отанымыз
қалай аталады?
- Отан туралы
қандай тақпақ білесіңдер?
5. Бауырса
қ пен бірге мына буындарды оқиық:
9-слайд.
О-й ой ой т-ой той той
О-р ор ор т-ор тор тор
О-л ол ол т-ол тол тол
Ой-на ойна ойна Ай-на Ай-на
Бауырса
қ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
10-слайд
«Кім зерек?» ойыны.
Дауысты дыбыстарды
қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.

ІV.
Қорытынды.
С
ұрақ-жауап:
- Б
үгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- О дыбысы
қандай дыбыс екен?
-
Әріп таңбасы неге ұқсас?
-О дыбысына байланысты с
өздер айту.
Мада
қтау.

 

Тақырыбы :              Д дыбысы және әрпі

Мақсаты :             1.Оқушыларды Д дыбысы және әрпімен таныстыру. Ол арқылы берілген

                                 сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

                                 2. «Д» дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың

                                 білімі мен тілін дамыту. Логикалық ойларын , сөздік қорларын, танымдық

                                 дағдыларын  дамыта отырып, дұрыс оқи алуға , әдемі жазуға машықтандыру.

                                 3.Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сурет көрнекілігі:  Оқулық, суреттер, Д әрпінің баспа ,жазба түрі, кеспе әріптер, кеспе буындар

                                 суретті плакат.                                                        

Сабақтың түрі:      Дәстүрлі сабақ, жаңа білімді игерту.

Сабақтың әдісі:       Сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру , сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі :

                                        Шырылдады қоңырау,

                                        Біз сабақты бастаймыз.

                                        Партамызға отырып,

                                        Жаңа білім алуға

                                        Алға қадам аттаймыз.

 2. Үй тапсырмасын тексеру.

                                  Ойын: «Кім жылдам?»

     Берілген сөздерді оқытып,оқыған сөздеріне сөйлем  құрату.

                                  Ырыс,ыдыс,ынта,Ықылас.

 3.Жаңа сабақ: Д дыбысы мен әрпі.

                                        Бала біткен соғады

                                        Жеңіл шарды домалақ

                                        Ұрсаң,  ұшып жоғары

                                        Жерге түсер домалап.   Ол не?                            (Доп)

          Балалар айтылған жұмбақтың шешуі қандай әріптен басталып тұр?

-          Д  дыбысынан.

-          Өте дұрыс. Бүгінгі танысатын , үйренетін жаңа дыбыс Д  дыбысы мен әрпі.

      -     Дыбыс дегеніміз не? 

      -    Дыбысты естиміз,айтамыз.              

-          Әріп дегеніміз не?

-          Әріпті көреміз,жазамыз.                           

Оқушыларға доп сөзін қайталап айтқыза отырып, Д дыбысының  орнын анықтау.

Суреттерге сүйене отырып, олардың атын атау.(дауылпаз,домбыра,дуадақ)

-          Д  дыбысы дауыссыз  дыбыс. Сөздің басында, ортасында кездеседі. Д дыбысынан басталатын немесе «Д» дыбысы кездесетін сөздерді айту: Дала, достар, Дулат, дүрбі ,дәптер .

-           «Д» дыбысы көк үйге қонаққа барады.

-          Динара  сөзіне дыбыстық талдау жасау:

                          

                           Д   И  Н    А     Р  А

   

              

1.                  Оқулықпен жұмыс

            а) Сөздерді буынға бөліп оқу

   

     ал                                               су

                ды                                                лы

     ор                                               шу

     

                а                                  о                                      ау

 

    шыл                            рыл                                   ла

                              

      ды                                ды                                   ды                   

 

Буындық талдау жасау.

ә) «Аула» мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру.

б) Демалыс – сөзінен сөздер шығару

  Демалыс :   мал ,  сыла  , мыс , дем, алыс                                        

             г)  Буындардан сөздер құрастыру:

                дә.......            дор...........            дуа........

                да.......            дәп.............           дель.......         

 

1.                  Дәптермен жұмыс.

    Ауада жазу.                            Тақтаға жазу.           Дәптерге жазу   

                                                         «Д» әрпі мен сөздер жазу.

            Әріп элементтерін көрсету

        6.Сергіту сәті:

                            Қане қанат қағайық ,

                            Көгершінге ұқсайық.

                            Ұшып-ұшып алайық,

                            Әдемі етіп жазайық

 отырыңдар сәл тынығып алдық.

    

     ә) Дәптерге жазу.  Әріп диктант жаздыру.  

                                    (А, О, Р, Л, Ш, С, У, Ы, Д)

         7. Ой толғаныс:  Мәтіндегі негізгі ой.

         Венн диаграммасын құру

      «Дос» тақырыбында сюжетті сурет бойынша жұмыс.

               

          8. Қорытындылау. 1. Балалар,бүгін қандай әріп өттік?

                                             2. Д дыбысынан басталатын сөздер айту.

                                             3. «Аула» мәтінін оқыту

            9. Бағалау .Жұлдызша беру .

Сабақтың тақырыбы: Ф ф дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі:оқушыларға Ф ф дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін мeңгерту
ә)дамытушылығы:сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
б)тәрбиелілігі:Отанын,елін,жерін сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,сауатты жазуға,оқуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, СТО стратегиялары
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер,буындар,үлестірмелер, интерактивті тақта,слайдтар
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту,дүниетану
Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі
А)Оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын әзірлеу,тексеру.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.
Ә)Психологиялық дайындық жұмысы
-Балалар,бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес,ерекше сабақ болып өткелі тұр.
Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй іші ұялады, - демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

Б) Ой ашар
Қайырлы таң,достым,
Қайырлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын
Сабақта бір-бірімізге сәттілік тілейік.

II.Үй тапсырмасын тексеру.
А)Ой сергіту. «Сөз ойла,тез ойла» ойыны (В дыбысына сөздер ойлау)Үш топқа бөлініп жарысу.
Ә)Вокзал мәтінін тізбектеп оқыту.Түсініктерін сұрау.
Б)Өткен дыбыстарды еске түсіру,дауысты,дауыссыз екенін ажырату

III.Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
А)Жұмбақтар оқу,шешу.
1.Қыста дем алып,жазда тынбайды,
Көкке атылып жерге құлайды. (фонтан)
2.Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа (футболшы)
3.Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала
Таласып жүр бір шарға (футболшылар)
-Сонымен,сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды?
-Қәне,айтып көрейікші?-Ф-ф
-Қандай дыбыс?Неге дауыссыз дыбыс?
-Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз?
Ф әрпінің баспа жне жазба түрімен таныстыру.
Ә)Ф әрпіне байланысты суретпен жұмыс

Ф дыбысы бар сөздерді суреттен табу,дыбыстық талдау жасау,оларды буынға бөлдіріп,Ф дыбысының сөздің қай жерлерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.
Ф дыбысынан басталатын адам аттарына мысал ойлау
Ежелгі Отырар қаласында тұрған қазақтың математик ғалымы Әл-Фараби туралы айтып өту:
Әлемге аты тараған
Отырарда тұрағы
Әл-Фараби дана адам
Ілімнің сөнбес шырағы.

IV.Сергіту сәті
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап
V.Кітаппен жұмыс.
А)ф дыбысы бар сөздерді оқып,сурет бойынша әңгімелеу.
Сөздерді буындап,тұтас оқуға үйрету,түсініксіз сөздерге талдау жасау,
Ә)Интерактивті тақтадан телефон түрлерін көрсету, өту.

Б)«Фабрикада» суретімен жұмыс жүргізу.
Тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрату.
Аяқкиімнің түрлерін анықтату.
VI.Жазу дәптерімен жұмыс.
А)Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру.
Қос бүйірін таянып,тұратұғын қай әріп?
Ә)Ф әрпінің баспа,жазба түрімен таныстыру
Б)Тақтада жазылуын көрсету,түсіндіру
В) ф әрпін ауада жазып көріп,дәптерге жазу.

Сергіту сәті:
1,2,3
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз
Әсем етіп жазамыз
Г)Дәптермен жұмыс,отыру ережесі.
Ғ)Бір жол кіші әріп,бір жол бас әріп.
VII.Шығармашылық тапсырмалар:
А)Сөздерді сызықшамен буынға бөліп көрсет,дыбыстардың астын дауысты,дауыссызға тән шартты белгімен көрсет.
Футбол,ферма,телефон,фабрика
Ә)Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет:
Туфли ,фирма ,факс ,физика ,марафон .
Б)Қай әріпті жоғалттым? ойыны
Қай буынды жоғалттым? ойыны
В) «Адасқан әріптер» ойыны ф м а с б т к р о н е

VIII.Сабақты бекіту
«Жалғасын тап» ойыны.
Шарларға буындар жазылған.Шар ұстаған бала шарында жазылған буынның жалғасын табуы қажет.

IX.Сабақты қорытындылау.
-Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық? -ф дыбысы қандай дыбыс? -ф дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?-ф дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.
X.Марапаттау
XI.Үйге тапсырма:Ф дыбысы берілген бетті оқу.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі. Вокзал..
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жаңа әріппен таныстыру, буын арқылы талдау жасату.
2. Сауаттылыққа тәрбиелеу, мәтінді сын тұрғысынан меңгерту.
3. Қиялын дамыту.
Ақпаратты құралдар: Дидактикалық материалдар,Әліппе-плакат,жұмбақ, сурет, кеспе әріптер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтастыру( кубизм), құрастыру, көрнекілік, сұрақ-жауап, 5жол өлең.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылар назарын сабаққа аудару.
ә) топқа бөлу.
ІІ. Өткен сабақты сұрау: Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды топтастырып бөлу.

І-топ ІІ-топ ІІІ-топ

Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар. Буындар.

-Кестеге қарап көз жеткізу. Соңғы сабақта қай әріппен таныстық?
-һ әрпімен таныстық. Ол қандай дыбыс? – һ дыбысы дауыссыз дыбыс.
Һ –дыбысы сөздің тек ортасында ғана айтылады.

Салыстыру: х дыбысымен һ дыбысын. Қаһарман мәтінін тізбектеп оқыту.

Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу. Бағандағы сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

Жаңа сабақ. 1.» Құпия жұмыртқаны» ( киндер сюрприз) ашу. Ішінен 1,3 сандарын және кішкене қағаз шығады. Қағазға жұмбақ жазылған. Қосылса 1,3 арасы, қандай әріп қарашы? Шешуі: В дыбысы.

Құрастырмалы көрнекілік бойынша жұмыс: Мына суреттегі ваза, вокзал, велосипед сөздері қандай әріптен басталған?

В дыбысының баспа, жазба түрлері көрсетіледі. Вдыбысы қандай дыбыс? Неге? Буындармен танысу, одан сөз құрастыру және оқу.

Жасырын сөзді, амалдарды есептеп шығару арқылы , жаңа тақырыпты шығару.

А

9-4

5

Л

2+7

9

О

3+4

7

З

10-6

4

В

6+4

10

К

6-6

0

 

10

7

0

4

5

9

В

О

К

З

А

Л

Суретпен жұмыс «Вокзалда».
1.Суреттен не көріп отырсыңдар?
2.Онда болғандарың бар ма?
3. Вова вокзалға не үшін келді?
4. Оған папасы не әкелді?

Сұрақтарға жауап алып мәтін құрастыру. Әліппеден мәтінді мұғалімнің оқуы.

Оқушыларға оқыту. Қандай сөз таныс емес? Кейбір сөздердің мағынасын ашу.

Жұмбақ шешу: «Вв».

Бір-бірімен қорап үйлер тіркесіп,
Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп. ( Вагон.)

Бір атым бар –құлын болып тумаған,
Құнан болып өспеген. ( Велосипед.)

« Хош келдіңіз» -ұраны,
Бір сөнбейді шырағы.
Жұрттың бәрін қарсы алып,
Шығарып сап тұрады. (Вокзал.)

Дәптермен жұмыс. Вв дыбысын бір жолға көркем етіп жазу. Тақтаға салып көрсету, ауада жазу, дәптерге жазу.

Сөздік диктант. Ваза, хат гауһар, вагон, хабар, витамин.

Бір сөзді алып, дыбыстық талдау жаса.

Үйге тапсырма : Мәтінді оқу, дәптердегі жазуды аяқтап келу.

Қорытынды: 5 жол өлең.

1. Зат есім. Вв дыбысы.
2. Сын есім. Дауыссыз, ұяң.
3. Етістік. Оқимыз, жазамыз, естиміз.
4. Сезімді білдіретін сөздер: велосипед, ванна, ваза, вокзал.
5. В дыбысы.

Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау.

Сабақты қорыту.

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Г г дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйркту, сөздік қорын, тілін дамыту, Г дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, көгершін, гүл, әртүрлі суреттер, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің бойында.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Өткенде қай дыбыспен таныстық?
- Й й дыбысы мен әрпі.
-қандай дыбыс?
-Жіңішке дауысты дыбыс.

Ережені еске түсіру.
Дыбыс деген не? Әріп деген не? (Дыбысты- естиміз, айтамыз, әріпті- көреміз, жазамыз, оқимыз).

«Шебер қолды әжей» мәтінің тізбектеп оқытамын.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ шешу.

1. Жетіден кейін сан.
2. Түнде ұшатын құс.
3. Ешкінің төлі.

с

е

г

і

з

ү

к

і

л

а

қ

-Гүл дегенде бірінші қандай дыбыс стіліп тұр?
-г г дыбысы.
-Бүгінгі біздің танысатын әрпіміз…. (хормен айту)
-Г-г-г
-Айтылуына қарай қандай дыбыс?

Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Дауыссыздардың үйіне саламыз.
Баспа ,жазба түрімен таныстыру.
Баспа түрімен қайда жазылады?
Жазба түрімен қайда жазылады?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

1. Г дыбысына байланысты суреттер көрсету. Суреттер бойынша сөйлету.
2. Буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.

Гүл – 1 буын, 1 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс бар.

-Гүлді сендер жақсы көресіңдер ме?
-Мереке, мейрамдарда ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, достарымызға гүл сыйлаймыз.

Гүлдің түрлері өте көп.Түстері әртүрлі болады. Гүл хош иісті, әдемі болады. Гүл адамға қуаныш, шаттық сыйлайды. Көңілімізді көтереді.

1. «Ай мен әтеш» мәтінің мәнерлеп оқу.
2. Тізбектей оқу.
3. Шығарманың қай түріне жататынын айту.

Ү. Сергіту сәті.

Жел улейді:у-у
Құйын келіп билейді:зу-зу
Қатты-қатты жел соқты:гу-гу
Жапырақтар қол соқты: ду-ду.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

1. Жазба әріптің үлгісін тұтас көрсету.
2. тақтада жазу.
3. Ауада жазу.
4. Көзді жұмып жазу.
5. Дәптерге түсіру.

Сергіту сәті. «Гүл өсірем үйде».
Гүл өсірем үйде
Су құямын күнде.
Гүл күткенді біледі
Бойын сылап күледі.
Күнде гүлін ашады,
Жұпарын маған шашады.

«Ер қанаты-ат»тақырыбындағытірек суреттерді пайдаланып, оқушыларды әңгімеге, сөйлем құрауға тарту.

ҮІІ. Тірек- сызба бойынша сөз ойлап айту.

http://infust.kz/wp-content/uploads/2011/09/gdybysy.jpg

1-топ                                       2-топ                                                   3-топ

Бекіту. «Не өзгерді?» ойынын ойнату. Қ-ғ к-г дыбыстарын салыстыру арқылы сөздегі орындарын анықтап, дауысты ы,і дыбыстарының жалғануына орай қай дыбыс қандай дыбысқа айналатынын табып, сөздерді айту.

Қорытындылау.

Аналарды сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене, балалар,
Үзуге адам қимайтын. (Гүл)

Г қандай дыбыс?

Үйге тапсырма. Г дыбысы мен әрпін оқу. Жазу. «Ай мен әтеш» мәтінін түсініп оқу.

Бағалау. Оқушыларды бүгінгі сабаққа назарларын аударып қатысқандарына алғысымды білдіріп, әрбір оқушының сабаққа қалай қатысқанын түсіндіріп, бағалаймын.

I would like to make a call to Astana.Астанаға қоңырау шалайын деп едім.

Where can I find a public phone around here? | Жақын жерден телефон автоматын таба аламын ба?

Hold the line, please.Өтінем, желіде қалыңыз.

Where is the post office? Пошта (пошта мекемесі) қайда?

I would like to send it by express.Жылдам поштамен жөнелтейін деп  едім.

How much does it cost to send a letter to Aktobe?Ақтөбеге хат жіберу қанша тұрады?

Ағылшынша

Оқылуы

Қазақша

I would like to make a call to Astana

Ай вуд лайк ту мэйк э кол ту Астана

Астанаға қоңырау шалайын деп едім.

Where can I find a public phone around here?

Уеэркән Ай файнд э паблик фоун эраунд хиер?

Жақын жерден телефон автоматын таба аламын ба?

The number is unlisted

Зе намбэ из анлистед

Ондай нөмір тіркелмеген (анықтамада жоқ)

Hold the line, please

Хоулд зе лайн, плыйз

Өтінем, желіде қалыңыз

I’ll call again later

Айл кол эген лэйтер

Кейін қайта телефон соғамын

Who is calling, please?

Ху из колиң, плыйз?

Бұл (тел. соққан адам) кім екен?

The line is busy

Зе лайн из бизи

Желі бос емес (абонент бос емес)

How do you spell that?

Хау ду ю спел зәт?

Қалай (әріптеп) айтылады (жазылады)?

I got the wrong number

Ай гот зе роң намбэ

Нөмірден қателестім

Please ask him to call me

Плыйз аск хим ту кол ми

Ол маған қоңырау шалсыншы (телефон соқсыншы)

Can I dial directly?

Кән Ай дайэл д(а)йректли?

Тікелей шыға аламын (тиісті нөмірді тікелеу теру) ба?

Go ahead

Гоу эхед

Тыңдап тұрмын

Could you leave a message?

Куд ю лыйв э месидж?

Хабарлама (сәлемдеме) қалдырмайсыз ба?

Thank you for calling!

Сәңк ю фор коллиң!

Қоңырау шалғаныңызға рақмет!

Where is the post office?

Уеэриз зе поуст офис?

Пошта (мекемесі) қайда?

I would like to send it by express

Ай вуд лайк ту сенд ит бай икспрес

Жылдам поштамен жөнелтейін деп едім

Where can I get stamps and postcards?

Уеэркән Ай гет стампс энд поусткадс?

Маркалар мен ашықхаттарды қайдан аламын?

How much does it cost to send a letter to Aktobe?

Хау мач даз ит кост ту сенд ту Актобе?

Ақтөбеге хат жіберу қанша тұрады?

Would you please direct me to the post office?

Вуд ю плыйз д(а)йрект ми ту зе поуст офис?

Маған поштаны көрсетіп (нұсқап) жібермес пе екенсіз?

Ескерту!

Мұндағы қарамен жазылған а әрпі жуан болып айтылады, дыбыс тілдің ұшын жоғары көтеріп, артқа қарай итеру арқылы шығады. Дыбысты шығарған кезде соңғы жағында р әрпін де қоса айту керек. Р дыбысы сақау түрде р әрпін айтқандағыға ұқсас болып, бірақ қысқа түрде шығады.

Асты сызылған С әрпі сақау түрде айтылған С әрпі болып саналады. Бұл дыбыс тіл ұшының тістердің арасына тіреліп (қысылып) тұрғанынан шығады. Асты сызылған з әрпі де дәл осы секілді.

Жоғарғы индекс түріндегі р әрпі (р) әлсіз айтылады. Кейде естілмейді де.

Vocabulary | Сөздік қор

Ағылшынша

Оқылуы

Қазақша

a local call

лоукол кол

жергілікті қоңырау

an international call

интенәшнэл кол

халықаралық қоңырау

a post office

поуст офис

пошта, пошта мекемесі

a message

месидж

хабарлама, телефондағы сәлемдеме

to dial

дайэл

нөмірді теру

an autoresponder

оуториспоундер

авто-жауапбергіш

public

паблик

қоғамдық

a public phone

паблик фоун

телефон автоматы (дүңгіршегі)

to send

сенд

жіберу, жөнелту

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сауат ашу "Рр дыбысы мен әрпі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ұлттық ойын түрлерін сабақта қолдану

Ұлттық ойын түрлерін сабақта қолдану
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолданып жатыр. Сондай әдіс – тәсілдеріміздің оқу – тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойын және тәрбие.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. 


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 832 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2015 3746
    • DOCX 141.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тамурова Жасмин Зантуровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тамурова Жасмин Зантуровна
    Тамурова Жасмин Зантуровна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11415
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 268 человек из 55 регионов

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 56 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе