Сауат ашудан "Ұ дыбысы мен әрпі" тақырыбы ( 1 сынып)

Предпросмотр материала:

Тақырыбы:  Ұ дыбысы  мен әрпі
Мақсаты:  

1.Оқушыларға Ұ дыбысы  мен әрпін  таныстыру, сөз ішіндегі ұ  дыбысының ерекшеліктерін меңгерту.
2.  Оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру,ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
3. Табиғатты  қорғауға ,ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, оқу-жазу
Сабақ көрнекілігі:суреттер,  слайд
, элект.оқулық
                             

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі :
          1,2,3

 Біздің сынып тып -тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз

 ІІ.Өткенді қайталау

-Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

-З қандай дыбыс, сөздің қай жерлерінде кездеседі?(слайд 3)

-Қандай өлеңдер жаттадыңдар?

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Жұмбақ шешу (слайд 4 )

Ұя, ұлу, ұшақтың

Басын бастап беремін.

Құс, жұмыртқа, бұтақтың,

Ортасында келемін. (ұ)

-Балалар бүгін біз қандай тақырыпта жұмыс жүргіземіз? (слайд5)

-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ?

Ұ дыбысын  хормен айтқызу
Ұ  дыбысы  дауысты дыбыс , өйткен  созылып айтылады

 «Сөз ойла»  ойынын ойнайық (слайд 6)
Ұ  дыбысы бар сөздерді және кісі аттарын айтқызу
Кісі аттары: Ұлан, Ұлжан,Ұлдай,Ұлдана,Ұлтай.
Жұлдыз ,  ұшақ  , тікұшақ   сөздерін буынға бөлу
 Мәтінмен жұмыс (слайд 7,8,9,10)
Ұшқыш  мәтінін  оқу
Өлең жолдарын мәнерлеп оқыту ,түсіндіру .
 Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин
Тоқтар Әубакіров Қазақтың тұңғыш ғарышкері.Одан кейін 4 жылдан соң ғарышқа қазақ азаматы Талғат Мұсабаев ұшты. Осы ғарышкер ағаларымыз сияқты   білімді,салауатты өмір салтын сақтасақ,батыл болсақ қана  ғарышкер бола аламыз.

 

Сергіту сәті: (слайд 11)
Қарлығашқа ұқсайық ,
Кәне қанат қағайық .
Қарлығаш  боп ұшайық ,
Ұшып, ұшып алайық.

-Балалар, қазір «Зейінді бол» ойынын ойнаймыз.
      Мен, сендерге дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер, дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені көтересіңдер.
* А, Н, Е, В,, С, О, О, О,
* М, Н, Г, Ш, А, Б, А, У, Ұ, Ұ, Ұ
* М, А, Р, О, М, Н, О, Ұ, К
-Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар, енді мен сендерге дауысты дыбыстар айтамын, соның ішінде Ұ дыбысын естігенде шапалақтайсыңдар.
* А, Ә, Ұ, Ә, Ү, О, А, О, Ұ,

Буындардан сөз құрау
Бұ                                ұ                                                             дас
            лақ                                 шақ                      құр
құ                                 құ                                                            бақа
Суретке қарап  әңгіме құрау.
       Суретте  ұзақ  құсы.Суреттің астында керекті сөздер берілген .Осы  сөздерді  пайдаланып әңгіме құраймыз.
Ұзақ құсы туралы түсінік беру.
      Ұзақ жыл құсы. Көктемде ұзақ келсе қарттарымыз қуанады. Ұзақ егістіктегі зиянды жәндіктерді жеп адам баласына  пайдасын келтіреді.
Ұзақ                       құмыра                   су                     құйылған
Шөлдеді                тұмсығы               тас                    көтерілді
     Құстар- біздің  досымыз .Құстарды қорғауымыз керек.Құстар көп болса , зиянкез жәндіктер аз болады.

Дәптермен жұмыс

 Ұ әрпінін баспа және жазба түрін көрсету.Ұ әрпінін кіші әрпін жазуды ауада жазып көрсету.Тақтада жазу.
Ұшақ сөзіне дыбыстық талдау жасау .
Сөздік  диктант  жаздыру .
Сұр, ұр, ұл, құр, ұн, ұшақ,ұзақ,тұр.
 ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау

-Сендердің парталарыңда қағазда ұ әрпі жасырынған тапсырма бар. Сендер барлық ұ әрпін тауып бояуларың керек.  ұ

 л с ә ұ қ о к ұ т м ү ұ

 л

                                                                      

 

- Қанша әріп таптыңдар? (4)

  

    Енді келесі тапсырма кейбір балалардың алдында қима қағазда тапсырмалар бар

 

- Берілген сөздердің қайсысы  сызбаға сәйкес келеді, сол сөзді қоршау керек.

 

 


Ұршық, құрақ, уақыт, ұлу, ұшақ, құлын, ұстаз, бұлақ, ұрпақ, құлақ.

 

-Ал қалған балалар мына әріптерден сөз құрап оқу керек.

ШАҰҚ,  ЗАҚҰ, ҰСРАҚ, ЛАҚБҰ (ұшақ, ұзақ, сұрақ, бұлақ)

 

«Баспалдақ» ойынын ойнату
Ұ  Л
Ұ  Л  У
Ұ  Ш  А  Қ
Ұ  Ш  Қ  Ы  Ш
-Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
 Ү.Қорыту.
Өте жақсы жауап берген оқушыларға  зымыран.
Жақсы жауап  берген оқушыларға  тікұшақ суреттерін табыстау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың мақсатын хабарлау.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі
Сабағымыздың мақсаты: Ұдыбысы мен әрпін таныту сөз ішіндегі ұ дыбысының ерекшелігін меңгерту.
Жаңа сабаққа кіріспе
Әжемнің қолында шыр айналар,
Шыр айналса,өзіне шыр байланар.
(Ұршық)
Ұршық  деген  сөзінде  қандай  дыбыс сендерге таныс емес?
Ұ-дыбысы
 3.Жаңа сабақ
 Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді
-Қандай дауысты дыбыстардың түрлерін білеміз?
Жуан дауысты дыбыстар : а,о,ы  ұ әрпін жаздыру
Жіңішке дауысты дыбыстар:ә,ө,і.

балалар, кәзір «Зейінді бол» ойының ойнаймыз.
* Мен, сендерге дауысты ж
әне дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер, дауысты дыбысты естігенде қызыл текшені, дауыссыз дыбысты естігенде көк текшені көтересіңдер.
* А, Н, Е, В,, С, О, О, О,
* М, Н, Г, Ш, А, Б, А, У,
Ұ, Ұ, Ұ
* М, А, Р, О, М, Н, О,
Ұ, К
* Жарайсы
ңдар, балалар!
* Балалар, енді мен сендерге дауысты дыбыстар айтамын, соны
ң ішінде Ұ дыбысын естігенде шапалақтайсыңдар.
* А,
Ә, Ұ, Ә, Ү, О, А, О, Ұ,

 

Сематикалық картамен жұмыс 5 оқушы сөздердің жуан,жіңішке айтылып тұрғанын ажыратып кестеге қосу белгісін қояды.
5 о
қушы сөздердің дыбыс,әріп сандарын анықтап кестеге қосу белгісін қояды. Сурет бойынша сөздерді құрап ауызша оқыту.

Краткое описание материала

Сауат ашудан "Ұ дыбысы мен әрпі" тақырыбы ( 1 сынып)

5

(1 оценка)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Муратова Клара Ораевна

учитель начальних классов

  • На сайте: 10 лет и 11 месяцев
  • Всего просмотров: 44544
  • Подписчики: 2
  • Всего материалов: 16
  • 44544
    просмотров
  • 16
    материалов
  • 2
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Муратова Клара Ораевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

ИИ для создания материалов

Если готовые материалы не подошли — поможет ИИ

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Выберите инструмент или нейросеть
~120

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: