Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

библиотека
материалов

"СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ" ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ САУАТТЫ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Есембаева Бақтылы Иланбекқызы

Павлодар қаласы № 39 инновациялық үлгідегі

гимназиялық сыныптары бар жалпы білім беру

мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі





































2016 жыл

Сауатты сөйлеу деген ұғымның мағынасы терең әрі кең. Мәдениетті сөйлеу де сауаттылықтың белгісі. Қандай адам сауатты сөйлей алады? Әрине, тілдің грамматикалық ережелерін білетін, фонетикасын игерген адам. Егер тыңдаушының дұрыс қалыптасқан фонетикалық дағдылары болмаса, онда ол тыңдағаны мен естігенін дұрыс түсіне алмайды. Сөздердің дауыс екпіні дұрыс қойылмаса, айтылған сөздің мәнін түсінуді қиындатады. Дыбыстарды дұрыс айтып, жекелеген сөздердің екпінін дұрыс қоя білгенімен, сөйлемде фразалық екпін дұрыс қойылмаса немесе үзіліс өз орнында жасалмаса, ондай сөзді, сөйлемді түсіну қиын.

Бұдан баланың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың мынадай алғы шарттары шығады:

- жеке дыбыстарды сөзде, сөйлемде орфоэпиялық қалыпта дұрыс айту;

- сөздердің, сөз тіркестердің дауыс екпінін дұрыс қою;

- сөйлемдерді дауыс ырғағын, мәнеріне келтіріп дұрыс айту;

- мәтін түрлерін стиль түрлеріне байланысты мәнерлеп айтып, оқи білу;

Оқу бағдарламасында жалпы грамматикалық материалдарды тілдің дыбыстық жағымен байланыстыра оқыту көзделеді. Сөздің дыбыстық жағынан тіл дамыту жұмыстары мен жаттығулар, дағдыдыландыру жұмыстары мақсатына қарай екіге бөлінеді.

  1. жұмыстар мен жаттығулар

  1. жұмыстар мен жаттығулар

оқушылардың есту, қабылдау мәдениетін дамыту бағытында

оқушылардың айту, жеткізу, сөйлеу мәдениетін дамыту бағытында



Мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат - тіл дамыту мақсаты болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мақсат - оқушылардың сөйлеу  тілін, сауаттылығын таныту, түрлі әдіс-тәсілдермен қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын  қалыптастырып, оқушылардың  лексикалық қорын байытып, мемлекеттік  тілде сөйлей, оқи, жаза білуге  үйрету. Мұғалім өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінде сөйлей білуге оқытуда оны өзге адамдармен, қоршаған ортамен түрлі жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алуды меңгертсе, мақсатына жеткені.

Тіл дамыту дегеніміз- тіл үйретудегі қарым-қатынас құралын іске асыру. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем - байланыстыра сөйлеудің бастапқы алғы шарттары. Тілдесім әрекетіне жету үшін оқушының жеткілікті сөздік қоры болуы маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға қиындықсыз жеткізеді. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Оқушылардың меңгерген сөздік қорларын бекітіп, сауатты  мәдени деңгейде сөйлесе алуға үйретуге болады. Ол үшін әрбір оқушының ауызекі сөйлеу дағдысы қалыптасып, іс- әрекеттерін, мүмкіншіліктерін қолдануына өз ойларын ауызша жеткізе алатындай дәрежеге жетуге жағдай жасау. Оған жету үшін ұстаз алдымен жұмыстарды істеуі керек:

  • Әрбір оқушының ауызекі сөйлеу мүмкіншілігін зерттеуі;

  • Оқушының ауызша және жазбаша өз ойын жеткізуіне жағдайлар жасау;

  • Заманауи технологияларды қолдану.

Сосын оқушылардың оқу материалын қабылдауын естіп-тыңдап, түсіну мен сөйлеуден бастау қажет. Олар тілдік және сөйлеу  жаттығулары арқылы жүзеге асады.

Тілдік:

Сөйлеу:

Дайындық

Сұраққа жауап беру

Ауыстыру

Сұрақ қою

Көшірме

Мақал-мәтелдерді дұрыс қолдану

Фонетикалық

Мәтін бойынша әңгіме, өз бетінше аяқтау

 

Сурет бойынша әңгімелеу, монолог, диалог құру

Тақпақ, өлең, ән салу т.б.


Мазмұндау, шығарма



   Тілдік жаттығулардың міндеті – тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту, тілдік тұлғаларды дұрыс, ойланбай қолдану дәрежесіне жеткізуді көздейді. Ал, сөйлесу жаттығуы тілдік материалдары керек кезінде, айтылатын ойға байланысты оқушы орынды қолдана алуын көздейді. Сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәтін, сұрақтар мен тапсырмалар, сұрақ-жауаптар, сөйлеу диалогтері мен жағдаяттары, сұхбат, т.б. жұмыстармен бірге, тест түрінде де жүргізіледі. Қысқаша айтсақ, мәтін негізінде фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар сауатты сөйлеуге жетуге қызмет етеді. Мәтінмен жұмыс кезінде мен сын тұрғысынан ойлау технологиясын ұтымды дер едім. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Оқушылардың тілі дамиды, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе  жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі. Оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың  сұрақтар құрастырады, мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікірін жазады, бұдан оның сөздік қоры молаяды. Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, топта бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен  жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, жоспар жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелері туындайды.

     Тіл дамытуға арналған тақырыптар. 8 сыныпта әлеуметтік- тұрмыстық ая бойынша бойынша жалпы 32 сағат берілген. Оның тақырыптары:

  1. Отбасы сыйластығы. 12 сағат. Бұл тақырыпта әр оқушы өз ата-анасын қалай сыйлайтыны, апа-ағалары арасындағы туыстық қарым-қатынастары, отбасындағы үлкендердің үлгі-өнегелері, тәрбиелері туралы сөз болады.

  2. Мен ата-анама көмектесемін. 10 сағат. Бұл тақырыпта қыздар өз аналарына ас әзірлеуге, үй жинауға қалай көмектесетіндері туралы айтады. Ұлдар әкелеріне, ауылдағы немесе қаладағы ата-әжелеріне қандай қолғабыс тигізетіндері туралы айтады.

  3. Асханада тамақ ішемін. 10 сағат. Оқушылар мектеп асханасы, тазалығы, жабдықталуы, ас мәзірі, өз үйлерінің ас үйі, үстел басында өз-өздерін ұстау әдебі, дұрыс тамақтану әдебі, қазақ дастарханы туралы өз пікірлерін білдіріп әңгімелейді.

9 сыныпта әлеуметтік- тұрмыстық ая бойынша 32 сағат берілген, оның «Қазақ отбасында тұрғым келеді» тақырыбына 11 сағат берілген. Сабақ тақырыпшалары:

  • Үлкенді сыйлау- ұлылық;

  • Қазақ отбасындағы бірінші талап;

  • Қазақ салт-дәстүрі;

  • Енші үлестіру;

  • Киелі сандардың құпиясы;

  • Қазақ- қонақжай халық;

  • Дастархан- отбасының дарқандығы;

  • Жеті ата;

  • Атадан өсиет.

«Киелі сандардың құпиясы» атты сабақтың барысында оқушыларға

киелі сандардың құпиясы туралы қысқаша мағлұмат беру, ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету, танымдық қызығушылықтарын, сауаттылығын арттыру, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатымен мынадай тапсырмалар беруге болады.

  • «Жеті қазынаны» атаңдар, маңыздылығын анықтаңдар, қазіргі өмірмен салыстырыңдар;

  • «Жеті атаны» ретімен жазыңдар: әке, ата, бала, баба, түп ата, тек ата, арғы ата. Өз аталарынды жазыңдар.

  • «Үш арсызды» атаңдар, неге күлкі арсыз? Күлкі адам өмірін ұзартпай ма? Бұл жерде қандай астар жатыр?

  • Неге ұйқы арсыз? Ұйқы адам үшін маңызды емес пе? Бұл жерде қандай астар жатыр?

  • Неге тамақ арсыз? Ас- адам арқауы емес пе? Бұл жерде қандай астар жатыр?

  • «Үш жұртты» атаңдар, мысал келтіріңдер.

Мұндай сауалдар баланы сөйлесім қажеттілігіне итермелейді. Киелі сандардың тілін игеру қиындық туғызатындықтан, мынадай тапсырмаларды іріктеуге болады:

- Берілген сөйлемдерді аударыңдар, асты сызылған сөздермен сөйлем құраңдар: 2 санының киелілігіне мысал: Күні-түні дем алмайтын екеу: ай мен күн.3 санының киелілігіне мысал: Үш із: бала, байлық, бақыт. 4 санының киелілігіне мысал: Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс. 5 санының киелілігі: Бес қатер: от, жау, борыш,ауру, сөз. 6 санының киелілігі: Алты асқар: ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейіл.

- Берілген жеті байлықтың төменнен талдауын табыңдар.
Жеті байлық

1.Бірінші байлық - денсаулық
2. Екінші байлық - еркіндік
3. Үшінші байлық - тіл байлық
4. Төртінші байлық - қайрат-күш
5. Бесінші байлық - ақ жаулық

6. Алтыншы байлық - балаңыз
7. Жетінші байлық - жүз саулық
Талдауы:

1. Ел тәуелсіз, еркін ел болса, ол өз тілінде сөйлейді.

2. Жүз саулық−адамның байлығы, қорадағы малы.

3. Ақ жаулық−ер азаматтың жары, әйелі.

4. Ауру−сырқаудан аман болу, есен−саулық.
5. Бала−өмірдің жалғасы.
6. Қайрат−күш, батырлық, батылдық.
7. Еркіндік, бостандық, тәуелсіздік. т.б.

Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы  3 кезеңнен  тұрады:

  • - қызығушылығын ояту (ой қозғау)

  • - мағынаны таныту (мағынаны ажырату)

  • - ой-толғаныс (рефлексия)

Бұдан шығатын  тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым.  Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады.  Сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген болса:

  1. Әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын тәуелсіз құратын болады.

  2. Ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілген пункті болып табылады. 

  3. Сыни тұрғыдан ойлау  сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

  4. Сын тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.

  5. Сын тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын іздеп табады. Сонымен қатар, ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының  бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолын басқаларына дәлелдеуге тырысады.

Қорыта келгенде, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- алған білімге  сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның  тиімділігі:  
1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады;
2. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгі  қарым-қатынас орнайды;
3.Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады;
4. Алған білімге сын көзбен қарап, білімді сапалы түрде алады;
5. Оқушы  ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді; 
6. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады;
7. Оқушының шығармашылық белсенділігі артады;

8. Ауызекі сөйлеу тілі дамиды;

9. Оқушының сауатты сөйлеу дағдылары қалыптасады

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров698
Номер материала ДВ-344715
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх