Инфоурок География КонспектыСауыр - Тарбағатай таулары

Сауыр - Тарбағатай таулары

Скачать материал

Сыныбы__8_                Күні____

 

Тақырыбы:   §43 Сауыр – Тарбағатай

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Сауыр-Тарбағатай жотасының  географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейту                                    жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Қазақстанның физикалық карталармен жұмыс істеп жазықтарға сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту

Тәрбиелік: Таулар туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  Сұрақ-жауап, әңгіме-дәріс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

                            

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

            Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

·         Кенді Алтай деп аталу себебін түсіндіріндер.

·         Алтай тауынан қандай өзендер бастау алады?

·         Алтай тауы қандай табиғат қорына бай?

·         Алтай тауына кәсіптік маңызы бар қандай жануарлар жерсіндірілген?

·         Алтай тауының климаты қандай?

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Географиялық орны. Сауыр тауы Қытайдағы Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, шығыстан батысқа қарай терең тілімделген үлкен қазаншұңқырлар аралығында созылып жатыр. Қазаншұңқырлар Зайсан көлінің оңтүстік-шығысында орналасқан, Шілікті қазаншұңқырымен шектеседі. Тарбағатай бірнеше аласа таулар түрінде Сауыр жотасымен көршілес орналасқан. Оларды Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай аумағында) бөліп жатыр.

Жер бедерінің сипаты. Сауыр тау жотасы — бұл тау жүйесінің ең биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі — Мұзтау шыңы (3816 м). Тау жотасының Қазақстан аумағындағы ұзындығы 60-65 км ғана. Батысқа қарай аласарып, Маңырақ жотасына жалғасады. Зайсанның ойпатты даласында биік Сауыр таулары мен Маңырақ алыстан көрінеді. Сауырдың солтүстік беткейлері өзінің құрылымы бойынша Алтайға ұқсас. Ал тік және жартасты болып келетін оңтүстік беткейлері Орталық Азия тауларына ұқсайды.  Қазақстан аумағына Тарбағатайдың батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзеніне дейін) және шығыс бөлігінің солтүстік беткейі ғана енеді. Тарбағатай жотасының жалпы ұзындығы 300 км ені 30-50 км. Ол батысында ұзындығы 250 км болатын Шыңғыстаумен жалғасады. Тау шыңдары күшті тегістелген. Оларға тегістелген жайпақ бөліктер тән. Тау беткейлері терең аңғарлармен тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 2000-2200 м. Ең биік нүктесі — Тастаудың биіктігі 2992 м-ге жетеді.

Геологиялық жыныстары. Сауыр-Тарбағатай негізінен палеозойдың жыныстарынан (сазды және кристалды тақтатастан, құмтас, әктас және конгломераттар) түзілген. Сауыр және Маңырақ тауларында порфирлер мен порфириттерден тұратын эффузивті жыныстар кеңінен таралған. Оңтүстік беткейлерде әктас жиі кездеседі. Тарбағатайдың суайрық белігінде граниттер көп, олар Сауырда мүлде кездеспейді.

Жер бедерінің қалыптасуы. Сауыр-Тарбағатай — қатпарлы таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғары палеозойда жүрген герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Алтай тауы көтерілген кезде ол жаңғыруға ұшырады. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ежелгі мұз басулар, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және жаңа тектоникалық процестер ықпал етті. Жер сілкінулер қазіргі кезде де байқалады. Мысалы, 1991 жылы Зайсанда болған жер сілкіну шаруашылыққа көп зиян тигізді. Сауыр тауында Кендірлік көмір кен орны ашылған. Мұнай қабаттары барлануда. Жанғыш тақтатастардың мол қоры табылған.

Пайдалы қазбалары. Сауыр тауында Кендірлік көмір кен орны ашылған. Мұнай қабаттары барлануда. Жанғыш тақтастардың мол қоры табылған.

Климаты. Сауыр-Тарбағатай аумағының климаты Оңтүстік Алтайға үқсас, континентті. Айырмашылығы, Алтаймен салыстырғанда мүнда жауын-шашын аз. Табиғи ерекшеліктері мен климаты бойынша Оңтүстік Сібір мен Орталық Азия таулары арасындағы аралық зона болып табылады. Қаңтардың орташа температурасы -20°С, шілдеде +22°С. Кейде температура өзгереді. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 350-500 мм, тауда ұдайы ылғалды, ал жазықта әдетте құрғақ, ыстық болады.

Ішкі сулары. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті өзендері кезінде Зайсан көліне құйған, қазіргі кезде олар көлге жетпей қалды. Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұта, Базар тау арасымен ғана ағады, жазыққа шыққан соң кеуіп қалады. Тарбағатйдың оңтүстік беткейімен ағатын Үржар, Қатынсу, Еміл өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне құяды.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  • Сауыр – Тарбағатай тауларында қандай тау түзілу процесі жүріп жатыр?
  • Бұл таулар қандай табиғат қорына бай?
  • Сауыр – Тарбағатай тауының өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қандай таулық өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ұқсас?
  • Сауыр – Тарбағатай табиғатын қорғау үшін қандай іс-шаралар жүргізілуде?

 

V. Қорытындылау.

Сауыр –Тарбағатай ежелгі қатпарлы құрылымды таулар. Сауыр – Тарбағатай тау жүйелері табиғи жағдайлары бойынша Сібір мен Орта Азия таулары арасындағы өтпелі аймақты алып жатыр.

 

VІ. Үйге тапсырма беру.

§43. Сауыр – Тарбағатай. 191-193 беттер.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сауыр - Тарбағатай таулары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.10.2015 11784
    • DOCX 335.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Матаева Айгуль Нурсалимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Матаева Айгуль Нурсалимовна
    Матаева Айгуль Нурсалимовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52844
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 376 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания географии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 245 человек

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе