Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Саусақ театры "Үйшік" ертегісі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Саусақ театры "Үйшік" ертегісі

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.

Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,

еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.



Ұйымдастыру кезеңі:

Әуенмен топқа «Көктем» келеді.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Қуанатын күн бүгін,

Қуанады балақай.

Күліп шыққан күнге!

Сәлеметсіздерме балалар?

Мен сиқыршы көктем, сіздерге қонаққа келдім. Қазір жылдың қай мезгілі? Мен қандай сиқыр жасай алатынымды білесіз бе? Дұрыс айтасыңдар, мен табиғатты қысқы ұйқыдан оятамын. Ормандағы жануарлар, құрт – құмырсқалар, ағаштар, гүлдер оянады. Қар еріп, гүлдер гүлдейді. Сендер көктем мезгілін жақсы көресіз бе? Мен сіздерге бос қолмен келген жоқпын, менің қолымда сандығым бар. Бұл сандық жәй сандық емес-сиқырлы сандық. Қараңдаршы қандай әдемі сандық. Сандықтың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы сандық ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі

бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.Оның ішінде не бар екенін білгіңіз келе ме? Ол үшін біздер жұмбақ шешу керекпіз:

Көктем: 

  1. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/

  1. Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

  1. Өзі бір қу,

Жүрген жері  шу./Түлкі/

  1. Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

  1. Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/

  1. Үй-ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жыртады,

Мысықтан қорқады. /Тышқан/

Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі кейіпкерлерді сыйлайды.

Көктем: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?

Көктем: Дұрыс айтасыңдар. Ертегі бізге қонаққа

келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады?

Балалар: «Үйшік ертегісі»

Көктем: Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Үйшік» ертегімізді тамашалайық. Ерте, ерте, ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю.

 Көктем: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.

Бір күні тышқан келе жатып, ән айтып:

Өзім егін екпеймін,

Егістен ұзап кетпеймін.

Мысық қуса жетпеймін,

Мен қап тесер тышқанмын деп,

орманда әдемі үйшікті көріпті, үйшік жаңа, жылы, әдемі болыпты. Үйшікті көріп қалған тышқан үйшікке жүгіріп келеді.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы үйшік. Мен енді осында тұрамын.

Сол кезде шыршалардың арасынан бақа әндетіп шығады:

Мен бақамын, бақ-бақ,

Басым менің жалпақ.

Су түбінде көп жүріп,

Басым содан жалпақ.

Бақа: Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.

Ал сен кімсің?

Бақа: Мен секек бақамын. Үйшікке мені де кіргізші.

Тышқан: Мұнда орын жетеді.

Шыршалардың арасынан қоян шығады.

Мен ақ қоянмын, ақ қоянмын,

Қалқиған ұзын құлағым.

Құлағымды жел үніне,

Тігіп жатар сақ қоянмын.

Қоян: Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?

Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де үйшікке кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.

Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.

үйшікке түлкі бикеш келеді.

Ананы да алдаған,

Мынаны да алдаған.

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу.

Түлкі: Үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде үйшікке кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.

Қоян. Мұнда орын жетеді. Үйшік жылы, жаңа, әдемі кел кір түлкі.

Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлайтын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Ал сен кімсің?

Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.

Шыршалардың арасынан аю шығады.

Кезген ішін орманның,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап.

Аю: Бұл үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Ал сен кімсің? Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.

Тышқан: Жоқ!

 Бақа: мұнда орын жоқ!

 Қоян: сен дәусің қалай кіресің?

 Аю:  - Қорықпаңдар түкте болмайды, -  деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді
. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне әп – әдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады.

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да, достар бір біріне

Сенімді боламыз!





Мәртөк ауданы, Саржансай ауылы «Балбөбек»№5 бөбек-бақшасы.

Бекітемін:________________

«Үйшік» ертегісі.

Саусақ театры.

«Балапан» тобы

Ұйымдастырған: Журунтаева Ж.К



hello_html_c212f1a.jpg




2016 жылы.

Автор
Дата добавления 24.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров857
Номер материала ДБ-051413
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх